Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қазақстан көлдері" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіл әлемдік өңірлік мәселелерді шешуге, жаһандық тұрғыдан қатысуы: Қазақстан аумағындағы көлдерді біледі. Табиғатты қорғауға өз үлесін қосады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп: №113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектеп

І Бөлім. Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5 тарау Су - тіршілік көзі.

Сабақ тақырыбы: Қазақстан көлдері

Күні: 27.04.2018ж

Мұғалімнің есімі: Ханходжаева Ф.А


Сынып 5 - «А» сынып

Қатысқандар саны 12

Қатыспағандар саны -0


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


5.1.5.1. Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты

анықтау.

5.5.1.4. Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда

орынды қолдану.

5.4.2.1. Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі

оқиғаны сипаттап жазу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы тақырыпты

анықтай біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Мәтін ішінен жіктеу, сілтеу, сұрау

есімдіктерін ажырата алады, жазба, ауызша жұмыстарда

орынды қолдана алады.

Кейбір оқушылар: Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты,

белгілі оқиғаны сипаттап , эссе жаза алады.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)


1.Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы тақырыпты анықтайды.

2.Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда

орынды қолдана алады.

3. Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі

оқиғаны сипаттап жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: Тыңдалым, жазылым

Терминология: Алғашқы дәуір, көне, бұғаз, бастау, балшық, айқын.

Сөз тіркестері: Алғашқы дәуір, көне түркі, Балқаш көлі, Іле өзені,

Жетісу аймағы.

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіл әлемдік өңірлік мәселелерді

шешуге, жаһандық тұрғыдан қатысуы: Қазақстан аумағындағы көлдерді

біледі. Табиғатты қорғауға өз үлесін қосады.

Пәнаралық байланыстар

География – көлдердің орналасқан жерін біледі.

Қазақ әдебиеті – мәтінді түсіне алады, эссе жазады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, ноутбук, слайдттар.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Қазақстанның көлдері туралы біледі, судың пайдасын айтып бере алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

12 мин

І Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпта психологиялық ахуалды

қалыптастыру. Оқушылардың зейінін шоғырландыру, сабақтың

басталуына жақсы көңіл - күй қалыптастыру үшін «Сиқырлы қорап»

әдісін пайдалану. Оқушылар өздерінің бойындағы бір жақсы, бір жаман

қасиетін стикерге жазып, жақсы-жаман қорапқа салады.

жақсы қасиет жаман қасиет

Оқушыларды топқа біріктіру

«Өз жұбыңды тап» әдісі арқылы оқушыларды көлдердің суреттеріне

қарап екі топқа біріктіру.


1 – «Зайсан» көлі. 2 – «Балқаш» көлі.



Үй тапсырмасын «Сиқырлы қоржын» әдісі арқылы пысықтау.

Интербелсенді тақтадағы түрлі суреттерге қарап, қоржынның ішінен

алынған сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпты ашамыз.




1. Судың қандай түрлері бар?

2. Судың бізге қандай пайдасы бар?

3. Су тапшы қандай мемлекеттерді білесіз?

4. Қазақстанда қандай өзендер бар?

5. Мына суреттерде не бейнеленген?

6. Бұл сулардың қайсысы ішуге жарамды?

7. Қазақстанда қандай көлдер бар?

8. Көлдердің атын ата.


Дескриптор:

Сұраққа жауап бере алады.

Өз ойын толық айта алады.

Топпен жұмыс істей алады.

ҚБ мұғалімнің кері байланысы (мадақтау сөздер).


стикер

екі қорап

«Сиқырлы

қорап» әдісі




«Өз жұбыңды

тап» әдісі

көлдердің

суреттері



«Сиқырлы

қоржын»

әдісі

сұрақтар

суреттер

слайдтар







Ортасы

20 мин


Жаңа сабақ:

Тыңдалым, жазылым дағдысы

«Ізден, ойлан, тап» әдісінен пайдаланып, жаңа сабақтың мәтінін ноутбук

арқылы оқушыларға тыңдатамын. Интербелсенді тақтадан оқушылар

мәтінді оқиды.

3-тапсырма. Мәтінді тыңда, түсініп оқы, мәтінге тақырып қой.

Балқаш – Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі.

Ол алғашқы дәуірдегі Пятис деген теңіздің қалдығы болып есептеледі.

Көл Сарыарқа мен Сарыесік құмдарының аралығында орналасқан.

Соңғы кезде Балқаш көлінің деңгейі 2 метрге дейін төмендеген.

Қазіргі Балқаштың ұзындығы – 614 км, ең терең жері – 26,5м.

Балқаш көне түркі тілінде «балшық», «балық» деген мағынаны білдіреді.

Суының деңгейі бірде көбейіп, бірде азайып отырады.Ұзынарал бұғазы

Сарыесік пен Балқашты байланыстырады. Соның нәтижесінде көлдің

батысында су – тұщы, ал шығысында– ащы. Көлге негізгі суды

Іле өзені құяды. Іле өзенінің ұзындығы – 2385км. Іле өзенінің

басы Қытайдың Текес және Күнгес өзендерінің қосылатын жерінен

басталады. Іле өзенінің Қазақстандағы ұзындығы – 740 км. Іле – Жетісу

аймағындағы ең ірі өзендердің бірі. «Іле» сөзі моңғол тіліндегі

«ил, илэ» деген сөзге жақын, яғни «ашық, айқын» дегенді білдіреді.

Іле өзенінің Балқащқа құяр жеріндегі тоғайлы батпақты жерлер

мемлекеттің қорғауына алынды.

Мұнда балықтың сазан, көксерке, ақ балық, ақмарқа т.б. 12 түрі кездеседі.


ҚБ Оқушыларды қызыл, жасыл, сары алмалы стикермен

бағалау (тапсырманы өте жақсы орындаған оқушыға қызыл

алма, жақсы орындаған оқушыға жасыл алма, қанағатты

орындаған оқушыға сары алма беріледі).


Дескриптор:


Мәтінді тыңдайды.

Мәтінді түсініп оқиды.

Мәтін ішінен жіктеу, сілтеу, сұрау

есімдіктерін табады.

7-тапсырма

«Қара жәшік» әдісін пайдаланып ,төмендегі сөздерді қатыстырып,

суреттен пайдаланып, табиғатты белгілі бір оқиғаны сипаттап эссе жазу.

Керекті сөздер: Алғашқы дәуір, көне,бұғаз, бастау, балшық, айқын .

Дескриптор:

Жаңа сөздерді падаланып, эссе құрылымын

сақтай отырып, адамды, табиғатты суреттейтін

белгілі оқиғаны сипаттап эссе жаза алады.

Орфография нормаларына сай жазады.

Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін қатыстырып

эссе жазады.

ҚБ Оқушыларды «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы бағалау. Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраймын.

Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат

Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.

ноутбук интербелсенді

тақта, оқулық

5-сынып қазақ тілі




















Алмалар стикері














«Қара жәшік» әдісі








«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі








Аяқталуы

8 мин

Жеке жұмыс

«Аралдар әдісі». Кері байланыс

Карта суреті арқылы қай аралда тұрғанынын анықтау арқылы өз білімін

бағалайды.

Дескриптор:

Қазақстан көлдері туралы біледі.

Көлдердің географиялық орнын біледі.

  • Жаңа сабақтан алған білім деңгейін біледі.


Үйге тапсырма: 5-тапсырма .

Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазу.


«Аралдар»

әдісі

карта суреті


Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Бүгінгі сабағымда саралау әдістерін оқушылардың

қабілеттеріне қарай жүргіздім. «Сиқырлы қорап» , «Өз

жұбыңды тап» , «Ғажайып қоржын», «Ізден ойлан тап»,

«Қара жәшік», «Аралдар» әдістерін сабақта қолданып,

оқушының деңгейіне қарай сұрап, қадағаладым.

Оқушылардың өз ойын толық айтқызуға баулимын.

Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды

ұсынамын.

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Қалыптастырушы бағалау: Үш түрлі әдіс арқылы іске асты.

«Алмалы стикер» арқылы,

«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы,

«Аралдар әдісі» арқылы бағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Сабақ шынайы мақсатқа құрылған.

Мақсатқа жету үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды.

Тақырып толығымен ашылды.

Оқушылар Қазақстан Республикасының көлдері туралы

толық мәліметке ие болды.Сыныптағы ахуал өте жақсы

болды.

Саралау шаралары тиімді болды.

Сабақта уақыттан тиімді пайдаландым.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. «Өз жұбыңды тап» әдісі табысты болды.

  2. Оқушыларды «Сиқырлы қоржындағы» сұрақтарға жауап беруі табысты болды.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. «Аралдар әдісі» топтық жұмыс түрінде жүргізіліп,сабақтың мақсатына жеткізді.

  2. Бағалау түрлері оқушылардың ынтасын арттырды.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

  1. Қабілеті жоғары оқушыларға дайындалған тапсырмалар тиімді болды.

  2. Үлгерімі төмен оқушыларға тапсырмалар дайындауым керек.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.02.2019
1113
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12