Күні:
Пәні: қазақ
әдебиеті
Сыныбы :
5
Сабақтың
тақырыбы: Қасым Аманжолов «Жамырап күнде жас
өмір»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:оқушыларға
Қасым Аманжоловтың ақындық ерекшелігін,ақын өмірін
таныту;
Тәрбиелік:оқушыларды
Қасым поэзиясы арқылы Отанды,туған жерді сүюге,сезімталдыққа
тәрбиелеу;
Дамытушылы:оқушылардың
сөйлеу мәдениетін,дүниетанымын кеңейту,даралап,деңгейлеп
оқытуда өз бетімен шығармашылық дағдысын
дамыту.
Сабақтың тегі:жаңа
сабақты меңгерту.
Түрі:аралас.
Әдісі:сұрақ-жауап,әңгімелеу,баяндау,оқыту,талдау,мазмұндау.
Көрнекілігі:Қасым
портреті,қанатты сөздер,өлең
жолдары,тірек-сызбалар,т.б.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
ІІ.Өткен сабақты
сұрау.Қажымұқанға мінездеме.
ІІІ.Өткен сабақты
бекіту. «Қажымұқанды кім деп таныдық?»
(Топтастыру
стратегиясы)
Қажымұқан-намысты ер.
Ата-анасына мейірімді.
Атақты
спортшы.
Халық
мақтанышы.
ІV.Жаңа
сабаққа даярлық.Қасым ақын туралы білетіндерін бар
ма?
V.Жаңа сабақ.
А)Ақынның өмірі мен шығармалары жөнінде
мұғалім сөзі. «Ақылшы,адал,шыншыл мінезі өзімен бірге өлген
жоқ,тамаша өлеңдерінде жүр».(Тахауи Ахтанов).
«Маған айта берсең ұмытып қалармын,жазып
көрсетсең есіме сақтармын,өзіме жасатсаң үйреніп алармын»(Шығыс
нақылы)
Ә) Өлеңін
мәнерлеп оқу.
Сөздік
жұмыс
Марқа
-ерте туған қозылар
Құнан-
жылқы малы
Тай
-жылқы малы, 1 жастан асқаны
Пүліш-мата
«Ой
қозғау»
Қазақтың
қасиетті малдарының бірі – жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан,
байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (суйрік), айғыр деп атайды.
Ал оның жүйріктігіне, тағы да басқа қасиеттеріне қарай әсіресе
батырлар жырларында жорға, су жорға, жүйрік, тұлпар, қазанат,
сәйгүлік, дүлдүл, арғымақ деп атаған. Жылқы малын аса жоғары
бағалаған қазақтар үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне
мол дүние беретін болған. Ер-азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені
ат мінгізіп, шапан жабу болған. Жылқының майын адамның сүйектерінің
сынған жерлері дұрыс бітпегенде , бұзып , қайта салуға және сарысу
иленгенде пайдаланады.
Кестемен жұмыс.
|
Ақын нені мақтан етеді?
|
Сен өз еліңді несімен мақтан
тұтасың?
|
|
|
|
Кестемен
жұмыс
|
Бейнелі сөз
|
Түрі (эпитет, теңеу)
|
Мәні
|
|
|
|
|
.
Б)Деңгейлік тапсырма.
І деңгей:
өлең мазмұнын қара сөзбен жазып шығыңдар.
ІІ деңгей
(алгоритмдік):өлең құрылысына талдау.
Оқушылар бұл сызбаны
толтырады.
Өлеңнің
тақырыбы:
Мазмұны:
Өлең шумағы:
Бунақ,ырғақ:
Ұйқас:
Тармақ:
Буын саны:
ІІІ
деңгей: эвристикалық деңгей-өлең ішіндегі сөздерге
мақал-мәтел жазу.
ІV
деңгей:шығармашылық деңгей.
Ақынға хат жазу.
VІІ
.Сабақты бекіту:
|
Қажырлы,қайратты,тік мінезді
азамат
|
.
|
Өртке тиген дауылдай
ақын
|
|
Жауынгер (жаралы
оралған)
|
Инцерт әдісі
|
Не білемін?
|
Не білгім келеді?
|
Үйренерім
|
|
Өмірі
Өлеңдері
|
|
|
Ә)
Өлеңін мәнерлеп оқу.
VІІ.Бағалау.
VІІІ.Үйге:Өлеңді жаттау.