Ашық сабақ Қазақ тілі 3 сынып Мәтін және сөйлем

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Қазақ тілі 3 сынып Мәтін және сөйлем

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтін мен сөйлем тақырыбын қайталау мақсатында керек деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы





Сабақ: Қазақ тілі

Бөлім: Демалыс мәдениеті.Мерекелер

Тақырыбы:Мәтін және сөйлем (өткенді қайталау)

Нұр-Сұлтан қаласы

Мектеп:№51 мектеп-гимназия

Күні: 25.04.2019

Мұғалімі: Сейдахметова Майра Сұлтанбайқызы

Сынып:3«Ж»

Қатысқандар саны: 37 Қатыспағандар саны: 1

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Сөйлем және оның түрлерін ажыратып айтады, сөйлемдер құрап, сөйлем мүшесіне талдау жасай алады.Мәтін ,оның құрылымын, түрлерін ажыратып, өз ойларынан мәтін құрап айта алады


Оқушылардың басым бөлігі:

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін ажырата білу дағдылары қалыптасады,тыныс белгілерін ажыратады, сөйлеу кезінде сөйлемнің мүшелерін пайдалана біледі. Бір сюжетпен 3 түрлі мәтін түрлерін құрастыра алады.


Кейбір оқушылар:

Сөйлемнің мүшелерін сұрақ қою арқылы ажырата біледі.Суретке қарап, мәтін құрай алады.

Тілдік мақсат

Тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді.

Оқушылар

  • ........ (істей алады)

Сөйлем мүшелері, дәледеу пікірі :

Талқылауға арналған тармақтар:

Сіз неліктен.........екенін айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Сөйлемдерге синтаксистік,сөздерге фонетикалық талдаулар жасайды.

Ресурстар

Презентациялық слайд, бейнетаспалар, тірек-сызбалар, суреттер, шарлар, А3,А4 форматтары,планшет(ламинаия А4 форматы).

Әдіс-тәсілдер:

Топқа біріктіру, ментальді карта, сатылай-диалогті талдау,сөзден-сөйлем құрау, Ойлан, бөліс әдісі,лото ойыны, кері байланыс, бағалау.

Алдыңғы тақырып:

Шығарма

Жоспар:


Жоспарланған уақыт




Мұғалімнің іс-әрекеті.


Оқушының іс-әрекеті

Басталуы-

кезеңі.

1. Псих-қ тренинг -------------------

Ұйымдастыру

Мақсаты: сабақтың сәтті өтуі үшін жақсы көңіл күй туғызу

1мин

1.«Топқа біріктіру» әдісі

Мақсаты: оқушыларды араластырып топта бір-бірін тыңдап, сыйлауға үйрету

1 мин


2.Топтардың өздерін таныстыруы

Мақсаты: Демалыс мәдениеті.Мерекелер бөлімінің басталғанын түсіндіру.


1мин



3.Мақал «Бірлік бар жерде тірлік бар» -топтар ұраны

1 мин



Тренинг

Мақсаты: Оқушыларға сөйлемдерді айта отырып, сол сөйлемге сай қимыл, іс-әрекет жасату.Сабақ тақырыбын ашу.

1 мин


4.Сабақ мақсатымен таныстыру

1 мин


Сәттілік! тренингі

Біліктілік өресі

Ой-санаңды жақсы күт.

Сабақта да келесі,

Серік болсын сәттілік!

Вперед! All the best! Сәттілік!




Топқа біріктіру (әр түрлі сурет беру арқылы)

4 топта отырған оқушыларға 4 гүлдесте таратылады. Гүлдестенің әр гүлінде 4 түрлі мерекеге сай суреттер болады. Оқушылар қолындағы мерекелік суреттерге сай топтардағы ілініп тұрған шарлардағы мереке

атауларына сай отырады.


Жалпы шарлардағы жазылған мерекелерге назар аудартады.

1-топ-Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі

2-топ- Аналар мерекесі

3-топ- Достық,Бірлік мерекесі

4-топ-Жеңіс мерекесі

Тапсырмасы: Оқушылар өздері отырған топтағы мереке жайлы қысқаша білетіндерін диалог түрінде айтады.


4-жаттығу

Тапсырма: БІРЛІКБАРЖЕРДЕТІРЛІКБАР

Осылай ажырамай жазылған әріптерден мағынасына қарап, сөздерге жіктеп мақал шығарып оқып.мағынасын түсіндіру керек

Мұғалім : осы мақал бүгінгі сабақтағы басты ұран екендігін айтып түсіндіреді.

Тапсырмасы:

Жел басталды—(қолдарын ысқылайды)

Жаңбыр себелей бастады- (саусақтарын сыртылдатады)

Жаңбыр жауды-(тізелерін ұрады)

Жаңбыр нөсерлеп жауды- (көкіректерін ұрады

Күн күркіреді –( аяқтарын тарсылдатады)

Күн ашылды – ( қолдарын ашады)


-Мұғалім сұрақ қояды

- Біз не айттық ? Не жасадық?

-Ендеше біздің бүгінгі сабағымызда сөйлемдер құрап ,олардың мағынасын кеңейте отырып, мәтін құрап,оларға таладаулар жасау болады.

Мұғалім: сабақтағы негігі мақсат: Сөйлем,оның түрлері және мәтін түрлері жайлы жыл бойы өткенді тапсырмалар барысында еске түсіріп, пысықтау екендігін айтады және бүгінгі сабақтағы жетуге тиіс жетістік критерийлерімен оқушыларды таныстырады.

Жетті, егер...

Тыңдалған ақпарат бойынша қорытынды жасап, топтық талқылауда тапсырманы орындай алса;

Көтерілген мәселе бойынша идеяларын ұсынып, сұрақтарға нақты жауап бере алса

.Барлығы қонақтарға қарап, сәттілік белгісін көрсетеді.






Оқушылар қолындағы мерекелік суреттерге сай топтарға бірігеді.






Әр топтаы оқушылар өздеріне тиесілі мереке жайлы қысқаша білетіндерін айтады.







«Бірлік бар жерде тірлік бар» деген мақалды дауыстап хормен айтады



Оқушылар мұғаліммен бірге сөйлем мағынасына сай қимылдар жасайды.






-Сөздермен сөйлемдер айттық, сөл сөйлемдерге сай қимылдар жасайды

Ортасы

-------------

5.Миға шабуыл (Айтылым)

Мақсаты:Оқушылардың өткен білімдерін еске түсіріп, қайталау, тақырып бойынша білімдерін немесе идеяларын жинақтау, миға шабуыл жасау

7 мин




Топтық жұмыс: «Сөзден- сөйлем» әдісі

Мақсаты:қойылған сұраққа жауап болатын сөздерден мағыналы сөйлем құрасттыру, сөйлем мүшесіне талдау дағдысын еске түсіру

3 мин












Топпен жұмыс «(Ментальді карта» әдісімен , сатылай-диалогты талдау)

Тапсырмалар:

1-топ-Дыбыс

2-топ-Сөз

3-топ-Сөйлем

4-топ-Мәтін

Әр топ берілген тақырыпқа 1-менталды карта құрастырады,

2-дөңгелек болып тұрып, картаға сүйене отырып, сатылай-диалогты талдау жасайды.

Тапсырма критерийі: сызылған тірек –сызбада грамматикалық қате болмауы тиіс.

Сызбадан –сызба құрылуы тиіс

Жазылатын ой сөзбен немесе суреттермен берілуі тиіс

Тапсырмасы: Оқушылар топ болып отырады. Мұғалім сөйлем мүшелерінің сұрақтарын қояды. Оқушылар алдарындағы ақ параққа берілген сұраққа жауап болатын сөз жазады.Сөз жазылған парақтарын келесі топтарға сағат тілі бағытымен беріп, ауыстырып отырады. Мұғалім сұрағы біткен кезде алдарындағы 5 сөзден дұрыс сөйлем құрауға тапсырма береді. Әр топтан 1 оқушы шығып, дұрыс құралған сөйлемді дауыстап оқиды. Сөйлем мүшесіне ауызша талдайды.

Тапсырма критерийлері:

Берілген сұраққа жауап сөз сол сөйлем мүшесі болуы тиіс

Келесі сұрақ жауабы алдына келген сөзге мағыналас сөз болуы тиіс

Құрылатын сөйлем грамматикалық талаптарға сай болуы керек.


Тапсырма критерийлері:

Сөз буынға бөлініп жазылады, буын түрлері шартты белгілермен көрсетілуі тиіс

Әр дыбысты дыбыс түріне ажырату керек.



Топтағы оқушылар білімдерін ортаға сала отырып, карта құрып алады, дөңгелек болып тұрып, сатылай диалогты талдау жасайды.

Топтар келесі топтардың тапсырманы орындауларын күн мен бұлт суреттерімен бағалайды.

Құралатын сөйлемнің мағыналы сөйлем болуына назар аударады. Барлығы ақылдасып отырып, құрайды.

Топтар құралған сөлем мен талдауын басбармақ арқылы бағалайды.







Планшетке маркермен жазады, сөзге фонетикалық талдау жасайды.

Жазылым

Мақсаты:

Көркем жазуға, сөйлем құрап, оны талдау дағдыларын қалыптастыру


2мин







Жазылым

2 минут






Жеке жұмыс

«Планшет әдісі»

2мин





Сергіту сәті

1 мин


Тыңдалым және айтылым

3 мин




Айтылым

Топтық тапсырма

Мақсаты: Оқушылардың мәтін және оның түрлері жайлы өтілген білімдерін еске түсіріп жаңғырту және сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын  дамыту.

9 мин



Топтық тапсырма

Мақсаты: Оқушылардың пәнаралық сабақтастығын дамыту

2 мин



Аяқталуы

------------------

Кері байланыс

«Бас, қол, жүрек» әдісі

2 мин



Жетістік критерийі

1мин





Үйге тапсырма



Қосымша ақпарат

Дифференциация: Балаларға

қалай көмектесесіз?

-Балаларға жетекші сұрақтар, проблемалық сұрақтарға жауап алуға күнделікті үйретемін

Қабілетті

балаларға қандай

тапсырмалар бересіз?

-Қабілеті жоғары оқушыларға топта белсенділік көрсету үшін жиі күрделі тапсырмалар беріледі


Дәптермен жұмыс:

Күн реті, Сынып жұмысы, сабақ тақырыбы жазылады.

Көркем жазу.

Кк әрпін жазады

«Фотоаппарат» әдісімен көру диктантын жазады.

Тапсырмасы:

К дыбысы бар суреттер тақтадан шығады, сосын өшіріледі , есте қалған сөздерден сөйлем құрапn жазады.


Үздік сөйлемді оқушылар өздері табады.

2-жаттығу. Жұмыс дәптерімен жұмыс

Тапсырмасы:

Көп нүктенің орнына бастауыш болатын сөзді тауып, сөйлемдерді көшіріп жазады.Сөйлемге синтаксистік талдау жасау үй жұмысына тапсырылады.


2-тапсырма- «Планшет әдісімен» топтағы барлық оқушы сөйлемдегі бастауыш сөзіне фонетикалық талдау жасайды.

Жұмыстарын жоғары көтереді ,мұғалім тапсырманың орндалуын бағалайды.

Сергіту сәті

«Асық» әніне би қимылдарын жасату


Оқулықпен жұмыс

Меркелер жайлы 1-жаттығуды орындайды

Тапсырмасы:Мәтінді түсініп оқу,мәтінге қатысты берілген тақырыптарды сәйкестендіру және мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құрау


Топқа бөлінген суреттерінен «Коллаж әңгіме» әдісімен мәтін құрап, айтады.

1-топ-Әңгімелеу мәтінін құрастырып, айтады.

2-топ-Сипаттау мәтінін құрастырып айтады.

3-топ-Пайымдау мәтінін құрастырып айтады.

4-топ-Достық жайлы ойларынан өлең шығарады.

Тапсырма критерийлері:

Топта барлық оқушы бір-бірінің пікірін тыңдап,ереже талаптарына сай мәтін құрауы тиіс

Құрылған мәтіндегі сөйлемдер грамматикалық байланыста болуы тиіс



«Лото» ойыны

Тапсырмасы: Әр топқа 1лото парақтары таратылады.Лото көздерінде сұраққа қатысты жауаптар жазылады. Мұғалім сұрақ қоды, сол сұрақ жауабын топ оқушылары жылдам тауып лото таспасын дұрыс жауап көзіне қояды. Қарсы топтың топ басшылары дұрыс жауапты тексеріп санап тұрады.



арқылы нені меңгердің?

арқылы не жұмыс жасадың?


арқылы нені сезіндің?

Жетті, егер...

Тыңдалған ақпарат бойынша қорытынды жасап, топтық талқылауда тапсырманы орындай алса;

Көтерілген мәселе бойынша идеяларын ұсынып, сұрақтарға нақты жауап бере алса

Мұғалім:

-Біз бүгінгі алдымызға қойған жетістіктерімізге жете алдық па? Деген сұраққа оқушылардан жауап алады.

3-жаттығу. Тапсырмасы:

«Балалар күні мерекесі» деген сөзжұмбақ төңірегінде «Менің мерекем» тақырыбында эссе жазу.

Бағалау:

Оқушылардың білімдерін қадағалауды

қалай жоспарлайсыз?

-Оқушылардың білімдерін әр түрлі бағалау түрлерімен бағалаймын. Мадақтауды көп қолдануға тырысамын.

Дәптерге көркем етіп жазады.Есте қалған суреттерді қатыстырып,1сөйлем құрап,дәптерлеріне жазады.





.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.10.2020
5933
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі