жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Өзімшілдік пен көпшілдік 4 сынып
![]()
Өзiн-өзi тану пәнінен сабақ жоспары
Бекітемін: Бастауыш сыныптар бойынша директордың ОІЖ орынбасары
Мектеп: Подстепный №1 ЖОББМ
Мерзімі: 5.02.19.
Тақырып: 20-сабақ. «Өзімшілдік пен көпшілдік».
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: сыйластық, әдептілік, ізеттілік
Мұғалiм: Косдаулетова Д.Е.
Сынып: 4б
Оқушылар саны: 20
|
Сабақ мақсаты: Оқушыларға «көпшілдік», «өзімшілдік» ұымдары туралы түсінік беру арқылы дұрыс әрекет құндылығының
мәнін ашу. 1. Қарым-қатынас барысында оқушыларды ізеттілікке баулу. 2. Оқушылардың өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту. 3. Оқушыларды көпшілдікке, әдептілікке тәрбиелеу. |
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
МР3, ән мәтіні, оқулық, дәптер |
|
Сабақ барысы: Ұйымдастыру
кезеңi. 5 «Т» ұстанымын еске
түсіру. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» Ынғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын» Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет! Қандай сезімде болдыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер. Топқа бөлу Балалар қазір сіздерге бір-бір конверт ұсынамын сол конвертте шашылған әріптер берілген, сол әріптерден сөз құрастыруымыз қажет. Әр құралған сөз топтың атауы болады. СЫЙЛАСТЫҚ, ӘДЕПТІЛІК, ҚАСИЕТТЕР. (Жарайсыңдар балалар топтың аты белгілі болса сабағымызды бастаймыз)
Үй тапсырмасын тексеру. 20-сабақ. Қызғаныштың кесірі. Талдау: - Әңгімедегі кейіпкерлер кімдер? - Назымның әрекеті туралы не айтар едің? - Назым неліктен жалғыз қалды? Қорытынды: Назымның жалғыз қалуы - оның өзімшіл адам болуында. Қызғаныштың кесірі айналадағы адамдармен қарым-қатынасқа әсерін тигізеді. |
Кеспе әріптер
|
|
Дәйексөз. "Болмағын кекшіл, болсайшы
көпшіл" Абай 2. Д/сөзді дәптерге жазғызу. 3. Д/сөздің мәнін ашу: д/с мағынасын қалай түсінесіңдер? Қорытынды: Өзімшілдік –жаман қасиет. Халық аузындағы «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас» деген нақыл сөз осы бүгінгі тақырыбымызға сәйкес келеді. Көппен бірге әрекет етіп, жеке басының ғана емес, көптің қамын ойлайтын адамды көпшіл дейді. Ондай адам көптің көмегімен үлкен белестерді бағындыра алады. |
А.Құнанбаев - қазақтың ұлы ақыны. Абай Құнанбайұлы алғашқы уақыттарда өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялап жүрген. Ел ісіне 13 жасынан араласқан. |
|
Мұғалім сыйы «Бақыт туралы аңыз» Бір күні Бақыт орманда келе жатып байқаусызда шұңқырға құлап кетті де жылай бастады. Жақын маңда адамның өтіп бара жатқан дыбысын естіген бақыт көмек сұрап айқайлайды: "Қайырымды адам! Менің мына жерден шығуыма көмектесші". «Сен маған бұл үшін не бересің?» - деп сұрады адам. «Сен не қалайсың?»- деп сұрады Бақыт. «Мен теңізге қарап тұрған зәулім, қымбат үйім болғанын қалаймын». Бақыт адамға үй береді, ал адам үйіне қарай жүгіреді де, Бақытты ұмытып кетеді.. Бақыт тағы да шұңқырдың ішінде жылап отырды. Тағы да жанынан екінші адам өтіп бара жатқанын естіп, айғай салды: «Қайырымды адам! Менің мына жерден шығуыма көмектесші». «Сен маған бұл үшін не бересің?»-деп сұрады адам. «Сен не қалайсың?»-деп сұрады Бақыт. «Мен бірнеше әдемі де қымбат машиналарым болғанын қалаймын». Бақыт адамға қалағанын берді. Ал адам қатты қуанғаннан Бақытты ұмытып өз жөніне кетті. Бақыттың үміті мүлде үзілді. Кенет үшінші адамның аяқ басқаны естіліп, Бақыт айғай салды: «Қайырымды адам! Мені мына жерден шығаршы!». Адам бақытты шығарады да өз жөніне кетті. Бақыт қатты қуанып, адамның артынан ілесті: « Адам! Маған көмектескенің үшін не қалайсың?». «Маған ештеңе керек емес»- деп жауап берді адам. Содан бері Бақыт адамның артынан ешқашан қалмастан ілесіп келеді. Талдау сұрақтары:
Дұрыс әрекет дегеніміз не?
Түйін: Халық айтқандай, төбе түйірден, теңіз тамшыдан құралады. Өзгелер үшін жақсы нәрсенің бәрін бірден жасау мүмкіндігін күткен адам ештеңе жасамайды, өйткені ондай мүмкіндік сирек кездеседі. Өзгелер үшін жақсы әрекет, игілікті іс күнбе-күн жасалу керек. Шығармашылық жұмыс. «Өзімшіл Көксарай» мультфильмін көрсету.
............................... баламын, (Мен әдепті баламын) .............................. боламын. (Көпшіл адам боламын) ................................................, (Жақсылық жасап әрқашан) ................................аламын. (Үлкеннің тілін аламын)
............................... болайық, (Көпшіл адам болайық) ............................... қалмайық. (Ұятқа біз қалмайық) ..................................................., (Қамқор болып бәріне) ................................. тұрайық! (Үнемі алда тұрайық) 2-топ: Жақсылық сөзінің әр әрпіне адам бойындағы жақсы қасиеттерді (қабілеттерді) жаз. Ж – жігерлі А - адал Қ - қамқор С - сабырлы Ы - ынталы Л – лидерлік Ы – ымырашыл Қ – қайырымды 3-топ: Берілген мақал-мәтелдердің ішінен бүгінгі тақырыпқа сай келетіндерін теріп жазыңдар.
Ойнақтап жүріп қасқырға кезігеді.
Көп біледі деген күлер.
Көп біріксе, ел болады.
Көпсіз күнелте алмайсың. |
Ғаламтор желісі Видео-ролик
Кеспе қағаздар
Мақал-мәтелдер
|
|
Топпен ән айту. «Жақсы адамдар» Әні мен сөзі: А. Оралов
Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар. Табаныңның астында жатады әлі Пенделіктен өресі аспағандар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар.
Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Жақсы адамдар
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Қарап өтсін сендерге басқа жандар. Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. |
Әннің сөзі, музыкасы |
|
Үй тапсырмасы. «Қойшы Қаһарман» ертегісін оқып келу. |
Оқулық, 96-98 бет |
|
Соңғы тыныштық сәтi. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады. |
|
|
|
|
|
|
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген