Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Ашық сабақ. Қазақ тілі. Тақырыбы: "Қос сөздер". Бастауыш сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазақ тілі

Уақыты: 13.12.18ж

Мұғалім:Шертанова А.Н.

Сабақтың атауы

Қос сөздер


Оқушыларға қос сөздердің  жасалу жолдары мен ерекшеліктерін жетік меңгерту, қазақтың ұлттық ойын түрлерімен таныстыру.

Оқушылардың күрделі және біріккен сөздер туралы алған білімдерін , есте сақтау, көру жадыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ізденушілік, шапшаң ойлаушылық қабілеттерін арттыру.

Оқушыларды сыйластыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, Ұлттық нышандарды дәріптеуге тәрбиелеу, бірін-бірі бағалай білуге үйрету.

Ресурстар: слайдтар,, мата, тақия, қима қағаздар, ақтық, білім стикер, т.б.

Сабақтың түрі: ойын сабақ, жаңа сабақты меңгерту.

 Сабақтың әдістері: деңгейлеп оқыту, семантикалық картамен жұмыс, оқулықпен жұмыс, шығармашылықпен айналысу

Мақсаты

Күтілетін нәтиже








Үй тапсырмасы





«Аударыспақ» ойыны

1.Күрделі сөз дегеніміз...?

2.Біріккен сөздер дегеніміз не?

3.Біріккен сөздердің жазылуын ата?

4.Біріккен сөздерге мысал келтір?



Жаңа сабақ









Қос сөздер

1-жаттығу. (Ауызша)

Төмендегі күрделі сөздерді оқып, мағынасын түсіндір. Олардың қалай жасалғанын айт.

Алуан-алуан, бақа-шаян, үлкен-кіші, жап-жақсы, оқта-текте,  былқ-сылқ, бүгін-ертең, көре-көре.

  Екі сөздің қосарланып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөздер дейді.Қос сөздердің арасына дефис(-) қойылып жазылады.Мысалы:ата-ана,үп-үлкен,дүркін- дүркін.

 


Қос сөздің түрлерін түсіндіру:

Қайталама қос сөз

түрлі-түрлі, айғыз-айғыз

Қосарлама қос сөз

Сарт- сұрт, киім- кешек

Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер.Үп-үлкен,кіп-кішкентай

Сергіту сәті . «Көңілді би»

2-жаттығу. (карточка арқылы)

Сөйлемдерді оқып, қос сөздердің астын сыз.

1.Қазы- қарта, жал- жая қазанда бұр- бұрқ қайнайды. 2.Үйге кірмеген жігіт- желең, кәрі- құртаңдар өз алдына бір топ. 3.Балконның есігін ашып еді, еденде тыпыр- тыпыр етіп жатқан әлдебір құсты көрді. 4.Арбамыз толған азық -түлік, киім -кешек, құрал- сайман еді.5. Бақа шыбын- шіркей, құрт- құмырсқаны тілімен қағып жейді.

Қос сөздің біріккен сөзден қандай айырмашылығы бар?

7.«Айтыс» ойыны.

3-жаттығу. (слайд арқылы ауызша) Суретке қарап,  заттардың атауларын қос сөзбен айт. Осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырып айт.

(Ыдыс-аяқтар өте әдемі , балаларға арналған газет- журналдар бар, әкемде балта- балға бар, құрал- сайман керек.)


8.«Тақия тастамақ» ойыны: (тақия тасталған сәттен бастап тез жазу керек).

 4-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз.

Асқат

Жамап- жасқап,

Жасапты ақ сапты аспап.

Ақ сапты аспабы-

Жап- жақсы аспап.

  • Қос сөздерді тауып, астын сыз.

9.«Соқыртеке» ойыны.

5-Жаттығу.Оқушыларды көздерін жұму арқылы, сандықшадан  карточка таңдайды. Сол алған қос сөздің бір сыңарын айтады.

Алыс-жақын, арпа- бидай, сарт-сұрт, жоғары-төмен , тату-тәтті, қант-шай, ағайын- туған,  алпыс –жетпіс .

10.«Палуандар күресі» деңгейлік тапсырмаларды орындау: «Білім дискпен жұмыс»

  • Дұрыс немесе дұрыс емес ( 5 сұрақ)

  • Тест (10 сұрақ)

  • Сәйкесін тап (ақ-аппақ , кішкене_ кіп- кішкене, қысқа _қып- қысқа, түзу_ түп- түзу, көк_ көкпеңбек,ұзын_ ұп- қзын)

  1. Жаңа сабақты қорытындылау: «Саялы бәйтерек аясында»

«Венн диаграмасы»

          Біріккен сөз            ұқсастығы               Қос сөздер




Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Рефлексия



1.Түсіндім ,біреуге түсіндіре аламын

2.Түсіндім

3.Білгім келеді

Үйге тапсырма

1 Ереже жаттау, 6- жаттығу


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.














Тексерілді:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
751
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12