Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ" Қазақстан – халықаралық құқық субъектісі" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға ҚМЖ құру кезінде көмек болады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектебі: № 36 қазақ орта мектебі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.3В Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991 – 1997 жылдар)

Сабақ тақырыбы:

Қазақстан – халықаралық құқық субъектісі (2-сабақ)

Мерзімі: 03.05.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Тайман Жанар Тугайбаевна

Сынып: 9

Қатысқандар:


Қатыспағандар:


Осы сабаққа негізделген оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.2.3 – Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдау

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Қазақстан Республикасы мүше болған әлемдік қауымдастықтарды біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдармен байланысын зерттейді.

Кейбір оқушылар: Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы орнына баға береді.


Ойлау дағдыларының деңгейі:


Білу, түсіну, қолдану, бағалау.

Тарихи концепт:

Маңыздылық:

Қазақстан тарихындағы әлемдік қауымдастықтың маңыздылығын анықтайды.

Бағалау критерийлері:

- Қазақстан Республикасы мүше болған әлемдік қауымдастықтарды анықтау;

- Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдармен байланысын зерттеу;

- Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы орнына баға беру;


Тілдік мақсаттар:

Пәндік лексика мен терминология:

Сыртқы саясат, тұрақты даму, Еуразиялық одақ, Ислам конфедерация ұйымы.

Құндылықтарды дарыту:

- Толеранттық сананы қалыптастыру,

- Сыни ойлауға жетелеу;

- Ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісімге баулу;

- Қазақстан халықтарының достық пен келісім дəстүрін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.

Пәнаралық байланыс:

География, дүниежүзі тарихы, құқық;

АКТ дағдыларын қолдану:

Карта, интерактивті тақта (слайд-презентация)

Алдыңғы сабақ білімдері:

Қазақстан – халықаралық құқық субъектісі (Мозайка әдісі)








Жоспар


Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут




2 минут


Жағымды психологиялық ахуал туғызу. Тренинг: «Жақсы тілек». Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне өздерінің есімдері басталатын әріптен тілек айтып, бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлайды.


«Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу.

Тақырыпқа байланысты сурет қиындыларын құрастыру арқылы негізгі ұғымдарды анықтау тапсырмасы беріледі.



Бағалау: Мадақтау


Тапсырма жазылған карточкалар



https://www.google.com/search?q=саммит+обсе&tbm=


«Оқытудағы интербелсенді әдістер»

Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ






Сабақтың ортасы

30 минут











1-тапсырма. Ротация әдісі (мәтінмен жұмыс)


Әрбір топ тақырыпты оқып шығып,өз терминдеріне байланысты оқиғаларды оқып, жазып, баяндайды.


Критерий:

  • Көрші мемлекеттерді атау;

  • Халықаралық ұйымдармен байланысын зерттеу;

  • Қазақстанның болашағы туралы болжамдарын айту;

Дескриптор:

  • Көрші мемлекеттердің 1-2 атайды;

  • Халықаралық ұйымдар туралы пікірлерін ортаға салады;

  • Қазақстанның болашағы туралы болжамдарын айтады.

Қалыптастырушы бағалау: «Жапондық бағалау»



2-тапсырма. Кілт сөздер арқылы әңгіме құрастыру.

«Үздіксіз сөйлеу» әдісі

Кілтті сөздер негізінде «Қазақстан – халықаралық құқық субъектісі» тақырыбында әңгіме құрастыруға тапсырма беріледі. Әр топтың атынан тақтаға шыққан оқушы карточкаға жазылған кілт сөздерді қолданып, 1 минуттық әңгіме құрастырып шығуы керек. Әңгіме құрастыруға ұсынылатын кілт сөздер: Қазақстан Республикасы, Н.Ә.Назарбаев, Еуразиялық мемлекеттер одағы, тұрақтылық пен қауіпсіздік, Орталық Азия, ортақ нарық, Интеграция, Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы, Кедендік одақ ... т.б. Мұғалім дескрипторға сәйкес топтардың жауабына кері байланыс береді.

1-топ. Қазақстан Республикасы, Н.Ә.Назарбаев, Еуразиялық мемлекеттер одағы;

2-топ. Экономикалық блок, Орталық Азия, ортақ нарық

3-топ. Сыртқы саясат, Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы, Ислам Конференциясы, Кедендік одақ

1 – топ.

Критерийі:

  • Еуразиялық одақ туралы ақпаратты анықтау;

Дескрипторы:

  • Еуразиялық одақтың құрамындағы 1 мемлекетті атайды;

  • Еуразиялық одақтың құрамындағы бірнеше мемлекеттерді табады;

  • Қазақстан Республикасы Еуразиялық одаққа не үшін мүше болғандығын талдайды.

2 – топ. Критерийі:

  • Экономикалық қатынастарды анықтау;

Дескрипторы:

  • Қазақстанның көрші елдермен байланысын айтады;

  • Одақ құру қажеттілігін зерттейді ;

  • Нарықтық экономикаға баға береді.

3 – топ. Критерийі:

  • Сыртқы саясат туралы білімдерін толықтыру;

Дескрипторы:

  • Мұсылман елдері туралы айтады;

  • Сыртқы саясатты зерттейді;

  • Экономикалық одақ құру қажеттілігін дәлелдейді.

Бағалау. Дескриптор арқылы бағалау




Үлестірме қағаздар




Интерактивті тақта








https://www.google.com/search?q=жапондық+бағалау+әдісі&hl











Имжарова З.У. «Сын тұрғысынан ойлау білім алу үрдісінде» оқу-әдістемелік құрал

Ақтөбе қаласы, 2012ж.











Асхат Әлімов

Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану

Алматы, 2015ж.









Қозыбаев М.Қ.

Қазақстан тарихы (көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейін). Бес томдық. Алматы, «Атамұра» 2010ж.












Сабақтың соңы

4 минут

Кері байланыс: «Аяқталмаған сөйлем»

Мен бүгін білдім...

Маған қызықты болды....

Мен келесі тапсырмаларды орындадым....

Мен.... екенін түсіндім.

Мен енді ....жасай аламын.

Мен үйрендім....

Мен....жасай алдым.

Мен .....жасап көрермін.

Мен таңқалдым...

Мен өмірде қолданамын....

Маған ұнамады.....


https://www.google.com/search?hl=ru-KZ&authuser=0&biw=1366&bih=608&tbm

2 минут

Рефлексия. «Ақылды үкі»

Сабақты түсініп келемін.

Сабақты түсіндім.

Сабақты мүлдем түсінбедім.


https://www.google.com/search?hl=ru-KZ&authuser=0&biw=1366&bih=608&tbm=isch&sa=1&ei

Саралау.

Сабақ барысында мақсат бойынша, қарым-қатынас жасауда, диалогқа түсуде, оқуды жүзеге асыру, ресурс пайдалану, оқушыға жеке, жұптық қолдау көрсету арқылы саралау жүргізіледі.

«Мозайка», «Үздіксіз сөйлеу», «Ротация», әдістері арқылы зерттеу сұрақтарын жүргізуді және шешімдерін табуды ұсына отырып айтылым, оқылым, тыңдалым және жазылым дағдыларын қалыптастырамын.

Оқушылардың білімін саралау мақсатында ізденіс, зерттеушілік, дәйектер келтіру дағдыларын дамытуды мақсат етемін.

Бағалау – сабақ барысында қолданылған бағалау түрлері: мадақтау, Жапондық бағалау, дескриптор арқылы бағалау.



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Сыныпта қауіпсіздік техникасын сақтау туралы нұсқаулық беріледі.

Сабақ бойынша рефлексия.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қол жетімді болды ма? Оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына жетті ма? Жоқ болса неге? Сабақта дифференциация дұрыс өткізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Жоспардан қандай ауытқулар болды және неге?



Жалпы баға

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? (сабақ беру мен оқыту жөнінде ойланып көріңіз)?

1:

2:

Сабақтың жақсаруына не әсер етуі мүмкін (оқыту мен оқу жөнінде ойланып көріңіз

1:

2:






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.06.2021
4615
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12