400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Өзіңді жақсылықпен таразыла" 2-ші сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалдың бастауыш сынып мұғалімдеріне көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары



Мектеп: №2 Бескөл орта мектебі КММ Мұғалiм: Қажымұратов Э.С.

Сынып: 2 «а» Мерзімі: 05.11.2019ж. Сабақ № 10

Оқушылар саны:11 Қатысқандар: 11 Қатыспағандар:-

Тақырып: Өзіңді жақсылықпен таразыла Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Қайырымдылық, жауапкершілік, қамқорлық жасау.



Сабақ мақсаты: Оқушыларға жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік; оқушыларға жақсылық жасаудың мәнін ұғындыра отырып, қайырымдылық, жауапкершілік, қамқорлық қасиеттері туралы түсінік беру;

Дамытушылық; оқушыларды өзіне және өзгеге жақсылық жасауға баули отырып, жауапкершілікке үйрету;

Тәрбиелік; оқушыларды қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: АКТ, кітап, дәйексөз, музыка, т.б.

Сабақ барысын талқылау


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, Жағымды күйге келу.

«Нұрға бөлену» тыныштық сәті

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Ы. Алтынсариннің "Сәтемір хан" әңгімесін оқып келуге.

Сәлемдесу,

«5 Т» ережесі, тыныштық сәтін орындау

  1. Дәйексөз.

«Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды»

- деген халық даналығы бүгінгі сабағымызға дәйексөз болады.

-хормен айту, дәптерге жазу.

Дәйексөзді оқу, жазу, ой-пікір айту

  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

"Әңгімелесейік" айдарындағы мәтін-мазмұнының рухани-адамгершілік тереңдігін ашатын сұрақтар мен ұйымдастыра отырып, оқушылардың сабақтың құндылығы мен қасиеттерді дамытуға жағдай туғызады.

Мәлімет оқулықта берілген, Сәтемір хан. Сұрақ –жауап беріледі. Оқушылар өз ойымен бөліседі.

Әңгіме тыңдау,

Сұрақ -жауап



Мұғалімнің сыйы

  1. Шығармашылық іс-әрекет, топтық тапсырма.

3- тапсырма: Берілген суреттерге қарап, ондағы балалардың бойында қандай қасиеттер бар екенін айтып береді. Олардың іс-әрекеттеріне мұқият зер салып қарау арқылы қоршаған орта жақсылық мекені, ұйытқысы екеніне көз жеткізеді.

1 суретте: Атасына таяғын әкеле жатқан бала

2 суретте: Үй құстарына жем салып жатқан қыз.

Шығармашылықпен айналысу. топтық жұмыс

  1. Топпен ән айту. "Ерден атайдың әні"

Сөзі: Ә. Асылбековтікі Әні: Е. Хасанғалиевтікі

Бірге ән айту

  1. Үй тапсырмасы. "Ананың сүйіспеншілігі" атты өсиет әңгімені оқып келуге

Үйге белгілеу

  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қосылады. Ой түю. Сабақты қорытындылап, аяқтау.


Алғыс білдіру


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 қараша
653
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі