Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қос сөздер 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөйлем ішінен бір сөздің қайталануы арқылы және екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздірді табу. Сұрақ-жауап әдісімен өткен сабақтағы білімдерін қайталау;
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Жаңаталап» жалпы орта мектебі







Shape1


Тақырыбы: Қос сөздер

.


Мұғалім: Райымқулова Маржан

















2013 жыл




Ашық сабақ

Қазақ тілі 4а сынып


Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер. 54-59 жаттығулар.

Сабақтың мақсаттары:

1) Білімділік: Сөйлем ішінен бір сөздің қайталануы арқылы және екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздірді табу. Сұрақ-жауап әдісімен өткен сабақтағы білімдерін қайталау;

2) Дамытушылық: Оқушылардың топпен жұмыс істеулерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру;

3) Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, алғырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, жинақтау, талдау, әңгімелеу, ойқозғау.

Көрнекілігі: Дидактикалық ойындар, суреттер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс.

ІІІ. Бүгінгі сабаққа назарларын толық аударып, оқушыларды екі топқа бөлу.

І топ – «Сұңқар» ІІ топ - «Тұлпар»

Ұрандары: «Сұңқар» «Тұлпар»

Топтың аты сұңқар бұл, Тұлпар атты тобымыз,

Келдік біздер жарысқа. Көп нәрседен хабармыз.

Қазақ тілі сырларын, Сұңқар атты топпенен

Баяндаймыз сайыста. Сайысуға дайынбыз.


ІV. Жаңа сабақ. Ой қозғау.

Сұңқар. Біріккен сөз дегеніміз не? Мысал келтір.

Екі не одан көп түбірден құралған сөздерді біріккен сөздер деп атайды. Олар бірігіп жазылады. Мысалы: тасбақа, қосаяқ, балмұздақ.

Біріккен сөздер екі түбірден құралғанымен бір ғана мағынаны білдіреді, бір ғана сұраққа жауап береді.

Тұлпар. Қос сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.

Екі сөздің қосарлануынан жасалған күрделі сөздерді қос сөздер деп атайды. Жазуда қос сөздің арасына дефис (-) қойылады. Мысалы: мая-мая, қора-қора, әке-шеше.

54 – жаттығу (Өлеңді оқып жатқа жаз).

Қос сөздер бір сөздің қайталануы және екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы жасалады: айта-айта, кезек-кезек, ар-ұят, киім-кешек.

55 – жаттығу. (Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз).

Қос сөздердің арасына дефис қойып теріп жаз.

V. Ойын. «Әрі қарай жалғастыр».

1. Ғылым таппай мақтанба, 2. Кел, балалар, оқылық,

Орын таппай баптанба ... Оқығанды көңілге ...

(Абай) (Ыбырай)

- Абай кім? – Абай қазақтың ұлы ақыны.

- Ыбырай кім? – Ыбырай қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы ұстаз.

1. 56 – жаттығу. (Қос сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жаз).

2. 57 – жаттығу. (Мәтінді оқып, қос сөздерді тап.)

Қос сөздерді теріп жаз.

VI. Ойын. «Төл шақыру».

Төл өріске кетті. Кеш болды. Енді біз оларды шақырамыз.

- Әукім-әукім. Шөре-шөре. Құрау-құрау. Көс-көс – бұл сөздер, бір сөздің қайталануы арқылы жасалған.

58 – жаттығу. (Төмендегі сөздерді кестеге орналастыр).

VII. Жұмбақтар сайысы.

1. Қабат-қабат киінген, 2. Жерге тырс-тырс тамады,

Төбеден шашы түйілген. Сайға қарай ағады.

Жеп көріп ем өзінен, Шешуін кім табады?

Жас шығарды көзімнен. (Пияз) (Жаңбыр).

VIII. Мақал –мәтелдер сайысы.

1. Ақылың болса арыңды сақта, 2. Тамшыдан тама-тама

Ар-ұят керек әр уақытта. дария болар.

IX. Жаңылтпаштар сайысы.

1. Ала –ала алашалар, 2.Көктем жауын-шашынсыз болмас,

Тамаша олар, Жауын –шашынсыз болмаса,

Оған кім таласа алар. Жасынсыз болмас.

Алашаларды

Таба алса, алар.

X. Сабақты қорытындылау. Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақты қорытындылаймыз.

ХІ. Балаларды бағалау.

ХІІ. Үйге тапсырма. 59 – жаттығу (Жауабы қос сөз болатын өз

ребусыңды құрастыр).












































Екі сөздің қосарлануынан жасалған күрделі сөздерді

қос сөздер деп атайды.

Жазуда қос сөздің арасына дефис (-) қойылады.

Мысалы: мая-мая, қора-қора, ата-ана.



Қос сөздер бір сөздің қайталануы және екі түрлі

сөздің қосарлануы арқылы жасалады:

Мысалы: айта-айта,

кезек-кезек, ар-ұят,

киім-кешек.





Сөздің алдынан күшейткіш

буын қосу арқылы да

қос сөздер жасалады:


Мысалы: қып – қызыл,

тап – тар, түп – түзу.





1. Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба ...

(Абай)

2. Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге ...

(Ыбырай)







1. Қабат-қабат киінген,

Төбеден шашы түйілген. Жеп көріп ем өзінен,

Жас шығарды көзімнен.

(Пияз)




2.Жерге тырс-тырс тамады,

Сайға қарай ағады.

Шешуін кім табады?

(Жаңбыр).






1. Ақылың болса арыңды сақта, Ар-ұят керек әр уақытта.

2. Тамшыдан тама-тама

дария болар.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2020
505
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12