жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ қорытынды сайыс сабақ "Озық ойлы оқушы" 3 сынып
Қорытынды кеш
Тақырыбы: Озық ойлы оқушы.
Жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті көрермендер.
Бұл күндері біздің мектебімізде «Бастауыш сыныптар апталығы» өтіп жатқанын білесіздер. Осы апталық аясында өткелі отырған «Озық ойлы оқушы» атты қорытынды кешке қош келдіңіздер! Бұл ойынға үш топтың команда жетекшілерін шақырамыз. Ойыншыларымызды ортаға шақырайық.
1-ші нөмірлі ойыншымыз «Озаттар» тобының спикері:
2-ші нөмірлі ойыншымыз «Бал-балалық» тобының спикері:
3-ші нөмірлі ойыншымыз « Ойшылдар» тобының спикері:
(Ойыншылар өздерін таныстырады. Жүргізушінің қойған сұрақтарына жауап береді )
Ж: Әділқазы, ақ қазыға бер сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл-деп ақын ағаларымыз жырлағандай, ойынымызды бастамас бұрын әділқазыларды сайлап алсақ.
(Әділқазылар алқасы сайланады)
Ж: Олай болса, ойынымызды бастайық. Ойынның шартымен таныстырайын. Ойын 5 турдан тұрады.
1. Кім тапқыр?
2. Мақал-мәтел сайысы.
3. Қызықты тапсырмалар
4. Кім білгір?
5. Шешендік.
I тур «Кім тапқыр?»
(Мұнда сайыскерлерімізге жалпылама сұрақтар қойылады. Қай оқушы қолындағы жалаушасын бұрын көтереді, сол оқушы бірінші жауап береді. Егер жауабы нақты емес, яғни, қате болса келесі ойыншының жауап беруіне болады.)
Енді, сұрақтарға көшейік.
1. Жері кең, елі бай. Бұл қай ел? (Қазақстан)
2. КР-сы мемлекеттік тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991 жылы
16-желтоқсан)
3. Қазақстаның ұлттық теңгесі қай жылдан бастап айналымға енді (1993жылы 15 қараша)
4. Қазақстанның бас қаласы. (Астана)
5. Біздің елбасшымыз кім? (Н.Ә.Назарбаев)
6.Абылай ханның азан шақырып қойған аты. (Әбілмансұр)
7. Абайдың отыз сегізінші қарасөзі (Надандық, еріншектік, залымдық)
8. Абайдың шын аты. (Ибраһим)
9. « Менің атым Қожа» повесінің авторы (Б.Соқпақбаев)
10. «Ақсақ киік» өлеңінің авторы (С.Сейфуллин)
11. Қазақ ұлттық киімдерін ата (Қамзол, шапан, сәукеле, тақия, кимешек, тымақ, ішік,бөрік, т.б)
12. 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет ғарыш кемесімен жер шарын айнала ұшқан тұңғыш ғарышкер? (Ю.А. Гагарин)
13. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкерлер кімдер? (Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев, А.Айымбетов)
14. Абай туралы толық мағлұмат беріп, роман, эпопея жазған жазушы кім?(М.О. Әуезов)
15. «Бата» сөзінің мағынасы (Жақсы тілек білдіру)
16. Жігіт адамның неше жұрты болады? (Үш: Өз,нағашы, қайын)
17. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін ата. (Ту. Елтаңба, Әнұран)
18. Әнұранның сөзін және әнін жазған авторларды ата. (с:Н.Назарбаев, Ж. Нәжімеденов. ә: Ш.Қалдаяқов)
19. Тудың авторы кім? (Ш. Ниязбеков)
20.Аналардың мерекесі (8-наурыз)
Музыкалық үзіліс: Ана гүл, ана өмір шуағы демекші Ән «Ана» (Беркуттің орындауында
II тур «Мақал-мәтел» сайысы
Ж: Бұл турда сайыскерлеріміз екі минуттың ішінде өздері білетін мақал-мәтел айтып жарысады. (Қай ойыншының көп мақал білетінін санау. Бір мақал бір ұпай болып саналады)
III тур Қазақ тілінен қызықты тапсырмалар»
1.Тапсырма
Берілген сөздерді алфавит ретімен жаз.
А) Семей, Астана, Қарағанды, Өскемен. ( Астана, Қарағанды, Өскемен, Семей)
2. Тапсырма
Берілген сөздердегі у қандай дыбыс екенін айт.
Уәзір, аудан, уыз, баяу, елу, саумал, зәулім, оқу, қурай, қауын, кесу, уық, сатушы, уыс.
Дауысты : _елу, қурай, кесу, сатушы, оқу
Дауыссыз :Уәзір, аудан, уыз, баяу, саумал, зәулім, қауын, уық, уыс
3. Тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой.
…ор, …иклон, Гау...ар, … адиша, жи…аз, …оккей, қа….арман, пла…, …емпион, бор…, …ётка, кон...ерт, стан....ия, ....ифр, ...абар.
4. Тапсырма
Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Қорада емес сарайда,
Аспанда емес тоғайда.
Отында жоқ күйеде,
Жылқыда жоқ, түйеде.
Қырда емес, сайда бар,
Құнанда жоқ, тайда бар.
Бұл жұмбақты шешетін
Тапқыр бала қайда бар?
Қай әріп? .....й әрпі...
5. Тапсырма
Сөйлем бірнеше сөздерден құралады. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Айтылу сазына қарай үш түрі болады. Сөйлемнен соң не нүкте (.), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.
Берілген сызба бойынша сөйлем құра.
________ __________ __________ . Біз театрға бардық.
__________ __________ __________ ? Тудың түсі қандай?
__________ __________ __________! Қазақстан елі жасасын!
Музыкалық үзіліс: Гүлдер өлеңі.
IY тур «Кім білгір?»
(Бұнда ойыншылар конверт таңдайды. Конверттерде әр түрлі пәндерге байланысты сұрақтар болады.) Ендеше ойынымызды әрі қарай жалғастырайық.
Қазақ тілі пәні бойынша
Қаратпа сөз дегеніміз не? (Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер болады. Ондай сөздерді қаратпа сөз дейді)
Математика пәні бойынша
Қосарлап жегілген ат арбамен Жантілеу 25 километр жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жол жүрді? (25 км)
Әдебиеттік оқу пәні бойынша
Ыбырай Алтынсаринның « Баланың айласы» әңгімесіндегі кейіпкерлерді ата
( Ғалым, жылан, түйе, жеміс ағашы, ит, бала)
Дүниетану пәні бойынша
Табиғаттағы қауіп-қатерлерді атаңдар.
( Адам денесінің бұтақ, тікенек өсімдіктермен жарақаттануы;
Улы жәндіктер мен жануарлар шағу (жылан, өрмекші, сарышаян, маса т.б);
Биіктен құлау;
Улы өсімдіктермен улану;
Суға кету;
Найзағай түсуінен зардап шегу;
Жаратылыстану пәні бойынша
Жануарлардың тіршілік ортасын ата ( орман жануарлары, тау жануарлары, ашық кеңестік жануарлары, суқойма жануарлары)
Музыкалық үзіліс: Би «Ақ көгершін»
Y тур «Шешендік»
+
Ж: Соңғы турымыз шешендік деп аталады.
(Бұнда ойыншыларымыз өздеріне тән мамандық таңдау арқылы өз ойларын ортаға салып, ашық айтулары тиіс)
Дәрігерлік, мұғалімдік, Заңгерлік, жазушылық, әкім
(Әділ қазылар ойыншыларымыздың ұпай сандарын шығарғанша оқушылардың өнерін тамашалаңыздар)
Музыкалық үзіліс: Ән: «жүрегім қазақ»
Бүгінгі ойынға қатысқан оқушыларды мақтау қағазымен марапаттау
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген