жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ «Поэзия алыбы,ұрпаққа үлгі - танымы» атты әдеби – музыкалық кештің бағдарламасы
Ашық сабақ
«Поэзия алыбы,ұрпаққа үлгі - танымы» атты
әдеби – музыкалық кештің бағдарламасы
1-жүргізуші: Қазақ халқының перзенті,ақыл- ойдың кемеңгері,асыл сөздің қазынасы,поэзия пайғамбары,ғұлама ойшыл бабамыз Абай тек қазақтың ғана Абайы емес,адамзаттың Абайына айналып отыр.
2 - жүргізуші: Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.Олай болса,ағайын, «Поэзия алыбы,ұрпаққа үлгі – танымы» атты кешті бастауға рұқсат етіңіздер.
Слайд шоу көрсетіледі.
1 – жүргізуші:
Тарих қана,халық қана туатын,
Алыптардың арқа тұтпас кім атын?
Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа,
Керек болды Абай сынды Ұлы ақын!
Көкірегін намыс кернеп,кек қарып,
Жанарынан жасы құлап,шоқ жанып
Абай өтті,мың адамнын міндетін
Қайыспастан жалғыз өзі атқарып.
2- жүргізуші:
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе
Адамдықты іздесең,
Жаттап тоқы көңілге!
-
оқушы:
Қалын елім – қазағым,қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұрттың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан,бірі май боп енді екі ұрттың.
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Бас – басына би болған өңкей қиқым.
Бірлік жоқ,береке жоқ,шын пейіл жоқ.
Күш сынасқан,күндескен бұзды – ау шырқын.
-
оқушы:
Өлең – сөздің патшасы,сөз сарасы,
Қиынан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл,жүрекке жылы тиіп,
Теп – тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз сарасы,
Ол ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы...
Іші алтын,сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы.
-
оқушы:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,Ойнап босқа күлуге.
Адам болам десеңіз,
Тілеуің өмірің алдыңда.
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек,өтірік,мақтаншақ,
Еріншек,бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап,еңбек,терең ой,
Қанағат,рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз.
1-жүргізуші: Бақпен асқан патшадан ақылмен асқан қараны,сақалын сатқан кәріден,еңбегін сатқан баланы,атаның баласы болмай,адамның баласы болғанды артық қойып,досы жоқпен сырласып,қайғысыздан сақ болып,қайғылыға жақ болып,халқын өнердің өріне сүйреген Абай кім еді?
2-жүргізуші: «Абай атаға арнау» атты өлеңді 7 сынып оқушысы
Хамидулла Мейрам оқиды.
АБАЙ АТАҒА АРНАУ
Абай ата жерін, елін қадірлеген
Мен бүгін өлең жазам шын жүректен.
Жыл сайын өтеді дәстүрлі той,
Сізге арналған мүшайра, жетелі ой.
Абай атам елімнің ұлы ақыны.
Абай атам дара тұлғам абзалым.
Көкірегімде сіздің өлең жырларың
Жүрегіме түсыреді жарығын.
Жырларыңызды әрі- бері ақтарып,
Отырмын ғой ойды түйіп толғанып
Әрбір сөзіңіз бізге болар бір сабақ,
Ақыл- ойды өсіретін бір жұмбақ.
Жұлдыз едің әрбір адам баласына,
Жалтырайсын білім шашып нұрлана.
Сіз секілді ақындарым тұрғанда,
Бұл өмірде әділетсіздіктен қорқам ба?
170 жасқа толып келіпсіз,
Қазақ жырын сіз танытып кетіпсіз
Абай атам сізге мынау арнауым,
Сізге деген менің ашық пейілім,
Әрине әр адамның мақсаты бар,
Менде өлең жазғым келеді із қалдырар,
Қуанышы босам деймін анашымның,
Құрметтеймін тілін, халқын елімнің!
1-жүргізуші: Ән шашу.Орындайтын 8 сынып оқушысы Нұржакипова Аружан
Ән:
Маңдайына қазақтың сыйып тұрған бағы – Абай
Арайлап ататын ақ шуақты таңы –Абай!
Ақыл- ойдың кемеңгері,пайғамбары ,киесі,
Имандылық,ұяттың қасиетті ары – Абай – ай!
Тау суындай тасқынды,жырым менің тасыды,
Ұлы бабам тойында маржан болып шашылды.
Әлем бүгін жырлауда Абай сынды асылды!
Болашаққа жол сілтеген,жаттаған әлем
жырынды – ай.
Асыл сөзден сәулетті алтын сарай салдырған,
Ғылым – білім көгінде шамшырағын жандырған.
Қисық,қыныр,тасырдың мініп ашып,түзетіп,
Ұрпағына мәңгілік даналықты қалдырған – ай.
Абай біздің қастерлі,ардақтайтын Ұлымыз!
Қазақстан төрінде Тәуелсіздік Туымыз!
Көш басшысы өлеңнің,данышпаны әлемнің,
Адамзатқа құйылған ақ сәулелі Нұрымыз – ай!
2-жүргізуші:
Ақынның атақоныс жері қандай?
Ата-баба,әулеті,тегі қандай?
Ақынды тебіренткен,күңіренткен,
Ұшқан ұя,ортасы,елі қандай?
1-жүргізуші: Қасиетті Шыңғыс тауының бауырында Жидебай – Қарауылда,Орта жүз тобықты руының атақты билері Ырғызбай – Өскенбай – Құнанбай әулетінде 1845 жылы Ибраһим (Абай)дүниеге келді.Ақынның ағар бұлақ анасы – мейірімді әңгімеші әжесі –Зере,асқар таудай әкесі Құнанбай – өз заманының озық ойлы,көреген,қатал да қайсар белді биі,аға сұлтаны болған адам.
2-жүргізуші: Халқы үшін Құнанбай Қарқаралыда мешіт салдырып,1870 жылдары Меккеге барған сапарында «Тәкия» деп аталатын 100 кісілік қонақ үй салдырған,ел билеген көсем,әрі шешен,әрі мырза,табанды,шешімді адам болған.
2-жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй!
Ән: «Желсіз түнде жарық ай»
1-жүргізуші:
Ғылым бір ақыл – ойдың шамшырағы,
Парасат адамдықтың ол тұрағы.
Абай атам білім ап,сусындаған,
Даналық қайнарының үш бұлағы.
2-жүргізуші: Абай даналығының нәрлі арнасы – әжесі Зере арқылы бойына сіңген туған халқының сарқылмас бай ауыз әдебиетінің поэтикалық мол қазынасы.Екінші нәрлі арнасы – Шығыс поэзиясының алтын қазынасы,шығыстың жеті жұлдызы:Физули,Шәмси,Сәйхали,Науаи,Сағди,Фирдоуси,Қожа Хафиз жырлары.Үшінші нәрлі арна – орыс және Батыс Европа классиктерінің алтын қазынасы.
2-жүргізуші:
Абайды оқып,ойлай біл,болсаң зерек,
Еңбекті сат,ар сатпа,неге керек?
Ақылына бой ұрып,ғибрат ал,
Ойын алғыр болса егер,таза жүрек.
Абай ғақлияларынан:
1-оқушы: Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар.Сонан қашпақ керек,әуелі – надандық,екіншісі – еріншектік,үшіншісі – залымдық деп білесің.
Надандық – білім – ғылымның жоқтығы,дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.Білімсіздік хайуандық болады.
Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.Талапсыздық,жігерсіздік,ұятсыздық,кедейлік –бәрі осыдан шығады.
Залымдық – адам баласының дұшпаны.Адам баласына дұшпан болса,адамнан бөлінеді,бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады.
2-оқушы: Адам баласы жылап туады,кейіп өледі.Екі ортада дүниенің рақатының қайда екенін білмей,бірін-бірі аңдып,біріне – бірі мақтанып,есіл өмірді ескерусіз,босқа,жарамсыз қылықпен,қор етіп өткізеді де,таусылған күнінде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды.
3-оқушы: Дүние – үлкен көл,заман – соққан жел,алдыңғы толқын – ағалар,кейінгі толқын – інілер,кезегімен өлінер,баяғыдай көрінер.
4-оқушы: Жаман дос – көлеңке,басынды күн шалса,қашып құтыла алмайсың,бұлт шалса,іздеп таба алмайсың.
5-оқушы: Адам баласына адам баласының бәрі – дос.
1-жүргізуші:
Өзгеге көңілім тоярсың,
Өлеңді қайтіп қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың!
Ән: «Көзімнің қарасы»
2-жүргізуші:
Ұлылар үндестігі.
Лермонтов,Гете,Абай тілдескендей.
Тілегі үш халықтың бірлескендей.
Ән болып шымырлайды жүрегінде,
Әлемі ұлылардың үндескендей.
1-оқушы:1780 жылдың күзі.Кикилхап шыңының басындағы ағаш үйдің қабырғасына неміс халқының ұлы ақыны Н.В.Гете қарындашпен сегіз жол жазып кетеді.(Немісше оқылады.)
2-оқушы: 1840 жылы,яғни 60 жылдан кейін орыс халқының ұлы ақыны М.Ю.Лермонтов «Ночь песня путешественника»деп орыс тілінде аударған. .(Орысша мәнерлеп оқылды.)
Горные вершины спят во тьме ночной,
Тихие долины полны свежей мглой.
Не пылит дорога,
Не дрожат листы,
Подожди немного,
Отдохнеш и ты.
3-оқушы: 1890 жылы қазақ халқының ұлы ақыны Абай қазақ тіліне аударып,оған ән жазады.
«Қараңғы түнде тау қалғып»
Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым – жырт,дел-сал ғып,
Түн басады салбырап.
Шаң шығармас жол-дағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы,
Сабыр қылсаң азырақ.
2-жүргізуші:
Кейінгі ұрпақ жырын жаттап қанықты,
Кім білмейді Абай сынды алыпты ?!
Нұрын шашып,бағын ашып қазақтың,
Абай атын кім әлемге танытты?
1-жүргізуші:
Айдың орнын баса алады Күн ғана,
Таудың орның баса алады Шың ғана.
Ұлы Абайды жырлау үшін қазаққа,
Керек болды Мұхтар сынды бір дана.
Көкіркгін шабыт кернеп шаттанып,
Шартарапқа сәуле шашып мақтанып.
Мұхтар өтті мың ақынның міндетін
Қайыспастан жалғыз өзі атқарып,
Келер ұрпақ,бізден кейін келер ұл.
Өз кезінде өз бағаңды бере біл.
Әуезовті жырлау үшін қазаққа
Абай сынды ақын керек және бір.
2-жүргізуші:
Талғамын бір – ақ ауыз сөзбен түйген,
Өлеңмен ел қамын жеп жанып – күйген.
Соңына өлмейтұғын сөз қалдырған,
Ақын боп жаралған да,елін сүйген.
1-жүргізуші:Тілдер апталығына арналған әдеби – музыкалық кешімізді аяқтай келе Мұхтар Шахановтың әні – «Рух пен тілді »қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рақмет!Қош – сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген