Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Презентацияны құрып безендіру 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
3-сыныпқа АКТ пәнінен беретін мұғалімдерге көп көмегі тиеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7 Бөлім. Презентацияны безендіру

Мектеп: №156 Жалпы білім беретін мектеп

Күні: 10.04.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Иманқожаева М.С.

Класс: 3 «Е»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Презентацияны құрып безендіру

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану

3.1.2.4 компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану;

3.2.3.1 мәтін мен видеолардан тұратын қарапайым презентациялар жасау;

3.2.4.2 арнайы тақырыпқа сай фотосуреттерді қолдану

Сабақ мақсаттары

  • Слайдты өшіру, қосу, көшіру командаларымен таныстыру, сондай-ақ презентациядағы өзгерістерді сақтау;

  • Презентацияға сурет және мәтін қосуды үйрену, тақырып бойынша қажет суретті таңдауға дағдыландыру;

Бағалау критерийлері

Оқушылар...

  • слайдтың не екендігін біледі;

  • слайдтың тақырыбы және мәтінінің не екендігін түсіндіреді;

  • слайдтарды өзара орнын ауыстырады және өшіреді;

  • слайд фонына таңдалған суретті қояды.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар ...

  • презентация мәзірін қолданғада сәйкес терминдерді қолданады.

Арнайы лексика және терминология:

Файл, тақырып/ слайд, мәтін, мәзір.

Диалог/жазу үшін қажетті тіркестер:

Қалай сақтау керек? … көмегімен ашу….

Слайд құру …. Мәтінді теру сурет қою

Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік құндылықтар: сыйластық, топқа жұмыс жасау ережелерін сақтау, өзгенің пікірін сыйлау, қолдау көрсету, «сынм досын» тыңдай білу, өзіне және досына деген жауапкершілік, шыдамдылық, әділеттілік, ҚТ сақтау.

Қоғам үшін қажеттілік: презентация файлын ашу және сақтау командаларын қолдану кезіңде.

Жеке: өзін шығармашылық тұрғыдан көрсету

Пәнаралық байланыс

Дайын суретпен жұмыс барысында «Дүниетану» пәнімен байланыс

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар компьютермен және компьютерлік программамен жұмыс жасау дағдыларына ие.

Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-8 мин.


  1. Ұйымдастыру кезені

Оқушылармен амандасып олардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық қалыптастыру. Бүгін презентацияға байланысты тақырыпты жалғастырамыз және жарыса отырып үй жұмысын қайталап, сабақты практикалық игеруді де жарыса отыра жүргіземіз.

  1. Топқа бөлу

Балалар бізге «тосын сый қорабы» келді. Тосын сый қорабырның ішінен шашылған әріптерді таңдайды, сол әріптерді құрастырып өз топ атауларын табады.

1-топ: «Слайд» тобы
2-топ: «Дизайн» тобы болсын, әр топ өз басшысын сайлап алсын.

  1. Алдынғы білімді еске түсіру. Өткен тақырыпты тексеру бөлімін «Бәйге» деп атайық. Бәйгеден қай топ озып алда келеді екенін білейік.

Шағын викторина арқылы Презентацияға арналған білімді еске түсіру. Әр ұяшыққа сәйкес балл қойылады және сұрақтың күрделілігі ұяшық номеріне байланысты (10-жеңіл сұрақ, 20-орташа деңгейлі сұрақ, 30-күрделі сұрақ).

  1. Жаңа сабақ

Мұғалімнің іс –әрекеті,сөйлеуі, көрсетілімі.

Тақырып ашу: Интерактивті тақта суреттерге қарап бүгінгі тақырыпты ашу. Ашылған тақырып және оның мақсатымен таныстыру.

Слайд 1-2







Қорап, шашылған әріптер.







Слайд 3-14







Мұғалім әр топтың жауаптарын тыңдайды,топтар бір-бірін «Қол шапалақтау» әдісімен бағалайды.



Слайд 15-17


Сабақтың ортасы

8-37 мин.


  1. Қызығушылықты ояту. (2 минут)
    «Білгіш топ»
    Стратегия: «БББ»

Балалар, Power Point бағдарламасы туралы жалпы не білесіңдер, соны «Білетінім» графасына, бұл бағдарлама туралы жалпы не білгің келеді, соны «Білгім келеді» графасына жазыңдар. (3-минут)
Топ басшылары жазғандарын оқиды.

  1. Мағынаны тану. (15 минут)

Топпен жұмыс. «МИКС» жаттығуы. 3 топ басшылары тақырыпқа байланысты тапсырма түрін анықтайды. Ол үшін Тосын сый қорабынан кеспе қағаздарын таңдайды. Мысалы 1-ші топ – постер құру, 2-ші топ – сөздердің анықтамасын жазу, 3-ші топ – қағазға еркін тақырыпта презентация жасау.

  1. Сергіту сәті (2 минут)

Видеоролик арқылы сергіту сәтін өткізу.

  1. Практикалық жұмыс (10 минут)

1 тапсырма: не екендігін анықтаңыз?

2 тапсырма: Microsoft PowerPoint-та презентация дайыңдап, оны безендіру, жұмыс үстелінен керек суретті таңдап фон ретінде қою:

  1. Өзім туралы;

  2. Менің отбасым;

  3. Менің хоббиім.


Слайд 16, «БББ» кестесі










Слайд 21, қорап, кеспе қағаздары, А3 плакаттар, фломастер, смайликтер.

«Смайлик» арқылы бағалау


Сергіту сәті

https://www.youtube.com/watch?v=ia4qahVH9R8

Слайд 23, таратылатын қағаздар.


Бағалау: Әр топ мұғалімге таратпа қағазын өткізеді.


Слайд 24

Жасалған презентацияға байланысты бағаланады.

Сабақтың соңы

37-40 мин.

  1. Тапсырма бойынша қорытынды шығарыңыз, «Білгенім» (3 бағанды) графасын бүгінгі жаңа сабақпен толықтыру.

Қандай мақсаттарға жетті?

  1. Рефлексия

«Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі

Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады. Осылайша мұғалім өткен сабақтан қандай білім алғанын біледі.

«БББ» кестесі





Слайд 25, плакаттағы суреттер, стикерлер

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Сыныпта үлгермеген оқушыларға көмектесу үшін жұп және топтық жұмыс қолданылады.Сонымен қатар, мұғалімнің ақпараттық кестелер немесе тапсырмаларды орындауға арналған нұсқаулар түрінде көмек көрсетуі. Дифференциация ретінде әртүрлі қиындықтардың міндеттері, сондай-ақ тапсырманы орындаған оқушылар басқа оқушыларға тез көмектеседі.

Сыныпта бағалау практикалық жұмыс түрінде, сондай-ақ ойын түрінде жауаптар мен сұрақтар сессиясы түрінде өтеді.

Топтық бағалау сонымен қатар оқушылармен табыстылық критерийлеріне негізделген

Барлық оқушылар, сондай-ақ мұғалім оларды бағалауға болатын сайтқа жіберілген практикалық жұмыс аяқталды.

Бастапқы сабақта оқушылар компьютер кабинетінің қауіпсіздік ережелерімен танысады. Оқу барысынжа сыныпта ілулі тұрған техникалық ережелерді сақтайды. Сондай-ақ оқушылар зардап шеккен адамға алғашқы көмеек көрсетуді біледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2020
510
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12