Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қазақтың ұлттық ойындары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ ұстаздарға көп көмегі бар. Әсіресе сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын-халық мұрасы

Сабақтың мақсаты:

Түзету білімділік: халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы, оның атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағұлмат беру.

Түзету дамытушылық: Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде көрсетіп, қызығушылықтарын арттыру, оқушыларға дыбыстарды, сөздерді анық айтқызу, сөздік қорларын молайту.

Түзету тәрбиелік: Ата-бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге, ойын ережелерін бір-біріне түсінідіріп қана қоймай, ойын барысында сабырлы, сыпайы болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: суретер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру:

  • Балалар бізге қонақтар келген екен амадасайық

  • Сәлеметсіз бе?!

ІІ Сөздікпен жұмыс

Асық ату, тоғыз құмалақ, қыз қуу, арқан тарту, күш сынасу, алтыбақан, бәйге, көкпар, тақия тастамақ, итеріспек

ІІІ Кезекші дыбыспен жұмыс:

-Балалар сөздіктің ішінен кезекші дыбыстары бар сөздерді тауып беріп оқыңдаршы.

-Жарайды, тағы қандай сөздер білесіңдер кезекші дыбысы бар?

Қар, қалам, қыс, қонақ, қазақ, Қазақстан т.б.

Жарайсыңдар.

ІV. Тіл дамыту сұрақтары

-Азамат біз республикада тұрамыз?

-Қазақстан

- Нұрәділ Қазақстан қандай мемлекет?

-Қазақстан көпұлтты мемлекет?

- Елжан Қазақтың ұлттық киімдерін білесіңдер ме?

-Тақия, шапан, камзол

-Ал, балалар қазақтың ұлттық ойындарын кім біледі?

-Асық ату күш сынасу, тоғыз құмалақ т.б.

Сонымен балалар біздің бүгінгі сабағымыз қазақтың ұлттық ойындарына байланысты екен.

Қазақтың ұлтық ойындары.

Кіріспе сөз.

Қазақтың ұлттық ойындары атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған. Ойын тек адамның күш қуатын молайтып, оны шапшандыққа, дәлдікке тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізді.

Бұл ойындар бос уақытты көңілді өткізуге, денсаулықты шыңдай түсуге, халқымыздың әдет ғұрпын, салт санасын біліп өсуге, тілді дамытуға көп көмектеседі.


Есік қағылады. –сәлеметсіз бе?!

-Сәлеметсіздер ме

Менің атым Әділет мен тілшімін Ұлттық ойындар жөнінде мақала жинап жүрмін, сіздердің маған көмектерің керек.

-жарайды.

-Бірінші үлкен кісіден бастайын бұрын сіздер қандай ойын ойнадыңыздар?

Бұрын біздер асық ойнағанды жақсы көріп едік.
Асық ату — бұл асық ойынының ең бір ептілікті, мергендікті қажет ететін ойын.

-Кім асық атудан жарысқа түскісі келіп тұр.

Асық ату ойыны ойналады. Тигізе алмаған кісіге сұрақ қойылады.

  1. Асық қай малдың сүйегінен алынады?

  2. Доп ойнаған

Асық ойнаған озар. Қай ойынға арнап айтылған.

  1. Асықты қайдан алады? Дүкеннен бе?

-Енді батырдан сұрайын. Батыр сіздер қандай ұлттық ойындар ойнадыңыздар?

Біздер Күресеміз және күштесеміз. Ал, кәне менімен кім күштеседі.

-Кім батырды жеңеді екен көрелік?

Балалар күштеседі.

-Мына жерде бойжеткен отыр екен. Бойжеткен сіздер қандай ойын ойнайсыздар.

-Біздер Наурыз мекрекесінде алтыбақан тепкенді ұнатамыз. Бос уақытта Сақина салу, ақсүйек ойнағанды ұнатамыз.

Бойжеткеннің де сенедерге дайындап келген тапсырмасы бар екен, экранға қарайық. Сурет шығады мынау қандай ойын? Қай мерекеде ойналады. Ойынға кімдер қатысады?

Ал, мына жерде жігіттер отырып қалыпты солардан сұрайын.

-Жігіттер сендер қандай ойын ойнайсыңдар.

-Біздер ат мініп, бәйге алып, көкпар тартып жарысушы едік.

Ал, балалар сендер жылқыға байланысты мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

-Білсеңдер мақал-мәтелдердің жалғасын тауып көріңдерші.

Жақсы аттың тісін ашпа,

.... Жақсы адамның жасын сұрасама.

Жылқы малдың патшасы

.... Түйе –малдың қасқасы.

-Сен ше қандай ойынды жақсы көресің?

-Мен итеріспек ойынын жақсы көремін.

-Кім менімен итеріспек ойынын ойнағысы келеді.

Бір оқушымен Итеріспен ойыны ойналады.

Ал енді Әділет ұлттық ойындар туралы көп мағұлмат алған сияқтысыз.

-ия рахмет бәріңізге. Мен кетейін.

-Нұраділдің атасы да шаршап отырған болар оны да үйіне жіберейік. Сонымен бүгінгі сабағымыз не жөнінде болды.

-Ұлттық ойындар жөнінде.

Балалар ойындардың атын айтып шығады.

Қорытындылау:

Сонымен, ұлттық ойындар балаларды әдептілікке, ұқыптылыққа, тәртіптікке, әрекетті жинақтауға және жоспарлауға үйретеді.


-Балалар бүгінгі тәрбие сағаты түсінікті болды ма.

Ия.

Сабаққа жақсы қатыстыңдар. Маған бәрі ұнады.

Сау болыңдар!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.05.2019
1243
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12