Ашық сабақ. Қазіргі қоғам құндылықтары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Қазіргі қоғам құндылықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің ашық сабағым, әр түрлі әдіс -тәсілдермен құрылды. Қажеттеріңізге жарап жатса, өте қуаныштымын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

Күні:.

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Қазіргі қоғам құндылықтары

Сабақтың тақырыбы

Тіл-құндылық

Оқу мақсатына сілтеме

10.2.5.1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу.

10.3.3.1. Көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу. (келісіп/келіспеу)

10.4.4.1. Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.



Сабақтың мақсаты

Берілген мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, баға береді, талдайды.

Тілдік бірліктерді нормаға сай жазады.

Кәсіби мақсаты

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін белсенді әдістер арқылы дамыту.

Бағалау

критерийлері

  • Негізгі ойды анықтайды.

  • Көтерілген мәселеге баға береді.( Келісіп/келіспеу арқылы)

  • Орфографиялық нормаға сай жазады.




Пәнаралық байбайланыс:

Құқық, әдебиет

АКТ-ны қолдану да5дағдылары:

Презентация

Осыған дейін меңгерілген білім

БАҚ-тағы қазақ әйелдері жайлы пікірлерді зерттеу.


Құндылық

Өмір бойы білім алу

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы





7 минут



















Сабақтың ортасы





15 минут

+

5 минут






















15 мин

Қызығушылықты ояту кезеңі

«Хат алу» әдісі арқылы оқушылар топқа бөлінеді.

Мұғалім сөзі:

Құрметті оқушылар, бізге хат келді. Конверттің ішінде не барын бірге ашып көрейік. Сіздердің есімдеріңіз түрлі түсті парқшаларға жазылған екен. Бұл нені білдіреді деп ойлайсыздар? Осы сұрақтан кейін оқушылар өздерінің есімдерінің қандай түсті парақшаға жазылғанын аңғарып, бір түстілер бас қосып, топ құрайды.

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже, жайында ақпарат беріледі.

Оқушылар тілдік құндылыққа қатысты жазылған сөздерді себеттен алады. Топ ішінде мағынасын анықтап, келесі топтағы оқушыларға түсіндіруге жібереді. Топ уәкілі басқа топқа түсіндіріп келген соң, өзінің тобы танысқан құндылықтың мағынасымен бөліседі. Бұл жұмыс «Уәкіл» әдісі арқылы жүзеге асырылады. Сөздер тақтаға ілінеді.

Мақсаты: құндылықтардың мағынасын түсіндіруде бірін-бірі оқыту; сабақ барысында оңай қолдануға бағыттау.

Мұғалім тарапынан қолдау, мадақтау арқылы бағалау.



Тапсырма №1

Тапсырма берер алдында әр топтан бір оқушына мұғалім «Көмекші» етіп сайлайды.

Оқушылар тілдің құндылығы туралы ақпарат құралдары арқылы алынған мәліметтерді жинақтайды. Ойларын қорытындылай келе шағын:

  • 1-топ әңгіме жазады;

  • 2-топ мақала жазады;

  • 3-топ мәтін құрайды.

Уақыт аяқталған соң, топтар бағалау критерийлеріне сүйене отырып, бірін-бірі «Карусель» әдісі арқылы бағалап, сыни пікір айтады.

Дескриптор:

  • Негізгі ойды анықтайды.

  • Көтерілген мәселеге баға береді.( Келісіп/келіспеу арқылы)

  • Орфографиялық нормаға сай жазады.


Тапсырма №2

«Мозайка» әдісі арқылы сұрақты талқылау.

Топтағы әр оқушыға әр түрлі мазмұндағы сұрақ беріледі. Алдымен әр оқушы өзінің сұрағы бойынша түсінігін тобында талқылайды. Содан кейін бір мазмұндағы сұрағы бар оқушылар қайта топ құрап, сұрақ аясында егжей-тегжей талқылау жүргізеді. Әр оқушы өз тобына келгенде, алдыңғы ойын толықтыра түседі.


Топтағы бір оқушы топ мүшелерінің жұмысын кері байланыс арқылы бағалайды. (мұғалім де өз тарапынан кері байланыс береді)

Кері байланысты мына сөздер арқылы жалғастырады.

  1. Біздің ойымызша, ол ойын дұрыс жеткізді, себебі...

  2. Сөздік қорын тиімді пайдаланды, себебі...

Дескриптор:

  • Өз ойын толық жеткізеді

  • Көркем сөйлей алады.

  • Өзіндік баға береді.

Осы сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі сабақты қорытындылайды.


Түрлі түсті парақшалар, конверт


Түрлі түсті маркерлер



1-слайд




2-слайд
















3-слайд













4-слайд

















5-слайд




3 минут






Кері байланыс.


Shape1


Үйге тапсырма:






7-слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Рефлексия

Сабақ мақсаттары жүзеге асырымды болды деп ойлаймын, себебі оқушылар сабаққа ерекше қызығушылықпен қатысты. Сабақтың өн бойы белсенді әдіс-тәсілдерге құрылған. Атап айтсам, «Уәкіл» тәсілі, «Мозайка» тәсілі оқушыларды қызықтырып қана қоймай, тақырыпты меңгеруіне оң әсерін тигізді. Дифференциация «көмекші» ( топтық жұмыс барысында оқушылардың бірлесе ақылдасуы т.б.) тәсілімен жүзеге асып жатты. Бұл сыныптың психологиялық ахуалын жақсарта түсті. «Мозайка» тәсілімен тапсырманы орындау барысында, берілген сұрақтарға бар ынтамен жауап беруге тырысты. Өз пікірлерін білдіру барысында оқушылар өз ойларына толық ерік берді. «Көмекші» рөлін атқарған оқушы сыныптастарына критерийлерге сүйене отырып, кері байланыс беруде өз жауапкершілігін сезіне алды. Келесі сабақтарда басқа оқушылар да «көмекші» болғылары келетіндігін білдірді. Бұл оқушылардың тапсырманы орындау барысында қиындыққа кездеспейтіндігін аңғартады.. Кәсіби мақсатқа байланысты оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері де «Уәкіл» , «Мозайка» тәсілдері арқылы жүзеге асып жатты. Топтық орындалған тапсырманың өзіндік оң тұстары: 1) сыныптың психологиялық ахуалы орнықты болды; 2) тапсырманы қолдауды қажет ететін оқушы қабілеті жоғары оқушымен жұптаса орынағандықтан өз пікірлерін дәл, дәйекті, еркін жеткізе білді, сенімді жауап берді; 3) сыни тұрғыда ойлау қабілеттері арта түсті; ) бүгінгі тақырыпты өмірмен байланыстыра алды; 4) креативті ойлар айта білді. Жалпы сабақ барысында оқушылар мақсатқа жетті, дегенмен, сөйлеу барысында оқушыларда стилистикалық қателіктер кездесті. «Мозайка» тәсілімен тапсырманы орындау барысында, топтар көп бөгелді, сондықтан уақыттан біраз ұтылды.















































































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.02.2025
173
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі