Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Пневмония. Past Perfect Continuous Tense

Материал туралы қысқаша түсінік
Пневмония ашық сабағы медицина колледждерінде сабақ беретін оқытушыларға қажет материал, студенттерге де өте керек. Бұл сабақта Пневмония ауру жайлы мағлұмат ала алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы

медицина колледжі» ШЖҚ КМК




Ашық сабақтың оқу-әдістемелік кешені


Пән: «Кәсіптік шет тілі»


Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Біліктілік: 030101 3 «Фельдшер»



Оқытушы: Отеулинова А. З. (жоғарғы санатты)


















Оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартынан көшірме.

  1. Типтік оқу бағдарламасынан көшірме

  1. Жұмыс бағдарламасынан көшірме

  1. Сабақтың әдістемелік әзірлемесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті

білім беру стандартынан көшірме

ҚР 2016 ж. МЖБМС

030101 3 – "Фельдшер" біліктіктері бойынша кәсіби қызметтің негізігі түрлеріне сәйкес келетін 0301000 – " Емдеу ісі" мамандығы бойынша білім берудің оқу бағдарламасы келесі құзыреттіліктерді игеруді көздейді:
      Базалық құзыреттер:
 

БҚ-1.

Оқыту.

1.1.

Өздігінен даму: кәсіптік өсу, оқытудың ұзақ мерзімді жоспарлау дағдыларын меңгерген.


1.2.

Ақпарат: ақпаратты жинайды және талдау жүргізеді, практикада білімін қолданады.


1.3.

Компьютерлік технологиялар: жұмысында және өзін-өзі дамыту үшін ақпараттық компьютерлік технологияларды пайдаланады.



БҚ-2.

Этика.

2.1.

Қоғамдық өмір: қоғамдық өмірге белсенді қатысады.

2.2.

Этикалық қағидалар: кәсіптік этикалық қағидаларды сақтайтынын көрсетеді.

2.3.

Эстетика: жұмыс ортасындағы эстетиканы бағалайды және қолдайды.



БҚ-3.

Коммуникациялар және топта жұмыс

3.1.

Коммуникативтік дағдылар: жағдайды ескере отырып, әртүрлі адамдармен тиімді қарым-қатынастарды көрсетеді.

3.2.

Топта жұмыс: әртүрлі топта жұмыс істегенде жауапкершілікті көрсетеді.



Типтік оқу бағдарламасынан көшірме

Тақырып: «Пневмония».

Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Біліктілік: 030101 3 «Фельдшер»

Пән бойынша барлық сағат:36

Осы тақырыпқа берілген сағат: 2

Теория: 2

Жұмыс бағдарламасынан көшірме



Тақырып: «Пневмония».



Білім алушы білу керек:

  • Пневмония ауруының симптомдарын ағылшынша атау.



Білім алушы игере білу керек:

  • Пневмонияны сипаттай білу керек.



Үй тапсырмасы: "Pneumonia" Тылкина С. А. Appendix 3 ( уақыт қалмаса үйде орындайды.) Appendix 4

Speak about: a)symptoms and course of pneumonia; b) com­plications of pneumonia; c) treatment of pneumonia; d) care for a pneumonia patient.















Теориялық сабақ барысының технологиялық картасы





Сабақ бөлімдерінің атауы

Уақыт тәртібі


1

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

2

Оқытушының кіріспе сөзі

3 минут

3

Білімнің негізін өзектілей (негіздеу).

Үй тапсырмасын тексеру

5 минут


4

Жаңа тақырыпты түсіндіру

40 минут

5

Жаңа тақырыпты бекіту

35 минут

6

Баға қою

3 минут

7

Үй тапсырмасы

2 минут

























Ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі


Сабақтың тақырыбы: «Пневмония. Грамматика: Past Perfect Continuous Tense»

Сабақтың түрі: Теория

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Өткізу әдісі: жаңа тақырыпты игеру барысында TBL әдісі мен АҚТ, ойын технологияларының элементтерін тиімді пайдалана білу.

Сағат саны: 2 сағат


Сабақтың өтетін орны: 501


Сабақтың маңыздылығы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Үш тұғырлы тіл» концепциясын толықтай қолдап, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша бәсекеге қабілетті, білікті жастарды дайындауға назар аудару.


Сабақтың мақсаты: Беріліп отырған грамматикалық және лексикалық тақырыпты мемлекеттік стандартқа сәйкес оқу бағдарламасы бойынша білім алушыларда шеберлік пен дағдыны оқытудың жаңа технологиясын пайдалана отырып қалыптастыру.


Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік мақсаты: Студенттердің білімін тексеру, Пневмония ауруларының әсерін білу үшін өкпенің анатомиялық, физиологиялық қызметтерін осы сабақпен ұштастыра білу.

Пневмония ауруы жайлы жалпы түсінік беру Past Perfect Continuous Tense жолдарын білу және сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету. Білімдерін толықтыру, нығайту, теориялық білімді практикамен ұштастыру, ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру.

Дамытушылық мақсаты: Мәнерлеп оқу, сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдылану, жаңа сөздермен сөйлем құрап тіл дамыту, сөздік қорларын молайту, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.


Тәрбиелік мақсат: Білім алушылардың кейбір жағдайда өмірлері медицина қызметкерлерінің алдында тұратынын жүректерімен, сана-сезімімен түсінуі.Осыған байланысты жедел және жоғары сапалы көмек көрсету біздің мамандығымыздың жауапкершілігіне жататынын ойларына терең ұялатып, кең көлемде білім алуға бағыттау. Білім алушыларды белсенділікке, адамгершілікке, тілді сыйлауға тәрбиелеу. Қазіргі заманымызға сай білімді, ой өрісі кең, алғыр, мәдениетті азаматты тәрбиелеу.



Сабақтың жабдықтары: Плакаттар, интерактивті тақта, аудиоматериал


Пәнаралық байланыс: «қазақ тілі», «орыс тілі», «латын тілі»,

«ішкі аурулар пропедвтикасы»


Пәнішілік байланыс: фонетика, лексика, синтаксис.


Білім алушылар пайдаланатын оқулықтар:

1.Ю.Г. Голицынский «Грамматика. Сборник упражнений»

2. А.И. Каменский, И.Б. Каменская «Практическая грамматика английского языка»

3. С.А. Тылкина «Пособие по английскому языку для студентов медицинских училищ».


Оқытушы пайдаланатын оқулықтар:

  1. Л.Қ.Қаражанова «Ішкі аурулар» 2007 жыл

  2. Б.Қалимурзина «Ішкі аурулар І-ІІ том» 2005 жыл

  3. К.А.Жаманкулов «Ішкі аурулар пропедевтикасы»1993 жыл

Теориялық сабақтың барысы

І. Оқытушының кіріспе сөзі. (сабақтың тақырыбы мен мақсатына шолу)

Бүгінгі біздің өткізгелі отырған сабағымыз кіріккен, яғни интеграцияланған сабақ. Бұл сабақта 2 пән: Ішкі аурулар пропедевтикасы, кәсіби шет тілі пәндері біріктіріліп отыр. «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәнінен 1 санатты оқытушы Казангапова Г.О., «Кәсіби шет тілі» жоғарғы санатты оқытушы, қала әкімінің «Үздік жас маман» грамотасының иегері Отеулинова А.З. жүргізеді. Бағдарлама бойынша осы пәндерде «Пневмония» тақырыбы бар. Сондықтан «Емдеу ісі» мамандығы болғандықтан олардың клиникалық пәндері «Ішкі аурулар пропедвтикасы» алып отырмыз. Яғни, арнайы пәндерінен тақырып бойынша мәлімет алады. Сабақтың негізгі бөлігі кәсіби шет тіліне арналады. Ағылшын тілінде грамматиканы өтеді, мәтінді лингафоннан тындайды, тнтерактиті тақтада жаттығулар орындайды. Сабақ барысында ойын және TBL технологиясының элементтері, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технология қолданылады.

Білімділік: Студенттердің білімін тексеру, Пневмония ауруны түсінік беру, Рast Perfect Continuous Tense шақтарындағы жалпы жасалу ережелерін және сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету. Білімдерін толықтыру, нығайту, теориялық білімді практикамен ұштастыру, ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру.

Дамытушылық: Мәнерлеп оқу, сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдылану, жаңа сөздермен сөйлем құрап тіл дамыту, сөздік қорларын молайту, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Білім алушыларды белсенділікке, адамгершілікке, тілді сыйлауға тәрбиелеу. Қазіргі заманымызға сай білімді, ой өрісі кең, алғыр, мәдениетті азаматты тәрбиелеу.

ІІ. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Good morning dear students!

  • Who is on duty today?

  • What date is it today?

  • What is the weather like today?

  • Who is absent today?

  • What was your home task?


ІІІ. Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру.

Жекелей сурау ауызша

  1. Present Perfect Continuous Tense дегеніміз не?

  2. Past Perfect Continuous Tense үстеулерін атаңыз.

  3. Мысал келтіріңіз.

  4. Бас ауруы мәтінін мазмұнын сұрау.


ІV. Тексеруді қорытындылау.

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жаңа тақырыпты түсіндірудің жоспары:

  1. Жаңа лексикалық тақырыпқа кіріспе («Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәнінің оқытушысы Казангапова Гулжихан Орынбековнаның кіріспе сөзі)

  2. Жаңа сөздермен таныстыру. Аудио тындау.

  3. Мәтінді оқу, тақырыпқа байланысты видео көру, тапсырмалар орындау.

  4. Грамматикалық жаттығулар орындау.

1 ПНЕВМОНИЯ дегеніміз- ол жұқпалы қабыну ауруларына жататын өкпе ұлпасының барлық қосалқы элементерінің және өкпе альвеоласына экссудаттық жиналуымен сипаталатын ауру. Пневмониямен ауратын адамдар саны жылдан -жылға көбейіп келеді. Россия жерінде жылына шамамен 1,5 млн адам пневмония ауруына шалдықан. Қазақстанда 2,5 млн адам осы ауруға шалдығады. Көбінесе 5 жастағы балалармен 75 жастағы қарт адамдар аурады.

2 Этиология және патогенездін элементтері:Пневмонияның себебі қазіргі уақытта бәріне танымал және жұқпалы агенттер болып табылады. Пневмония көбінесе әртүрлі микроағзалармен шақырылады. Ауруханадан тыс пневмонияның бактериалық қоздырғыштары: пневмокок (30% немесе одан жоғары), гемофильді таяқша ( көбінесе темекі тартатын адамдарда 5-18%), микоплазма (жиі 35 жастағы адамдарда), Ал ауруханадағы пневмония қоздырғыштары: Фридлендер таяқшасы; көк іріңді таяқша, стафилококк. Өкпенің респираторлы бөліктерінің қабыну реакциасының даму себептері макроағзаның қорғаныш механизмдерінің белсенділігінің төмендеуі мен, сонымен микроағзалардың массивті мөлшері немесе олардың вируленттігінің жоғарлауы мүмкін,

3


4Асқынуы:Оң жақты экссудативті плеврит, инфекциялық-токсикалық бүйрек, тыныс алудың 2-ші дәрежедегі жетіспеушілік

Тыныс шамасыздығы.

Пневмосклероздағы өзгеріс

Оң жақ қарыншаның жетіспеушілігі.

  1. Клиникалық көрінісі:

Крупозды пневмония- ауру аяқ-астынан басталады, қалтыраумен яғни өкпенің зақымдалған бөлігінде өзгерістер пайда болады. Ауыр жөтелгенде қатты ауыр сезімі пайда болады. Осы ауыр түрінде бұл сезім іш қуысына берілуі мүмкін. Бұл көрініс "іш қатпасы" сияқты көрініс байқалады; аппендицит, холецистит, бүйрек және бауыр ұстамасы. Науқаста құрғақ жөтел, ентікпе дене қызуы 39-400 С көтеріледі, науқас қозған, ұйқысы бұзылған, жүрек айну, құсу.

6Клиникалық белгілері:

Еріні кеуіп тұрады, беттің көгеруі, мұрын ұшы көгерген(2-ші қанаты), өкпенің қай бөлігі зақымдалса сол бөлігінің дем алу ырғағына қатыспайды.

Перкуссия кезінде: өкпе дыбысы өзгереді, тыныс алуға өкпенің қатысуы нашарлайды.

Аускультация кезінде: өкпе шекарасында қысқарған перкуторлы дыбыс, бастапқы крепитация естіледі. Аурудың бұл көрінісі 3-4 күндері бірнеше рет өзгереді. Науқастың шағымдары, бас ауру, әлсіздік, жөтелге одан ол ылғалдыға айналады, қақырығы жабысқақ. Түсі тот басқан. Ентігу (1-минут ішінде 40 рет ерінінде, мұрнының ұшында герпетиқалық бөртпелер пайда болған. Тықылдатып тексергенде бітеу дыбыс естіледі. Дене қызуы 5-7 күнге созыпады, жалпы жағдайы ауыр немесе орташа ауырлықта, ұйқысыздық мазалайды. Басқа ағзалар мен жүйелердің өзгерісі байқалады. Аурудың ауыр ағымы кезінде қан қысымы төмендейді, тахикардия, жедел қан тамыр аурулары дамиды, жүрек және коронарлы қан тамыр жетіспеушілігіне әкеледі. Бауыр мөлшері үлкейеді, склераның сарғаюы, Кейде зәрінде ақуыз және эритроцит байқалады. Тәбеті жоқ, тілінде ақжағын, ауыз шырышты қабаттары құрғақ, іш өту, анурия. Жүйке жүйесі жағынан сандырақтайды, қарақұс бұлшықетінің менингиялды көріністері байқалады. Аптаның аяғында ауру көріністері бірнеше рет өзгереді, дене қызуы төмендейді, жалпы жағдайы жақсарады, бас ауруы, ентігу, тахикардия азаяды. Жөтелгенде қақырық мөлшері көбейіп, жеңіл қақырады, түсі тот баспай ашық түске айналады.

7. Ошақты пневмония-крупозды пневмониядан айырмашылығы патоанатомиялық көрінісінің жоқтығы. Пневмониялық ошақтың әр бөліктерінде әр түрлі кезеңдері байқалады. Ауыр түрінде дене қызуы жоғарлайды, науқас қалтырап өзін мазасыз сезінеді. Құрғақ немесе қақырықты жөтел, кеуде бөлігі ауырсынады, жалпы әлсіздік, бас ауру, қақырық шырышты, шырыштың өзі іріңді немесе іріңсіз болуы мүмкін. Науқастың көбінде дене қызуы 38-390 С, қарт адамдарда әлсіздіктің әсерінен дене қызуы субфебрильді болуы мүмкін. Перкуссия кезінде: өкпе ұлпасы қалыңдаған, тұйық дыбысты. Аусскультация кезінде: ылғалды дыбысты сырылдар естіледі. Қанағаттанарлық ағымы кезінде пневманияның ошақтарының тарылуы 3-4 аптаның аяғында бітеді.

8. Зертханалық және құрал жабдықтармен тексеру:

ЖҚА; нейтрофилді лейкоцитоз, лейкоцитті формула солға қарай үлкейе бұрылған және таяқша ядролы нейтрофилдер көбейген. Лейкоцит мөлшері қалыпта немесе лейкопения көруге болады. ЭТЖ-жоғарлаған (50-70 мин/сағ), емдік жағдайда ЭТЖ-біртіндеп езінің бұрынғы қалыпты көрсеткішіне ауысады.

БАК: фибриноген жоғарлайдь6,0-8,0 г/л) немесе оданда жоғары. Сиал қышқыл .мукопротеин, сары сулы глобулин және альбуминнің төмендеуі, С-реакивті ақуыз оң көрсеткіште .

ЖЗА: қызба кезінде протенурия, цилиндрурия эритроцитті көруге болады.

Рентген суретінде өкпенің қай бөлігінде немесе сигментінде пневмония ошағы бар жерде гомогенді қарайған дақ көруге болады.

9

Крупозды пневмония кезінде протенурия, цилиндрурия эритроцитті көруге болады.

Бұл кезде жалпы қақрық анализіне көңіл бөлу қажет.

Антибиотиктерге сезімталдығын тексеру қажет.

Жөтел арқылы қақырықты жинау және сақтау әдісі:

1) Қақырықты таңертең ас қабылдамай түрғанда жиналады.

  1. Қақырық жинар алдында ауыз қуысын дұрыс жылы сумен шаю керек.

  2. Науқас ауыз, мұрын түтігімен емес керсінше тыиыс алу жолдарымен
    қақыруы тиіс.

1 0 Емі:

Күн тәртібі және диета:

Қызба қайтқанша төсек тәртібін сақтау тиіс. Дене қызуы қалыпты көрсеткішке түскенге дейін толығымен емдеуге тиіс. Жедел пневмания кезінде жүрек жетіспеушілігі болмаған жағдайда науқас 2,3-З л сұйықтық қабылдауы тиіс: жеңіл қышқылдандырылған минералды су немесе қайнатылған су, лимонды шырын, жеміс шырыны, итмұрын тұнбасы. Бірінші күндері диетасы әр түрлі тез қортылып сіңірілетін, ағзаға қажетті тағамдар болуы керек. Келесі тағамның құрамында ақуыз, май, дәрүмендер, көмірсулы тағамдар болу керек. №10 және №15 столдар болу керек. Жылы тауық сорпасын жиі беруге болады. Ішімдікпен шылым шегуді шектеу керек.

11Алдын-алу:

1. Қоршаған ортаның тазалығымен байланысты. Еңбек қорғау шарттарымен және ғылыми техниканың дамуымен байланысты;

2. Қоғам арасында жеке бастың тазалығы, дене шынықтырумен
а
йналысуы керек;

3. Ағзаның шынығуына, зиянды әдеттерден аулақ болуы тиіс;

Пневмониямен ауырған науқастар 6 айдан-1 жылға дейін "Д"-тіркеуде болуы тиіс. Осы мерзімнің ішінде емдік алдын-алу шаралар қолдануы тиіс. Таңертенгілік жаттығулар, массаж, суға сүңгу, тыныс алу
жолдарына жаттығулар. Имунитетті күшейтетін дәрілік-емдік қасиеті бар
дәрілерд қолдану.

1. Жөтелге қарсы қолданатын препараттарды қолдану (кодеин, глауцин, либексин, тусупрекс)

2. Иммунитетті жоғарылатын терапия:

3. Физиотерапия, санкур емдеу, диспансеризация.



Жаңа ғана Сіздер Пневмония ауруы туралы қазақ тілінде Казангапова Г.О. түсіндіріп кетті. Енді біз осы ауруды ағылшын тілінде видеоматериал көре отырып, білімімізді толықтырамыз.


Lexical theme: Сөздіпен жұмыс (білім алушыларды жаңа сөздермен таныстырып, дұрыс айтылуын үйрету): You are going to read the text, before reading the text you must write the new words.

Vocabulary

  1. upper respiratory – жоғарғы тыныс алу жолдары

  2. infection - инфекция

  3. empyema – плевра эмпиемасы

  4. otitis media – ортаңғы отит

  5. sputum - қақырық

  6. weakness - әлсіздік

  7. sweating - тершен

  8. expectoration – қақырық тастау

  9. to complicate - қиындату

  10. entire - тұтас

  11. frequent - жиі

  12. chief=main - басты

  13. nutritious - қоректік

  14. abruptly - кенеттен

  • Мәтінді лингафоннан тындау.

  • Forbidden words ” ойын элементі







PNEUMONIA

Pneumonia is a specific acute disease which involves an entire lung or a part of a lung. Sometimes both lungs are involved. It may occur at any time of year, but it is frequent in the months from December until May. The chief predisposing factors are. weather, draughts, loss of sleep and contact with patients who have infections. Various viruses and staphylococci may cause it. The main symptoms are chill, fever, general weakness, sweating and persistent dry cough which can’t be relieved by common measures. The child usually has poor appetite, disturbed sleep. Sometimes children have local chest pains or stomachache. Young infants suffer from shortness of breath.In severe cases patients may have expectoration of bloody sputum. The disease sets in abruptly. There may be a preceding upper respiratory infection with a cough. If the disease remains uncomplicated if lasts from 7 to 14 days. The treatment consists chiefly of bed rest. The most important agents are fresh air, good nursing and nutritious food that the child likes.The disease responds very well to specific medication with appropriate antibiotics (penicillin) Before the era of antibiotics sulfanilamides were used.. Mustard plasters are always administered, sometimes cups as well.. Diathermy of the lungs gives very good results. The child should be given vitamins C, A and others from the very first day of the disease. A variety of complications may occur. Sometimes empyema develops after the seventh day of the disease. Otitis media and mastoiditis are usually found in children. Other complications are pericarditis, endocarditis and meningitis. An important factor in the prophylaxis of pneumonia is fighting such infectious diseases as influenza, measles and whooping cough, all of which are often complicated by pneumonia.

  • Видеоматриал көрсету (5 минут)

Exercises I. Answer the following questions: (ауызша жалпылай сұрау)

I. What kind of disease is pneumonia? 2. In what seasons does it occur? 3 What are the main symptoms of pneumonia? 4 . What is the commonest complication? 5. What does the treatment of pneumonia consist of? 6. What medicine is prescribed for pneumonia? 7. When are vitamins given to the pneumonia patient? 8. What diseases are complicated by pneumonia?

Grammar reference:

  • Видеоматериал көру. (4 минут)

The Past Perfect Continuous Tense іс -әрекеттің өткен уақытта белгілі бір кезеңге дейін басталған, сол уақыт аралығында созылып және сол уақытта әлі де аяқталмаған іс-әрекетті білдіреді.

Болымды сөйлем

Болымсыз сөйлем

Сұраулы сөйлем

had been working

You had been working

He had beenworking

She had beenworking

It had beenworking

We had beenworking

You hadbeenworking

They had beenworking

had not been working

You had not been working

He had not been working

She had not been working

It had not been working

We had not been working

You had not been working

They had not beenworking

Had been working?

Had you been working?

Had he been working?

Had she been working?

Had it been working?

Had we been working?

Had you been working?

Had they been working?

The Past Perfect Continuous Tense шағының жасалу жолы to be көмекші етістігінің Past Perfectформасы (had been) және негізгі етістіктің осы шақ есімше (Participle I) арқылы жасалады.

Сұраулы формасы көмекші етістік (had) бастауыштың алдына қойылады.

Болымсыз формасы бастуыштан кейін көмекші етістігінен (had) кейін not шылауы тұрады.

Мезгіл үстеулеріfor two hours, for three month, for a long time, since yesterday, since five o’clock т.с.с.

 V. Жаңа тақырыпты бекіту. Бекіту сұрақтары, тапсырмалары.


  • Студеттер грамматикалық жаттығуларды орындайды. (Интерактивті тақтада жұмыс жасайды)

Appendix 1

Appendix 2

Appendix 3 (уақыт қалса орындайды, уақыт қалмаса үйде орындайды.)



VI. Баға қою (түсіндірмесімен)

What’s the title of the lesson? Why?



I know

I knew

I want to know






VII. Үй тапсырмасы. "Pneumonia" Тылкина С. А. Appendix 3 ( уақыт қалмаса үйде орындайды.) Appendix 4

Speak about: a)symptoms and course of pneumonia; b) com­plications of pneumonia; c) treatment of pneumonia; d) care for a pneumonia patient.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
992
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12