Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қ дыбысы және әрпі 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ жоспары ҚМЖ мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы





Мектеп: Маршал Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы

Сабақ тақырыбы: № 64-сабақ. Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі

Күні: 02.10.2020ж.

Мұғалімнің есімі: Жаумытбай Аикенже Сатыбалдықызы

Сынып: 1

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

1.2.9.Дыбыс пен əріпті тану жəне ажырату

1.2.9.1 Әріпті тану және оны дыбыспен сәйкестендіру

Сабақ тақырыбы

Ққ дыбысы мен әрпі

Ортақ тақырып

Менің отбасым және достарым

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкес-

тендіреді.

Оқушылардың басым бөлігі: Сөз құрай алады, дыбыстық талдау жасайды.

Кейбір оқушылар: Буындарды қосып оқи алады.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді.

Сөздерді буындармен сәйкестендіріп оқиды.


Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар:

Оқылым- Буындап оқиды,тұтас оқиды,түсініп оқиды.

Айтылым-Дыбыс түрлерін дұрыс дыбыстайды.

Тыңдалым- Видеожазба тыңдалады.

Жазылым -Әріпті дұрыс жазып үйренеді.

Әpіп –буквa-letter

Дыбыс-звук- sound

Ата-дедушка-granddad

Терминология:

қармақ, сылдырмақ, талқан т.б.

Құндылықтарды дарыту


Ынтымақтастық: Топтық және жұптық жұмыс apқылы біp-біpін сыйлaп, құpметтеуге, пікіpлерін тыңдaп, ынтымaқтaстыққa ұмтылaды. Біpігіп жaсaғaн жұмыстapы aрқылы еңбек пен шығapмaшылыққa үйpенеді және оқушыларды отбасына құрмет көрсетуге тәрбиелеу.Aлған білімдеpін өміpде қолдaнaды..

Пәнаралық байланыстар


сергіту сәтінде саусақ жаттығулары арқылы- дене шынықтыру пәнімен байланыстырдым.логика

АКТ қолдану дағдылары

Ресурстар

Бейнежазба , таныстырылым, оқулық, суреттер.

Алдыңғы оқу/

Бастапқы білім

«Ортада қалам» әдісі арқылы әр топтан 1-1 оқушы шығып, суреттердің

арасынан М дыбысынан басталған сөзді алып,

  • Сөзді оқиды

  • Буынға бөледі

  • Дыбыстық талдау жасайды

  • Сөйлем құрайды.

Мақсаты: Айтылым дағдысы іске асады, жеке оқушымен жұмыс көрінеді







Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Психологиялық ахуал:

Ертеңгілік шеңбері

Достасайық бәріміз

Тез тұрыңдар шеңберге,

Достарыммен бір жүру

Қол алысып қәне біз.

Айтарым бар сендерге

Қандай жақсы бір тұру.

Қандай жақсы дос болу!

Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.

Мақсаты: Сыныпты қалыпқа келтіру, жаңа сабаққа дайындау, психологиялық ахуал орнату

Топқа бөлу.

Берілген суреттегі әкесі, анасы, баласының суреті бойынша оқушылар 3 топқа бөлінеді. Топ аттары

1. Құрмет

2. Қасиет

3.Татулық

Қ қ қандай дыбыс?

Мақсаты: оқушыларда топқа өз беттерімен бөліну дағдысы қалыптасады


Таныстырылым









Суреттер



Қ қ дыбысынан басталатын сөздер.

(сурет)

Сабақтың ортасы

25–30 минут


Айтылым.





Тыңдалым.





Оқылым.












Жазылым.











Мағынаны ажырату

Ұжымдық жұмыс.

«Суретті әңгімеле» әдісі

Отбасына байланысты суреттер іліп, оқушыларға өз беттерімен әңгімелету

Жетелеуші сұрақтар қою арқылы әңгімені толықтыру.

-Суретте кімдерді көріп отырмыз?

- Олар не істеп отыр?

-Қолдарына не ұстап отыр?

Қ,қ дыбысы және әрпімен таныстыру.

-Олай болса Қ дыбысы қандай дыбыс деп ойлаймыз? (қане айтып көрейік)

Қ,қ дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру,ауада жазып көрсету. Оның сөз басында, ортасында,соңында келу үлгілерін көрсету, оқушыларға мысалдар келтірту.

1-тапсырма. Жеке жұмыс.

Қа ла қа ра қа лақ қал та

Қо ла қо ра қо нақ тақ та

А сық қар мақ тал қан Қа нат

Қа сық сыл дыр мақ тыш қан Қу ат.

Дескриптор

1.Буындап оқиды, тұтастай оқиды

2. Сөздердің мағынасын ажыратады

3. Қ дыбысы қай буында кездесетінін анықтайды.

ҚБ: Жақсы сөздермен марапаттау,ым-ишарамен бағалау.

Мақсаты:

Дәптермен жұмыс.

Қ қ әрпінің бас әрпін және кіші әріптерін жазып үйренеді.

Дескриптор:

Сөздерді сауатты әрі көркем жаза алады.

Сергіту сәті.

Саусақ жаттығулары «Бес саусақ» Бас бармағым-атам,үйдің данасы,балаң үйрек-әжем,ошақ анасы. Ортан терек-әкем,отау панасы,шылдыр шүмек-шешем,шаңырақ ажары. Кішкентай бөбек-мен,бәрінің базары. Сонан соң балалардан ата-аналарының аты-жөнін сұрап,өз туыстары мен жақындарын қалай жақсы көретінін айтып беруді сұраймын.

2-тапсырма.

Топтық жұмыс.

1-топ.

«Сәйкестендіру» әдісі арқылы суреттерді атауларымен сәйкестендіру.

Жұмыс құралдары: Ара, балта, шеге, қалақ, қармақ. Суретте кейбір атаулар жоқ


DrawObject1 балта

DrawObject2

ара

DrawObject4 DrawObject3 қалақ


шеге

Дескриптор.

1.Сөздерді мағынасына қарай сәйкес суреттерді сәйкестендіреді.

2.Қ дыбысынан келетін сөздерді біледі.

2-топ.

«Сөз құра, тез құр» әріптерден сөз құрау, дыбыстық талдау жасау және оқу. Қ дыбысының орнын анықтау.

Ыдыстар: Қасық, шаңышқы, қазан, табақ

Дескриптор

1. Сөздерден дыбыстық талдау жасайды.

2.Ыдыстардың пайдалану жолын біледі.

3-топ.

Берілген сөздерді буынға бөлу. Қ дыбысының қай буында тұрғанын табу.

Ойыншықтар:Қуыршақ, тышқан,тауық, қошақан,

Дескриптор білім алушы.

1.Буынға бөле алады.

2.Қ әрпінің сөздің басында, ортасында, соңында келетінін біледі.

ҚБ:3 рет қол шапалақтау «От шашу» әдісі.

Жеке жұмыс

Топқа бөлу кезіндегі қолданған отбасы мүшелерінің суреттерінің артында жазылған буындарды жұптап оқу.

Қа-ла, қо-ла,қа-сық,мы-сық, та-уық, қо-нақ, тақ-та, тал-қан, тыш-қан.

Дескриптор:

1.оқушылар буынға дұрыс бөліп біледі.

Мұғалім сыйы: Отбасы құндылықтары жайлы бейнеролик көрсету.

Бейнероликтен не ұқтыңыздар?



Интербелсенді тақта немесе плакат































Саусақ жаттығулары 

https://erketai.kz/balabaksha/sergitu-satinin-zhinaktary/














































https://www.youtube.com/watch?v=OyVbXa1ydB8


Сабақтың соңы

5 минут

Оқыту сапасын арттыру мақсатындағы саралау жаттығулары
-
Бүгінгі танысқан әріп?

- Қ дыбысы сөздің қай бөлігінде келеді?

- Қ дауыссыз дыбыс па?

- Қала екі буынды сөз бе?

- Қос көп буынды сөз бе

Рефлексия.

«Мен бүгін...» әдісі

- Мен бүгін өзімді мақтай аламын, себебі ...

- Мен сыныптасымды мақтай аламын, себебі ...

- Мен бүгін өз ұстазымды мақтай аламын, себебі ...


Әр тапсырманы орындаған оқушыны смайликтермен бағалау.




Кері байланыс




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
15.10.2020
514
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12