жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Қалай дұрыс тамақтану керек? 1-сынып
|
Пәні: Жаратылыстану |
Мектеп: |
||||
|
Күні: |
Мұғалімнің есімі: |
||||
|
СЫНЫП: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
|
Тақырыбы: |
Қалай дұрыс тамақтану керек? |
||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау |
||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: адам өмірінің кезеңдерін атайды; Оқушылардың басым бөлігі: адам өмірінің кезеңдерін сипаттайды. Кейбір оқушылар: адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтайды. |
||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар: Пайдалы тағам, тамақтану пирамидасы, азық-түлік, ұлттық тағам сөздерінің мағынасын түсінеді, айта алады. |
||||
|
Ойлау дағдысының деңгейі |
Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау. |
||||
|
Алдыңғы оқу |
Адам қалай есейеді? |
||||
|
Бағалау критерилері: 1.Қандай азық-түліктің денсаулыққа пайдалы екенін, олардан қандай тамақ әзірлеуге болатынын түсіну-3 балл; 2.Дұрыс тамақтану ережесімен танысу-3 балл; 3.Қазақтың ұлттық тағамдарының атауларын білу-3 балл. |
Дискрипторлар: А:Адамның өсуі және дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтайды В: Қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсінді С:Жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады |
||||
|
Сабақ барысы |
|||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
|
Мұғалімнің іс –әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
||||
|
Ұйымдастыру кезеңі: 10 минут Сабақтың басы |
Психологиялық дайындық Асқа берілетін баталарды кезекпен айтқызу Сұрақтар қоямын: -Адамдар не үшін тамақтанады? -Сен қалай ойлайсың? -Қазақтың ұлттық тағамдарын білесің бе? -Қандай тағамдарды пайдалы дейміз? |
Өздері естіген немесе білетін баталарын кезекпен айтады. Өз ойларын ортаға салады, білетінін, түсінгенін айтады. |
Шаттық шеңбер
|
|
Сабақтың ортасы 15 минут |
Тамақтану пирамидасы — дұрыс тамақтанудың негізгі қағидаларының сызбалық көрінісі. Ол Гарвард қоғамдық денсаулық мектебінде америкалық диетолог Уолтер Виллеттаның жетекшілігімен құрастырылған. Дастарқан.Оқушылардың назарын суретке аударамын. “Тағамдарға назар аудар. Олардың ішінде қайсысы саған таныс? Қандай азық-түліктерден дайындалған? Тағы қандай қазақтың ұлттық тағамдарын білесің?” — деген сұрақтар қоямын. Оқушылардың негізгі тағамдардың атауларын білуі маңызды: ет асу, бауырсақ, қазы, шұжық, қымыз. Қалай дұрыс тамақтану қажет?
Мөлшері қандай болу керек? Қай уақытта тамақтанған дұрыс? Қай тағамды таңертең, ал қайсысын кешке жеген дұрыс? Топпен талдап, ой-пікірлерін білдірулерін ұсынамын. |
Кіріспе тапсырма. Оқушылар олардың отбасындағы сүйікті тағамдарды естеріне түсіреді Сосын мынадай сұрақтарға жауап береді. Отбасылық мерекелер қалай өтеді? Қандай тағамдарды сүйіп жейсіңдер? Кім аналарына ас әзірлеуге көмектеседі? Ол үшін не істейсіңдер? Не үшін тамақтану керек? Дастарқанда шұжық, қазы, бауыр сақтар, шелпектер, жаңғақтар, жеміс-жидектер. Күніне төрт рет (немесе бес рет) тамақтану қажет. Мөлшері көп болмауы керек. Үнемі бір мезгілде тамақтанған дұрыс, мысалы: 8.00 — таңғы ас, (11.00 — жеміс-жидек немесе шырын), 13.00 — түскі ас, 16.00 — бесіндік, 19.00 — кешкі ас. Таңғы ас нәрлі болу үшін ботқа және жеміс-жидек жеген дұрыс. Ал кешке жұмыртқа, көгөніс, балықтан жасалған тағамдарды жеген пайдалы. |
тамақтану пирами дасы салынған плакат;“бос” тамақтану пирами дасы бар парақтар; Оқушылардың алдын ала дайын даған азық-түлік тізімі Қазақтың ұлттық тағамы туралы бейнефильм |
|
Сергіту сәті 2 минут |
Қимылды жаттығулар жасату |
Жасайды |
музыка |
|
Қызықты тапсырма 5 минут |
|
Орналастырады |
сурет |
|
Аяқталуы 6 минут |
Салыстыру. Аспаз болып көр. Оқушылар үш күнге арналған таңғы ас мәзірін құрастырады. Олар таңғы астың бірінші күніне қажет азық-түліктерді — көк түспен, екінші күндікін — жасыл түспен, ал үшінші күндікін — қызыл түспен қоршап сыздыру |
Жауабы: Берілген азық-түліктерден: күріш ботқасын, қарақұмық ботқасын, сүзбе қосылған нан, уыздық, омлет, жеміс-жидек салаты, сарымай жағылған бутерброд дайындауға болады. Сусын: шырын, сүт, сүт қосылған какао. Қант ботқа мен какаоға қосу үшін қажет. |
Оқу құралдары |
|
Сабақтың соң 2 минут |
Оқушылар қандай азық-түліктен жасалған тағамдар пайдалы болатынын түсінеді. Әжеңе көмектес. Оқушылар тек пайдалы азық-түліктерден дайындалған тағамдарды бояйды. Тағамдарды дұрыс бояған оқушыларды анықтаймын. Егер оқушылар неліктен дәл осы тағамды таңдағанын түсіндірсе, жақсы болады. Осы тапсырманы орындай алмаған оқушыларға көмектесемін. Жауабы: Жеміс, көкөніс, піскен ет, қымыз, шырынды бояу керек. Рефлексия Бағдаршамға стикерді жапсыру |
суреттер
стикер |
|
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген