15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Қозғалмалы ойындар
Қозғалмалы ойындар сабағының күнделік жоспары № 66
Сабақтың тақырыбы: «Қашпа доп» ойыны
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік : Жүгіру.Қашпа доп техникасын бекітетін арнайы жаттығуларды бекіту.
2. Денсаулық сақтау : Шапшандық және жылдамдық сапаларын дамыту.
3. Тәрбиелік: Сабақтағы барлық жүктемені дұрыс орындау. Бір-біріне көмек жасау. Тәртіпке тарту.
Спорт құралдары: жалпақ таяқша, кішкене доптар.
Өткізілетін күні : 18. 02. 2016ж Сынып : 7 «а», «ә», «б», «в».
Өткізілетін орны: Стадион Уақыты: 45 мин
№ |
Жаттығулар |
Уақыты |
Әдістемелік нұсқаулар |
1 |
Кіріспе бөлімі Сапқа тұрғызу Рапорт тапсыртқызу Сабақтың мақсатын түсіндіру Саптағы жаттығулар: Оңға,солға,айналып бұрылу Секіріп бұрылу. Спорт. жүріс: Стадион айнала 2 шеңбер жүгіру (бір баппен) 3 қатарға бөліп жалпы дамыту жаттығуларын жасау. №1 жаттығулар кешені Арнайы жүгіріс жаттығулар: 1. Тізені көтеріп жүгіру 2. Аяқты артқа лақтырып жүгіру 3. Түзу аяқты алға лақтырып жүгіру 4. Бұғы жүгіріс 5. Сол, оң аяқпен биікке секіріп алға қозғалу. 6. Жылдам жүгіру |
15 мин
2 рет 2 рет 2 рет 2 рет 2 рет 2 рет |
Спорт киіміне назар аудару
Бір адамдай істеу.
Саптан шықпай жүгіру.
Оқушыларды екі лекке бөліп 30-40 м ұзындығына арнайы жүгіріс жаттығуларын жасатқызу. Қол жүгіргендей қимылдайды Қол жүгіргендей қимылдайды Қол жүгіргендей қимылдайды Қол жүгіргендей қимылдайды
|
2 |
Негізгі бөлім Оқушыларға қашпа доп ойынының ережелерін айту. Сынып оқушыларын екі топқа бөлу. Командаларды А және Б командасы деп бөліп, А командасы шабуылшы Б командасы қорғаушы. А командасы бастарқы сызықтың қасында бірінен соң бірі тұрады. Ал Б командасының бір ойншысынан басқасы алаңды күзетеді. Сөреде қалған Б командасының бір ойыншысы кішкене доппен А командасының ойыншыларының алдына қол, немесе таяқша жетпейтіндей жерде тұрады. Ол А командасының ойыншыларына кішкене доппен көтеріп қалқытады , ал Б командасының 1 ші тұрған ойыншысы таяқшамен ұрып допты алысқа жіберу керек. |
25 мин
|
Айту. Дайындал, назар сал, марш деген кезде, қолмен аяқтың қозғалуын дұрыс көрсету.
Қателіктерін айту және жою.
|
3 |
Қорытынды бөлімі 1. Сапқа тұрғызу 2. 100 м қашықтыққа ақырын жүгіріп жүріске көшу. 3. Жақсы істеген оқушыларды белгілеу 4. Ұйымдастырып қайтару |
5 мин |
Үйге тапсырма беру. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген