400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. «Повестегі табиғатқа қиянат жасаған Омаш қылықтары»

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ әдебиеті бойынша 6 сыныпқа қажет. жаңартылған білім мазмұны ойынша жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні 20 сәуір 2017 жыл

Сынып 6 «А» сынып,қазақ әдебиеті.

Мұғалім Сейдахметов Асылхан Бағдатұлы

Сабақтың тақырыбы: «Повестегі табиғатқа қиянат жасаған Омаш қылықтары»

Сабақтыі типі: жаңа материалды меңгеру

Сабақтың түрі: жинақтау сабағы

Сабақтың мақсаты

а) білімділік: повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Тоқсанбай, Омаш, Ергеш бейнелеріне талдау жасап, шығарманы түсінікті, мәнерлі оқуға, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету.

ә) дамытушылық: өзіндік ой қорыта білу, шығармашылықпен жұмыстану қабілетін жетілдіру, ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту, сабаққа қызығушылығын ояту .

б) тәрбиелік: жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыландыру, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету, адалдық пен шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: презентация, суреттер, бағалау жетондары, үлестірме карточкалары.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

Амандасу, түгендеу, оқушылар назарын сабаққа аудару

Топқа бөлу: (2 мин)

1 топ Адамгершілік 2 топ Еңбекқорлар

3 топ Мейірімділік 4 топ Сабырлық

Психологиялық дайындық.

Үй тапсырмасын сұрау

Оқушыларға тест тапсрымалар беріледі балалар тестке 2 минут ішінде жауап береді. Презентация бойынша жауаптарын тексереді. (Жекелей орындай, тексеру кезінде бір – бірімен алмасады)

Тест тапсырмасы (2мин)

  1. Дулат Исабеков қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

А) 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Еңбекші ауданы

В) 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы

С) 1942 жылы Алматы қаласында

2. Берілген шығармалардың қайсысы Дулат Исабековтың туындысы

А) Гауһартас В) Қылау  С) Бір атаның балалары

3. Мені, мені шотпен ұрмақ! Аха-ха-ха... Катюшамен атпаса анау-мынау мылтыққа өле қоймаймын . Кімнің сөзі?

А) Тоқсанбай В) Ергеш  С) Омаш

4. «Жасымық» сөзінің мағынасы?

А) ноқат В) шөп атауы С) мылтық

5 Дулат Исмабековтың Қазақстан жазушылар шығармалары жинағына енгізілген ең алғашқы әңгімесі қалай аталады?

А) Ата үміті В) Ағайындылар С) Шойынқұлақ

Ал енді балалар тест сұрақтарына жауап беріп болсақ, тақтаға назар аударайық, дұрыыс жауабын тексерейік. Дұрыс жауап сандарына сай сендерге ұпайлар беріледі сабақ соңында жалпы ұпай саны бойынша баға қойылады.

Дұрыс жауап

  1. В

  2. А

  3. С

  4. А

  5. С

Олай болса балалар жарайсыңдар!!! Осылайша үй жұмысына қайталау жүргізіп алдық. Балалар енді бүгінгі сабағымызды бастайық. Сендерге тақтада киіз үй берілген, киіз үй төрт бөліктен тұрады. Әр бөлігінде топтарға арналған тапсырмалар бар. Олай болса бір топтан 1 оқушыдан шығып тапсырманы аламыз. (1мин)

ІІ Жаңа сабақ

Сөздік жұмысы (2 минут)

Дермене – жусанның түрі, дәрілік шөп

Шайла – күрке

Қада – күркенің төрт бұрышына қадайтын ағаш

Пәтір –бәтер (нан бәтер, қаттама, көмбе, бауырсақ, күлше, жаппа, таба нан түрлері қазақтардың таза өз үлттық тағамдары. … Жаппа, күлше деген нандарды қатты қызған тандырға, пешке пісірген. Ол қаттама деген бәтердің бір түрі)

Жасымық- ноқат, дақ

Құлқайыр –қурай

Сом – ақша

1 кезең: Топтар сайысы

Балалар мәтінде кезедесетін сөздермен таныс болдық, енді топтық жұмысымызға көшеміз. Әр топқа дайындалуға барлығы екі минут беріледі, өз тапсырмаларыңызды түсіндіріп айту үшін 1 минут уақыт беріледі. Жауаптың дұрыстығына, толық жауап берілуіне қарай әр топ ең жоғары 5 ұпайға ие болады. Жауап толық емес немесе уақыт мөлешерінен асып кетсе 1 ұпай шегеріледі.(6 мин)

І топ –Дулат Исабеков өмірі мен шығармашылығы (қысқаша)

ІІ топ – Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау.

ІІІ топ – Тоқсанбай мен Омашқа венндиаграмма

IV топ – Повестегі Омашты суреттейтін жерін тауып оқып, түсіндіру.

2 кезең: Мағынаны тану сатысы

Балалар кестені кейіпкеріне сай толтырып, өз ойларыңызды айтасыздар. Сіздерге 1 минут уақыт беріледі. Кезең бойынша жоғары ұпай саны 3. (5минут)

Кейіпкер

Іс-әрекеті

Қандай мінездің адамы

Тоқсанбай қартқа

Омашқа

Ергешке





3 кезең Сергіту сәті 1 минут

Иесіне қайтар ойыны

Ер геш Омаш




Picture 16





   

4 кезең: Ыстық орындық

Бұл кезеңде әр топ 3 сұрақтан қояды. Әр сұрақ 2 ұпаймен бағаланады

Ыстық орындық ойыны бойынша сабағымыздың басты кейіпкерімен Омашпен тілдесуге мүмкіндік туып отыр. Олай болса балалар кім ыстық орындыққа отырып, Омаштың қылықтарын жақтап шығады.

Жарайсыңдар балалар!!! Әрине адам бойында жақсы да, жаман да қасиеттер барын білеміз. Бүгін міне Омаштың бейнесінде болған ________________________ оқушымыз өз өнерін ортаға салды. (5 минут)

5 кезең Салыстыру. Шығармадағы кейіпкерлердің жақсы және жаман қасиеттерін атап көрсету.

Балалар сабағымызды қорытындылау үшін, сабақтың мақсатына жеткенімізді білу үшін барлығымыз әр топтан кезекпен екі оқушы тақтаға шығып, «Ата үміті» повесіндегі кейіпкерлердің жақсы және жаман қасиеттерін жазып, ол қасиетін қандай қылықтарынан байқағанымызды дәлелдеп, ойымызды орта сала отырып қорытындылаймыз. Әр топтан екі оқушыдан шығады.(3 минут)

Кейіпкерлердің жақсы жақтары

Кейіпкерлердің жағымсыз жақтары

Адалдық

мейірімділік

қамқорлық

кішіпейілділік

еңбекқорлық

ұрлық

қорқақ

сенімсіздік

құрметтемеу

өтірікшілік



Қорытынды:

Балалар, біз бүгін әңгімедегі кейіпкерлер , олардың іс-әрекеттері арқылы күнделікті өмірде ұшырасатын түрлі қатыгездік пен дүниеқоңыздық, дөрекілік, ұрлық, ұятсыздық сияқты жаман қасиеттерді адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттер жеңіп шығатынына көзіміз жетті. Алып денелі, жас жігіт Омаштың алдында абыройлы, адал адам Тоқсанбай шал әлдеқайда биіктен көрінді. Әрқашан жақсылық бойымыздан табылсын!

Бағалау: Сабақ барысында жинаған ұпайларына сай бүгінгі сабағымыздың жеңімпаздарын анықтаймыз..

Үй тапсырмасы: Екі жақты күнделік

Әңгімеде саған не әсер етті?

Несімен әсер етті?










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
469
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі