Материалдар / Ашық сабақ "Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар туралы түсінік"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар туралы түсінік"

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып мұғалімдеріне сабақ жоспарлауда көмекші құрал ретінде пайдалануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2019
709
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Хадыс Амангул

6 «а» сыныбы.

Оқушының саны 25

Ақмола облысы

Целиноград ауданы, Қоянды ауылы

20 ОМ

2 Апта

22.10.2015

Ашық сабақ 14.00-14.45 дәрісхана

Сабақтың атауы

Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар туралы түсінік

Сілтеме

Математика 6 сынып Т.А Алдамұратова , Т.С. Байшоланов

Слайдтар.

Жалпы мақсаты


Қандай да бір санға қарама-қарсы санды таба білу дағдысын қалыптастыру, қарама-қарсы сандарды координаталық түзуде кескіндей білуге үйрету.Қарама-қарсы таңбалар, бірдей таңбалар ұғымын қалыптастыру.Рационал сандар, бүтін сандар ұғымын енгізу.Ауызша есептеу дағдысын жетілдіружәне теңдеулерді шешуді қайталау.

Міндеттер:


Оқытуды жаңаша ұйымдастыра отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқушы санасына білімдіжүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда әдіс тәсәлдердәі маңызы ерекше екендігіне көз жеткізу. Олай дейтінім бұл әдістер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді.


Сабақта туындаған негізгі идеялар

Болжау:Психологиялық ахуалды қалыптастырғаннан кейін, сабақтың қызықты өтуі үшін оқушылардың бұрынғы білімімен ұштастыра отырып неше түрлі көрнекіліктермен слайдтармен оқушы өз көзін жеткізгенше барынша сабақты жүйелі түрде құрастырып сергіту тапсырмаларымен қоса пән аралық байланыстар орнату үшін логикалық тапсырмалардың жауаптарын үш тілде айтуға тапсырмалар беремін. Бес жолды өлең, эссе жаздырып үздік саналған оқушылардың тапсырмаларын оқытамын, өздерін өздері әділ бағалатуға жетелей отырып, сабақ соңында жиынтық бағалаймын.


Күтілетін нәтиже

Сабақтың негізгі идеясын анықтау, сабақтың маңыздылығы, бұнынғы білімін қалай пайдалана алады?, өмірден алған тәжірибесінің әсері?, сабақтың болашақта оқушыға пайдасы, қызығушылығын арттыру үші қандай іс-әрекеттер қолданамын? Сол іс-әрекеттің тақырыпты алып кетуіне пайдасы, өздері өздерін бағалай алды ма?

Тапсырмалар



Жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар беру, қабілеттеріне қарамастан кеңейтілген тапсырмаларға тең қолжетімділік, 32 санының қосындысын лессон студидің үдерісі бойынша назарға алу барысында «А», «В» «С» оқушыларға тапсырмалар беру, ойлаған санды табу тапсырмалары, сергіту тапсырмаларының жауабын үш тілде айту, оқулықтан есептер шығару,3 түрлі сурет ұсыну арқылы бір суреттің ішінен бірнеше бейнені көру барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін тексеруге арналған тапсырмалар, эссе, бес жолды өлең жазып сабақты қорытындылау.





Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу 1мин

СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сәлеметсіңдер ме? Барлықтарымыздың бүгінгі көңіл-күйлеріміз жақсы ма? Бір-бірімізге сәттіліктер тілейік. Біздің топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін.

Ендеше мен де сендерге бүгінгі күнге сәттіліктер тілеймін.

Сабақ бастамай тұрып бағалау парағын таратып беру.

Үй тапсырмасын тексеру:Үй тапсырмасы бойыншы өткен сабақты еске түсіруден бастайық.

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

-оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

І. Қызығушылығын ояту (5 мин)

Өтен сабақты еске түсірейік.

-Координаталық түзу дегеніміз не екен? ( тақтға флипчартқа түсіру)

-Жауап береді.

Бұрынғы білімін қалай пайдалана алатындығын тексеру үшін топтан бір оқушы келіп он екі бірлікке тең координаталық түзуді плакатқа сызғышпен салады. Рахмет қошеметтеп қоялық.

Тақтаға алдын-ала ілулі тұрған А(-3), В(-6), С(-1), Д(-4), Е(1), Ғ(3), N(4), H(6). Ендеше осы нүктелерді реті бойынша координаталық түзудің бойында кескіндеңдер. Олардың ішінен санақ басынан бірдей қашықтықтағыларын бірдей түспен бояңдар.

-Осыдан кейін координаталық түзу бойындағы сандар қалай орналасады екен? (оң сандар және теріс сандар)

- Қалай ойлайсыңдар? -Не себептен бірдей түспен боядық?

-Осыдан шығатын қорытынды не?

Қарама-қарсы сандардың санақ басы О нүктесінен бірдей қашықтықта жататынына көз жеткізеді.

Мұғалім:Ендеше біз бүгін қандай сабақ өтеді екенбіз, қалай ойлайсыңдар?

Оқушылар: Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар туралы түсінік (Жазып уақыт алып жатпас үшін әдемілеп тақырыпты алдын-ала жазып қоямын да бетін қағазбен жасырып қоямын, балалар өздері айтулары керек содан барып ашамын, себебі тақырып ұзақ жазылады.)

Мұғалім: Бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерімізге жазайық.

Мұғалім:Қалай ойлайсыңдар? қарама-қарсы деген сөздің мағынасы нені білдіреді?(Өмірмен де байланыстыруға болады)

Оқушылар: Жауап береді.Топпен таладуға болады.

Келесі тапсырма:(5 мин)

СТО (Венн диаграммасы барысында) қарама-қарсы сандардың

-Бір-бірінен айырмашылықтары неде? (мысалы: 1 топ 5 және -5 сандарын алуға болады)

-Ұқсастақтары неде?

Алдымен дәптермен жұмыс жасайды, жұппен, топпен талдап бір оқушы тақтаға шығып қорғайды.

Алдарына төрт топқа флипчартқа түсіреді.



Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

Сурет бойынша ойларыңды ортаға салыңдар. Слайд2 /6 мин/

Мұғалім сұрағы:-Суреттен не көріп тұрсыңдар?

-Балалар қайда кетіп барады?

-Неше бала тұр?

-Неше бірлік кесінді?

-Координаталық түзу құрастыру үшін бізге тағы не жетіспей тұр?(Сұрақ тудыру үшін әдейі теріс бағыты көрсетілмеген сурет дайындаймын)

-Тағы не айтуға болады?

-Құстардың қайсысы қарама-қарсы бағытта ұшып бара жатыр деп ойлайсыңдар?

-Ешқандай бағытқа қарамай тыныш күйде отырған құстар бар ма?

-Суреттен тағы не көруге болады?

Слайдты қарайды.(Электронды оқулықтағы ережені жақсылап тыңдайды)

Өз ойларын білдіреді.

1-топ: Қарама-қарсы сандар туралы түсінік.

2- топ:Бүтін сандар туралы түсінік.

3-топ: Рационал сандар туралы түсінік.

4-топ: Эйлер дөңгелектері арқылы қорытындылайды.(Топтар бірін-бірі жақсылап тыңдайды)

Диалогтық оқыту жүріледі.Теория:Оң санға қарама-қарсы сан теріс сан болады.Натурал,бүтін,рационал сандар туралы айтылады.Бүтін сандар, бөлшек сандар рационал сандар деп аталады.N € Z€ Ԛ

Мысалы:а=14,7 болса, -а=-14,7

Ѳ, Z, N


Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру


Таңбалар ережесі:

+(+)=+

-(+)=(-) (12 мин)

+(-)=-

-(-)=+

Оқулықпен жұмыс: 1 топ:№328, 2 топ: №329, 3-топ:№332, 4-топ: №334 (6 оқушы) (таңбалар ережесі бойынша)

342, №343 (есептерінде жауабы оң сан шықса оң қолды көтеру, теріс сан шықса сол қолды көтеру керек) 77-79 бетте .Сабақ арасында жаттығулар жасап отыруы үшін тиімді болады.

Деңгейлік тапсырмалар: (тақтада орындау)

Дарынды оқушы: Жақшаларды ашып жазу жаттығуларын орындайды.

-(-(-3,9))

-(-(-(-(8,6)))

-(-(-(-(-(14))))

(-(-7,25)

Үлгерімі орташа

Қарыз, ыстық, суық, көтерілді, төмендеді, шығын, кіріс, пайда, ұтылыс, жоғары, төмен, деген сөздер қандай санмен өрнектеледі? Айтып шығады.

Үлгерімі төмен оқушыларға (Қабілеттеріне қарамастан кеңейтілген тапсырмаларға тең қолжетімділік)

32 санының қосындысын әртүрлі жолдармен табуды қарастырыңдар.

Сергіту сәтінде ойлаған санды табады.(5 мин)

1 Бір сан ойла

2 Ойлаған саннан бірді азайт

3 айырманы екіге көбейт

4 Шыққан санға ойлаған санды қос

5 Шыққан саныңды ата

Соңында шыққан нәтижеге 2 ні қос, шыққан қосындыны 3 ке бөл, сонда ойлаған саны шығады.(топтар өзара ойнайды)

-Сонда біз ойлаған санды қалай таптық?

-Шыққан нәтижеге 2 ні қосып, шыққан қосындыны 3 ке бөлгенде ойлаған сан шығады.

-топтарды қошеметтеп қоямыз.

Логикалық тапсырмалар: (3 мин)

1-топ (жауабын 3 тілде айту керек)

Жоқ өзінде бас та , қас та мойын да ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш, линейка, а рулер)

2-топ

Қабат-қабат қаттама ақылың болса аттама (кітап , книга, бук)

3-топ

Жиырма төрт батыр бірін-бірі жеп жптыр (дойбы, шашки, е стрип)

4-топ

Нәрселерді санағанда

керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағыңа қарамай (натурал сан, натуралные числа, рил)

Қосымша логикалық есеп: өз өмірінде 40 т тамақ жейді

Дүние жүзіндегі ең ақылды жыртқыш

Қуаты орта есеппен 2,2 Вт (адам)

Көзбен көруге арналған суреттер. (Шатастырмай дұрыс айтуға арналған тапсырма) Суреттерді жақсылап қарау барысында нені көріп тұрсыңдар? Не бейнеленген? Мына суреттер барысында тағы нені байқауға болады? Танымдық қабілеттерін арттыру барысында көзделеді.

Бір суреттің ішінен бірнеше бейнені аңғаруға болады екен.

ІІІ. Ой қорытынды (5 мин)


Сонда біз бүгін не туралы өттік? Қандай түйінді пікірге келдік? Көкейлеріңе не түйдіңдер? Өз ойларыңды жазыңдар.(Эссе жазу) (1 және 2 топ)

(3 және 4 топ бүгінгі қарама-қарсы тақырыбына) (5 жолды өлең құрастырады) жеке оқушылар өз ойларын дәптерге жазады, топта үздік деп алынған эссе оқылады.


Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау

Бағалау: /3мин/ Өзін-өзі бағалау парағы


Shape1

Оқушының аты-жөні


Shape2

Shape3























Парақшалардағы бейне арқылы топтағы белсенділіктерін бағалайды.

Соңында жиынтық баға қойылады.

Тақтадағы екі смайлик арқылы балалар бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы пікірлерін жазып көңіл-күйлерін білдіреді.


Үйге тапсырмада: №338, №339, №341 (кестені толтыру)



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!