0 / 1
Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу үшін
Ұнаған тарифті таңдаңыз
Айлық
Жылдық
1 - күндік
Танысу 690 ₸ / 1 күнге
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. 10 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін 30 материал жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз шексіз
Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу Күніне 2 көрнекілік жүктеу
Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу5 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
1 - айлық
Стандарт
2990 ₸ / айына
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау 30 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін 900 материал жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз шексіз
Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу30 көрнекілік жүктеу
Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу 150 файлды тегін жүктеу
Жинақталған ҚМЖ бөлімінде 10 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар) тегін қатысу
1 - айлық
Шебер 7990 ₸ / айына
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау 150 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін 900 материал жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз шексіз
Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу90 көрнекілік жүктеу
Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу 300 файлды тегін жүктеу
Жинақталған ҚМЖ бөлімінде 50 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар) тегін қатысу
Назар аударыңыз!
Сіз барлық мүмкіндікті қолдандыңыз.
Қалған материалдарды ертең жүктей аласыз.
Ок
Материалдың қысқаша нұсқасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Жұмабаева Ә.Е., Уайсова Г.И.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы
студенттеріне арналған оқу құралы
Алматы
2018
1
ББК
Пікір жазғандар:
Ақжолова А.Т. – ф.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ассоциативті
профессоры;
Тұралбаева А.Т. - Өрлеу» БАҰО» Алматы облысы ПҚБАИ басқару
және білім сапасы кафедрасының меңгерушісі, философия (PhD) докторы
Баспаға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Білім» тобындағы мамандықтар
бойынша оқу-әдістемелік секциясы және ҚР БжҒМ Республикалық оқуәдістемелік Кеңесі ұсынған (№ , ж)
Жұмабаева Ә.Е., Уайсова Г.И.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы.–Алматы, 2018.-202 бет
ISBN
Оқу құралы бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы
студенттеріне арналған. Онда бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың
әдіснамалық негіздері, берілетін білім мазмұны мен көлемі, қазақ тілін
оқыту барысында қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер, қазақ тілінің
дыбыстық жүйесі, лексикологиясы, сөзжасамы мен грамматикасын
(морфология және синтаксис материалдары) оқыту туралы ғылыми
әдістемелік мәселелер жан-жақты қарастырылған. Еңбекте әдістеме
ғылымындағы соңғы жаңалықтар қамтылған. Бұған қоса студенттердің
өздіктерінен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін әдістемелік тапсырмалар
және білімдерін мониторингілеуге арналған бақылау сұрақтары мен тест
тапсырмалары берілген.
2
МАЗМҰНЫ
Алғысөз ................................................................................... .....................4
1-БӨЛІМ. «ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» ПӘНІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні ғылым және оқу пәні ретінде ............5
1.2 Бастауыш сыныптардағы қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері ...10
1.3 Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту жүйесі .............................................13
1.4 Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістері және оларды топтастыру..27
1.5 Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту тәсілдемелері .................................45
2-БӨЛІМ.
БАСТАУЫШ
СЫНЫПТА
ҚАЗАҚ
ТІЛІН
ОҚЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
2.1 Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасуы.............47
2.2 Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі даму
барысы..................................................................................................................51
3-БӨЛІМ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІН ОҚЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІ
3.1 Фонетиканы оқыту әдістемесі .......................................................................66
3.2 Орфографияны оқыту әдістемесі ..................................................................80
3.3 Лексикологияны оқыту әдістемесі ...............................................................88
3.4 Сөз құрамын оқыту әдістемесі .....................................................................95
3.5 Морфологияны оқыту әдістемесі ...............................................................103
3.6 Синтаксисті оқыту әдістемесі ...................................................................115
3.7 Мәтінді оқыту әдістемесі ..........................................................................122
4-БӨЛІМ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
4.1 Деңгейлеп оқыту технологиясы ................................................................139
4.2 Дамыта оқыту технологиясы ....................................................................150
4.3 Қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан оқыту .................................................160
5-БӨЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ
БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ ..................................................................173
6-БӨЛІМ. БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕСІ......183
7-бөлім. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ, СОӨЖ, СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
7.1 Практикалық сабақтар ...............................................................................201
7.2«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша студенттердің оқытушының
жетекшілігімен орындайтын өздік жұмыстары ..............................................205
7.3«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша студенттердің өздіктерінен
орындайтын жұмыстары ...............................................................................212
8-БӨЛІМ. БАҚЫЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ ...................................................216
ҚОСЫМША .......................................................................................................231
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...............................................................238
3
АЛҒЫСӨЗ
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын терең білімді, кәсіби
дағдылардың негізінде еркін бағдарлай алатын, өз бетінше дұрыс,
адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті азамат
етіп тәрбиелеудің негізі бастауыш сыныптан бастап-ақ қалана бастайтыны
белгілі.
Бәсекелестік өмір сүрудің басты шарты болып отырған өзгермелі
кезеңде жоғары білім беру жүйесіне қойылатын талаптар да күшейіп, жоғары
білімді дамытудың негізгі үдерісі – мамандар сапасын арттыруға ерекше
көңіл бөлінуде. Бұл талаптың іске асуында жоғары оқу орындарында
бастауыш сынып мамандарын кәсіби дайындау үшін өтілетін қазақ тілін
оқыту әдістемесі пәнінің алатын орны зор.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсы – бастауыш оқыту педагогикасы мен
әдістемесі мамандығы бойынша бастауыш сынып мұғалімдерін дайындайтын
жоғары оқу орындарындағы таңдамалы пәндердің бірі.
Пәннің негізгі мақсаты – болашақ маманды бастауыш сыныпта қазақ
тілінен сабақ өткізуге даярлау, пәнді оқыту арқылы теориялық және
практикалық мағлұматтар беру, оларды пәннің танымдық, тәрбиелік,
дамытушылық мақсаттарын іске асыруға дайындау, яғни болашақ маманның
кәсіби-әдістемелік шеберлігін қалыптастыру. Студенттің кәсіби-әдістемелік
дайындығы пәннен берілетін теориялық материалдың көлеміне, мазмұнына,
оны игертудің амалдарына, оқытудың әдістеріне, әдістемелік біліміне, яғни
бастауыш сыныптағы қазақ тілін оқыту үдерісі туралы толық мағлұматы
болуына байланысты екені белгілі. Ондай мағлұмат пәннен оқылатын дәріс,
студенттің оқытушымен өздік жұмысы және студенттердің өз бетімен
орындайтын жұмыстары арқылы қалыптасады. Демек, қазақ тілін оқыту
әдістемесі – студенттерді болашақ мамандығының қыр-сырымен
таныстырып, оларды пәннің ғылым ретіндегі ерекшелігін, қазақ тілін
оқытудың маңызын, одан берілетін білім көлемін, оны оқыту әдістерін, білім
беруді ұйымдастыру формаларын, олардың түрлері мен типтерін, қажетті
құрал-жабдықтарын, өз бетімен кәсіби әрекетін іске асыруға мүмкіндік
жасайтын бірден-бір пән.
Қазақ тілін оқытудың толық жүйесін зерделеу үшін қазақ тілін
оқытудың мақсаты мен міндеті, әдістемелік ұстанымдары, пән мазмұнын
айқындаудың теориялық негіздемесі; соған орай пәннің мазмұны, оның
жүйелі, бірізді берілуі; мазмұнды жеткізудің әдіс-тәсілдері, оқушылардың
игерген білімін тексерудің жолдары т.с.с. айқындалуы қажет. Оқу құралы
оқытудың модульдік оқыту технологиясына негізделіп, кредиттік технология
талабына сай құрастырылды. Құрал 8 бөлімнен тұрады. Әр бөлімде
студенттің негізгі игеретін теориялық материалдарының мазмұны (теориялық
блок), игерген білімді тексеру блогы (бақылау сұрақтары), әдістемелік
шеберлігін қалыптастыратын кәсіби-іскерлік блогы мен оған қажетті
ғылыми-әдістемелік әдебиеттері берілді.
4

1.1«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні ғылым және оқу пәні ретінде
Негізгі мәселелер:
1. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні туралы түсінік
2. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің зерттеу
нысаны, мақсат-міндеттері
3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсының құрамы
4. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысы
5. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің зерттеу әдістері
Тақырыпқа ену сұрақтары: Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні не үшін
керек? Пәннің маңызы неде? Пәннің нысаны, мақсат-міндеттері қандай деп
ойлайсың? Пәннің зерттеу әдістеріне не жатады?
Өзектілік блогы. Құрметті студент! Бастауыш сыныпта оқу-тәрбие
үдерісін ұйымдастырудың және оны оқу-әдістемелік және материалдықтехникалық жағынан қамтамасыз етудің өзіндік қиындықтары бар екені
белгілі. Сіздің қолыңыздағы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» оқу құралы
бастауыш сыныпта қазақ тілінен білім берудің заңдылықтары мен
ұстанымдарын таныстырып, бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістәсілдерін, жаңа технологияларды тиімді қолдану жолдарын көрсетеді. Демек
бұл пән бастауыш сыныпта оқытылатын қазақ тілі оқушыларға үйрету
әдістемесін жете меңгеруге көмектеседі.
Теориялық блок. Қазақ тілі әдістемесі – ана тілін ұғынудың
заңдылықтарын және тіл туралы білімді оқушыларға үйрету жолдары мен
құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылым. Ана тілін ұғыну заңдылықтары
тіл табиғатының өзінен және оны ұғыну психологиясынан келіп шығады.
Бұған білім беру жолдары мен құралдары – мақсатты түрде іріктеліп
алынған тілдік материал, оқу жұмысын ұйымдастыру, оны үйрету әдістері де жағдай жасайды.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі – оның мазмұны мен ұстанымдары, әдістері
мен тәсілдері туралы және бастауыш сыныпта қазақ тілінен оқушыларға
берілетін білім, дағды, білік мөлшерін белгілеп, оны игертудің жолдары,
шарттары туралы ғылым.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің зерттеу нысаны – оқытудың
мазмұнын, яғни тілдік материалды, оқушыларда білім, білік, дағдыны
қалыптастырудағы мұғалімнің әрекетін, білім алудағы оқушының әрекеті мен
оқытудың нәтижесі сияқты ұғымдарды қамтитын оқыту үдерісі.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні білім берудің басты бағыттарын іске
асыра отырып, неліктен, не үшін оқыту, нені оқыту және қалай оқытумен
(оқытудың әдіс-тәсілдерін нақтылау) қатар қазіргі білім берудің талаптарына
қарай қалай нәтижелі оқыту (оқытудың жаңа технологиясы) және игерген
білімді қалай тексеру (диагностика) мәселелерін де қарастырады. Бұл
5
мәселелерді шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын
белгілейді.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты – студенттерді болашақ
мамандығының қыр-сырымен таныстырып, оларды ғылыми-әдістемелік
біліммен қаруландыру және бастауыш сыныпта жүргізілетін «Қазақ тілі»
пәнін оқытуға кәсіби дайындау.
Осы мақсатқа жетуде мынадай міндеттер көзделеді:
– қазақ тілін үйрету заңдылықтарын және негізгі әдістемелік
ұстанымдарды таныту;
– бастауыш сыныптарда қазақ тілінен оқытылатын білім мазмұнын және
оқыту-тәрбиелеу жүйесін білдіру;
– тілдің дыбыстық жүйесін үйрету жолдарымен таныстыру;
– грамматиканың әдістемесін меңгерту;
– тіл дамыту әдіс-тәсілдерін үйрету;
– оқыту барысында шығармашылықпен жұмыс жүргізу жолдарын
көрсету.
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнін оқыту нәтижесінде студент:
– қазақ тілін ұғыну заңдылықтарын;
– қазақ тілін оқыту мазмұны мен жүйесін;
– «Қазақ тілі» оқулығы мен оқу кешенінің мазмұнын;
– қазақ тілін оқыту әдістемесін білуі керек;
– қазақ тілін оқыту әдіс-тәсілдерін;
– бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытуды жоспарлауды және
күнтізбелік
жоспар жасауды;
– сабақта қосымша жұмыс түрлерін (дидактикалық материалдар,
ойындар, ребустар, т.б.) жүргізуді;
– сабақ беруді;
– сабақта қолданылатын көрнекіліктерді жасауды;
– оқулықтарды талдауды және сызбамен көрсетуді;
– пікір айтуды;
– реферат жазуды;
– әдістемелік папка жасауды меңгеруі керек.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсының мазмұны. Қазақ тілін оқыту
әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері, мазмұны мен көлемі, басқа ғылым
салаларымен байланысы, зерттеу әдістері сипатталып, сонымен бірге шағын
жинақты
бастауыш мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесінің
ерекшеліктері, оқыту әдістері, сабақ түрлері мен құрылымы, оқушылардың өз
бетімен орындайтын жұмысын жоспарлау, тіл дамыту жұмыстарын
ұйымдастыру ерекшеліктері т.б. қарастырылады.
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің басқа ғылым салаларымен
байланысы. Әдістеме ғылымы психологиямен тығыз байланысты.
Психология оқушының психологиялық ерекшеліктерін сипаттайды: жоғары
нерв жүйесінің қызметі туралы ілімге сүйене отырып, ол оқытудың әдісі мен
тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге көмектеседі. Сөйтіп бастауыш
6
сынпта қазақ тілін оқытуға байланысты әдістемелік мәселелерді дұрыс
түсініп, практика жүзінде шешуге мүмкіндік береді. Оқушының оқу
материалын қабылдауы, есінде сақтауы, түсінуі, ойлауының дамуы олардың
жан дүниесінің ерекшелігімен байланысты. Осыған орай мұғалім өзінің әрбір
оқушысын, оның психикасын, материалды қабылдау және есінде сақтау
дағдыларының дәрежесін білуге, жағдай жасайды, оқушыларды жүйелі
зерттейтін әдістермен қаруландырады. Оқушылардың психологиясын білмей
тұрып, қазақ тілі әдістемесі ұсынған әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану
мүмкін емес. Сондықтан материалды игертуде оқушылардың жас
ерекшелігін ескеру – ең маңызды мәселе. Оқу бағдарламалары да, оқыту
үдерісі де осы факторға негізделіп құрылады. Адамның басты ерекшелігі –
сөйлеу қабілеті. Сөз – адам психикасының өмір сүруінің аса маңызды
құралы. Өйткені қарым-қатынассыз қоғам да, оның қозғаушы күші адам да
өмір сүре алмайды. Ал қарым-қатынас тек тіл, оның көрінісі сөз арқылы іске
асатыны белгілі. Психологиялық тұрғыдан тілді меңгеру – жеке тұлғаның
қалыптасуының негізгі шарты.
Пән бойынша берілетін теориялық білім тәжірибе арқылы бекітілуі,
яғни іскерлік пен дағдыға айналуы тиіс. Дағдыға, іскерлікке айналмаған білім
тез ұмытылады. Ал дағды мен іскерлік – психологиялық ұғым. Дағды
дегеніміз – адамның әрекетті орындау процесінде жасалатын саналы
әрекеттің дағдыланған бөліктері. Дағдылар жаттығу арқылы туындайды.
Дағды іс-әрекет процесінде оған бағынышты құрылым ретінде қалыптасады.
Демек теориялық білім жаттығудың, қайталаудың негізінде дағдыға
айналады. Осыған орай, оқулықтарда міндетті түрде жаттығулар беріледі,
қайталау сабақтары жүргізіледі. Яғни, оқушының сабақты жақсы немесе
жаман оқуы олардың психикалық әрекеттерінің дамуымен тікелей
байланысты.
Әдістеме ғылымы педагогика ғылымымен тығыз байланысты.
Педагогика ғылымы: дидактика және тәрбие теориясынан құралатыны
белгілі. Ал оқу мен тәрбие – егіз. Дидактика мен әдістеме ғылымының
қарастыратын нысандары бір. Ол – оқыту үдерісі. Айырмашылығы:
дидактика білім беру, оқыту үдерісін жалпылама қарастырса, әдістеме жеке
пәндерді оқыту заңдылықтарын қарастырады. Дидактика педагогиканың
маңызды бір бөлігі – оқытудың жалпы теориясы ретінде қазақ тілі
әдістемесінің негізі болып табылады. Әдістеме ғылымы дидактиканың
ұстанымдарына, оқытудың әдіс-тәсілдеріне, тексеру формаларына, білімді
бағалау нормаларына сүйенеді. Мысалы, оқушыларға ұсынылатын тілдік
материалдар ғылым негіздеріне (ғылыми ұстаным) сүйене отырып, жүйелі
және бірізді (жүйелілік ұстанымы), материалдың қай бөлігі қай сыныпта
өтілуі алдын-ала болжанып (алдын ала болжау ұстанымы), саналы түрде
(саналылылық ұстанымы), берік, тиянақты (берік, тиянақты болу ұстанымы),
өмірмен байланыстыра (теорияны өмірмен байланыстыру ұстанымы)
беріледі. Осыған орай әдістеме ғылымы педагогиканың бір саласы ретінде
қарастырылады.
7
Әдістеме ғылымы тіл білімімен тікелей байланысты. Қазақ тілін
оқыту әдістемесінің зерттейтін басты нысаны оқушыларға тілді меңгерту
болғандықтан, ол алдымен тіл біліміне арқа сүйейді. Өйткені мектепте қазақ
тілі пәнінен өтілетін материал тіл білімі ғылымының негізінде белгіленеді.
Яғни қазақ тілі пәнінің мектепте оқытылу мазмұнын анықтау әдістеме
ғылымының міндеті болса, бұл міндетті шешуде ол тіл білімінің
мағлұматтарына негізделеді. Атап айтқанда, фонетиканы оқыту әдістемесі,
лексикологияны оқыту әдістемесі, сөзжасамды оқыту әдістемесі,
морфологияны оқыту әдістемесі, синтаксисті оқыту әдістемесі т.т. деп
аталуының өзі тікелей қазақ тіл білімі салаларының атаулары екені өз-өзінен
түсінікті. Сондай-ақ, мысалы, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік
талдаулар – әдістемелік тәсілдер, ал бұл атаулардың өздері және мазмұны тіл
біліміне тән. Ендеше қазақ тілін оқыту әдістемесі өзінің бұдан былайғы даму
барысында тек педагогикалық қана емес, белгілі дәрежеде тіл білімдік ғылым
болып та қалыптасуда. Мысалы, тіл білімінен берілетін фонетикалық
мағлұматтар: дыбыстарды дұрыс айту, жазу, дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқуға,
емлеге үйрету т.т. әдістемелік мәселелермен тығыз байланысты іске
асырылады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі оқу пәнінің зерттеу әдістері. Әдістеме
ғылымында ой-тұжырым, ұсыныстардың нәтижелілігі, тиімділігі зерттеу
әдістері арқылы іске асады. Осы зерттеу әдістерінің негізінде әдістеме
ғылымының өзекті мәселелері шешімін табады, оны шешудің әдіс-тәсілдері
жолдары қарастырылады. Осыған орай әдістеме ғылымында негізінен
мынадай зерттеу әдістері аталады:
1. Бақылау әдісі. Мұнда оқушының сабақ үстіндегі іс-әрекеті (оқу
әрекеті), үй тапсырмасын орындауы, материалды игеру қабілеті, дағдысы мен
іскерлік деңгейі бақыланады.
2. Эксперимент әдісі. Эксперимент педагогикалық жаңа тәжірибе жасауға
бағытталған. Ол тілдің жүйелі курсының мазмұнына зерттеуші қажет деп
тапқан оқу материалының оқушыға түсініктілігін, ана тілін оқытуға
ұсынылған жаңа әдіс-тәсілдер мен жаңа көрнекіліктердің тиімділігін анықтау
үшін пайдаланылады. Эксперимент жүргізудің бірінші шарты – дәлелдеуге
және тексеруге қажетті терең ойластырылған болжам болады. Әдетте
боолжам, біріншіден, зерттеушінің ойынша, оқушылардың қабылдауына
лайықты білім, білік, дағдыны анықтау; екіншіден, оқытудың неғұрлым
қолайлы әдістері мен құралдарын іріктеп алу тұрғысынан жасалады. Екінші
шарты – болжамды іске асыру үшін оқу-әдістемелік материалдар ( оқушылар
үшін оқу мәтіндерін, сұрақтар мен тапсырмаларды, үлестірмелі
дидактикалық материалдарды) дайындау. Осыдан кейін эксперименттік оқу
жүргізілетін болады. Ол бірнеше түрге бөлінеді:
1) іздену экспериментін жүргізудің мақсаты – оқыту үдерісінде пән, оның
бөлімдері бойынша проблемалық мәселелерді айқындау;
8
2) анықтау эксперименті – ғалым-әдіскердің өз болжамын іске асыруда
оқушылардың білімі мен біліктілігін анықтау мақсатында жүргізілетін тест,
бақылау тапсырмалары;
3) оқыту эксперименті – оқушыларды жаңа әдістеме бойынша оқыту;
4) түзету эксперименті – оқушылардың білімі мен біліктілігіндегі
байқалған олқылықтарды орнына келтіру, түзету;
5) тексеру эксперименті – ұсынылған әдістемелік жүйенің тиімділігін
дәлеледеу мақсатындағы қорытынды тексеру.
Тексеру блогы.
Бақылау сұрақтары:
1. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні қандай мақсат
көздейді?
2. Оқу пәнінің алдына қойған міндеттері қандай?
3. Оқу пәні психологиямен қалай байланысады?
4. Тіл білімімен ше?
5. Педагогика ғылымымен қандай байланысы бар?
6. Пәннің мазмұнына не кіреді?
7. Зерттеу әдістерінің әдістеме ғылымындағы орны қандай?
8. Әдістеме ғылымында қандай зерттеу әдістері қолданылады?
Кәсіби-іскерлік блогы.
Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстары:
1. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің нысанына,
мақсат-міндеттеріне қысқаша сипаттама беру.
2. Пәннің психология, педагогика, лингвистикамен байланысын
қысқаша конспектілеу.
3.Зерттеу әдістеріне тезис дайындау.
Қажетті әдебиеттер:
1. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. Кітапта: Бес томдық шығармалар
жинағы. 4-том. Алматы: Ғылым, 1998.- 306 б.
2. Рахметова С. Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы:
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультеттерінің
студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2007. -184 б.
3. Әбілқаев А., Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –Алматы,
2007.-213 б.
4. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. –Алматы,
«Қазақ университеті», 1993
9
1.2 Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың әдіснамалық
негіздері
Негізгі мәселелер:
1. Қазақ тілін оқытудың лингвистикалық негіздері
2. Қазақ тілін оқытудың психологиялық негіздері
3. Қазақ тілін оқытудың педагогикалық негіздері
Тақырыпқа ену сұрақтары:
1. Қазақ тілін оқытудың лингвистикалық әдіснамалық негіздері дегенді
қалай түсінесіз?
2. Тілді оқытудың лингвистикалық негізіне не жатады?
Теориялық блок. Қазақ тілін оқытудың лингвистикалық негіздері. Тіл –
қарым-қатынас құралы. Сондықтан оның лингвистикалық негізі қарымқатынас құралы ретінде танытылатын тілдік бірліктер болып табылады.
Тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі қызметі қатысымдық тұлғалар
арқылы жүзеге асады. Мұндай қатысымдық тұлғалар қатарына сөз,
фразеологиялық тіркестер, сөйлем және мәтін жатады.
Мәтін – қатысымдық тұлғалардың ішіндегі мазмұндық тұтастығымен
ерекшеленетін бүтін жүйе. Тіл білімінде қатысымдық бағыт дами
бастағаннан кейін, осыған байланысты сөйлемнен де ірі тілдік тұлғаның бар
екеніне назар аударыла бастады. Себебі мәтін – адамдар арасындағы тілдік
қатынастың жемісі. Адам өз ойын екінші біреуге жеткізген кезде қалай болса
солай айтылған сөйлемдер тізбегімен емес, өзара мағыналық жағынан да,
тұлғалық жағынан да байланысқан сөйлемдер тізбегінен құралған мәтін
арқылы жеткізеді.
Сөйлем – тілдік қатынастың орындалуына тікелей себепкер болатын ең
қажетті тұлға. Сөйлем баяншының айтайын, жеткізейін деген ойын, хабарын
қабылдаушыға түсінікті етіп қана қоймай, сонымен бірге оның
(қабылдаушының) қайыра жауап беруінің көзі, көрсеткіші болып табылады.
Тілдік тұлға ретінде сөйлем тиянақты ойды білдірсе, қатысымдық тұлға
ретінде ойды білдірумен қатар адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге
асырушы тілдесім жолы, сөйлесу құралы да болып есептеледі.
Қазақ тілін оқытудың психологиялық негіздері. Адамдар арасындағы
қарым-қатынас, яғни өзара сөйлесу, түсінісу, пікірлесу т.б. тіл арқылы жүзеге
асады. Адамдар арасындағы тілдік қатынас екі түрде болатыны белгілі:
ауызша және жазбаша. Мұның алдыңғысы сөйлеу арқылы, кейінгісі жазу
арқылы іске асады. Сөйлеу дегеніміз – іштегі ойды дыбыс арқылы сыртқа
шығару, яғни айту. Осы тұста сөйлеу әрекетінің психология ғылымындағы
өзекті мәселелер қатарына жататындығын айтқан жөн. Сөйтіп, тіл және
сөйлеу лингвистика ғылымында да, психология ғылымында да
қарастырылады. Психологияда сөйлеудің адам әрекетінде жетекші қызмет
атқаратын түрі «коммуникативті сөйлеу» деп аталып, оның бұл түрі төрт
топқа бөлініп қарастырылады: а) монологтық сөйлеу (дара адамның сөйлеуі),
ә) диалогтық сөйлеу (екі не бірнеше адамның сөйлесуі, әңгімелесуі), б) үнсіз
(іштей) сөйлеу, в) жазба сөз.
10
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту барысында балалардың
қабылдау мүмкіндіктеріне, есте сақтау ерекшеліктеріне, зейінділіктеріне т.б.
үнемі назар аударып, ескеріп отыру қажет.
Қазақ тілін оқытудың педагогикалық негіздері. Қазақ тілін оқытудың
педагогикалық негіздері аталған ғылымның дидактика саласынан
туындайды. Яғни Жеке пәндерді оқыту әдістемесін жасау ісі педагогика
ғылымына, оның оқыту мәселелерін зерттейтін саласы дидактикаға сүйенеді.
Педагогика ғылымының не екенін түсіндіріп, дидактикалық ұстанымдарды
тәрбие үдерісімен ұштастыруға алғаш ұмтылыс жасаған адам – М.Жұмабаев
болды. Ол өзінің "Педагогика" деп аталатын еңбегінде педагогика
ғылымының негізгі құрамдас бөліктерін және оның өзге ғылымдармен
байланыстарын түсіндіре отырып, педагогикадағы негізгі ұғымдарды қазақ
ауылдарындағы оқу-тәрбие жұмыстарымен ұштастыра талдап көрсеткен
болатын.
Кейін
республикамыздың
педагог-ғалымдары
(М.Мұқанов,
Н.Көшекбаев, Ә.Исабаев т.б.) өздерінің теориялық еңбектерінде оқытудың
барлық пәнге ортақ жалпы дидактикалық ұстанымдары (принциптері) мен
әдістері болатынын ғылыми тұрғыда негіздеп берді. Бұл бұл ұстанымдардың
басты-бастылары мыналар:
- оқытудың ғылымилық ұстанымы;
- оқытудың жүйелілік ұстанымы;
- оқытудың материалды дұрыс орналастыру ұстанымы;
- оқытудың алдын ала болжау ұстанымы
- оқытудың саналылық ұстанымы;
- оқытудың берік, тиянақты болу ұстанымы;
- оқытуды теориямен, практикамен және өмірмен байланыстыру
ұстанымы;
- оқытудың көрнекілік ұстанымы.
Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелерін зерттеген ғалымдар
(Д.Әлімжанов, Ы.Маманов, Б.Құлмағанбетова, С.Рахметова т.б.) осы
дидактикалық ұстанымдарды грамматикалық ұғымдарды оқыту, бастауыш
мектепте "Қазақ тілін" оқыту, тіл дамыту проблемаларына қатыстыра отырып
талдайды.
Осы айтылғандардың барлығы қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика
ғылымының жалпы заңдылықтарына және оның негізгі ұстанымдарына
сүйенетінін көрсетеді. Педагогика ғылымы болашақ ұрпаққа білім мен тәлімтәрбие берудің заңдарын, оларды іске асырудың бағыт-бағдарын, жүйесін
белгілейді.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында «Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтары,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау» керек делінген. Демек, білім бере отырып тәрбиелеу
бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі деуге болады. Сол себепті де оқыту
11
мен тәрбиелеу егіз ұғым дейді, оқыта отырып тәрбиелеу ісі жүзеге
асырылады.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың бойында адамгершілік, адалдық,
жауапкершілік, шыншылдық, білімге деген қызығушылықты қалыптастыру
арқылы жаман қасиеттерден арылу жолдарын педагог ғалымдар ғылыми
тұрғыда қарастырып, өз ойларын үнемі ортаға салып отырады.
С.Ғаббасовтың «Халық педагогикасының негіздері» атты оқулығында
былай дейді: «Білім берудің ең негізгі кіндік мәселесі – адамды жан-жақты
етіп тұлғандыру мен жетілдіре өсіріп өркендету. Сондықтан бүгінгі
педагогикалық білім берудің мақсаттары мен мазмұны қазіргі заман
талабына сай, жаңаша қалыптасып отырған адам туралы концепцияның
тұрғысынан анықталуы керек. Бұл қағиданың екінші бір қоғамдық көрінісі,
әсіресе, жаңару кезіндегі, адам тәрбиесінің әлеуметтік талабына келіп
ұштасады». Сол себепті ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын,
әдеби, мәдени бай қазынасын оқушылардың санасына сіңіріп, тәрбиелеу –
оқытушының міндеті.
Кез келген іс-әрекеттің мақсаты, амалдары және нәтижесі болады. Ол
тілді оқытып үйретудің мынадай негізгі компоненттерін белгілеуге мүмкіндік
береді: мақсат, мазмұнды – амалдық және бағалау-нәтижелік. Мақсаттар мен
міндеттер оқыту мазмұнының, оқу әрекетінің формалары мен тәсілдерін
таңдауды анықтайды және белгілі мағыналы әрекетті нәтижесіне
бағыттайды.
Жалпы қазақ тілін оқытып үйрету – бұл басқарылатын жүйе.
Сондықтан ол келесі негізгі үштік: мақсат, басқару және нәтиже
компоненттерін белгілейтін басқарудың жалы теориясы тұрғысында
зерттелуі керек. Мұнда басқару сапасын мақсат пен нәтиже аралығындағы
сәйкестік анықтайды.
Қазақ тілін оқытудың лингвистикалық негіздері тілдің дыбыстық
жүйесіне, лексикологиясына, сөз құрамына және тілдің грамматикалық
құрылымына қатысты теориялық материалдардан көрініс табады. Тілдік
материалдарды оқыту үшін әрбір тілдік теориялық материалдың мазмұнын
мұғалімнің өзі терең меңгеруі тиіс. Тек сонда ғана оқыту үдерісінде жаңа
талапқа сай жұмыс түрлерін орындатуға болады.
Тексеру блогы
Бақылау сұрақтары:
1. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың лингвистикалық негізіне не
алынады?
2. Қатысымдық тұлғаларға не жатады?
3. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың психологиялық негіздері
туралы түсінік беріңіз.
4. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың педагогикалық негіздері нені
қарастырады?
Кәсіби-іскерлік блогы
12
Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстары
1.«Бастауыш сыныпта қазақ тілін меңгертудің заңдылықтары мен
әдістемелік ұстанымдары» тақырыбында реферат дайындау.
2. Қатысымдық тұлғаларды жеке-жеке сипаттап конспектілеу.
Қажетті әдебиеттер:
1.Рахметова С. Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы:

2.Құрман Н.Ж. Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері. –Астана,
2008. -160 б.

«Қазақ университеті», 1993. -160 б.
1.3 Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту жүйесі
Негізгі мәселелер:
1.Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуды ұйымдастыру, оның мазмұны
мен көлемі
1. Сабақ, оның түрлері мен типтері
2. Қазақ тілі сабағының құрылымы
3. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуды жоспарлау ерекшеліктері
4. Жоспардың түрлері (күнтізбелік, тақырыптық және жеке сабақ
жоспары)
Тақырыпқа ену сұрақтары:
1. Сабақ дегеніміз не? Оған қандай талаптар қойылады?
2. Сабақтың қандай түрлері бар?
3. Қазақ тілі сабағының қалыптасқан құрылымына не жатады?
Теориялық блок. «Қазақ тілі» пәнінің мазмұнын бастауыш білім беру
стандарты белгілейді. Кез-келген пәннің мазмұнын оның құрамы мен
құрылымы айқындайды. Мәселен, «Қазақ тілі» пәнінің құрамына:
- бастауыш сынып оқушыларының тіл туралы білімін қалыптастыратын
лингвистикалық ұғымдар жүйесі;
- бастауыш сынып оқушыларының сауаттылығын қалыптастыратын
орфографиялық, пунктуациялық ережелер;
- тілді дұрыс пайдалану біліктері жатады.
Ал пәннің құрылымын тіл материалдарын сыныпқа, тоқсанға бөлу
айқындайды. Демек қазақ тілі пәнінің мазмұнына білім, дағды және білік
жатады. Бұлар оқулық пен бағдарламада айқын көрсетіледі.
Білім – оқушының тіл және оның құрылымы туралы алған білімінің
нәтижесі. Білім теориялық және эмпирикалық болып екіге бөлінеді.
Теориялық білім – заттар мен құбылыстардың мәнін білдіреді, олардың
ерекшеліктерін, ішкі байланыстары мен қарым-қатынастарын анықтайды.
13
Теориялық білім дегеніміз – жинақталған ұғым. Ол теориялық заңдар,
заңдылықтар, себеп-салдарлық байланыстар, ұғымдар түрінде беріледі.
Эмпирикалық білім объектілер мен құбылыстардың сыртқы ерекшеліктерін
білдіреді, бұған түсініктер мен фактілер жатады.
Тілші-ғалым А.Байтұрсынұлы тілдік материалдарды оқыту логикасын
2 кезеңмен береді: 1-кезең – нақтылықтан абстрактылыққа қарай жүру жолы,
яғни білім берудің эмпирикалық кезеңі (кіріспе сөз, тілдік фактілер келтіру,
тілдік бірліктің сыртқы белгілерін таныту, ереже шығару), ал 2-кезең –
абстрактылықтан нақтылыққа қарай өту жолы, яғни білім берудің теориялық
кезеңі (ереже, сұрақ-жауаппен нақтылау, жекелеген белгілерін топтастыру,
практика: сынау, дағдыландыру [1].
Дағды әрекеттің автоматты орындалуы болып есептеледі.
Оқу үдерісі – білім мен біліктілікті қалыптастырудағы мұғалім мен
оқушының бірлескен әрекеті. Оның ең үлкен бірлігі – оқу жылы. Ол тоқсанға
бөлінеді. Ал оқу үдерісінің ең кіші бірлігі – сабақ. Демек мектепте білім
беруді ұйымдастырудың негізгі формасы да сабақ болып табылады.
Сабақты формалық түрде Н.А.Константинов, М.Т.Савич т.б., мазмұндық
аспектісі бойынша М.И.Махмутов, Г.Д.Кириллова т.б. зерттегені белгілі. Ал
И.К.Казанцев, В.Оконь, Б.П.Есипов, Р.Г.Лемберг т.б. еңбектерінде сабақ
типін оның ішкі құрылымымен байланыстыру байқалады. Мұндай бағыт
сабақта қолданылатын әдістерді алдын-ала айқындап отыруды қажет етеді.
Сонымен бірге, сабақ мазмұнында оқушыда қалыптасуы тиіс деп саналатын
теориялық талдау біліктілігінің де болмысы танылуы тиіс.
Сабаққа қойылатын талаптар. Сабақ – білім берудің негізгі формасы,
оқу үдерісінің бір бөлшегі, педагогикалық шығарма. Мұндағы басты тұлға –
мұғалім. Сондықтан сабақтың сапасы ең алдымен мұғалімнің теориялық
дайындығына, әдістемелік шеберлігіне байланысты. Яғни мұғалім сабақтың
механизмін: сабақтың мақсатын, оған қойылатын талаптарды, құрылымдық
элементтерін, типтері мен түрлерін, бағдарлама, оқулық, оның құрылымын,
жоспардың түрлерін т.т. білуі тиіс. Осыған орай мектепте өтілетін әр сабаққа
жалпыдидактикалық
және
әдістемелік
талаптар
қойылады.
Жалпыдидактикалық талаптарға:
1.Әрбір сабақтың дидактикалық және тәрбиелік мақсаттарын дұрыс
анықтау, соған сәйкес сабақтың түрін, типін белгілеп, оған құрылымын
ойластырып негіздеу;
2.Сабақтың
бағдарлама
талаптарына
және
оқушылардың
мүмкіншілігіне сай құрылуы;
3.Сабақтың жоспарлы түрде жүргізілуі;
4.Сабақтың белгілі бір қарқынмен (өте жылдам да, өте баяу да емес)
өтілуі;
5.Мұғалімнің сабақ құрылымын бөліктерге дұрыс бөлуі;
6.Мұғалім дауысының жағымды, сөздері айқын, мәнерлі болуы;
7.Сыныппен тығыз қарым-қатынаста болуы;
8.Тақта мен көрнекі құралдарды дұрыс пайдалана алуы;
14
9.Мұғалімнің педагогтік этикасы жатады.
Ал әдістемелік талаптарға: материалды жақсы білу, онымен дұрыс
жұмыс істей алу. Атап айтқанда: тақырыпты дұрыс қоя білу, оның сабақтар
жүйесіндегі маңызын белгілеу; сабақты бұрын және өтілетін сабақтармен
байланыстырып отыру; материалды жүйелі жеткізе алу, материалдың
сипатына қарай дидактикалық ұстанымдар мен әдіс-тәсілдерді барынша
сұрыптап қолдану, соған орай сабақты түрлендіріп өткізу; проблемалық
жағдаяттар жасай білу, оқушыларды ойландыратын, іздендіретін жаттығу
жұмыстарын таңдай білу, оқулықпен жұмыс істей білу; оқылған материалды
қайталау мен бекітудің жүйесін ұйымдастыру; үй тапсырмасын тексеру; тіл
дамыту жұмыстарын жүйелі жүргізе білу, оқушылардың сөйлеу мәдениетіне
көңіл бөлу т.б.
Сабаққа дайындалу мен ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Оқушылардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету; әрбір сабаққа
дайындалуда белгілі тақырып бойынша сабақтар жүйесін жоспарлау; әр
сабаққа қажетіне қарай көрнекілік және дидактикалық материал, оқытудың
техникалық құралдарын дайындау; сабақ кезінде оқушылардың білімді өз
бетімен алуына мүмкіндік туғызу.
Сабақ мазмұнына қойылатын талаптар. Сабақтың білім берумен қатар
тәрбиелік және дамытушылық жағына көңіл аударылады; дидактикалық
ұстанымдардан туындайтын талаптар қатаң ескеріледі; оқушының
шығармашылық ізденуіне жағдай жасаған жөн; оқу үдерісі негізінде
мақсатқа жету үшін табандылыққа баулу, ұжымда ұстамды, шыдамды болуға
тәрбиелеу қажет.
Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар. Сабақ баланы
қызықтырып, білімге құмарлығын арттыруы керек; сабақтың қарқыны бір
қалыпты жүруі тиіс; сабақта мұғалім мен оқушылар арасында толық
үйлесімділік, түсінушілік болғаны жөн; сабақтың өн бойында оқушылар
жұмыс істейтін болсын.
Сабаққа мұқият дайындалу, оны мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін
ойластыру жұмысын шағын жинақты бастауыш сынып мұғалімі өзінің ең
басты міндеті деп сезінуі тиіс.
Егер мұғалім сабақты көңілсіз, босаң және енжарлықпен өткізсе, онда,
сөз жоқ, бұл оның сабаққа дайындалу ісіне немқұрайлықпен қарағанын,
сабаққа деп бөлінген 45 минут уақытты толық әрі жан-жақты пайдалануға
деген ұмтылысының жоқ екендігін байқатады.
Бастауыш сынып мұғалімінің сабаққа дайындалуы – аса жауапты іс.
Бастауыш сынып мұғалімінің сабаққа дайындалуы жөніндегі талап
педагогикалық үдерістің күрделігінен туады. Соған сәйкес мұғалім сабаққа
әзірленуі барысында төмендегідей сұраққа жауап беруі керек:
1. Сабақтың мақсаты қандай?
2. Оқушылар қандай жаңа білімдер алуы қажет және олар практика
жүзінде нені үйренеді?
3. Сабақта айтылатын ойдың бастысы қайсысы?
15
1. Бұл ойлар қандай жүйемен баяндалмақ?
2. Олар қандай жолмен негізделмек?
3. Қандай қорытындылар керек?
4. Сабақта қандай әдістер және көрнекі құралдар пайдаланылмақ?
8. Оқушылардың білімін тексеру үшін оларға қандай бақылау
сұрақтарын беру керек?
9. Оқушылар алған білімдерін пыс

ЖИ арқылы жасау
ЖИ арқылы жасау
Бөлісу
1 - айлық
Материал тарифі-96% жеңілдік
00
05
00
ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
1 990 ₸ 49 000₸
1 айға қосылу
Материалға шағымдану
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жариялаған:
Аяжан АбдрашевпШағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Ашық сабақ Қазақ тілі
Тақырып бойынша 31 материал табылды
Ашық сабақ Қазақ тілі
Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі ашық сабақ

Файл форматы:
pdf
10.12.2023
345
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
шағым қалдыра аласыз