жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Қан құрамы 8 сынып
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың тасымалдануы Пәні: Биология |
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Қанның құрамы мен қызметі. Қан түйіршіктері:эритроциттер,лейкоциттер, тромбоциттер. Плазма. Қанның қызметі: транспортық, гомеостаздық, қорганыштық. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
8.1.3.1- қан құрамы мен қызметін сипаттау |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы үшін. Қанның құрамы мен қызметі туралы білу |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқушылардың көпшілігі үшін. Қан түйіршіктерінің құрылысы мен құрамын анықтау |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
2. Кейбір оқушылар үшін. Қанның қызметін талдай отырып, түрлерін талдау |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
1.Қанның құрамы мен қызметін біледі 2. 2. қан түйіршіктерінің құрылысы мен құрамындағы түйіршіктер: эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттерді анықтайды 3. 3.Қанның ағзадағы қызметі туралы ақпарат ала отырып,талдайды |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Пән лексикасы және терминология: Эритроцит, лейкоцит, тромбоцит, плазма, гомеостаз, глобулин, альбумин Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту
|
«Мәңгілік ел» стратегиясы: Денсаулықты сақтау. Салауатты өмір салтын насихаттау. "Қан- ағза айнасы". |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Химия, медицина, математика |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
8.1.3.5. - лимфа жүйесін және қан ұлпа сұйықтығы мен лимфа арасындағы өзара байланысты сипаттау.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурсы
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 5 минут |
— Балалар көңіл-күйлерің қалай?
Керемет! (қолдарын көтереді) 2. Эритроцит, лейкоцит, тромбоцит бейнеленген суреттер арқылы топқа бөлу.
Семантикалық карта
ҚБ |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 3 минут
30-35 минут
|
Біздің организм көп жасушалардан тұрады. Жасуша - тірі бөлшек. Демек, ол қоректенеді, тыныс алады, қажетсіз өнімдерді шығарады, көбейеді. Жасушаға қорек ас қорыту жүйесінен қалай жетеді? Оттегі жасушаға өкпеден қалай жетеді? (Қан). Қан – керемет сұйық зат. Онан басқа біз қан туралы тағы не білеміз? Қан оттекті қалай тасымалдайды? Осы жөнінде білгілерің келе ме? Осы сұраққа біз жауапты іздеп көрейік. 2. Жұптық және топтық жұмыс. Ойлан-жұптас-бөліс. Қосымша материал беріледі Тақырыпқа қатысты әр жұп қанның құрамы, қан түйіршіктері бейнелеген суреттер мен бейнефильм ұсынылады, фломастерлер беріледі. Суретті, бейнефильмді қөру арқылы, қан құрамы: түйіршіктері мен плазмасының маңызын анықтап, жазады. 1 топ: Эритроциттер 2 топ: Лейкоциттер 3 топ: Тромбоциттер 4-топ: Қан плазмасы Топ оқушылары бір-біріне және басқа топ оқушыларына түсіндіреді.
Әр топ мүшелерін басқа топ бағалайды. Қалыптастырушы бағалау. Бағдаршам
Бейнесюжет көрсету. Қанның құрамы 3. «Бірге ойланайық!» Жеке жұмыс. Есеп: Өз қаныңың мөлшерін анықта. Салмағы 43-60-62кг адамдардың ағзасында неше литр қан болатынын анықтау.( Қанның мөлшеріне дене салмағының 7 % сай келеді және қанның меншікті салмағы 1,06 г/см куб тең деп есептеу қажет) Мысалы: 62————100% Х————7% Х = 62х7/100 = 4, 34 х 1,06 =4,600л 4.Тексеру. Қан қызметінің анықтамасын береді. 1. Тасымалдау 2. Қорғаныштық 3.Гуморальдық
Дескриптор
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары.
2. Кестені толтырыңыз
С деңгей. Тұрмыстық газ бен пештегі отын толық жанбаған кезде түзілген иіс газы гемоглобинмен берік химиялық қосылыс түзеді. Осы газбен ұзақ уақыт тыныс алғанда, адам неліктен өліп кетеді? Қалыптастырушы бағалау.Бағдаршам Проблемалық сұрақ 1) Эритроциттерде неге ядро, митохондрия, Гольджи жиынтығы, рибосома жоқ? Жауабы: Бұл құбылыс эритроциттің қызметімен тікелей байланысты. Эритроцитте осы органоидтар алатын орынды гемоглобинге босатады, ал митохондрияның болмауы, митохондрия қызметімен байланысты (тыныс алу) 2) Егер сүтқоректі жануарда бір уақытта барлық эритроциттері жарылып кетсе не болады? Жауабы: Ағза гемолитикалық күйзеліске ұшырап, ақыры өлімге душар болады. Себебі: 1.Гемоглобин оттегін тасымалдай алмайды. 2.Эритроциттер тұтастығы бұзылған соң гемоглобин плазмаға өтіп, пішін өзгереді |
http://www.curriculumbits.com/biology/the-structure-of-a-leaf/
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Соңы
5-7 минут
|
Кері байланыс.Рефлексия 1.Нені білдім, нені үйрендім. 2.Тағы не түсініксіз. 3 Мен бәрін түсіндім
Жартылай түсіндім
Мен ешнәрсені түсінген жоқпын, маған киын болды
- "Жетістік баспалдағы"
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Пәнаралық
байланыс Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Барлығы үшін. Қанның құрамы мен қызметі туралы біледі. Оқушылардың көпшілігі үшін. Қан түйіршіктерінің құрылысы мен құрамын анықтайды Кейбір оқушылар үшін. Қанның қызметін талдай отырып, түрлерін талдайды. |
Қанның құрамы мен қызметін білді.
Қан түйіршіктерінің құрылысымен құрамын анықтады. Қанның қызметін талдай отырып, түрлерін талдады. |
Денсаулық сақтау технологиялары. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелеріне нұсқаулық кіріспе.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)? 1:
2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)? 1:
2: Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім? |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Серебряково жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы: Қанның құрамы мен қызметі.

Өткізген: I санатты география-биология
пәндерінің мұғалімі Жалмуханова Р.Ш.
2018-2019 оқу жылы
Салмағы 49-60-62 кг адамдардың ағзасында неше литр қан болатынын анықтау.(Қанның мөлшеріне дене салмағының 7 % сай келеді және қанның меншікті салмағы 1,06 г/см куб тең деп есептеу қажет)
Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы:§28. Қанның құрамы мен қасиеттері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Организмнің ішкі сұйық ортасы қан және қан жасушалары,
олардың қызметі туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушыларды организмнің ішкі сұйық орталарымен
таныстырып, алған білімдерін тиянақтап, одан әрі лабораторияларда
өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға қан ауруларының алдын – алуға, тазалық
сақтауға, адамгершілігі мол азамат болуға, алғырлыққа үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру
Сабақтың көрнекілігі:
І Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі: - оқушылармен амандасу
- сыныптың тазалығын тексеру
- сыныптың кезекшілігін анықтау
- оқушыларды түгендеу
- сабаққа дайындықтарын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Зардап шеккен адамға басқа адамның қан беруі оны өлімнен аман алып
қалады. Ойланып, түсіндіріп беріңдер:
а) неліктен көп қан жоғалтқан адам қайтыс болады?
ә) адам өміріңдегі қанның қандай маңызы бар?
Сұхбаттасу барысында қанның организмдегі ең маңызды сұйықтық екені
туралы қорытынды жасаймыз. Себебі ол түрлі қызмет атқарады: оттек
пен қоректік заттарды тасымалдайды, ыдырау өнімдерін шығарады,
организм әрекетінің гуморальдық реттелуін жүзеге асыруға
қатысады.
Қан неден тұрады? Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа
көшеді.
ІІ Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі
Оқушылар жаңа тақырып бойынша өздері мақсат қояды.
Жұппен жұмыс. Әр топқа мәтін беріледі.
Қан – қан плазмасынан және формалы элементтерден тұрады. Формалы
элементтерге – эритроцит, лейкоцит, тромбоцит (қан пластинкасы )
жатады.
Қан плазмасы – қанның барлық 55 – 60 % құрайтын түссіз сұйықтық, 90
- 92 % судан, 7 – 8 % нәруыздан, 2 % глюкоза, май, минералды
тұздардан тұрады.
Қан плазмасының нәруыздары глобулин (организмдерді бактериялардан
қорғайды. Альбумин (плазмадағы су мөлшерін реттейді). Фиброноген
(қанның ұюына қатысады.)
Плазма – су - 90 - 92%
- глюкоза – 0, 12%
- май – 0, 7 - 0, 8%
- тұз – 0, 9%
- сүт қышқылы
- ферменттер, гармондар
- нәруыз – 7 - 8% - альбуминдер (4, 5% )
- глобулиндер (1, 7 - 3, 5%)
- фибриногендер (0, 4%)
Фибриногендер – қанның ұюына қатысады.
- құрамынды фибриноген нәруызы болмайтын қан плазмасын – қанның
сарысуы
(сыворотка) дейді.
Глюкоза – жасушалар үшін негізгі қуат көзі. Плазмада глюкоза
мөлшері 0, 04% - дан аз болса, ми жасушалары қатты қозып,
бұлшықеттер жиырылып, тырысып (судороги) қалады.
Қан жасушалары – эритроциттер (қанның қызыл түйіршікттері)
- лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары)
- тромбоциттер (қан пластинкалары)
Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері
адамның дене салмағына байланысты
4, 5 – 5 л. Қанның құрамы – плазмадан (55%) және қан жасушаларынан
(45%) тұрады Қан плазмасы – қанның сарғыштау түсті сұйық
бөлімі.
Ыдыста тұндырылған қанның екінші және үшінші қоңыр – қызыл қабаты
қан жасушалары.
Қанның құрамы - қан плазмасы және қан жасушалары
• Қанның құрамы плазмадан,
• қызыл және ақ жасушалардан тұрады.
• Қан жасушаларына – эритроциттер (қанның қызыл түсті жасушалары),
лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары) және тромбоциттер (қан
пластинкалары) жатады
Эритроцит – қанның қызыл түйіршіктері. Диаметрі 7 – 10 мкм – ге
дейінгі екі беті ойыс диск тәрізді. Жетілгендерінде ядро болмайды.
1 мм ³ қанда 4, 5 – 5 млн эритроцит болады. Эритроцитте қанға қызыл
түс беретін гемоглабин болады. Гемоглабиннің негізгі қызметі
оттекпен көмірқышқыл газын тасымалдау. Эритроциттің тіршілік
ұзақтығы 120 күн. Гемоглабин оттегімен қосылып оксигемоглабин
түзеді.
Гемоглобин оттектен басқа иіс газымен қосылып, карбоксигемоглабин
түзеді.
Қан жасушалары:
1 – қанның эритроцит жасушалары
Адамның эритроциттерінің диаметрі 7, 5 мкм, қалыңдығы 1 - 2 мкм.
Қанның 1 мм3 - де шамамен 4, 5 – 5 млн, жаңа туған нәрестенің 1 мм3
қанында 6 - 7 млн эритроцит бар. 3 айдан соң оның мөлшері азайып,
қалыпты мөлшерге (5 млн) келеді. Эритроциттердің қызыл түсі
гемоглобинге (латынша «haіma» – гемоглобиннің құрамында темір бар
нәруызы жоқ бөлігі, «globus» – нәруызды бөлігі) байланысты.
Гемоглобин – қанның қызыл түсті пигменті.
Гемоглобин құрамында темір (гем) және нәруыздық бөліктер (глобин)
кіреді.
- қанның 1мм көлемінде 4, 5 - 5млн эритроцит бар.
- олардың ортасы қысыңқы тегершік пішінді. Бұл эритроциттердің
бетін 1, 5 есе үлкейтеді
және газдардың мол көлемде алмасуына бейімірек келеді.
- орташа тіршілік ұзақтығы 120 күн.
- сүйектің қызыл кемігінде түзіледі.
- бауыр мен көкбауырда жойылып отырады.
- қызметі: өкпеден ұлпаларға оттегіні, ал ұлпалардан өкпеге
көміртегіні тасымалдайды.
Нв + О2 = НвО2 (оксигемоглобин)
1. Қандағы эритроциттер санының кемуінен, гемоглобин мөлшерінің
азаюынан.
2. Адамнан көп қан кеткен жағдайда.
3. Интоксикацияда.
4. В12 витаминінің жетіспеуінен де болады.
Мәтінді жұппен талқыланады. Сынып екі топқа бөлініп, бір – біріне
өз мәтіндері бойынша түсіндіреді. Түсіндіріп болған соң,
тапсырмаларды орындайды.
№1 тапсырма. Дұрыс жауапты таңда
□ плазма – қанның мөлдір, түссіз сұйықтығы;
□ плазма құрамында
58 – 70 % су бар;
□ плазма құрамында
90 – 92 cу бар;
□ плазма құрамында 0, 2 – 1, 8 % cу бар;
□ фибриногені жоқ қан плазмасы сарысу деп аталады.
□ плазма құрамында
7 – 8% нәруыз бар;
□ плазма барлық қанның
55% - ын құрайды;
□ плазма барлық қанның
65% ын құрайды;
№2 тапсырма. Эритроциттерге тән қасиеттерді таңда.
1) Қызыл қан жасушалары;
2) 1 мм2 қанда олардың 6 – 8 мыңы бар;
3) 1 мм2 қанда олар 4, 5 – 5 млн болады;
4) Сүйек кемігінде түзіледі;
6) Қызметі – қанды ұйыту;
7) Тіршілік ұзақтығы – 120 тәулік;
8) Ядролық жасушалар;
№3 тапсырма. Мәтіндегі бес қатені тап, олардың астын сызып, дұрыс
жауаптарын сәйкес рамкаларға жаз.
Эритроциттер – қызыл қан жасушалары. Олар өте кішкентай. 1мм2 қанда
олардың 10 млн болады. Бұл – өз беттерінше қозғала алмайтын, шар
пішіндес жасушалар. Жасушалардың ішінде нәруыз бен мыстың қосындысы
- гемоглобин бар. Эритроциттер көкбауырда түзіліп, сүйек кемігінде
бұзылады. Олардың негізгі қызметі - нәрлі заттарды тасымалдау.
Проблемалық сұрақ
Тұрмыстық газ бен пештегі отын толық жанбаған кезде түзілген иіс
газы гемоглобинмен берік химиялық қосылыс түзеді. Осы газбен ұзақ
уақыт тыныс алғанда, адам неліктен өліп кетеді?
Қорытынды: Тест жұмысы
1. Қан жасушаларын ең алғаш көрген және «қан шарлары» деген атауды
берген ғалым? (А. Левенгук)
2. Плазма деген не? (қанның сұйық бөлігі)
3. Гемоглабин деген не? (қанның қызыл пигменті)
4. Қан айналым мен қан жүйесін зерттейтін ғылым саласы қалай
аталады? (Гемотология)
5. Организмнің ішкі ортасына не жатады? (қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа
)
6. Қанның 1 мм³қанша эритроцит болады? ( 4, 5 – 5 млн)
IV Үй тапсырмасын беру кезеңі: §28. оқу, 105 беттегі кесте
толтыру
V Бағалау. Оқушылар оқу парақтарының ұпай санымен
бағаланады.
Кері қайту
Сабақтың рефлексиясы:
Мен бұл сабақтан алған тәлімім ...
Маған ұнағаны...
Маған ұнамағаны ...
Менің естігім, білгім, жасағым келгені ...
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген