Қысқа мерзімді жоспар
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғаламтор ғаламаты. Шылау түрлері. Шылау емлесі |
|
|||
|
Күні: |
|
|||
|
Сынып: 7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||
|
Сабақ тақырыбы: |
Ғаламтор және кітап |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.1.5.1 проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау 7.3.3.1 мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу; |
|||
|
Сабақ мақсаттар |
Оқушылар проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыра, талқылай алады. Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жаза алады. |
|||
|
Сабақ барысы |
||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы 3 минут 5 минут |
І. Ұйымдастыру кезеңі, оқушыларды түгелдеу. ІІ. «Досыңа тілек» әдісі арқылы сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру. Досына тілек айтып, алақанына гүл қояды. ІІІ. Топқа біріктіру. Алған гүлдерінің артқы бетінде 1, 2, 3 саны жазылған. Сол сандар бойынша сыныпты топқа біріктіру: «Гугл», «Ғаламтор», «Кітап». «Таза тақта» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтап, сабақ тақырыбын болжап, мақсатын анықтайды. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты түсіндіріледі. |
Топ аттары жазылған қима қағаздар мен суреттер
|
||
|
Сабақтың ортасы 6 минут 8 минут 5 минут 8 минут |
Ойтүрткі. Тыңдалым. Бейнеролик: Ғаламтордың пайдасы мен зияны. «Келісемін, келіспеймін» әдісі арқылы ғаламтордың пайдасы мен зиянын талқылайды. Мұғалім: - Күнделікті өмірде адам өмірін жеңілдетуге ғаламтордың пайдасы бар ма? - Ғаламтордан кітап оқып көрдіңдер ме? - Қағаз кітап пен электронды кітапты оқудың айырмашылығы бар ма? - Соңғы кезде қандай кітап оқыдың? Сауалнама. Сауалнама сұрақтарымен танысып, кемінде үш адамнан жауап алады.
1-тапсырма. Оқылым тапсырмасы. «Ара ұясы» әдісі.
ҚБ «От шашу (үш шапалақ)» арқылы бағалау. /оқушыларды мадақтау/ Дескриптор:
2-тапсырма. Жазылым тапсырмасы. «Мен білемін» әдісі. Мен, бен, пен қай жерде шылау, қай жерде көмектес септік жалғауы болып тұрғанын анықтап, мақал-мәтелдерді ережеге сай дұрыс жазыңдар. 1. Оқу ине (мен) құдық қазғандай. 2. Тау (мен) тасты су бұзар, Адамзатты сөз бұзар. 3. Надан (мен) дос болғанша, Кітап (пен) дос бол. 4. Азамат (пен) дос бол, қадіріңді біледі. 5. Дос (пен) дос болғанша шаттан, Дұшпан (мен) дос болғаннан сақтан. 6. Тіл қоса алар жер (мен) көктің арасын, Тіл айырар анасы (мен) баласын. 7. Үй баласы (мен) базарлы, Қонағы (мен) ажарлы. 8. Ағын (мен) су зораяр. ҚБ «Қолпаштау» арқылы бағалау. /оқушыларды мадақтау/ Дескриптор:
3-тапсырма.Топтық жұмыс. « Рөлдерді бөлу: Жүргізуші/ талқылауды ұйымдастырушы/ Блогер/өз көзқарасы мен пікірін ұсынушы/ Сыншы/өзгеше ұсыныс жасап, терістеуші/ Қолдаушы/ұсынысты қолдаушы/ Дескриптор:
ҚБ
Саралау:«Автор орындығы» әдісі арқылы рөлдері сәтсіз шыққан оқушыларға қосымша сұрақтар қою арқылы, образдарын ашуға жетелеу.
ЕББҚЕО |
https://youtu.be/4NbBJW7-x-4 https://massaget.kz/blogs/19019/ Интербелсенді тақта, маркер Рөлдік ойын бойынша оқушыларға белгіленген рөлдердің атаулары жазылған тәжді пайдалану. |
||
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Кері байланыс. Кері байланыс: «СМС хат» әдісі кері байланыс жазады.
Үй тапсырмасы: «Өзіңді танығың келсе, кітап оқы» ойтолғау жазыңыз. |
|
||
Жастардың кітап оқымауына ғаламтор кінәлі ме?
Кітап – білім бұлағы. Сол бұлақтан су ішкен сайын шөліміз басылады. Кітап та солай, адам қаншама көп кітап оқыса, білім нәрімен сонша сусындалады. "Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтан артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік" деген екен Ғабит Мүсірепов. Адам бар білгенін кітапқа жазады, білмегенін кітаптан алады. Десек те, қазіргі қоғамда халықтың көп бөлігі, кітаптың көмегіне емес, ғаламтордың көмегіне халықтың басым көпшілігі жүгінеді. Көркем әдеби шығарманы қолына алып,оқып жүрген адамдар саны да, яғни халық саны да бірте-бірте азаюда. Кітаптың орнын қазіргі заман ағымындағы заманауи озық техникалар, атап айтсақ: компьютер, смартфон, айпад, планшеттер басуда. Қазіргі адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Ғаламтордың өмірімізге кеңінен енгені соншалықты, қазіргі жеткіншектердің көбісі таңның атысынан, кештің батысына дейін ұялы телефонға телміре қарап отырады. Ғаламтор – олардың тәрбиешісі. Жұмыс басты ата-ана балаларына көңіл бөлуден қалды. Ғаламтор тек жақсы қасиеттерге үйретпейді, әрине, зиянды жақтары да көп дүние. Жасөспірімдердің көп бөлігі кітап оқып,өз ойын қорытудың орнына, ғаламторға кіріп даяр дүниені көшіріп алуға әбден дағдыланған. Бұл әрине адамның өз бетінше ойлап ізденуіне, ойын әрі қарай дамытуына кедергісін келтіреді. Егер әрбір ата-ана баласына жіті көңіл бөліп, ғаламторды пайдалануына белгілі бір шек қойып қадағаласа, көркем әдебиет оқырманының саны да артады деген ойдамын. "Өзіңді танығың келсе кітап оқы, өзгені танығың келсе кітап оқы" деген екен Расул Ғамзатов. Кітаппен дос болған адамның ой өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты адам болып қалыптасары анық.
https://massaget.kz/blogs/19019/
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ, қазақ тілі, 7-сынып

шағым қалдыра аласыз

Рөлдік ойын»
әдісі