400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ашық сабақ: Қазақ операсы.Көсемше

Материал туралы қысқаша түсінік
а) білімділігі:опера ұғымы туралы түсінік беру, музыкалық ертегі операмен таныстыру, әнді динамикасымен айтып үйрету. б) дамытушылық: ойын технологиясын пайдалана отырып, балалардың шығармашылығын дамыту, ойлау қабілетін дамыту в) тәрбиелігі: бірлікке, достыққа, тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 8 А,Б

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қазақ операсы.Көсемше

Мақсаты:

а) білімділігі:опера ұғымы туралы түсінік беру, музыкалық ертегі операмен таныстыру, әнді динамикасымен айтып үйрету.

б) дамытушылық: ойын технологиясын пайдалана отырып, балалардың шығармашылығын дамыту, ойлау қабілетін дамыту

в) тәрбиелігі: бірлікке, достыққа, тәрбиелеу.

Әдістері: сұрақ - жауап, ребус шешу.

Түрі: дәстүрлі сабақ

Типі: аралас сабақ

Көрнекілігі: тсо, магнитофон, баян, домбыра, тірек сызбалары


Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) психологиялық дайындық

2. Үй тапсырмасын сұрау.


Негізгі бөлім:

Жаңа сабақ: Әуенді тап ойыны арқылы музыка жанрларына ажырату.

- Бүгінгі, сабағымыздың тақырыбы:

ОПЕРА БАЛЕТ СИМФОНИЯ сияқты күрделі музыкаға жетелейді. Бүгінгі сабағымызда ән жанрына ерекше тоқталамыз.

Музыкалық сауат: Ән - операға жетелейді. Опера күрделі музыкалық жанр.

ОПЕРА

Үш бөлімнен тұрады. Операда ән айтылады, би биленеді, дуэтпен, жеке дауыста ән айтылады, хормен ән айтылады. Барлық музыка сахнада орындалады.


Жаңа сабақ: Қазақ операсы.Көсемше

Жазылым

1-тапсырма.Төмендегі сұрақтарға жауап жаз.

1.«Театр» дегеніміз не ?

2.Театрдың қандай түрлері бар ?

3.Алматы қаласында орналасқан қандай театрларды білесің?

4.Өз сыныбыңмен қай театрға бардың ?

5.Саған қандай қойылым ұнады?

6.Сүйікті актерің кім?


Тілдесім

2-тапсырма. Досыңмен диалогті оқып, жалғастырыңдар

-Сәлем!

-Сәлем !Халің қалай ?

-Шүкір, жақсы.Осы жексенбіде мен сыныбыммен театрға барамын

-Қай театрға барасыңдар ?

-Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына

-Қандай қойылымға билет алдыңдар?

-«Ер Тарғын» операсына .

-Ер Тарғынның рөлінде кім ойнайды?

-Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бақытжан Ысқақов ойнайды.

-Ал Ақжүністің рөлін кім сомдайды?

- Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы.

-Сенің сүйікті кейіпкерің кім?

-........

Айтылым

3-тапсырма.Суретке қарап, берілген сұрақтарға жауап бер.



1.Бұл қай театр ?

2.Театр қай қалада орналасқан ?

3.Бұл театр жайлы не білесің?

4.Осы театрға барып көрдің бе ?

5.Қандай қойылымды тамашаладың ?


Тыңдалым Оқылым

4-тапсырма. Мәтінді тыңда,оқы

Shape1

Қазақстанда екі опера және балет театры бар.Біріншісі –Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры.Бұл театр 1934 жылы 13 қаңтарда ашылып, өз репертуарын М.Әуезовтің либреттосына жазылған «Айман –Шолпан» музыкалық спектакілінен бастады.1945 жылы театрға Абай есімі беріліп, «Амангелді»

Қойылымы көрсетілді.Театрда Евгений Брусиловский,Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев,Латив Хамиди сияқты композиторлар және Жұмат Шанин сынды театр режиссері жұмыс жасады.Театрға 1170 көрермен сияды.

Екіншісі – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры.Бұл театр тікелей Елбасының бастамасымен бой көтерген.Театрдың іргетасы қаланғаннан бастап, есігі көрермендерге ашылғанша, оның құрылысын Елбасының өзі қадағалаған.Театрда тұңғыш рет Мұқан Төлебаевтың «Біржан –Сара» спектаклі қойылып, театр тарландары үлкен ықыласқа ие болды. «Астана Опера» театрының директоры болып Төлеген Мұхамеджанов тағаындалды.»Астана Опера» залына 1250 көрермен сыяды.Оның партері 450 көрерменге арналып жасалған.




















Жазылым

5- тапсырма.Мәтіннен көсемшелерді тауып, төмендегі бағандарға бөліп жаз.

Өткен шақ жұрнақтарымен

Осы шақ жұрнақтарымен

Мақсатты келер шақ

Мезгіл














Жазылым Айтылым

6-тапсырма. Мәтіндегі көсемшелермен жаңа сөйлемдер құрап жаз


Үлгі: Театрға келгенде есігі ашылып, көрермендер ішке кіріпті.


Жазылым Айтылым

7- тапсырма .Екі театрға сипаттама бер.


Тірек сөздер:

Астана,2012 жыл, сахнасы -935 м2, 1250 көрермен, «Біржан –Сара», Төлеген Мұхамеджанов

Алматы,1934 жыл, 1170 орын, «Айман –Шолпан», Абай есімі


Оқылым Айтылым Тілдесім


8-тапсырма. «Сөзжұмбақ» ойыны .Тақырыпқа қатысты 7 сөз тауып оқы.


С

О

П

Е

Р

А

О

А

Р

Ы

Н

Ж

Б

Р

Х

А

Л

Ы

Қ

А

К

Н

М

Ұ

Қ

А

Й

Н

А

Қ

Ж

Ү

Н

І

С


10- тапсырма. Тиісті көсемшелерді қойып, сөйлемдерді толықытырып жаз

Біз сыныбымызбен театрға жиі ..., түрлі қойылымдарды тамашалап тұрамыз.Біз театрды ....., еліміздің көптеген әртістерімен хабарсыз едік.Мен театрға ..., көптеген әртістермен таныстым. Операны ...., нағыз өнердің не екенін түсіндік.Әртістердің ... салған әндерін ... таңданып жүрмін. Себебі операны ...., өнердің не екенін түсіну қиын.


Керекті көсемшелер:шарықтата, барғалы, барып, көрмейінше, тыңдағалы, тыңдамайынша

11-тапсырма.Бүгін сенбі .Сыныбыңмен театрға барасыңдар. Жоспар құрып, түсіндір.


Бекіту:

1.Сенің сүйікті театрың қандай ?

2.Ол театрға кімнің есімі берілген ?

3.Ол қай қалада орналасқан ?

4.Сен онда жиі барып тұрасың ба ?

5.Сен театрға кіммен бірге барасың ?



Үй тапсырмасы: «Астана Опера» театры туралы әңгімелеу


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
501
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі