Материалдар / Ашық сабақ. Қ.Аманжолов "Дүниеге жар" өлеңі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Қ.Аманжолов "Дүниеге жар" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарын іздеушілерге әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2021
415
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы: 7 сынып

Пәні: әдебиет

Күні:

Тақырыбы:

Қасым Аманжолов «Дүниеге жар» өлеңі

Мақсаты:

Қасым Аманжоловтың «Дүниеге жар» өлеңімен оқушыларды таныстыру.

Міндеті:

  1. Қасымның «Дүниеге жар» өлеңімен танысып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашады.

  2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.

  3. Өз ойын қорыта білуге, сыни тұрғыдан ойлауға бейімдеу.

Күтілетін нәтиже:

Қ.Аманжоловтың өлеңдері жайында білімдерін кеңейтеді. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын аша алады.Бір -бірінің пікірін тыңдап, топта бірлесіп жұмыс істей алады.Сыни тұрғыдан ойланып сабақта түйген ойларын ортаға салып, пікір алмаса алады.

Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту

Сабақ түрі:

Аралас сабақ .

Сабаққа кіріктірілген модуль:

1.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.3.Оқыту үшін бағалау және оқуды

бағалау.4.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 5. Оқытуды басқару және

көшбасшылық.

Әдіс-тәсілдер:

"Жүректен жүрекке" сергіту сәті, «Ойлан, жалғастыр» әдісі, «Не айтар едің» әдісі, «Не білдің?», «Ойлан,жұптас, түсіндір»,«Білгенге маржан», «Екі жақты күнделік» әдісі

Керекті жабдықтар:

Интерактивті тақта, слайдтар , плакат, маркер, бейнетаспалар

Сабақтың жоспары:

Сабақтың жоспары:

І. Қызығушылығын ояту

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сергіту сәті

ә) Топқа бөлу

2.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. Мағынаны тану

3.Жаңа сабаққа кіріспе

4.Жаңа сабақ.

5.Жаңа сабақты бекіту

ІІІ.Ой толғаныс

6. Қорытындылау

7. Бағалау

8. Үй тапсырмасын беру

9. Кері байланыс

Уақыт

Жұмыс түрі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті

І.Қызығушылығын ояту

3 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Ынтымақтастық атмос-ферасын қалыптастырамын. "Жүректен жүрекке" сергіту сәті, топқа бөлу


Табыс критерийі

Оқушылармен амандасып түгендеймін. «Жүректен жүрекке» сергіту сәтін ұйымдастырамын. Орындықтарға жасырын жапсырылған стикерлер арқылы топқа бөлемін.

Тақтаға табыс критерийін іліп, таныстырамын.

Оқушылар сергіту сәтіне қатысады, топқа бөлінеді.





Оқушылар сабақта табыс критерийімен танысады.

5 мин

2.Үй тапсырмасын сұрау

Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі


«Ойлан, жалғастыр» әдісі.

Оқушылардан «Өзім туралы» өлеңін «Ойлан, жалғастыр» әдісі арқылы жатқа сұраймын. Өлеңді құрылысына қарай талдатамын.

Оқушылар өлеңді «Ойлан, жалғастыр» әдісі арқылы жатқа айтады. Өлеңді құрылысына қарай талдайды.

ІІ. Мағынаны тану

2 мин









3.Жаңа сабаққа кіріспе.

«Не айтар едің» әдісі


1. «Дүние» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

2. «Жар» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Оқушылардан осы сұрақ бойынша ойларын сұрап бүгінгі сабақпен байланыстырғызамын.


Оқушылар ойларын ортаға салып, жаңа сабақпен байланыстырады

11 мин

4.Жаңа сабақ.

«Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі




«Білгенге маржан»




Әр топқа өлеңді бөліп беремін.




Тәкаппар- өзін басқалардан үстем, жоғары көру.

Үдере жорту- үнемі жүру

Шымдай болат- берік

Тастүлектей түйілген-ажырамастай, бірлігі жарасқан


Оқушылар жеке оқиды, топта жұптасып талқылайды. Ортаға шығып басқа оқушыларға түсіндіреді.


Оқушылар сөздікпен жұмысты дәптерлеріне жазады

8 мин

5.Жаңа сабақты бекіту

«Екі жақты күнделік» әдісі

Топтық тапсырмалар



І топ: Өлеңді құрылысына қарай талдау

ІІ топ: «Екі жақты күнделік» әдісі

ІІІ топ: «Дүниеге жар» тақырыбында шығармашылық жұмыс (эссе, өлең,сурет)


Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша топта жұмыс істейді. Жұмыстарын бір-бірімен алмастырады. Бағалайды.

ІІІ.Ой толғаныс


5 мин

6.Қорытындылау

Тәкаппар ұлы дүние!

Қазақ деген-мен деймін.

Мылтығыңды ұсынба,

Қолыңды ұсын, кел деймін!

Осы өлең жолы туралы ойларын сұрау

Оқушылар ойларын айтады, өз үлестерін көрсетеді

5 мин

7. Бағалау

Формативті, өзара бағалау, табыс критерийі арқылы өзін-өзі бағалау.

Оқушылар формативті түрде және суммативті бағаны қою үшін өз-өзін бағалайды.

Оқушылар критерийлерге қарап өзін-өзі бағалайды.

2 мин

8. Үйге тапсырма беру


  1. Өлеңнен үзінді жаттау.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

3 мин

9. Кері байланыс


«Бес минуттық эссе»

Сен бүгін ең басты не туралы біле алдың? Әсерің қандай?

Оқушылар өздерінің әсері туралы әнді тыңдай отыра жазады.



Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі











Shape1







Гапарова С.Х.

















Сарыкемер ауылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!