400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Қобыланды батыр» жыры.Әйелдер бейнесі 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарлауға сабақ өтуге көп көмегі тиеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: қазақ әдебиеті

Бекітемін:

Күні:25.09.2019

Сынып:5«V»

Мұғалімнің аты-жөні:Төлеміс Салтанат Баубекқызы


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

«Қобыланды батыр» жыры.Әйелдер бейнесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Б/С.2. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.

А/И.4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап,авторға хат,өлең жазу.



Сабақтың мақсаты


Барлық оқушы орындай алады:

1. Кейіпкер қасиеттерін шынайы өмірмен салыстырып бағалайды.

2.Жырдан алған әсерімен бөлісіп, авторға хат жазады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

1.Жыр кейіпкерінің бейнесін шынайы өмір кейіпкері бейнесімен салыстыра отырып, бағалайды;

2. Жырдан алған әсерлерімен бөліседі.Көркем бейнелі сөздерді қатыстыра отырып, авторға хат не өлең жазады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Кейіпкерлерді салыстыру арқылы өзіндік ерекшеліктерін баға береді. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттайды.Құрылымын сақтай отырып, авторға хат,өлең жазады.

Бағалау критерийі

1. Кейіпкер қасиеттерін шынайы өмірмен салыстырып бағалайды.

2.Жырдан алған әсерімен бөлісіп, авторға хат жазады.

Ойлау деңгейінің дағдысы

Жоғары деңгей дағдылары

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып,авторға хат жазады.

Пәнге қатысты сөздікқор мен терминдер:

Қозыжауырын, жебе,Ақ алмасқа қол салды, семсер мен серместі

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

әулие,олжа, әділдік,қозы жауырын жебе, ақ алмасқа қол салды, семсер мен серместі

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Қобыланды Құртқа сұлуға қалай үйленді?

2.Батыр Қарлыға мен қалай кездесті?

Құндылықтарға баулу

Өмір бойы білім алу,құрмет,ындымақтастық,ашықтық құндылықтарына баулу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, өзін-өзі тану, география, математика, қазақ тілі,т.б.

Тақырып бойынша

алдыңғы білім

«Қобыланды батыр» жырының мазмұнын, тақырыбы мен идеясын, кейіпкерлерін біледі. Әдебиет теориясынан портрет, образ ұғымдары таныс. Хат құрылымын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

(10 мин)

І.Ұйымдастыру кезеңі :

Топқа бөлу

1.Парталарының артындағы алдын ала жазылған сандар бойынша топтасады. (Оқушыларды саралау үшін алдын ала топ пен жұпта бір-біріне қолдау, көмек көрсететін оқушыларды назарға аламын)

Сәлемдесу, түгендеу, топ ережесімен таныстыру;

«Топ ережесі»

Айтар алдында қол көтеру:

Бір-бірімізге жылы көзқараспен қарау;

Дұрыс жауап беру;

Бір-бірімізге бөгет жасамау, тыңдау;

Топтық, жеке, жұптық жұмыстарда белсенділік таныту;

(топ ережесі А4 параққа жазып топтарға беріледі және слайдан көсетіледі)


2. Үй тапсырмасын сұрау:

І топ:

«Сандар сөйлейді» әдісі арқылы берілген сандарды «Қобыланды батыр» жырымен байланыстырады.

29 26 3 XV (Сандар слайдпен экранға беріледі)

Дұрыс жауабы:

29- «Қобыланды батыр» жырының бізге жеткен нұсқасы.

Оның 26-сы Қобыландының ерлігі жайлы жырланған.

Қалған 3 нұсқасы Бөкенбай,Киікбай балалары турлы жырланған.

XV ғасыр Қобыланды батырдың өмір сүрген уақыты.

(Дұрыс жауабы экраннан көретіледі)


ІІ топ:

«Ең жақынын тап» әдісі арқылы берілген кейіпкерлердің ішінен Қобыланды батырға ең жақын 4-ін теріп алады. Мінездеме береді.

Қобыланды. Әкесі халықтан асқан бай Тоқтарбай.Тоқсан қүлдың бастығы Естеміс. Айдынды шалқар көлі бар Көктім Аймақ хан. Көктім Аймақ хан қызы Құртқа. Қырық бес кез Қызыл ер Қызыл бастың елінен шыққан Қазан деген ер. Қарындасы Қарлығаш Төменгі қырық мың үйлі қиятта Сейілдің үлы Қараман батыр. Анасы Аналық.  Ер қанаты ат—Тайбұрыл Шаһар ханы Көбікті хан. Көбікті ханның қызы Қарлыға сұлу. Қалмақтың ханы Алшағыр

Дұрыс жауабы:Әкесі-Тоқтарбай, анасы-Аналық,қарындасы-Қарлығаш, Құртқа.

(Дұрыс жауабы экраннан көретіледі)


ІІІ топ:

«Білім ағашы» әдісі. «Қобыланды батыр» жырын жырлаған ақын- жазушыларды тауып, ағашқа жабыстыру қажет.

Абай Құнанбав, Ахмет Байтұрсынов, Ыбырай Алтынсарин, Мергенбай жырау, Марабай жырау, Біржан Толымбай, Мұрын Сеңгірбай.

(осы ақын-жыраулардың аты-жөні жазылға суреттері оқушыларға беріледі. )

Дескриптор:

1.Сұрақтарға жауап береді

2.Сұрақ бойынша жырдан мысал келтіре отырып, айтады

3.Іс әрекеттерге байланысты пікір білдіреді

4..Ақпаратты сәйкестендіре алады;


Бағалау: Стикер арқылы. Әр дұрыс жауап берген бала бір стикер алып отырады

Дұрыс жауабы: Мергенбай жырау, Марабай жырау, Біржан Толымбай, Мұрын Сеңгірбай.

(Дұрыс жауабы экраннан көретіледі)


Топ ережесі

Слайд №1


Парта, 1, 2, 3 сандары жазылған қағаз








Слайд №2
















Слайд №3









Слайд №4






Сабақтың ортасы


(25 мин)














Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру

«Бейне көрініс» Жырдағы Құртқа бейнесі суреттелген бейне көрініс арқылы сабаққа ену. (Видеоролик көрсетіледі)

Жырда Қобыландының анасы – Аналықтың, қарындасы – Қарлығаштың, батыр қыз – Қарлығаның образы да тартымды жырланған. Дегенмен, «Ақылың сенің қыз Құртқа, Патшаға бітсе болмайма?» деп Қобыландыдай батырды тереңдігіне тәнті еткен қазақ аруының бейнесі дараланып тұрды. Сол сұлулыққа сырлар қойнауынан біздің елдік, ұлттық болмысымыз бен біте қайнасып келе жатыр. Бүгінгі қоғамда арын жанынан биік көретін әрбір қыздың бойында Құртқа ананың қаны тулап жатыр десек артық айтқандық болмас. Құртқа анаға «Әйел болдың, амал жоқ, егер еркек болғанда, болар ең жұртқа бір тұтқа» деген сөз бекер айтылмаған. Шындығында асыл ана, адал жар ерге тұтқа болды. Ер елге тұтқа болды…

Құртқа – жырдағы батырдың жұбайы. Оның есімі – қыпшақ тілінікі емес, түрікмен тілінікі, өйткені, «қасқыр, бөрі» дегенді білдіретін «құрт» сөзі қыпшақ тілді ортада қолданылып көрмеген. Маңғыстауда, Шетпекентінің шығыс жағындағы (20 км жердегі) «Құрша» (немесе «Құртты», «Құрташы») деген жер аты, сірә, осы тарихи Құртқа есімімен сабақтасып жатыр. Жырдағы Құртқа – әлде бір сиқыршылық қасиетке ие әйел; кейбір нұсқада ол Гөклән деген мыстан кемпірдің қызы болып суреттеледі. Гөклән – оғыз руы емес, түрікпен руының атауы. Маңғыстау өңірінде бұдан басқа «Құртыш әулие» деген топоним бар деп болжанады (Құртыш-ата әулие солтүстік-батысТүрікпенстанда бар). Сондай-ақ, түбектің бірнеше жерінде «Керт», «Кертті» деген топонимдер кездеседі.

Сыныппен жұмыс

«Венн диаграммасы»

Құртқа бейнесі

Ұқсастығы

Қазіргі кездегі әйелдер бейнесі






Дескриптор:

1.Кейіпкер бейнесін шынайы өмірмен салыстырады.

2.Ұқсастықтарын табады

3.Ойын дәлелді жеткізеді

Бағалау: Стикер арқылы. Әр дұрыс жауап берген бала бір стикер алып отырады.


Топтық жұмыс

І топ: «Екі түрлі түсініктеме» стратегиясы бойынша бірінші бағанға аңыз сюжетіндегі өзіңізге әсер еткен үзіндіні жазыңыз.Екінші бағанға үзіндіден алған әсеріңізбен бөлісіп,Құртқаға хат немесе бір шумақ өлең жазыңыз;

Аңыздан өздеріңізге әсер еткен үзіндіні жазыңыз

Авторға арнап осы үзінділерден алған әсеріңізді сипаттайтын өлең немесе хат жазыңыз



Дескриптор:

-аңыз мазмұнынан ерекше әсер еткен үзіндіні анықтайды;

-таңдалған үзіндіден алған әсерімен бөліседі;

-Құртқаға шағын хат немесе бір шумақ өлең жазады;



ІI топ: «РАФТ» әдісі арқылы

Роль-болашақ ұрпақ,оқушы

Аудитория-Құртқа

Форма-өлең,хат

Тақырып – Мен қазақ әйеліне қайран қалам


Дескриптор:

  1. Кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеттерін тілге тиек ете отырып, хат жазады.

  2. Кейіпкермен жырдан алған әсерімен бөліседі.

  3. Кейіпкерді шынайы өмірдегі мысалдар арқылы салыстырып, бағалайды.



ІII топ: «4сөйлем» әдісі Шығармадан алған әсеріңізді 4 сөйлеммен сыйдырып жазады

1-сөйлем:шығарманың сізге қалай әсер еткені туралы бір ой жазыңыз;

2-сөйлем:өлеңнен бір мысал келтіріңіз;

3-сөйлем:бір сұрақ қойыңыз;

4-сөйлем:сол сұраққа жауап беріңіз;

Дескриптор:

-шығармадан алған әсерін бір оймен жеткізеді.

-өлеңнен бір мысал келтіреді.

-сұрақ қояды.

-сұрағына жауап береді.

ҚБ: "Дауыс беру" (топтар бір-бірін бағалайды)

Жеке жұмыс «Синквейн» әдісі арқылы тақырып бойынша жинақтау

1.1зат есім Құртқа кім?

2.2 сын есім

3.3 етістік қатыстыра отырып

4. 4 сөзден тұратын сөйлем

5. синоним







Слайд №5

























Слайд №6












Слайд №7










Слайд №8













Слайд №9













Слайд №10

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
4636
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі