Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Ашық сабақ: "Пайдалы әрекет коэффициенті"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім 7. 3В: Қатты дене, сұйық және газ қысымы

ФМБ НЗМ Тараз қаласы

Пән: физика

Мерзімі: 23-28.01.17

Мұғалімнің аты - жөні: Кусбекова Э К

СЫНЫП: 7 С

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

Пайдалы әсер коэффициенті

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7. 2.3.7 энергияның бір түрден екінші түрге өзгеруіне мысалдар келтіру және түсіндіру, механикалық энергияның сақталу заңын қолдану;

7.2.3.8 көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін тәжірибеде және есептер шығару барысынды анықтау.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар:

энергияның бір түрден екінші түрге өтуіне мысал келтіре алады;

механикалық энергияның сақталу заңын есеп шығарғанда қолданады;

ПӘК формуласын есептеулерде пайдаланады;

энергияның шығынын тәжірибеде анықтайды.


Тілдік мақсаттар


Тілдік мақсаттарыңызды белгілеңіз, соның ішінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерге мысалдар келтіріңіз.

Оқушылар: Тілдік қорына, ойларын дұрыс жеткізуіне, монологтық және диалогтық сөйлеу білігін дамытуға көңіл бөлу.Зерттеудің нәтижелерін ауызша және жазбаша түрде жазып, қорытынды жасай алады

Пән лексикасы және терминология: Энергия, потенциалдық энергия, кинетикалық энергия, ПӘК, пайдалы жұмыс, толық жұмыс

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; Энергия, потенциалдық энергия, кинетикалық энергия, ПӘК, пайдалы жұмыс, толық жұмыс, энергияның сақталу заңы.

Құндылықтарды дарыту


Ынтымақтастық

Өзіне және өзінің айналасындағы адамдарға деген құрмет

Академиялық шындық

Пәнаралық байланыстар

Математика

АКТ қолдану дағдылары

Ақпаратты табу, құру және онымен жұмыс істеу, мәліметтер мен ой түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып құрал – жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру.

Бастапқы білім

Энергияның бір түрден екінші түрге өзгеруіне мысалдар келтіре отырып, түсіндіре алады.

Сабақтың барысы

Уақытты жоспарлау

Жоспарланатын іс-әрекеттер

Ресурстар

Басы

0 3 мин









3-10 мин


(W) Ұйымдастыру. Сынып оқушыларын сабаққа психологиялық дайындау.

(f) Миға шабуыл

Мүмкін болатын сұрақтар:

1. Энергияның қандай түрлерін білесіңдер?

2. Потенциалдық энергияға анықтама беріңдер.

3. Кинетикалық энергияға анықтама беріңдер.


Қауіпсіздік ережелерін еске салу


4. Тәжірибе: толық механикалық энергияның сақталу заңын тексеру.

Жоғарыдан төмен лақтырылған жіпке ілінген кішкене доптың жылдамдығын анықтайық.

Ол үшін алдымен оқушылармен бірге

бағалау критерийін құру:

  1. Б иіктікті өлшеу.

  2. Максимал потенциалдық энергияны анықтау.

  3. Энергияның сақталу заңын пайдалана отырып, жылдамдықты анықтайтын формуланы қорытып шығару.

  4. Жылдамдықты есептеу.

Сабақтың тақырыбын және оқыту мақсаттарын түсіндіру.












Қауіпсіздік ережесі

Қажетті құралдар:


Жіп, кішкене доп, өлшеуіш таспа.

1-3 слайд

10 –16 мин

(W) Алдыңғы есепке кері есепті шығару.

Тік жоғары лақтырылған доптың бастапқы жылдамдығы 15 м/с. Доп көтерілген максимал биіктігін табу.

презентация

3-10 слайд


16 25 мин

(f) Сұрақтар:

1. Автомашина қозғалтқышы қалай жұмыс істейді?

Picture 5

Мүмкін жауаптар: машина моторына бензин құйғанда, ол оталады, жүреді және қалдық қара түтін болып шығады.

2. Мына суреттен не байқайсыздар?

Мүмкін жауап: Электр энергиясы жарық энергиясына айналады.

Сұрақ: Екі жағдайда да энергия шығыны болады ма?

Мүмкін жауап: Иә, алғашқыда мотордың гүрілі, екіншісінде шам шынысы мен қыл сымының қызып кетуі.

Санки (Sankey) диаграммасы:

Санки диаграммасында барлық энергия көрсетілген. Неғұрлым бағыттың жуандығы- ол энергияның соншалықты көптігін білдіреді, мына схемада электр шамының үлкен бөлігі жарыққа кетеді, жылуға емес. Орындалған пайдалы жұмыс, шамның электр энергиясының бөлігін (тұтынуды) жарық энергиясына (пайдалы беру) беретіндігімен, ал энергияның қалған бөлігін жоғалатын жылу ретінде беретіндігімен түсіндірілуі мүмкін.



(Т) Бейнефильм көргеннен кейін оқушылар энергияның сақталу заңын тұжырымдайды.



Презентация

11-15 слайд













































Энергияның сақталу заңы

https://www.youtube.com/watch?v=8lAlSHb-C5o /2:48-4:05 аралығы/




25 – 28 мин

ПӘК-ті есептегенде-пәк берілген пайдалы энергияның толық энергияға қатынасын пайызға көбейтеміз.

%

Қорытынды, ПӘК әрқашан механизмдерде 100%. –ден кем болады.

Массасы 70 кг адамның күнделікті өмірде шығын энергиясы

1 калория = 4.18400 Джоуль=4,18 Дж

түрлері

Шығындалған энергия

тамақ, 30 мин.

40 ккал

Желіп жүру , 10 мин.

30 ккал

Жазу үстелінде отыру, 1 сағат

110 ккал

Баспалдақтан түсу, 5 мин.

70 ккал

Баспалдақпен жоғары көтерілу, 10 мин.

180 ккал

Автомашина жүргізу, 2 сағат

350 ккал

Еденді сыпыру, 2 сағат

560 ккал

Киім үтіктеу , 1 сағат

270 ккал

Терезе жуу , 1 сағат

250 ккал

ұйықтау, 8 сағат

580 ккал







Презентация

16-слайд







(“Концепции современного естествознания” Т.Я. Дубнищевой, 1997, с.182)

28-39 мин

(Е, G) Эксперименттік есеп

Көлбеу жазықтықпен болат кішкене шар домалап бара жатыр. Шарик соқтығысқанға дейінгі кезеңді бақылаңдар.

Мына сұрақтарға қысқаша жауап беріп көріңдер:

  1. Энергияның қандай түрленуін байқадыңдар?

  2. Металл цилиндрге соқтығысқанда шариктің потенциалдық энергиясы қайда кетті?

  3. Энергияның сақталу заңы бұзылды ма? Шариктің көлбеу жазықтықпен үйкелісін ескермеңіз.

  4. Шариктің домалап бара жатқандағы жылдамдығын анықтаудың әдістерін ұсынып көріңіздер.

  5. Тек сызғыштың көмегімен шарик жылдамдығын анықтаңыз.

  6. Көлбеу жазықтықпен төмен қарай домалаған шардың ПӘК-ін есептеңіз.

  7. Шар мен көлбеу жазықтық беті арасындағы үйкелісті ескере отырып, Санки диаграммасын сызып көріңіз.

Бағалау критерийі:

  1. Экспериментті дұрыс жасайды және бақылайды

  2. Цилиндрге соқтығысқанға дейінгі потенциалдық энергияны түрленуін сипаттай алады(энергияның сақталу заңы бойынша)

  3. Алдыңғы есептің шығарылу жолын пайдалана отырып, ұсыныс жазу

  4. Сызғыштың көмегімен төмен қарай науа бойымен домалаған шардың жылдамдығын есептей алады.

  5. Толық және пайдалы жұмысты есептей алады және ПӘК-ті есептейді.

  6. Шығарылған есеп жауаптары арқылы Санки диаграммасын сызады.









Көлбеу науа, домалақ кішкене доп, сызғыш, металл цилиндр

39-40 мин

Рефлексия

Activity«Серіктестіктеріңізбен сөйлесіңіз»

  • Білген 3 нәрсемен

  • О ңай деп ойлайтын нәрсемен

  • Қиын деп ойлайтын нәрсемен

  • Болашақта оқитын нәрсемен



Үй тапсырмасын беру








7 сынып Физика оқулығы

Пайдалы әсер коэффициенті тақырыбын оқу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: ПӘК терминін түсініп, формуласын есептер шығару кезінде қолдана алады; Санки диаграммасын түсінеді

Оқушылардың көпшілігі:

Энергияның сақталу заңын эксперименттік есепте тұжырымдап, ПӘК-тің физикалық мағынасын түсінеді;

Кейбір оқушылар:

Эксперименттік есептегі энергияның сақталу заңы мен ПӘК-тің мағынасы жіне Санки диаграммасын өмірден мысалдар келтіріп қолданады.

  1. Қолдарындағы шардың төмен қарай құлауындағы жылдамдық формуласын есептің дискрепторы бойынша қадаммен шығарады.

  2. Эксперименттік есепті бағалау критерийі бойынша білімдерін бағалау

Практикалық жұмыс жасау кезінде ҚЕ бойынша құсқаулық беру


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Оқушылар оқу мақсатына қол жеткізе алды, себебі олардың эксперименттік есеті шығара отырып, өз беттерінше энергияның сақталу заңын тұжырымдауы және пайдалы әсер коэффицментінің физикалық мағынасын түсінуі

  2. Санки диаграммасы бойынша ПӘКті сипаттай алулары

  3. Саралау әдісі бойынша эксперименттік есептің жеңілден күрделіге қарай қадаммен жүргізілуі нәтижесінде топтық жұмыста оқушы-оқушы және мұғалім-оқушы тәсілінің жүзеге асуы

  4. Сабақта уақыт кезеңдерінің сақталуы

  5. Сабақ кезінде ауытқу Санки диаграммасын оқушылапдың бірден түсініп, сызуы, бірақ масштабты ескеруде кейбір оқушылардың оқушы-оқушы тәсілі арқылы түсінді.Бірақ уақытты сәл ұстады. Бірақ эксперименттік есепте есептелген уақыттан бұрын аяқтаған оқушылар болды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: ПӘК-ті есептеуде және Санки диаграммасын жақсы түсініп орындады. Мұғалім тек бағыттаушы ғана болды.

2: Екі эксперименттік есепті оқушылар өздері белсенді түрде орындады.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Тәжірибелік есептер, әсіресе Санки диаграммасы оларды қызықтырды.

2: Энергияның сақталу заңы пайдаланып, жылдамдықтың формуласын шығарғанда.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


  1. Бір оқушыға формула қорытуда қиындық туғызды, келесі сабақта осы формулаға есептер шығару

  2. Санки диаграммасына байланысты масштабты ескере отырып, өмірмен байланыстырылған есептер қарастыру






W = толық сыныппен жұмыс жасау

G = топпен жұмыс

I = жеке жұмыс

E =оқушы тәжірибесі

D = мұғалімнің демонстрациясы

f = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін әрекет

= қауіпсіздікті сақтау бойынша кеңес

Т- мұғалімнің іс-әрекеті




































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
3447
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12