жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Қазына иесі кім? Ғажайып бақ ертегісі.
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
|
Мектеп: “3" |
||||||||||||||||||||||
|
Күні: 08.10.20 |
Мұғалімнің аты-жөні: Самархан Маржан |
||||||||||||||||||||||
|
Сынып:
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны: |
|||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Қазына иесі кім? Ғажайып бақ,ертегі |
||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
4.3.3.1- шығармашылық жұмысын презентация түрінде ұсыну. |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Халық ауыз әдебиетінің бірі ертегі жанрының ерекшелігімен танысады. Ертегінің сюжетін ұғынады. Сөз өнерінің әдемі кестелері арқылы оқушының сөздік қорын байытып, мәнді , мағыналы сөйлеуге жаттығады. Оқушыларды адалдыққа, өз ойын дәлелді , анық жеткізе білуге тәрбиелейді. |
||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Сурет бойынша мәтін құрастыру. Ертегінің түрін дұрыс ажырата білу. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру. Екі мәтінді салыстыра білу. |
||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар
|
Адалдық, қазына, мейірімділік, адамгершілік. |
||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дардарыту |
Кеңпейілділік, адалдық, мейірімділік, адамгершілік. |
||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы |
- Сәлеметсіңдер ме оқушылар? Көңіл – күйлерің қалай? Психологиялық ахуал: Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: — оғиғаны болжайсыңдар; — шығарманы басқа үлгідегі нұсқамен салыстырасыңдар. Үй жұмысын
сұрау: «Тақырыптық
сөзжұмбақ» Тақырыпты ашу «Екі ассоциация» ойыны. Екі бағанда екі сөзден, екі суреттен ілініп тұрады. Бағанға кез келген бүгінгі тақырыпқа қатысты сөздер жазылады. Осы екі жақтағы сөзді байланыстырып, ерекше бір ассоциация ойлап табулары керек. Балалар, сендер қазына сөзін қалай түсінесіңдер? Сендер үшін өмірдегі ең қымбат нәрсе не? Неліктен олай ойлайсыңдар? (Жауаптарын тыңдау, толықтыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу) Оқулықтың 62 бетін ашайық. «Суретті әңгімеле» әдісі
1.Суреттердің мазмұны бойынша әңгіме құрап ,оқиғаның шешімін ойлап табыңдар. 2.Өзің құраған оқиғаның шешімін қалай бейнелеуге болар еді!? Ғажайып бақ (ертегі) Баяғы заманда Асан мен Қасен деген екі дос болыпты. Екеуі де кедей адамдар екен. Асан ұлтарақтай жеріне егін егіп, Қасен өзінің аз ғана малын бағып, күндерін көріпті. Екеуінің де әйелдері қайтыс болған екен; Асанның бар жұбанышы-ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу қызы болады да, Қасеннің үміті — ер жетіп қалған қайратты баласы болады.
Бір жылы көктемде Асан егін салуға қамданып жатқанда, Қасен жұтқа ұшырайды: қыс аяғы қатты болып, аз ғана малы қырылып қалады. Көзінің жасы көл болып, Қасен досына жылап келеді: — Асан, сенімен қоштасайын деп келіп едім. Аз ғана малым қырылып қалды. Енді аштан өлместің қамын қылып, қайыр сұрап тентіреп кетемін де,— дейді. Бұл сөзді естігенде, Асанның да көңілі босап, көзіне жас келіп, Қасен досын құшақтап тұрып: — Екеуіміз жан деген жолдас едік қой, мал-жанымыз бір емес пе еді? Менің егіндік жерімнің жартысы сенікі болсын. Көңіліңді жұбат, қолыңа кетпен алып, тырбанып тіршілік қыл,— дейді. Сол күннен бастап, Қасен де егін салып тіршілік етеді. Күн артынан күн, ай артынан ай өтеді. Арада біраз жылдар болады. Бір күні Қасен өзінің жерін қазып жүріп, кетпенінің зыңылдап, темірге тигенін байқап, таң қалады. «Бұл не ғажап екен?»— деп, сол жерді тереңдетіп қазып жіберсе, ішіне толтырып алтын салған бір қара қазан көрінеді. Қасеннің қуанышы қойнына сыймай, қазанның құлағынан сүйрей, досының үйіне қарай жүгіреді. — Сүйінші, Асан!— деп айғайлайды ол, жүгіріп келе жатып,— сүйінші, бақытты болдың, үлкен олжалы болдың, мен сенің жеріңнен ішіне алтын толтырылған қазан тауып алдым, енді кедейліктен құтылдың. Асан оны қуана қарсы алып: — Сенің адалдығыңды білем ғой, Қасен. Бірақ ол алтын менікі емес, сенікі. Сен оны өз жеріңнен қазып алдың ғой,— деп жауап береді. Оған Қасен болмай: — Мен де сенің пейілі кең, мейірімді кісі екеніңді білемін ғой, Асан, бірақ сен маған жеріңді бергенмен жеріңнің астындағы қазынасын берген жоқсың ғой,— дейді. Бірақ Асан да көне қоймайды. — Ардақты досым, жердің асты-үстіндегі қазынаның барлығы, сол жерге маңдай терін тамызып еңбек еткен адамдікі,— дейді. Алтынды алғысы келмей, бұл екеуі ұзақ таласады.
«Бинго» әдісі. Арнайы құралдың ішінде мәтін мазмұны бойынша сұрақтар жазулы тұрады. — Баяғы заманда кімдер деген екі дос өмір сүрген? — Баяғы заманда Асан мен Қасен деген екі дос өмір сүрген. — Екеуіде қандай адамдар екен? — Екеуіде кедей адамдар екен. — Асан мен Қасен қалай күндерін көріпті? — Асан ұлтарақтай жеріне егін егіп, Қасен өзінің аз ғана малын бағып, күндерін көріпті. — Асанның бар жұбанышы, Қасеннің үміті кім болды? — Асанның бар жұбанышы-ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу қызы болады да, Қасеннің үміті — ер жетіп қалған қайратты баласы болады. — Қасеннің басына қандай қиындық түсті? — Қасен жұтқа ұшырайды: қыс аяғы қатты болып, аз ғана малы қырылып қалады. — Арман қандай әрекет жасады? — Өзінің егіндік жерінің жартысы сенікі болсын. Көңіліңді жұбат, қолыңа кетпен алып, тырбанып тіршілік қыл,— дейді. — Арада біраз жылдар өткесін қандай ғажайып орын алады? — Қасен өзінің жерін қазып жүріп, кетпенінің зыңылдап, темірге тигенін байқап, таң қалады. «Бұл не ғажап екен?»— деп, сол жерді тереңдетіп қазып жіберсе, ішіне толтырып алтын салған бір қара қазан көрінеді. — Қасеннің әрекеті? — Қуанышымен Асанмен бөлінеді. — Алтынды қалай бөліседі? — Алтынды алғысы келмей, бұл екеуі ұзақ таласады.
Болжа Алтынға байланысты дау қалай шешілетінін болжа. Ақыры,Асан мынадай шешім айтады: -Таласты қоялықшы,Қасен, сенің ұлың бар,менің қызым бар. Балалардың көңілі жарасып жүр ғой, сол екеуінің басын қосайық та алтынды соларға берейік. Тым болмаса, балаларымыз қиыншылық көрмесін,- дейді. «Менің сөзім әдісі» Бір оқушы тұрып ертегіні қалай аяқтайтының өз ойын айтады. Сөздікпен жұмыс. Тентіреп кету –қаңғырып, қайыр сұрап кету. Сүйінші- қуанышты жеткізген адамға берілетін сый-сияпат. Түсіндір 3. Мұғалімнің көмегімен «ұлтарақтай жер » сөзінің мағынасын түсіндір. А) көлемді жер Ә) азғана, өте кіші жер
Ертегілер Б) ұлтараққа ұқсайтын жер
Жануарлар жайындағы ертегі Қиял-ғажайып ертегі Тұрмыс- салт ертегісі
4. « Ғажайып бақ»ертегінің қай түріне жатады? Салыстыр 5. Шығармалар кестесі бойынша екі мәтінді салыстыр.
|
Сөзжұмбақ Сөздер мен суреттер Оқулық Суреттер
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 17.10.2020 7066
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 | |||||||||||||||||||||





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген