Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Өзара кері амалдар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға. Жаңа оқу-бағдарламасы бойынша ашық сабақ ҚМЖ, ой алмасу үшін тәжірибе алмасу үшін қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Өзара кері амалдар

Мұғалімнің аты-жөні: Ноғайбаева А.Б.

Күні: 16.01.2019

СЫНЫП: 1 «Г»


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

1.5.2.2. "+", "-" белгілерін пайдалану.

Қосу мен азайту амалы компоненттерінің арасындағы өзара байланысты, санды өрнекті шешуді тексеру тә-сілдерінің мысалдарын түсінуге жағдай жасау, амалдың белгісіз компоненттерін табу.

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

қосу және азайту амалдарының өзара кері амалдар екенін түсінеді;

қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсінеді және қолданады.

қосудың орын ауыстырымдылық қасиетінің негізінде кері өрнек құрастырады.

Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Қосу мен азайту амалдары компоненттерінің арасындағы өзара байланыс туралы білетін боламыз.

Қосудың ауыстырымдылық қасиетімен танысасыздар;

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Дене шынықтыру, музыка, сауат ашу.

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

ресурстар

Басталуы

5 минут

ПShape1

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ал ендеше достарым

Сабаққа ынта саламыз.

1 ден 10 ға дейін санап, 10 нан 1 ге дейін кері санау,

сихологиялық ахуал








Топтарға бөлу.

«Құрастырма» әдіс-тәсілі арқылы қима қағаздардан сурет құрастырады.

1-Топ «шаңғышылар» 2-Топ «хоккейшілер»

3-Топ «конькишілер» 4-Топ «шанамен сырғанаушылар»

Енді топ ережесімен таныстырамын.

  1. Көтеріңкі көңіл күй

  2. Бірлік- бірлесе отырып жұмыс жасау.

  3. Тыныштық сақтаймыз

  4. Уақыттан аспаймыз

Қызығушылықты ояту.

«Миға шабуыл» «Ұстап ал әдісі»

  1. Қосудың компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)

  2. Азайтудың компоненттерін ата. (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)

  3. Жақшамен берілген екі амалды өрнекті қалай шығарамыз? (ең алдымен жақша ішін, содан кейін сыртындағы санын есептейміз)

  4. 10 мен 20-ны салыстыр. (жиырма оннан артық)

  5. Шамаларды өлшеу түрлерін ата. (масса, ұзындық, көлем)

  6. Шаршы дегеніміз не? (қабырғалары бірдей фигура)

  7. Тіктөртбұрыш дегеніміз не? (қарама-қарсы қабырғалары бірдей фигураны )

  8. Ненің көмегімен қосу мен азайту амалдарын шығаруға болады? (сандық сәуле)

  9. Кеңістік фигураларына қандай фигуралар жатады? (цилиндр, конус, текше, шар, пирамида)

  10. Жазық фигураларына нелер жатады? (үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш)

  11. ҚБ: «От шашу»

қима қағаздар
















Доп



Оқушылар қосудың компоненттерін толық ажырата алады. 100%

Азайтудың компоненттерін ажырата алады.100%

Жақшамен берілген екі амалды өрнекті орындай алады.

Сандарды салыстыра алады

Кеңістік және жазық фигураларды атай алады.100%


Жаңа білім

10 минут







Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау. «Өзара кері амалдар»

Бүгінгі сабақ мақсаты: Сабақ мақсаты санды өрнектерді құрастыру және жазуды үйреніп, олардың шешуін тексеру. Өзара кері амалдарды орындай білу

Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Жаңа тақырып

  1. Сабақты қысқы спорт туралы таныстырылым суреттерді көруден бастаймын.

- Балалар спорт не үшін қажет? Оның қандай пайдасы бар?

Балалар спортпен шұғылдану адамның дене бітімін ғана емес, ақыл-ой қызметін де дамытады.

- Сендер қысқы спорттың қандай түрімен шұғылданасыңдар?

Бейнежазба көрсету

Мысалы, теннис секциясына 4 қыз, 6 ұл қатысады. Сыныптың неше оқушысы тенниспен шұғылданады? (4 + 6.) бұл қандай өрнек? (санды өрнек) Ал енді мәнін табайық. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін пайдаланайық. Тамаша!!!Оқушылардан қосу (азайту) амалы компоненттерінің қалай аталатынын нақтылаймын.

Оқулықпен жұмыс

Спорттық құралдар. Тапсырма қосуға арналған санды өрнекті құрастыру дағдысын дамытуға, өз сөзінде қосу амалы компоненттерінің атауларын қолдануға бағытталған. Оқушыларға оқулықтағы спорт тауарлары бейнеленген суреттерді қарап шығуды тапсырамын. Олармен қандай да бір құрал-жабдықтың спорттың қай түріне арналғаны жөнін-де әңгімелесеміз.

Оқушыларға мынадай сұрақтар қоямын:

Берілген сурет бойынша қандай математикалық әңгіме құрастыруға болады?

Берілген суретке қандай санды өрнек сәйкес келеді?

Оқушыларға жұптарда ақылдасып, математикалық әңгіменің өзіндік нұсқаларын және сәйкес санды өрнектерді құрастыруды ұсынамын. Оқушылардың жауабын тыңдап аламын. Көңіл аударатын негізгі мәселе бұл санды өрнектерді дұрыс оқу және бастапқы мысалға кері мысалдар құрастыру болып табылады.

Жауабы:

мысалы, “Дүкенде қыздарға арналған 5 жұп коньки және ұлдарға арналған 4 жұп коньки сатылды. Дүкенде барлығы неше жұп коньки болған?” 5 + 4 = 9. 5 пен 4 сандарының қосындысы 9-ға тең. Кері мысалдар: 9 – 4 = 5; 9 – 5 = 4”.

Шарты: Топпен жұмыс

+ 15 = 20

+ 2 = 20

+ 5 = 20

Шығарып көр. Берілген тапсырманы топпен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар тал-қылау жүргізіп,­ белгісіз санның мәні жөнінде бірлескен қорытынды жасайды. Әр баған-дағы мысалда бір спорттық құрал-жабдық бірдей санды білдіреді. Оның мәнін таба оты-рып оқушылар мысалдардың “төрттігін” құрайды, сөйтіп тәжірибеде қосу мен азайтудың өзара кері амалдар екенін түсінеді және жаңа материалды бекітеді.

Жауабы:

коньки — 7; шана — 8; шана

шаңғы — 70.

А. 6 адам коньки тебуді ұнатады, ал 7 адам хоккей ойнағысы келеді. Барлығы қанша оқушы мұзайдынға барғысы келеді? 6 + 7 = 13. Кері амал құрастыр.

Б. 5 қыз таудан шанамен сырғанағанды жақсы көреді, 9 ұл таудан шаңғымен сырғанағанды ұнатады. Барлығы қанша бала таудан сырғанағанды жақсы көреді? 5 + 9 = 14. Кері амал құрастыр.

Әрбір мысалды кері мысал құрастыра отырып тексеруді сұраймын. Сөйтіп, қосу мен азайту өзара кері амалдар екеніне көздерін жеткіземін. Сабақтың тақырыбын оқулық пен жұмыс дәптеріндегі тапсырмалармен бекітемін.

« Карусель әдісі» арқылы топтарға тексертемін














Интербелсенді тақта





























Ортасы

10 минут







4.Сиқырлы текше әдісі

Балалар қораптан қағаз алып оны бумаждаңдар. Ал енді төртбұрышқа тұрамыз. Енді бір-бірімізге жылдам лақтырамыз. Лақтыра бересіңдер. Тоқта дегенде тоқтайсыңдар. Қолдарыңда қалған қағаздағы өрнектің нәтижесі дұрыс болса, оң жаққа апарып жабыстырасыңдар. Егер қате болса, сол жақ қабырғаға барып жабыстырасыңдар. Ал кімге сан ғана түссе, онда ол санды үш тілде атайды.

ҚБ: «Смайликтер»

Жұптық жұмыс:

  1. Орындап көр. Тапсырманы жұптық ойын түрінде ұйымдастырыңыз. Ойынның тәртібі оқулықта жазылған. Оқушылар оқу - танымдық іс-әрекетінде қосу мен азайтуды тексеру дағдыларын кері мысалдар құрастыру тәсілі арқылы бекіте алады.


Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті 

Ұлытау би

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Дәптермен жұмыс.

ҚБ: «Смайликтер»

Бүгін не білдің? Не үйрендің? Нені қолдана аласың?

Қосудың компоненттері қалай аталады? (Қосылғыш, қосылғыш, қосынды.)

Азайтудың компоненттері қалай аталады? (Азайғыш, азайтқыш, айырма.)






Кері байланыс

2 минут

Shape2


Сабақтан алған әсерлерін жемістерге жазып, ағашқа жабыстырады

Рефлексия

Оқушылар үш түсті жеміс алма ішінен өз көңіл – күйіне сай келетін алманы таңдап, ағашқа жапсырады.



Үйге тапсырма: мазмұндау.


Мұғалімнің рефлексиясы




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Оқу –ісінің меңгерушісі:_________









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
577
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12