400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Ашық сабақ Қабдеш Жұмаділов "Қозыкүрең" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әңгімені оқыта отырып, жазушы көтерген мәселенің түйінін шешу, тұлпарды суреттеу арқылы туған жерге тағзым және ұлы достықты көрсетудегі жазушы шеберлігін ашу. Шығармашылық жұмыс істеуге тарту, оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту, сыни ойлауға, әдеби тілде сөйлеуге дағдыландыру. Туған жерін сүйіп, достықты дәріптеуге, тұлпарды құрметтеуге тәрбиелеу.Жазушы суреттеуіндегі ұлы достықтың символына айналған тұлпардың бейнесін таниды. Шығармаларының өмірлік құндылықтарын түсінеді. Берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындай білуге дағдыланады. Оқушылар топта пікірлеседі, сөйлеу дағдылары қалыптасады, өз ойын жүйелі жинақтап, еркін жеткізеді, әңгіме идеясын ашады, құрылысына, тіл ерекшелігіне талдай алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы




6-күн

3-сабақ 22.04.17

Сыныбы

5 «а»

Пәні

Әдебиет

Пән мұғалімі

Мұқанбетова Айнаш

Сабақтың тақырыбы

«Достық тұғырына айналған сәйгүлік»

Жалпы мақсаты

Әңгімені оқыта отырып, жазушы көтерген мәселенің түйінін шешу, тұлпарды суреттеу арқылы туған жерге тағзым және ұлы достықты көрсетудегі жазушы шеберлігін ашу. Шығармашылық жұмыс істеуге тарту, оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту, сыни ойлауға, әдеби тілде сөйлеуге дағдыландыру. Туған жерін сүйіп, достықты дәріптеуге, тұлпарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сілтеме

5-сыныптың әдебиет оқулығы, автордың шығармалар жинағы, «Мұғалімге арналған Нұсқаулық», тапсырма жазылған кеспе қағаздар, бағалау бетшелері.

Оқыту нәтижелері

Жазушы суреттеуіндегі ұлы достықтың символына айналған тұлпардың бейнесін таниды. Шығармаларының өмірлік құндылықтарын түсінеді. Берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындай білуге дағдыланады. Оқушылар топта пікірлеседі, сөйлеу дағдылары қалыптасады, өз ойын жүйелі жинақтап, еркін жеткізеді, әңгіме идеясын ашады, құрылысына, тіл ерекшелігіне талдай алады.

Негізгі идеялар

Ұрпаққа жалғасқан ұлы достық.

Жылқы малына деген ұлттық көзқарас.

Туған жердей жер болмас.

Әдіс-тәсілдер

«Серпілген сауал», оқулықпен жұмыс, топтық жұмыс, Синквейн, тест

Дереккөздер

Қима қағаздар, АКТ, слайдтар, плакат, түрлі маркерлер, стикер,


Мұғалім жазбалары

Уақыты


Ұйымдастыру

2 минут



















Блум таксономиясы



Білу

10 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, сабаққа тарту мақсатында психологиялық тренингпен бастау.

Жылулық шеңберінде тұрып оқушылармен сәлемдесу. Қане мына тақтадағы өлең жолдарын тиісті сөздермен толықтырып оқып жіберейік.

Керекті сөздер: ғалым, жалын, күй, күн

... болғым келеді жер байлығын ақтарған,

... болғым келеді гүл жасайтын тастардан

Асқақтаған ... болып шалқып тұрғым келеді

Жарқыраған .. болып балқып тұрғым келеді.

Ендеше мен сіздерге

- ғалымның ізденімпаздығын,

-жалынның күштілігін,

-күйдің шабытын,

-күннің жылуын тілеймін.

Құрастырмалы қиықшалар арқылы топқа бөлу. Жылқы суретіне байланысты топқа ат қою.

«Құлагер» тобы

«Қозыкүрең» тобы

«Сәйгүлік»тобы

Рөлдерді бөлу (топ лидерін сайлау)

«Серпілген сауал» әдісі бойынша доп лақтыру арқылы үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қойылады.

-Қазақ халқы көлік ретінде қай мал түрін ерекше қастерлеген?

  • -«Күрең» қандай түс?

  • -Әңгіменің кейіпкерлерін ата.

  • -Достық деген сөзді қалай түсінесің?

  • -Ағыбай мен Төреқұлдың достығы қашан басталды?

  • - Ағыбай мен Төреқұлды табыстырған тағдыр қай кезеңнің зобалаңы еді?

  • -Әңгіме неліктен Қозыкүрең аталды?

Біздің бүгінгі сабағымыз Қабдеш Жұмаділовтың «Қозыкүрең» әңгімесін талдауға бағытталады.

Оқушының іс-әрекеті

Мұғаліммен сәлемдесу. Оқушылар дөңгелек шеңбер құрып тұрады. Қиықшаларды алып, сурет құрастыру арқылы топтарға бөлінеді, топқа ат қояды. Көшбасшы тобындағы мүшелердің бағаларын қойып отырады.































Допты қағып алу арқылы сұрақтарға жауап береді.

Түсіну

3 минут

Әңгімені үш бөлімге бөліп, әр бөлімге тақырып қоюға уәж етеді.

  1. 1. Екі елдің жарастығы.

  2. 2. Төреқұлдың тағылымды әңгімесі.

3.Қозыкүрең – қазанат.

Қолдану

10 минут







Топтық жұмысқа қолдану мақсатында «Жеті қазына – жүйрік ат» тақырыбында бейнеролик көрсетіледі.

Әңгіменің үш бөліміне сай тірек сөздерін(әдеби сөздер, тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер) ұсынып, жазуға мүмкіндік тудырады. Оқушылар ынтасын тақырыпқа бұрады.

Топтық жұмыс (Постер дайындап, қорғау)

1-топ «Достық»

2-топ «Қозыкүрең»

3-топ «Туған жер»

Топтар «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бір-біріне баға береді.

1.Екі елдің жарастығы:  Аштықта жеген құйқаның дәмі таңдайдан кетпес; қонағуар – қонақжай; Ағайын тату болса – ат көп;  Абысын тату болса – ас көп;  Ынтымақ  түбі – игілік.

2.Төреқұлдың тағылымды әңгімесі: Отан үшін күрес – ерге тиген үлес; үйірсек емес – үйірге бойы үйренбеу; тағат – төзім; қолтығы сөгілді – бәйге атының арам қаны кету.

  1. 3.Қозыкүрең – қазанат: Ат – ердің қанаты; Ерге лайық ат туар; Жылқы – малдың патшасы; Жеті қазынаның бірі – жүйрік ат; Ереуіл ат –ұзақ жортуға төзімді, мықты ат.


Талдау

10 минут


1.Өлеңді көркемдік тіл ерекшелігіне талдау

(эпитет, теңеулерді табу)

2.Жылқыға қатысты мақал-мәтелдер жазу.

3. Достық сөзіне синквейн (Бес жолды өлең) құрастыру.

Топта жазбаша жұмыстарын жасайды.

Жинақтау

5 минут


Тақырыпты жинақтап қорыту мақсатында оқушылармен тест жүргізіледі. Әр оқушы өз бетімен орындайды. Дұрыс жауаптары арқылы өзін- өзі тексеріп, бағалау шкаласы бойынша өзін-өзі бағалайды.Электрондық оқулықтың аудиожазбасы арқылы сабақты қорытындылау

Топ басшылары ұпай сандарын есептеп, бағалау шкаласы бойынша бағаларын хабарлайды.

Бағалау шкаласы:

«5» - 10-9 ұпай

«4» - 8-6 ұпай

«3» - 5-4 ұпай

«2» - 3-1 ұпай Тестіні орындап, тексереді.

Бағалау

3 минут

Формативті -Гүл, жүрек жапсырмаларын ұсыну.

Топтар бірін-бірі бағалайды.

Бағалау парақшалары арқылы топ көшбасшылары топты бағалайды.

Рефлексия

2 минут

«Альфинистер»

Тауға өрмелеуде қай сатыда екенін себебімен жазады.

Себебін анықтап, өз дәрежелеріне сай деңгейге стикерлерін жапсырады.

Үй тапсырмасы

«Сыналған достық» деген тақырыпқа шығарма жазу.

Бүгінгі сабаққа қатысқандарыңызға рахмет!




















































































Сағақ – жылқының сағалдырық тұратын тамағының астыңғы жағы.
Жерсоғар – ат тұяғының арт жағындағы қатты жері, өкшелігі.
Ашамайлы – ашамай салынған деген мағынада.
Ашамай – атқа мініп жүре алмайтын жас балалар үшін жасалған арнаулы мағынада: арса - арса болған, арбиған.
Шідерлік – аттың сирағының шідер салатын жері.

2 - кесте Өлеңнен жылқының дене мүшелерін теріп, жаз
Жауабы: кекіл, құлақ, мойын, жақ, қабақ, ауыз омыртқа, жал, желке, мұрын, ерін, тіс, қабырға, жота, омырау, төс, бақай, тұяқ, шынтақ, аяқ, жауырын, сауыр, мықын, құйрық, қыл, ұршық, сан, бауыр, тірсек (шідерлі), көз
Осы сөздерге сұрақ қой Сұрағы: не? Қай сөз табына жатады? Сөз табы: зат есім 3 - кесте «Бес жолды өлең» (жаңа сабаққа байланысты бес жолдан тұратын қорытынды шығару) 1. Кім? Не? Абай 2. Қандай? Ақылды, зерек 3. Не істеді? Оқыды, жазды, қалдырды 4. Сөйлем Абай қазақтың ұлы ақыны

5. Синоним Абай – ақын Толықтыру тесті 4 - кесте

Батырлар жырындағы, ертегілердегі батырлар Астына мінген аты
Алпамыс - Байшұбар
Қобыланды - Тайбурыл
Ертөстік - Шалқұйрық
Күлтегін - Қарагер
Кендебай – Керқұла


Жаңа сабақты пысықтауға арналған сұрақтар:
1. Абай атамыздың суреттеуіндегі аттың сыны сөз өнері болғанда, суреттегі ат бейнесі өнердің қай түріне жатады?
2. Өнердің басқа қандай түрін білесіңдер?
3. «Ат - ер қанаты» деген қанатты сөздің шығуы неліктен деп ойлайсыңдар?
4. Жылқы малы туралы қандай ән, би, күй аттарын білесіңдер?
5. Ат жайлы қандай мақал - мәтелдер білеміз?

1. Ат биеден, Аруана түйеден.
2. Тұлпар шаба жетіледі, Сұңқар ұша жетіледі.
3. Ат құлыннан, Батыр баладан.
4. Ат тұяғын тай басар.
5. Аттың аты үлкен, түйенің табаны үлкен.
6. Ерге лайық ат бітеді, Қызға лайық сән бітеді.
Сонымен оқушылар, жақсы атты танып білдік пе? Өлеңнің идеясы:
ер қанаты жақсы атты суреттеу, тану.
Өлеңнің түйіні: «Шапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас. Разы емен осындай ат мінбесем»

Ү Үйге тапсырма беру кезеңі 1 - топқа. Өлеңнен өздеріңе ұнаған 3 шумағын мәнерлеп жатқа оқу, эпитет сөздерді жазу. 2 - топқа мазмұнын қара сөзбен жазу. 3 - топқа теңеу сөздерді жазу, аттың суретін салу. Үш топқа да сатылай кешенді талдау. ҮІ Оқушылар білімін бағалау кезеңі.

Абай Құнанбаевтың « Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін                     ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде оқыту

Сабақтың мақсаты: «… қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзисының күн шуақты асқар биігі Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімді толықтыру; мал патшасы жылқының сыны мен  бағасының сипатталуын түсінуге бағыт беру; оқушылардың сыни ойлауы мен тілін дамыту; адамгершілік тәрбие беру.

     Түрі: жаңа білімді меңгерту.

     Типі: аралас сабақ.

     Әдістері: диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау мен жазу, мәнерлеп оқу, топтық жұмыс.

    Пәнаралық байланыс: биология, қазақ тілі.

    Көрнекіліктер мен қосымша материалдар: ақын портреті, бүктеме,  ақынның шығармалар жинағы, интерактивті тақта, оқушының дәптері, сызба-кестелер, бағалау парағы, плакат, түрлі-түсті қаламсаптар.

   Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау. Сабақ жабдықтарын дайындау. Сурет қиындылары арқылы  топтарға бөлу.

   ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. « Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңін сатылы кешенді талдау. Жаман мен жақсы қасиеттерді жазу.Жазған қасиеттерін « Жақсы-жаман » ойыны арқылы тексеремін.(жағымды қасиеттерге қол шапалақтаймыз, жағымсыз қасиеттерге аяқты топылдатамыз)

    Жақсы адам қасиетттері: ешкімді жатсынбайды, сөзіне сақ, елдің ағасы, елдің басшы серкесі, жүзі жылы, сөзі майда, үлкен –кішінің бәріне жақсы, жыл құсындай, алысты жақын етер.

    Жаман адам қасиеттері: көкірегі-көр, көзі-соқыр, жүрер жолдан тал түсте адасушы, өтірікші өсегі көп, іріткі салушы, ел арасын сөзбен бықсытушы, ұрыншақ, тентек, сүйкімсіз, жылқының қотыр болған аласындай, балтаның ұңғысындай, сөзі кесек, өсек-аяң айтып жүреді т.б.

Өлеңге кешенді талдау:

    1.Өлеңнің авторы-

    2.Тақырыбы-

    3.Жанр түрі-

    4.Идеясы-

    5.Шумақ саны-

    6.Бунақ саны-

    7.Буын-

    8.Ұйқас түрі-

    9.Әдеби теориялық ұғымдар-

    10.Тәрбиелік мәні-

    ІІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту. « Ой қозғау» әдісі. 1. Мұғалімнің Абай туралы кіріспе сөзі.

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?          Ерте оянып, ойланып, ер жеткен кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?     Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Өзіне-өзі орнатып ескерткішті,                   Құба жон, құбақан құм, құла қырды,

Мұра ғып  кейінгіге қалдырған кім?           Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

 

2. Өлең сұрағына жауап алған соң ,  слайд арқылы ақын суретін көрсетемін. 1- слайд.

 

2-слайд. « ББҮ кестесінің» бірінші бөліміне Абай туралы не білетіндерін жаздырамын.

 

 

             Әр топтан бір оқушыға « Білемін» кестесіне не жазғаны туралы әңгімелету.

3-слайд.  С. Тұрысбековтің « Көңіл толқыны» күйін ойната отырып  жылқының бірнеше суреттерін көрсетемін.

 

 

    1-тапсырма. 4- топтың оқушыларына жылқының бейнесіне қарай отырып дене мүшелері туралы топтастыру жасауды тапсырамын.

Жаңа сабақ.

«Мағынаны тану» кезеңі. Өлеңді төрт топтың оқушыларына кезекпен оқытамын. «Түртіп алу» стратегиясы бойынша түсінбеген сөздерді белгілетіп отырады. Жаңа сөздермен таныстырамын.

       Сөздік жұмысы:

 

 

     Сергіту сәті.

     4 қатарға бөлініп тұрады.Ең соңында тұрған  оқушыға күнбағыстың , үйдің суретін көрсетемін. Ол алдындағы оқушының арқасына көрген суретін саусағымен салады.Ол өзінің алдындағы оқушының арқасына салады. Ең алдында тұрған оқушы түсінген суретін қағазға салып көрсетеді.

   Сабақты пысықтау. 3-тапсырма.

    1-топ. Өлеңге мазмұндық талдау жаса.

 

                Өлең

         Өз ойым

  Қазіргі кезеңмен байланыс

Жуан, тақыр бақайлы,жұмыр тұяқ,

Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ.

Жерсоғарлы,сіңірлі,аяғы тік,

Жауырны етсіз,жалпақ тақтайдай-ақ.


Қазіргі заманда Абай сипаттағандай аттар бар ма? Ат баптау, бәйге өнерлері туралы не айта алар едіңдер? Мысал келтір.

 

   2-топ. Жылқы туралы мақал-мәтелдерді еске түсіріп жаз. Төмендегі мақал-мәтелдерді сәйкестендір.

        Айдың ізін ай басар,                                      Аптада мінсең қунақ.

        Жақсы ат жанға серік,                                   Ат айналып қазығын табар.

        Су айналып жазығын табар,                         Аттың ізін тай басар.

        Атты күнде мінсең тулақ,                              Жақсы ит малға серік.

 

       3-топ. Өз көкейіңдегі аттың бейнесін сөзбен жаз немесе суретін сал.

       4-топ. Сызбаны толықтыр.

         Мен білетін кейіпкерлер

    Астына міген тұлпарлары

         Алпамыс батыр


         Ертөстік


         Күлтегін


         Кендебай


         Қобыланды


              Сабақты бекіту.

       Мұғалім:

       - Сонымен оқушылар, жақсы атты танып білдік пе?

       - Өлеңнің идеясы не екен?

      - Ер қанаты жақсы атты суреттеу.

      -  Өлеңнің түйінін мәтіннің қай жерінен табуға болады?

 

       Бағалау.    Абайдың « Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңі             - топ

 

№

   Оқушының аты-жөні

Жақсы–жаман қасиеттер

  1. 1-тапсырма

  • 2-тапсырма

  • 3-тапсырма

Қосымша сұрақтар

Топ жетекшісінің бағасы

Қорытынды баға

1

2

3

4

5












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
926
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі