400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қазақстан Республикам менің!"

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ өткізгенге өте тиімді барлығы бар . Республика күніне байланысты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 24.10.2023

Сынып: 5

Сынып тәрбиешісі: Абдықалықова Л.М

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Мектеп:


Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Қазақстан Республикам менің!»


Күтілетін нәтижелер

  • Отаншыл, мемлекетшіл жәненамысшыл;

  • Мемлекеттік рәміздердіқадірлейді;

  • Елінің тарихын құрметтейді;

  • Ұлттық мирасты, мәдениеттідәріптейді;


Құндылықтарды дарыту:

Ұлттық мүдде

  • Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу;

  • Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруғабелсенді үлес қосу;

  • Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу;


Пәнаралық байланыс:

қазақстан тарихы қазақ тілі, қазақ әдебиеті, музыка


АКТ қолдану дағдылары:

Нақыл – сөздер


Эпиграф

Республика күні – елдігімізді нығайтатын ұлттық мереке

 Қасым-Жомарт Тоқаев




















Тәрбие сағатының барысы

Тәрбие сағатында жоспарланған кезеңдері

Тәрбие сағатындағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

«ГИМН»







Психологиялық ахуал:

«Кездесу» ойыны





Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.




 Негізгі бөлім









































































1сайыс

«Ел тарихы»

«Сұрақ - жауап» әдісі











2.Мақал-мәтелдер

сайысы.

«Жалғасын тап»

















3. сайыс Сөз құрау.









4. сайыс «Бейне»






QUIZIZZ арқылы ойын

Құрметті оқушылар бүгін сіздердің назарларыңызға «Республикам менің» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы — туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.

Ұлы ағартушы, халқымыздың рухани көсемі А. Байтұрсынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан өссін»деген екен. Біз сіздерге тек перзентіміз емес, еліміздің ертеңі, нұрлы болашағы деп қараймыз. Мұхаммед Пайғамбарымыз «Жастық шақта алған білім — тасқа ойылған нақыш» деген екен. Ендеше сендер бала кезден бастап терең білім меңгеруге тиіссіңдер. Туған еліміздің биікке ұшар сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болыңдар дегім келеді.

2022 жылғы 16 маусымда Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнінің мәртебесін қалпына келтіруді және оны 25 қазанда Ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынды. Мемлекет басшысы: "1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл біздің еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды. Республика күні елдің мемлекеттілікке деген батыл қадамының символы болуға тиіс".

Республика күні Жоғарғы Кеңес Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларацияны қабылдаған 1990 жылғы 25 қазандағы күнмен байланысты. Декларацияның айрықша рөлі Қазақстан алғаш рет өзін өзінің дүниетанымы, жеке салт-дәстүрлері, сондай-ақ өзінің болашағы туралы көзқарасы бар бірегей аумақтық субъект ретінде жариялады.

1990 жылғы декларацияның саяси-құқықтық маңызы "ҚР Мемлекеттік Егемендігі туралы" заңда да атап өтілді (1991 жылғы 16 желтоқсандағы).

Осылайша, мереке күнтізбесінде Республика күнін жаңғырту-бұл жаңа Қазақстанның ұрпағының өзінің бастауы мен сабақтастығын мойындауының, тарихи еңбегі мен халқымыздың мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы ерік-жігерін құрметтеуінің символы.

Мерекенің негізгі лейтмотиві республика мен ұлт үшін пайдалы істерді іске асыру төңірегінде ұлтты шоғырландыру болуға тиіс.




1.Қазақстан Республикасы тәуелсіздігн қашан алды?

2.ҚР-ның рәміздерін ата.

3.Елорда қай қала?

4.Еліміздің ұлттық ақшасы қалай аталады?

5.ҚР-ның ұлттық теңгесі қай жылы қабылданды?

6.Ата заң қай жылы қабылданды?

7.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

8.Гимннің авторларын ата.

9.Елордамыз Астананың символы не?

10. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?



1.Қазақстан Республикасы тәуелсіздігн қашан алды?

2.ҚР-ның рәміздерін ата.

3.Елорда қай қала?

4.Еліміздің ұлттық ақшасы қалай аталады?

5.ҚР-ның ұлттық теңгесі қай жылы қабылданды?

6.Ата заң қай жылы қабылданды?

7.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

8.Гимннің авторларын ата.

9.Елордамыз Астананың символы не?

10. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?




Отансыз адам – ……?

(Ормансыз бұлбұл)


Туған жерге …..? (туынды тік)

Туған жер тұғырың. …?

(Туған ел қыдырың.)


Опасызда ….? (Отан жоқ)

Туған жердің қадірін?

(Шетте жүрсең білесің)


Отан ….. (Оттан да ыстық)

Ер жігіт ел үшін туады,

(Ел үшін өледі)


Батыр туса – ел ырысы

(Жаңбыр жауса – жер ырысы)



«Қазақстан», «Республика» сөзінің әріптерін қолдану арқылы бірнеше сөз жазу. (Әр сөз 1 ұпай)







Өздерінің салған суреттерін бейнелеу, ол туралы айту












































































Сергіту сәті

Доп пен ақ қағаз» әдісі


Shape1


Кері байланыс

«Балалар өздерінің кері байланысын жазады»




Қорытынды


Балалар бүгін біз сендермен Туған еліміз Қазақстан туралы көптеген мәліметтер алдық. Републикамыз қандай ел екен. Туған жер, ел туралы көптеген мақал – мәтелдер білдік.

Сонымен біздің «Қазақстан Республикам менің» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл бөлгендеріңізге көп – көп рахмет.






Д.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
23.10.2023
274
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі