400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қазіргі қазақ айтысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары "Қазіргі қазақ айтысы" колледждің "-курс студенттеріне арналған ҚМЖ.Қазіргі қазақ айтысы туралы түсінік беру. Қазақ халық ақындарын оқушыларға таныстыру. Айтыс өнерін қадірлей білуге үйрету. Оқушының ой - өрісі мен дүниетанымын жетілдіріп, қазақтың атадан балаға мирас болып қалған айтыс өнерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың эпиграфы: «Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі қазақ айтысы

Сабақтың мақсаты:

1.Қазіргі қазақ айтысы туралы түсінік беру.

2. Қазақ халық ақындарын оқушыларға таныстыру. Айтыс өнерін қадірлей білуге үйрету. Оқушының ой - өрісі мен дүниетанымын жетілдіріп, қазақтың атадан балаға мирас болып қалған айтыс өнерін бағалай білуге тәрбиелеу.

3.Топта бірлесіп жұмыс жасай алуға үйрету.

Табыс критерийлері:

1.1980 жылдардан бергі айтыстар туралы білетін болады.

2. Қазақ халықының ақындарымен танысады.

3. Айтыс өнерін қадірлей білуге үйренеді. Оқушылар қазақтың атадан балаға мирас болып қалған айтыс өнерін бағалай біледі.

4.Топта бірлесіп жұмыс жасай алады.

Негізгі идеялар: Шыншылдыққа,әділдікке,турашылдыққа ,сөз өнері қадірін ұғынуға тәрбиелеу

Сабақтың әдіс – тәсілдері:

«Ой қозғау»

Мәтінмен жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс

Көрнекілігі: АКТ,постер,маркер,үлестірмелі парақтар,стикер.

Тапсырмалар:

Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырма» (Блум таксономиясы)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Жағымды ахуал тудыру


II.Үй тапсырмасын сұрау

«Бес қадам» әдісі бойынша үй тапсырмасы тексеріледі.

+



Оқушыларды топқа бөлу.( Сурет қиындыларын құрастыру арқылы оқушылар 3 топқа топтастырылады.)

Жаңа сабақ: Қазіргі қазақ айтысы

Таныстырылым. Бейнебаян. «Мұхтар Ниязов пен Жандарбек Бұлғақовтың айтысынан үзінді көрсету»

Ой қозғау.

1.Айтыстың қандай түрлері бар?

2.Ақындар айтысының өзіне тән ерекшеліктері.

3.Айтыстың адам тәрбиелеудегі рөлі.

4.Бүгінгі айтыстарда заманның қандай шындығы байқалады?

5.Бүгінгі заманның Біржан мен Сарасы кім деп ойлайсыңдар?


Топтық жұмыс.

1-топ Қазіргі ақындар айтысының өзіне тән ерекшеліктері туралы мәлімет беру

2-топ 1980 жылдардағы айтыс өнерінің жаңа дәуірін зерделеу

3-топ Бұрынғы және бүгінгі айтыстың өзіндік қасиеттерінің мағынасын ашу


Бағалау критериі: Сыртқы және ішкі бақылау парағы арқылы бағалау


Жұптық жұмыс.

Егерде мен айтыскер ақын болсам.........

Бағалау критериі: Жұпаралық бағалау.


Топтық жұмыс.

1-топ. Көрініс

2-топ.Соңғы айтыстардағы көркемдік ерекшеліктерден үзінді оқу

3-топ. Айтыскер ақындарға тән қасиеттер

Бағалау критериі: «Мадақтау Сэндвичі» арқылы бағалау.




Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырма» (Блум таксономиясы)

Деңгейлік сұрақтар

Оқушы жауабы

Білу – Айтыстың маңызы


Түсіну – Қазіргі айтыскер ақындар мен бұрынғы айтыскер ақындарынан кімдерді білесіңдер?

Қазіргі айтыскер ақындар

Бұрынғы айтыскер ақындар


Қолдану – Айтыстың түрлерін анықтау.


Талдау – Қазіргі ақындар айтысының өзіне тән ерекшеліктері.



Тапсырма: Сөздікпен жұмыс (Әдебиет теориясы)

Наркескен – алмас қылыш

Тұлпар –

Ақиық –

Ақтаңгер –

Мұзбалақ –

Аламан –

Шайыр –

Сүлей –


Жинақтау

«Мен – Біржанның інісі, мен – Сараның сіңілісі» тақырыбында айтыс.

Бағалау критериі: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау

Рефлексия,кері байланыс орнату. «Сиқырлы қалам» Бір минуттық ауызша ой қорыту.





Бекіту. Сөйлемді толықтыр

Мен үйрендім__________________________________________

Маған қиын болды______________________________________

Мені таңқалдырды______________________________________

Маған ұнады___________________________________________

Мен алдағы уақытта_____________________________________


Үйге тапсырма

Соңғы айтыстардан үзінді жаттау.

«Айтыс- киелі өнер» тақырыбында ойтолғау жазу

Бағалау. Бағдаршам тәсілі.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.10.2021
732
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі