400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Пысықтауыш" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер-үстеулер,үстеу мәндес есімдер мен мекендік,мезгілдік,мақсаттық,амалдық мағыналарда жұмсалатын септеулі зат есімдер екенін оқушыларға ұғындыру.Пысықтауыштың мағынасына қарай алты түрі бар екенін, әдетте үстеулерден болатынын мысалдар арқылы ұғындыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Уақыты: 19.12.2017ж

Қазақ тілі


Мұғалімі: Қалдыбаева Куланда

Сынып: 8 «А»

Сабақ тақырыбы:

Пысықтауыш

Жалпы мақсат:

Білімдік — пысықтауыш туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету;

ә) дамытушылық — түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу;

б) тәрбиелік - ұжымшылдыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.


Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау


Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс

Оқыту әдістері:

Кім жылдам?Миға шабуыл. Фишбоун әдісі, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық тренинг


«Мозаика» әдісі арқылы топтарға бөлу.

Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдату. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


Жаңа тақырып

Жаңа сабақты түсіндіру.

Пысықтауыш – етістіктен болған баяндауышты мекен,мезгіл,қимыл-сын мен себеп,мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.Мысалы: «Ол үйге жүгіріп кірді» деген сөйлемде жүгіріп деген сөз Қайтіп? Деген сұраққа жауап беріп,қимылдың сынын білдіріп тұр.

Пысықтауыштың негізгі белгілері: 1.Іс-қимылды мезгіл,мекен,мақсат,сын-қимыл,себеп,мөлшер ждағынан пысықтап тұрады. 2.Қашан? Қайда? Қалай? Неге? Не үшін? Неліктен? т.б. сұрақтарға жауап береді. 3.Байланысу түрлері – меңгеру,жанасу және қабысу.

Пысықтауыштың мағыналық түрлері және олардың жасалу жолдары:

Пысықтауыштың мағыналық түрлері

Сұраулары

Мысалдар

1

2

3

Мезгіл пысықтауыш

  • мезгіл үстеуінен

  • жатыс септігіндегі

мезгіл мәнді зат

есімнен

- септік шылаулы сөзден

Қашан?

Қайда?

Қай уақытта?

Ол бүгін келеді.

Қыран биікте самғайды.

Таңертеңгі шайдан соң Абай әке қасынан шығып,Майбасарға келе жатты (М.Ә.)

Мекен пысықтауыш

  • мекен үстеуінен

  • атау,ілік,табыстан басқа септіктерде тұрған зат есімдерден

Қайда?

Қай жерде?

Қай жақта?

Қайдан?


Олар жоғары көтерілді.

Қайсар биыл мектепке барады.


Біз қала маңынан келдік.

Мақсат пысықтауыш

  • мақсат үстеуінен

  • -ғалы,-гелі,-п тұлғалы көсемшелерден

  • Үшін шылауымен келген есім сөзден

Кім үшін?

Не үшін?

Неге?

Қандай мақсатпен?


Оқу үшін қалаға келді.

Ол әдейі кірді.

Біз үшін жолыңнан қалма.

Амал пысықтауыш

  • қимыл-сын үстеулерінен

  • еліктеуіштен

  • көсемше тұлғалы етістіктен

Қалай?

Қайтіп?

Қалайша?


Жиналыста шапшаң сөйледі.

Бала жүгіре-жүгіре шаршады. Бұл сөзді естігенде,ол сылқ-сылқ күлді.

Себеп пысықтауыш

-өткен шақтық есімшеден

Неліктен? Не себептен?

Сен түсінбегендіктен айта алмадық. Ол қуанғаннан қозғалмай қалды.

Мөлшер пысықтауыш

- мөлшер үстеулерінен

- мөлшер мәнді сын есімдерден

Қанша?

Қалай?

Темірді қысқа кес.

Аз сөйлеп,көп тындыр.


Жаттығумен жұмыс: 109-жаттығу. «Фишбоун» әдісі арқылы орындау


Сергіту сәті

Қане, қанат жазайық,

Қарлығашқа ұқсайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық,

Білімде алда болайық.


Оқушылар сергіп, демалады

Шығармашылық жұмыс



Шығармашылық жұмыс: Мына үстеулерді қатыстырып сөйлем құраңдар да, пысықтауыштың қай түрін жасағандарыңды табыңдар.

Қыста, амалсыздан, тасыр-тұсыр, жоғарыда, әдейі, үйрену үшін, жатпай-тұрмай, үндемей,анда-санда




Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Білу, түсіну, қолдану. Әр топтың спикері шығып қорғайды

Үйге тапсырмасын беру

110-жаттығу.Көркем әдебиеттен бірнеше сөйлем тауып жазу


Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру.Стикерлерді толтыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1640
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі