жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштерінің қандай ерекшеліктері бар?
ҚМЖ
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.3 А Сақтар Мектеп: Досбол орта мектебі Күні: 05.05.2018 ж Мұғалімнің аты-жөні: Ережепова Асел Батырбековна Сынып: 5 Қатысқандар: 15 Қатыспағаны: 0 |
||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштерінің қандай ерекшеліктері бар? |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) |
5.2.2.5- Ә.Марғұланның Қазақстан археологиясының дамуына қосқан үлесін анықтау. |
|||
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар: - Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің ескерткіштерін анықтайды; (түсіну) Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар:
|
|||
|
Бағалау критерийі |
- Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің ескерткіштерін анықтайды; - Ә.Х.Марғұланның қола дәуірі туралы зерттеуін талдайды; - Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктерін түсінеді; - Қола дәуірінде көшпелі мал шаруашылығына көшу себептерін талдайды. |
|||
|
Тілдік мақсаттар: |
Қазақстан аумағындағы ескерткіштерді көріп, өз ойларын айтады.(айтылым дағдысы) Тақырып бойынша топтар мәтіндік тапсырмалар алып, оқиды. (оқылым дағдысы) Қола дәуірі туралы бейнефильм көреді. (тындалым) Тарихи дерек көздерді тауып, дәптерлеріне жазады. (жазылым) |
|||
|
Құндылықтарға баулу: |
шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; қарым қатынас жасау қабілеті; өзгелердің мәдениетіне және көзқарасына құрметпен қарау; жауапкершілік; денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету; өмір бойы, оқуға дайын болу. |
|||
|
Пәнаралық байланыс: |
География, дүние жүзі тарихы. |
|||
|
Алдыңғы білім: |
|
|||
|
Сабақ барысы: |
||||
|
|
|
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы: 3 мин 20 мин 10 мин |
«Табыс қоржыны» әдісі арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Біз сіздермен барлығымыз табыс қоржынына жету үшін шеңбердің ішінде қоршауға түсіп қалған оқушыларға сұрақтар қойылып, ол оқушылар сұраққа жауап беріп шеңберден шығып қоржынға жету керек. «Мозайка» әдісі арқылы топқа бөліну. І- топ «Андрондықтар» тобы; ІІ-топ «Беғазы-Дәндібай» тобы; АКТ –ны пайдалану арқылы http://www.tarih.spring.kz/kk/history/oldest/maps/ сайтынан бейнежазба көрсете отырып зейінін қалыптастырамын және сабақтың тиімділігін арттырамын. Мәтінмен жұмыс І топ Андрондықтардың қандай кәсіппен айналысқандығын анықтайды ІІ топ Шаруашылығын сипаттайды Дескриптор
«Сенемін-сенбеймін» әдісі (Танымдық дағдысын қалыптастыру). Кезең шарты: әр топқа кезекпен төрт-төрттен сегіз сұрақ қойылады. Бірінші топ жауап бермесе келесі топ жауап беруге болады. 1-топ: - Қола дәуірінде адамзат баласы металл өңдеуді игерді (сенемін) -Қола мыс пен қалайының қосындысы (сенемін) - Қола дәуіріндегі петроглифтерде аң аулау сәттері мен сарай өмірін бейнелеген (сенбеймін) -Өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына әкелді (сенемін)
- Қазақстан жеріндегі қола дәуірі б.з.б. 2 мыңыншы жылдық-б.з.б.8 ғасыр аралығын қамтиды (сенемін) - Тұрмыста тұнғыш пайдаланған металл-күміс (сенбеймін) - Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген кезі еді (сенемін) Қола дәуірі кезінде жеке меншік қалыптасты (сенемін) Дескриптор: - Қазақстан жеріндегі б.з.б. қола дәуірі жайлы біледі - Қола дәуірінің шаруашылығы жайлы анықтайды Қалыптастырушы бағалау «Смайликтер» арқылы бағалау (Мұғалім бағалайды) «Ойыңды аяқта» әдісі (жазылым, айтылым дағдыларын қалыптастыру) Кезеңнің шарты: топтарға карточка беріледі, берілген карточкаларға 5 минут ішінде жауап беруі тиіс. Карточканың жауабын топ мүшесі оқиды. 1-топ.
деп аталады.
2 -топ
Дескриптор: - Андрон мәдениеті жайлы біледі - Андрон қонысы жайлы анықтайды Қалыптастырушы бағалау «Фишка» арқылы бағалау (Жасыл, сары,қызыл, қара) |
Қоржын.Қағаз кесінділері АКТ –ны пайдалану арқылы http://www.tarih.spring.kz/kk/history/oldest/maps/ «Смайликтер» әдісі арқылы баға беру
«Фишка» әдісі арқылы баға береді |
||
|
Сабақтың ортасы: 3 мин |
«Сөздер сөйлейді» әдісі. Кезең шарты: терминдер жазылған карточкалар көрсетемін. Ойынның шарты бойынша ешкім үндемейді, қол көтеріп айтады. - қола дәуірі- (қола құралдардың өндіріске енген кезеңі) - Соқа (егін егу үшін жер жыртуға арналған металл тісті негізгі жер өңдеу құралы) - Оба (қабір үстіне топырақтан үйілген төбешік) - Жеке меншік (жекелеген отбасыларлың байлығы) - Абыздар (рудың ежелгі салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалайды) Дескриптор:
Қалыптастыруыш бағалау «Сақина» арқылы бағалау «Кім білгір, кім жылдам?» әдісі Кезең шарты: жалпы оқушыларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші қолын көтерсе, сол жауап беру құқығын иеленеді.
Дескриптор: - Беғазы дәндібай мәдениетінің обалары жайлы анықтайды - Қола дәуіріндегі қоныстары мен зерттелуін біледі Қалыптастырушы бағалау Геометриялық фигуралар арқылы бағалау | |||




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген