жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Пайыз 5 сынып
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:5.4А Пайыз Мектеп: №1 мектеп-гимназия Мұғалімнің аты-жөні: Ильясова Айнур Сапарбековна |
Күні: Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
||
|
Сабақтың тақырыбы |
Пайыз |
||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.1.1.16. Пайыз ұғымын меңгеру; 5.1.2.33 Бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыру |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлығы: Пайыз ұғымын біледі, түсінеді. Басым бөлігі: Бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыруды пайдаланып есептер шығарады. Кейбір оқушылар: пайызға қатысты мәтінді есептер шығара алады. |
||
|
Бағалау критерийі |
Пайыз ұғымын анықтайды, бөлшекті пайызға және керісінше айналдырады. Бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыруды есептер шығаруда тиімді қолданады. Оқушылар пайызға қатысты мәтінді есептерді шығара алады. |
||
|
Тілдік мақсаттар |
Пайыз ұғымын тұжырымдай алады.Пайызды есептер шығаруда қолдана алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология Пайыз (процент), бөлшекті пайызға айналдыру,пайызды бөлшекке айналдыру,пайыз арқылы есептеу Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Пайыз дегеніміз не? Ондық немесе жай бөлшекті пайызға қалай айналдырамыз? Пайызды ондық немесе жай бөлшекке қалай айналдырамыз? |
||
|
Құндылықтарға баулу |
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы; Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана |
||
|
Пәнаралық байланыс |
География,сурет |
||
|
Алдыңғы білім |
Cанның бөлігін қалай табу. Ондық бөлшекті натурал санға қалай көбейту. Жай бөлшекті натурал санға қалай көбейту. |
||
|
Сабақтың барысы |
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы 12 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, оқушылардың дайындығына назар аудару.
Топқа бөлу үшін әр оқушы өзінің тұқымдарын алып, өз орындарына отырса. Ондық бөлшек, жай бөлшек, натурал сан топтың атаулары. Оқушыларға осы үш топтың атауына қатысты сандар беріледі. Ондық бөлшек: 0,2; 0,4; 0,3; 0,1 Натурал сан: 1,3,5,4
Жай
бөлшек: Тренинг: «Сезімдер пирамидасы» Оқушылар қолдарын бірінің үстіне бірін қойып бүгінгі сабаққа тілек айтады, көктемгі көңіл күйін білдіреді. Үй тапсырмасын сұрау. «Кім жылдам?» әдісі арқылы сұралады. Оқушылар тақтадағы алдыңғы өткен тақырып бойынша сұрақтарға жылдам жауап беру қажет. Әр топқа 4 сұрақтан барлығы 12 сұрақ қойылады. Мұнда оқушылар жерді дайындау мақсатында артық шөптерді жұлу қажет. Бағалау: «Мадақтау» Тақырыпты ашу. «Алдын ала берілген атаулар» әдісі арқылы, тұқымды жерге саламыз. Ол үшін тақтаға «Ондық бөлшек», «Жай бөлшек», «Аралас сан», «Бұрыс бөлшек», «Процент» сөздері ілінеді. Оқушылар осы сөздерден өздеріне таныс сөздерді атайды. Сонда «Процент» сөзі қалады.
|
Математика.5 сынып. 2-бөлім, Алдамұратова Т.А., Байшоланова Қ.С.,Байшоланова Е.С. Алматы:Атамұра,2017, интербелсенді тақта
Сезімдер пирамидасына сурет
|
|
|
Сабақтың ортасы 20 мин |
Жаңа сабақ. Топтық жұмыс. Оқушыларға жаңа тақырып «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі арқылы жүзеге асады, мұнда оқушылар егілген тұқымға су құямыз. Жаңа тақырып мәтіні үш топқа бөлініп беріледі. Бөліп берілген мәтінді оқып шығады да, алдарына берілген сөздер қоймасынан сол мәтінге қатысты сөздерді алады. Осылай үш топқа сөздер қоймасы айналып шығады. Тақырып бойынша қысқаша шолып өтемін, нақтылап. Соңынан оқушылар топқа бөлінген қиындыларындағы сандарды қосып, «Бір процент – жүзден бір бөлік» түйін сөз шығару арқылы барлығымыз бір мақсатқа жету үшін жұмыс жасаймыз. Әрбір оқушы өзінің жеке гүлін өсіріп шығару керек. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. Жеке жұмыс. Ендігі кезекте оқушылар әрбір тапсырма сайын өздерінің күлтешелерін тапсырманың орныдалуына қарай жапсырып отырады. Тапсырма №1
6%,10%,25%,50%,120%,170%
5%,20%,60%,80%,140%,180% Бағалау: өзара бағалау жүргізіледі. Дәптерлерін сағат тілі бағытымен ауыстырады. Тақтада дұрыс жауаптар көрсетіледі. Жұптық жұмыс. Тапсырма №2 1-топ: «Шалқар суы» минералды цехының жұмысшылары күндік тапсырмасын 18% -ке артық орындады. Жұмысшы күндік тапсырмасын неше процент орындады? (жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығына) 2-топ: Астана қаласы Қазақстанның жер көлемі бойынша 27%-да орналасқан. Бұл Қазақстанның қанша бөлігін құрайды. 3-топ: 2017 жылы Астана қаласының тұрғындарынан Алматы қаласынының тұрғындары 20-ға артық екенін көрсетті. Алматы мен Астана қаласының тұрғындары қанша пайыз? (2 және 3-топ тапсырмалары Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астана құндылығына) Бағалау: «Бас бармақ» әдісі бойынша.
Сергіту сәті. «Көктем келді» әнін бірге орындаймыз. Топтық жұмыс. «Құрастыр және жауап бер» әдісі арқылы жүзеге асады. Мұнда 3 топқа белгілі бір тор көздерден алаңдарға гүлдерді орналастыру қажет (әр топқа 100 төр көзге бөлінген плакат беріледі). Тапсырма №3 1-топ: Әкімшілік алаңы 2-топ: Балалар алаңы 3-топ: Саябақ Оқушылар тор көздерді санап әр гүлдің алаңда алып отырған пайызын есептейді. Фигураның ауданының пайызын есептейді. Бұл тапсырма арқылы оқушының патриоттық сезімі оянады. Қалыптастырушы бағалау арқылы жүзеге асады.
Бекіту тапсырмасы. «Математикалық диктант» әдісі арқылы бүгінгі тақырыпты бекітемін. Тапсырма №4 Бір процент – жүзден бір бөлікті құрайды. Математикада «процент» сөзінің орнына % белгісі жазылады. Процентті бөлшекпен немесе натурал санмен жазу үшін, пайыз белгісі (%) алдындағы процент санын 100-ге бөлу керек. Бөлшекті немесе натурал санды процентпен жазу үшін, оны 100-ге көбейтіп, процент белгісін (%) тіркеп жазу керек. Бағалау: Өзара бағалау. Оқушылар сағат тіліне қарсы бағытта алмастырып, тақтадағы дұрыс жауаппен тексереді. |
Математика.5 сынып. 2-бөлім, Алдамұратова Т.А., Байшоланова Қ.С.,Байшоланова Е.С. Алматы:Атамұра,2017, сөздер қоймасы салынған шелек, интербелсенді тақта
Математика.5 сынып. 2-бөлім, Алдамұратова Т.А., Байшоланова Қ.С.,Байшоланова Е.С. Алматы:Атамұра,2017, 113 -бет Мұғалімге арналған үлестірме материалдар, Астана-2016
|
|
|
Сабақтың соңы 8мин |
Үйге тапсырма беру : Тапсырма №4 Комбайыншы комбайынның ақауы болғандықтан, күндік тапсырмасын межеленгеннен 12%-ға кем орындады. Комбайыншы күндік тапсырмасын неше пайыз орындады? Бағалау. Әр оқушы өзінің құрастырған гүлдері бойынша бағаланады. Күлтешелері қаншалықты көп болса, онда сол оқушылар бүгінгі сабақтың жеңімпаздары болып есептеледі. Рефлексия. «Бір ауыз сөз» әдісі. Әр оқушы өзі құраған гүлдерге бүгінгі сабаққа қатысты өз ойларын жасады. - Сонымен оқушылар біз бүгінгі сабақта бір бүтін, яғни ол 100 пайызды құрайды деген болатынбыз. Сол себепті бүгінгі мақсатымызда сабақ соңына дейін көктем суретін 100 пайызға толықтырдық деген оймен бүгінгі сабақты қорытындылаймын. |
Математика.5 сынып. 2-бөлім, Алдамұратова Т.А., Байшоланова Қ.С.,Байшоланова Е.С. Алматы:Атамұра,2017, 114 -бет «Әдістер қоймасы» жинағынан
|
|
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|
|
Мақсат бойынша саралау сабақтың басынан аяғынан дейін тапсырмалар арқылы жүргізіліп отырады. Нәтиже бойынша саралау сабақтың соңында гүлдерді толығымен құрастырғанда жүзеге асады. Топтық жұмыс орындау барысында гүлдерді белгілі аумаққа орналастыру үдерісі арқылы дарынды балалар өз қызығушылықтарын іске асырады. |
Жаттығулар,деректерді көрсету
арқылы , кестелерді пайдаланып өз ойларын қорытындылады.
Ізденушілік әдісі арқылы оқулықпен, қосымша тапсырмалармен жұмыс
жасады. Оқушылардың түсінгенін білу үшін мадақтау, қадағалау,
басбармақ әдістерін қолдандым. |
АКТ құралдарын пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтау; Сыныптың санитарлы нормаға сай болуы, бөлмені желдету. |
|
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсат-тары шынайы, қол-жетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақ-сатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүр-гізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Сабақ мақсатына жетуде мақсат бойынша саралау үшін көктем мезгілін ала отырып, осы мезгілге қатысты гүлді тоығымен құрастыру мақсатына сабақ соңында барлық оқушылар дерлік жетеді. «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі арқылы оқушылар сабақ мақсаттарына түсінеді, сөздер қоймасындағы сөздер арқылы мақсатқа жету қол жетімді болады. Осы сабақ барысында сергіту сәті де өте тиімді пайдаландым. |
|
|
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Топтық тапсырма кезінде оқушылардың сыни ойлау дағдысы қалыптасады. 2: Оқыту үшін бағалау арқылы қолдау жүргізілді. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1.Оқушыларға өмірмен байланысты тапсырмаларды көп беру. 2: Уақытты тиімді ұйымдастыру үшін әдістерді орынды пайдалану. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
|||











Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген