жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Қазақтың киіз үйі" 8 сынып
|
Сабақ : қазақ тілі |
Мектеп: №93 Абылай хан Ж.О.М. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні : |
Мұғалім: Қыдырова Б.А. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 8 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Қазақтың киіз үйі |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: |
8.2.2.1.- публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану ; 8.4.2.1.-сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктер әуен,әуез,тембр,қарқын,кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаты: |
Оқушылардың барлығы Стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды, сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін біледі. Оқушылардың көпшілігі Стиль түрлерін біледі және ерекшеліктерін ажыратады,сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін таниды. Оқушылардың кейбірі Стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы танып, сөйлеуде интонацияның құрамдас бөліктерін қолданады. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды игерту: |
Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс: |
Тарих пен әдебиет |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
АКТ-ны қолдану дағдылары: |
PowerPoint таныстырылымы. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Жетістік критерии |
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тыңдау-көру материалдарында баяндалатын оқиғаларды түсінеді, қарапайым сөйлеу үлгілерін айтады. Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ жазбаша, ауызша жұмыстарды орындайды, мәтін ішінде берілген ақпаратты түсінеді, қолдана алады. Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында жаңа сөздерді өмірде қолдана алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар: |
Оқушылар: Интонацияның құрамдас бөліктерінің ережесін біліп, қолдануын дағдыға айналдырады. Пән лексикасы және
терминология: Уаң – қытай сөзі, әмірші Әуен Әуез Қарқын Кідіріс |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Осыған дейін меңгерілген білім |
«Асыл сол –ақыл-білім бойда барлық» тақырыбында сөздік қорын дамытып, тыңдалым дағдыларын дамытты. Интонацияның бір түрі қарқынның сөйлемдерді тыңдаушыға әсерлі жеткізу тәсілдерін меңгерді. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспар |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ басы 5мин |
Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл. Алдыңғы сабақтармен байланыстыра отырып жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырадыі..Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен таныстырады; Жетістік критерийлерін болжайды; Жетістік критерийлерімен танысады. |
Дидактикалық материал 1, Слайд 1-5 |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ ортасы 5 мин 10 мин 10 мин 10 мин |
Қазақтың киіз үйі туралы видео корсету Көрген видеоларынан алған мәліметтерін сұрау. Киіз үй – көшпенді тұрмыстың төл туындысы.Киіз үйдің жасалу жолдары мен ұлттық ерекшеліктері туралы әңгімелеу
Кітаппен жұмыс.Оқылым мәтінімен таныстыру.Стилін, мәтін түрін анықтау.
Халқымыздың шебер үйшілері, шаңырақшылары, үйдің ағаш мүкаммалын, ағаш ыдыс- аяғын жасайтын ағаш шеберлерінің өнері өзіндік ұлттық ерекшеліктілігімен бүгінге жетті. Грек тарихшысы Геродот б.з.д. V ғасырда арғы ата-бабаларымыз –сақтардың киіз үйлерде тұратындықтарын жазған. Тарихта 30 қанатқа дейінгі алтын орданы хандар тіккен. Оның уық, кереге, шаңырақтары алтындалып жасалған.
Сұрақтарға жауап беру 1 Киіз үйдің қазақтың басқа да ұлттарда болуынан нені аңғардыңдар ? 2 Грек тарихшысы Геродоттың зерттеулерінен қандай ой түйдіңдер ? 3 Орта ғасырда мемлекеттердің Алтын орда,Ақ орда, Көк орда аталуы нені аңғартады? 4 Қазақстан Республикасы Президенті резиденциясының Ақорда аталуының себебі неде?
Әдеби тілдік нормалары: Кідіріс - сөйлеу ағымында болатын үзіліс. Кідіріс акустикалық жағынан дыбысталудың тоқтағанын білдіреді.Сөйлемдегі кідірістің орнына байланысқа сөздердің өзара қарым-қатынасы өзгеріп отырады.Мысалы:Әнші балалармен кездесті сөйлемінде кідірісті түрлендіру арқылы екі түрлі ой алуға болады. Әнші // балалармен кездесті. Кім кездесті? Әнші балалармен // кездесті.Қандай балалармен кездесті?
1-тапсырма: Мәтінге сәйкес дұрыс немесе дұрыс емес жауапты белгіле:
Дескриптр:
Бағалау критерийі: Мәтіндегі детальді ақпаратты табады. Мәтіннің түрін ажыратады.
2-тапсырма: Кідіріс жасап оқудың ойды дұрыс түсінуде қаншалықты маңызы бар? Үлгідегідей мысалдар келтіріп жазыңдар.
Үлгі: Екі // қой қора салып жатыр Екі қой // қора салып жатыр
Дескриптр Кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдана алады. Мысалдар келтіре алады.
Бағалау критерийі: Кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады.
Мысалдар келтіреді.
|
АКТ құралын пайдалану Оқулық |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ соңы |
Рефлекция
|
|
||||||||||||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Дифференциация үш түрде іске асады: 1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау топтық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі. 2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған. |
Оқушылар бір-бірін дискрипторлар арқылы бағалайды.Сол арқылы кері байланыс беріледі. |
Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады. |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы баға Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Сөйлеу мәнерінің ерекшеліктерін сақтайды. Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2.. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
||||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген