Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қосындыны санға көбейту"

Материал туралы қысқаша түсінік
МҰҒАЛІМДЕРГЕ жаңартылған білім беру бойынша пайдалануға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Математика 3-сынып


Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға көбейту (Көбейтудің үлестірімділік қасиеті)


Сабақтың мақсаты: 3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану

Барлық оқушылар үшін:


Қосындыны санға көбейту ережесін білу.


Бірқатар оқушылар үшін:


Қосындыны санға көбейту ережесін ауызша есептеуде қолдану.


Кейбір оқушылар үшін:

Қосындыны санға көбейту ережесін тиімді есептеу үшін қолдану.


Тірек білім, білік, дағдылар

Көбейту мен бөлудің ауызша тәсілдері

Сабақтың мақсаты: «Қосындыны санға көбейту» тақырыбын пысықтау. Есептер шығару. Ойлау қабілеттерін арттыру. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.


Сабақтың көрнекілігі: қала суреттері, ұшақ билеттері.


Сабақтың жүрісі:


І. Ұйымдастыру.

Ынталандыру.

Біз келдік мұнда оқуға

Жалқаулықты артқа тастап,

Еңбектеніп оқуға.

Тырысып, жұмыс жасаймыз

Назар қойып тыңдаймыз!

1. Психологиялық дайындық.


Армысыздар, балалар!

Дайынбыз ба сабаққа?

Шебер, шешен өнері,

Сай келейік талапқа!

Бар ма үйден дайындық?

Тапсырмамыз дұрыс па?

Оқымасаң уайым жеп,

Тығылмаймыз қуысқа,

Ойымызды айтайық,

Білімімізді бастайық.

Мына тұрған ұстаздар

Қалсын бір сәт марқайып...


2. Үй тапсырмасын тексеру.


А) Есептерді тексеру.

Б) Көбейту кестесі сұралады.

В) Сұрақ – жауап.


ІІ. Жаңа сабақ.


1. Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы еліміздің сапалы өзгерістерге сатылап жетуінің бағдарламасы екендігі баршамызға мәлім. Осы жолдауда елбасы Қазақстандағы қала халқының санының өсуіне жағдай жасау керектігін қадап айтты. Осыған негізгі қадам ретінде қазіргі Алматы мен Астана, Семей мен ӨскеменШымкент пен Ақтөбе қалалар ірі мегаполис ретінде қосылуы жоспарлап отыр. Осы қалаларға саяхатқа шығамыз. Ол үшін көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, есептеу арқылы ұшаққа билет аламыз. Саяхатты елордамыз Астанадан бастаймыз. Астанаға бару үшін мына кестені толтырамыз.


24 : 6 = 4 30 : 6 = 5 5 · 6 = 30 42 : 6 = 7

8 · 6 = 48 8 · 8 = 64 9 · 8 = 72 24 : 8 = 3

4 · 8 = 32 0 · 8 = 0


Міне, Астанаға келдік. Астана ҚР елордасы. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Ол киелі орын, босаға деген мағынаға ие. Астанада 808429 адам тұрады. Қаланың аумағы 200 шаршы км жерді алып жатыр. 1998 жылы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 10 шілдеде Қазақстанның жаңа елордасы Астананың тұсауы кесілді.


2. Алматы қаласына жету үшін оқулықпен жұмыс жүргіземіз, есептер шығарамыз. (тақтаға №2, 4, 9 тапсырмалар орындалады). (Дәптермен жұмыс. Күннің жадысын жазу).


Желтоқсанның 26-сы

Қаңтардың 29-ы

Сынып жұмысы


6 12 18 24 30 36 42 48 54 60


2. (9 + 4) · 6 = 9 · 6 + 4 · 6 = 78

(3 + 9) · 7 = 3 · 7 + 9 · 7 = 84

(5 + 8) · 2 = 5 · 1 + 8 · 1 = 26

(6 + 5) · 3 = 6 · 3 + 5 · 3 = 33

(7 + 2) · 4 = 7 · 4 + 2 · 4 = 36

(5 + 4) · 5 = 5 · 5 + 4 · 5 = 45


4. 384см + 5дм = 434см

112см – 6дм = 52см

9м 20см – 130см = 790см

40дм – 3см = 397см


9 Өз бетімен жұмыс. 54 : 10 = 5 (қ4)

98 : 10 = 9 (қ8)

5 · 10 + 4 = 54

9 · 10 + 8 = 98


Міне, Алматы қаласына жеттік. 1927 жылы 2 наурызда ҚазақАССР-нің астанасы Қызылордадан Алматыға көшірілді. 1927 – 98 жылдар аралығында ҚР астанасы болды. Қала 170 шаршы км жерді алып жатыр. Қазіргі кезде Алматы Қазақстанның мәдени астанасы деп аталады. Алматы қаласы әйгілі апорт алмасының отаны.


3. Келесі бағытымыз ӨскеменШымкент қаласы. Бұл қалаға бару үшін мына тапсырмалардың шешімін табамыз.


  1. Сағаттың 4/1 бөлігінде неше минут бар? (60 : 4 = 15 минут)

  2. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4 сағат)

  3. 3 май шам жанып тұрады. Екеуін сөндірсе, нешеуі қалады? (біреуі жанып кетеді, екеуі қалады).

  4. Бұтаның түбінен қоянның 10 құлағы көрініп тұр. Бұта түбінде неше қоян бар? (10 : 2 = 5 қоян)


ӨскеменШымкент қаласына келдік. ШығысШымкент оңтүстік Қазақстан облысының орталығы. Тұрғыны шамамен 660300 адам. Қазақстанда қала халқының саны жөнінен 3 – орында. Онда Сарыағаш сауықтыру орталығы мен су артезианы орналасқан. Қазақстандағы мақта орталығы. Шымкентте Қазақстандағы ең үлкен жиһаз өнеркәсібі бар.


4. Келесі бағытымыз Батыс Қазақстан өңіріндегі Ақтөбе қаласы. Ақтөбе қаласына жету үшін оқулықтағы №5, 6, 7 тапсырмалар орындалады.

5. Шешуі: (2 + 3) · 3 = 15

2 ·3 + 3 · 3 = 15

Жауабы: 15 әшекей.


Шешуі: (4 + 5) ·7 = 63

4 · 7 + 5 · 7 = 63

Жауабы: 63 орындық.


Шешуі: 10 · 3 + 10 · 4= 70

(3 + 4) ·10 = 70

Жауабы: 70 сәбіз.

Правая фигурная скобка 2

6 Әрқайсысы 12 б.ш. – 10ш. Барлығы - ?

Әрқайсысы 5 б.ш. – 10ш.


Шешуі: 12 · 10 + 5 · 10 = 170

Жауабы: 170 шам.


Правая фигурная скобка 3 7. Әрқайсысы 20ж. – 2 алқа Барлығы - ?

Әрқайсысы 10м. – 4 салпыншақ

Шешуі: 20 · 2 + 10 · 4 = 80

Жауабы: 80 асыл тас.

Семей мен Өскемен

Ақтөбе қаласына жеттік. Ақтөбе ҚР батысында орналасқан. Қала 19 ғасырда бой көтерді. Ақтөбе Батыс қазақстанның экономикалық орталығы. Қалада 300 мыңнан астам халық тұрады. Қазіргі таңда қала медициналық орталық өз деңгейінде дамыған.


Мінеки, біз Қазақстанның 4 ірі қаласына саяхат жасадық. Осы саяхат кезінде келесі бөлімдегі тапсырмаларды қоса орындаған оқушы бар ма?


Орындаған оқушылар бар болатын болса саяхатымыздың соңын осы жерден аяқтаймыз. Бұл жерде өзіміздің ауылымыз – Дайыр.Бейнеу. Бейнеу ауданы Маңғыстау облысының солтүстігінде орналасқан, экономикалық қарқынды дамып келе жатқан аудан. Аудан 1973 жылы құрылған. Бейнеу ақ тасымен Республиканы қамтамасыз етіп отыр. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында 2050 жылдары Зайсан ауданыБейнеу ауылы да осы 4 ірі қаланың қатарынан көрінеді деп сенеміз. Оған осы отырған болашақ елдің ертеңі – сіздердің қолдарыңызда!!! ЗайсандыБейнеуді көркейтетін – сіздер!

Рефлексия.

Бүгінгі сабақта мен түсіндім, мен білдім, анық-қанығына жеттім …;

«Мен … өзімді мақтан етемін»;

«Әсіресе маған ұнағаны …»;

«Бүгін менің қолымнан келді»


ІІІ. Қорытынды.


ІҮ. Бағалау.


Ү. Үйге тапсырма беру. №3, 8 тапсырма.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.01.2019
618
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12