жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Қаңқа бөлімдері" 8 сынып
Астана қаласы №53 лицей-мектебі Биология пән мұғалімі :Ахмедиеав А.Т
Мерзімі: 8 -сынып
Сабақтың тақырыбы:Қаңқа бөлімдері
Сабақтың мақсаты:Тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктерінің маңызын және қаңқада сүйектердің орналасуын білу.
Сабақтың міндеті: Адам қаңқасының түрлері, олардың құрылысы мен атқаратын қызметін түсіну.
Күтілетін нәтиже: Адам қаңқасының түрлерін және қаңқада сүйектердің байланысуын біледі.
Сабақтың типі: БЖС технологиясы Ауызша - 1
-
Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал тудыру оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару. Сабақтың мақсатын, кезеңдерін айқындау
Назарын сабаққа аудару үшін көшбасшы сыныпты жігерлендіру.

Оқу құралдарын дайындау. Сабақтың мақсатымен және кезеңдерімен танысу.

Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақ бойынша қарама - қарсы сұрақ қою.
-
1. Иіс сезу мүшесі ол?
-
Сипап сезу мүшесі қалай аталады?
-
Көздің сыртқы қабықшасы қалай аталады?
-
Дәм сезу мүшесі ол?
-
Есту мүшесінде шаң-тозаң зиянды микробтарды ішке өткізбейтін бөлігі қалай аталады? Құлық
-
Дәм сезу мүшесі неше бөлімнен тұрады?
-
Соқыр дақта, жарықта сезетін рецепторлар бола ма ?
-
Аққан терді көздің ішіне жібермейтін мүше?
-
Сипап сезу дегеніміз не?
-
Тері сезімі қандай ақпараттарды қабылдайды?
-
Сезімтал жүйке бойынша тері рецепторларының сигналы қайда бағытталады?
-
Қаңқа бұлшық етінде бұлшық ет жиырылғанда және жазылғанда қозатын не болады?
-
Тілдің ұшы нені сезеді? Тәттіні
-
Ащы заттарды тілдің қай жері сезеді?
-
Қышқыл дәмді тілдің қай бөлімі сезеді?
-
Иіс сезу мүшесінің адам үшін маңызы не?
-
"Анализатор" түсінігін алғаш кім және қашан ұсынды?
-
Анализатор қандай бөліктерден тұрады? Рецепторлардан, жүйке жолдарынан, ми орталығынан
-
Көру анализаторы мидың қай бөлімінде орналасады?
-
Есту анализаторы мидың қай бөлімінде орналасқан?
-
Ортаңғы құлақтағы сүйекшелер қалай аталады?
-
Екі жағы да дөңес линзаға ұқсас мөлдір дене?
-
Нұрлы қабықшаның дәл ортасындағы тесік қалай аталады?
-
Көздің тор қабығындағы көру жүйесі шығатын жерді қалай атайды? Соқыр дақ дейміз.
-
Сыртқы құлақтың құрылысы қандай?
1.Мұрын
2. Тері
3.Ақ қабықша
4. Тіл
5. Құлық
6. Төрт
7. Жоқ болмайды
8.Қас
9. Бұл тері және ол терідегі арнайы рецепторлармен іске асырылады.
10. Ол жанасу мен қысымды, жылу мен суықты, ауырсынуды қабылдайды.
11.Жұлын мен мидағы бұлшық ет сезімі аймағына бағытталады.
12. Бұлшық ет рецепторлары
13. Тәттіні
14. Тілдің орталық және артқы бөлігі
15. Бүйір шеті сезеді
16. Ол тұрмыстық газдың шығып жатқанын, уланып, өлім қаупін туғызатын бұзылған тағам туралы хабар береді.
17. ХХ ғасырдың басында орыс ғалымы Иван Петрович Павлов
18. Рецепторлардан, жүйке жолдарынан, ми орталығынан
19.Шүйде
20.Самай
21. Балғалық, төстік, үзеңгі
22. Көз бұршақ
23. Қарашық
24. Соқыр дақ дейміз.
25. Ол құлақ қалқаны және сыртқы есту жолынан тұрады.
Үй тапсырмасын қорытындылап бағаланады.

Әр оқушы сұрақтарға жауап беруіне байланысты ұяшықтарда (+) және (-) белгілерін қою арқылы бағаланады.
Қабылдауды ұйымдастыру
Екі сөзден тұратын түсінік екі сөз болып саналады.
Еске сақтау бойынша бір сөз шегерілуге рұқсат беріледі.
Жаңа тақырыпта кездесетін тірек сөздермен таныстыру.Жаңа тақырыпқа видео көрсетілім көрсету.Тақтаға 14 тірек сөз беріледі оқушылар 1 мин 15 секунд аралығында сөздерді жаттауы тиіс
1.Адам қаңқасы
2.Тұлға
3.Омыртқа жотасы
4.Кеуде қуысы
5.Иық белдеуі
6.Жамбас
7.Қол сүйектері
8.Қабырға
9.Жауырын
Жаңа тақырыптың тірек сөздермен танысады.
1 мин 15 секундте жаттаған 14 тірек сөздерді дәптерлеріне жазады.

13 -14 сөз жазған оқушыларға( +) белгісі қойылады,қалған оқушылар (-) белгісімен бағаланады
Ұғынуды ұйымдастыру
Жаңа сабақтың мазмұнын меңгеруге бағыттау.Оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасауға беріледі, 1 парақ бетке 3 мин уақыт.Әр оқушы тақырыпты оқып шығады .Оқушыларға жаңа тақырып бойынша қиылыс сұрақтары қойылатыны ескеріледі.
Оқулықтан мәтінді оқып меңгереді.
Тірек - қимыл жүйесі
Бас қаңқасы
Тұлға қаңқасы
Кеуде қуысы
Иық белдеуі
Қолдың еркін қозғалатын сүйектері
Аяқтың еркін қозғалатын сүйектерін оқып танысады.
Түсінудің алғашқы тексерілуі
Қарама - қарсы сұрақтар қою
1. Адам қаңқасы қанша сүйектен тұрады?
2. Бас қаңқасы - бас сүйек қандай бөлімдерден тұрады?
3.Ми сауытының сүйектерін атаңыз?
4.Шүйде сүйегінің үлкен тесігі немен жалғасып кетеді?
5.Жақ сүйектерінде нелер орналасқан ?
6.Тұлға қаңқасы қандай сүйектерден құралады?
7.Омыртқа жотасының ұзындығы адам бойының қанша пайызын құрайды? 8.Омыртқа жотасы қанша омыртқадан тұрады?
9.Мойын омыртқасының саны неше омыртқадан тұрады ?
10.Омыртқалар арасында серпімді омыртқааралық нелер орналасады?
11.Арқа омыртқалары, қабырғалар мен төс кеуде қуысын түзеді.Адамда әдетте, доға тәрізді иілген неше жұп қабырға болады?
12.Иық белдеуі неден тұрады?
13.Қолдың еркін қозғалатын қаңқасы қандай бөлімдерден тұрады?
14.Білек қандай сүйектерден тұрады?
15.Қол басы сүйектерінің бөлімдерін ата ?
16.Жамбас белдеуі қандай қызмет атқарады?
17.Жамбас белдеуіне жалғасатын сүйектерді ата?
18. Аяқтың еркін қозғалатын сүйектерін ата?
19.Майда толарсақ сүйектің саны неше?
20.Тік жүруге байланысты адамның аяқ басы жүрісті қамтамасыз ететін пішіні не тәрізді?
21.Омыртқа жотасының арқа омыртқасы неше омыртқадан тұрады?
22.Омыртқа жотасының бел бөлімі неше омыртқадан құралады?
23.Тік жүруіне байланысты адамның омыртқа жотасы не түзеді?
24.Омыртқа жотасының мойын және беллордазы қай жаққа қарай бағытталған?
25.Омыртқа жотасының кеуде және сегізкөз кифозы кай жаққа қарай бағытталған? Артқа қарай
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп , білмеген жерлерін толықтырып отырады.
1. 200- ден астам
2. ми сауыты және бет бөлігінен тұрады.
3. Маңдай, шүйде, жұп самай және төбе сүйектері.
4. ми мен жұлын жалғасады
5. Тістер
6. Омыртқа жотасы мен қабырғалар және төс сүйек жатады.
7. 40 пайыз
8. 33-34 омыртқа
9. 7 мойын омыртқа
10. Дискілер
11. жалпақ 12 жұп қабырға
12. екі жауырын мен екі бұғанадан тұрады.
13.тоқпан жілік, білек және қол басы сүйектерінен
14. Кәрі жілік және шынтақ сүйектерінен.
15. Білезік сүйектері, алақан сүйектері және майда саусақ сүйектердан тұрады.
16. ішкі мүшелерді қорғайды және оларды ұстап тұрады.
17. аяқтың еркін қозғалатын сүйектері мен бұлшық еттер
18. Ортан жілік,асықты жілік, шыбық сүйегі, толарсақ, табан және бақай сүйектері.
19. 26
20. күмбез тәрізді
21. 12 омыртқа
22. 5 омыртқа
23. Иілімдер
24. Алға қарай
25. Артқа қарай
Жауап берген оқушылар (+)белгісімен .Сұраққа жауап бере алмаған оқушылар (-) белгісімен бағаланып отырады.
Алғашқы бекітуді ұйымдастыру
Сын тұрғысынан сұрау .Меңгеру мақсатында сұрақтар бұрмаланып беріледі"Иә" немесе "Жоқ" жауаптары.
Сұрақтың жауабын толықтырып кету қажет.
1.Денедегі барлық сүйектерді омыртқа түзеді.
2. Бас қаңқасы - бас сүйек ми сауыты және шүйде бөлігінен тұрады.
3.Адам қаңқасы 200 ден астам сүйектен тұрады.
4. Шүйде сүйегінің үлкен тесігі бас пен миға жалғасып кеткен.
5. Тұлға қаңқасы бас, төс және бет сүйектерінен құралады.
6. Омыртқа жотасы 30 -33 омыртқадан тұрады?
7.Бас сүйектің бет бөлігін ірі сүйектер құрайды.
8. Мойын омыртқасының саны 5 омыртқадан тұрады ? Жоқ 7 мойын омыртқан.
9. Тік жүруіне байланысты адамның омыртқа жотасы иілімдер түзеді?
10.Омыртқа жотасының қозғалғыштығы өте нашар жетілген.
11. Иық белдеуі екі жауырын мен екі бұғанадан тұрады.
12. Қолдың еркін қозғалатын қаңқасы 3 бөлімнен тұрады?
13.Жамбас белдеу омыртқа жотасының құйымшақ және сегізкөз бөлімінен тұрады?
14. Кәрі жілік және шынтақ сүйектері қол басы сүйектерінің бөлімі.
15.Жамбас сүйектері мен сегізкөз омыртқа бағынасын түзеді?
16. Тік жүруге байланысты адамның аяқ басы жүрісті қамтамасыз ететін пішіні сопақша тәрізді? жоқ күмбез тәрізді
17.Омыртқа жотасында иілімдердің болуы адамды басқа омыртқалы жануарлардан ерекшелейді .
18.Омыртқаның әрқайсының денесі, омыртқа тесігін түзетін артқы доғасы болады.
19.Бас сүйектің үстіңгі жақ сүйектері өте жақсы қозғалады.Жоқ өйткені олар қозғалмайды.
20. Омыртқа жотасының бел бөлімі 7 омыртқадан құралады?
21. .Омыртқа жотасының арқа омыртқасын 12 омыртқадан тұрады?
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы , қойылған сұрақтарға толықтырулар енгізіп отырады.
1. Жоқ қаңқа түзеді
2. Жоқ ми сауыты және бет бөлігінен тұрады.
3. Иә өйткені әрбір сүйектің белгілі пішіні, мөлшері жіне қаңқадағы белгілі орны бар.
4. Жоқ өйткені ол ми мен жұлын жалғасады.
5. Жоқ өйткені Омыртқа жотасы мен қабырғалар және төс сүйектен тұрады.
6. Жоқ 33- 34 омыртқадан тұрады.
7. Иә олар - қозғалмайтын үстіңгі, қозғалмалы астыңғы жақ сүйектері және бет, мұрын, таңдай сүйектер
8. Жоқ 7 мойын омыртқан.
9. Иә өйткені мойын және беллордазы алға қарай және кеуде мен сегізкөз артқа қарай бағытталған.
10. Жоқ өте жақсы жетілген, өйткені ол тұлғаның алға ,артқа және бүйіріне қарай иіліп қозғалуына мүмкіндік береді.
11. Иә Жауырын- кеуде қуысының артқы жағында орналасқан. Бұғананың бір ұшы төстің жоғары ұшымен , екінші ұшы жауырынмен қозғалады.
12. иә олар тоқпан жілік, білек және қол басы сүйектерінен
13. Жоқ өйткені сегізкөз білімінен және екі жамбас бөлімінен тұрады.
14. Жоқ өйткені ол білек бөлімінің сүйектері
15. Иә өйткені бүкіл дене сүйенетін тірек түзеді.
16.Жоқ , өйткені ол күмбез тәрізді
17. Иә өйткені олар денені тік ұстап, еркін қозғалуды, тепе - теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді.
18. Иә өйткені доғадан өсінділер шығып тұрады, оларға бұлшық еттер бекиді.
19. Жоқ өйткені олар қозғалмайды.
20. Жоқ өйткені олар 12 омыртқадан тұрады
21. Иә 12
Жауап берген оқушылар (+)белгісімен .Сұраққа жауап бере алмаған оқушылар (-) белгісімен бағаланып отырады.
Талдау
Тақырыптық сөздік қорын тексеру
Оқушыларға 5 минутта 63 сөзден тұратын эссе жазу беріледі.
Оқушылар берілген уақыт ішінде ойларын жинақтап эссе жазады.
63 сөзден тұратын эссе жазған оқушыларға (+) белгісі қойылады.Қалғандарына (-) қойылады.
Бағалау
Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады:
4-5 белгі - 5 баға
3 белгі - 4 баға
2 белгі - 3 баға
1 белгі - 2 баға
Оқушылар бағаларын күнделікке қойдырады.
Үйге тапсырма
Тақырыпты оқу. Сұрақтар дайындап келу
Күнделікке жазып алады.
-


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген