Материалдар / Ашық сабақ "Қозғалмалы ойындар мен эстафеталар. Дене бітімінің даярлығы."
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Қозғалмалы ойындар мен эстафеталар. Дене бітімінің даярлығы."

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2020
4355
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


1 И.Ф.ХАЛИПОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП












Ашық сабақ

Тақырыбы: Қозғалмалы ойындар мен эстафеталар.

Дене бітімінің даярлығы.


















Пән: Дене шынықтыру

Сынып: 6 «б»

Күні: 07.11.2019ж

Пән мұғалімі: Жақұда Р.Б.








Талғар қаласы 2019 жыл

Оқу ісінің меңгерушісі: ____________ Сабақ жоспары № 27



Күні: 07.11.2019 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Жақұда Р.Б.

Сынып: 6 «б»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Қозғалмалы ойындар мен эстафеталар.

Дене бітімінің даярлығы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.2.1 ­ Футбол добымен өткізілетін қарапайым ойындар мен эстафеталар; ептілік, иілгіштік, жылдамдық сапаларын дамытуға арналған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар, доппен қозғалу, бағытты өзгертіп жүгіру ойындары. Доппен және допсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығуларының кешені.

Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, жылдамдықты, ептілікті, иілгіштікті, қимыл қозғалыс және пас беру дәлдігін дамытуға арналған, доппен және допсыз орындалатын жаттығулар кешені.

Сабақ мақсаттары:

Оқушыларға доппен орындалатын қозғалмалы ойындардың техникасымен ережелерін үйрету.

Оқушылардың дене шынықтырулық қабілеттерін және шапшаңдық, төзімділік, ептілік дағдыларын қалыптастыру, дамыту.

Ұйымшылдыққа, төзімділікке, батылдыққа және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Жетістік критерийлері:

  • Футбол ойынында техникалық әдісті меңгерген

  • Топта жұмыс істей біледі

  • Футбол ойынында негізгі ережелерді сақтайды

Тілдік мақсаттар:

Пәндік лексика және терминдер:

  • Шабуылдау ойыны, бейімделген ойындар

  • доптар, ысқырық, түрлі заттар

Құндылықтарды дарыту:

Ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс, жауапкершілік пен өзара түсінушілік қалыптастыру. Жұппен және топпен ынтымақтастық пен қарым-қатынасты дамыту бойынша ойындар ұйымдастыру.

Рухани құндылықтар. Дағдылар

«Мәнгілік Ел» стратегиясы. Оқушыларды бір біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу және топпен жұмыс істей білу қабілеті;

Пән аралық байланыс:

Өзін-өзі тану пәнімен байланыс және геометрия пәнімен байланыс.

Акт қолдану:

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану.

Бастапқы білім:

Оқушылар футбол жөнінде өткен сыныпта, үйде, сыныптан тыс орында алған білімдерін қолданады.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

құрал жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

5-10 мин


  1. Оқушыларды сапқа тұрғызу. Рапорт қабылдау.

  2. Сәлемдесу. Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good afternoon! Қолайлы орта қалыптастыру. Оқушылар шеңбер құрып, кезекпен әр тілде амандады. Жабдықтау сұрақтары арқылы тақырыпқа шығу. Оқушылар жүрек соғысын көтеру үшін, жалпы жарақаттардан сақтандыру үшін қыздырыну жаттығуларын жасайды.


  1. Оқушыларды түгелдеу, сабақтың мақсатын түсіндіру. Саптық жаттығуларды орындау. «Түзел!» «Тік тұр!» т.б.

  2. Шеңбер құрып айнала жүгіріу жаттығуларын орындау, тыныс алу жаттығуларын орындату

  3. Жалпы дамыту жаттығулары

  1. Бір орында орындалатын жаттығулар: Бас мойынға жаттығулар. Оңға, солға айналдыру. Иық, қолға жаттығулар. Қол иықта алға екі рет айналдыр. Қолдың шынтақ буынның ішке, сыртқа айналдыру, білек буынын айналдыру, қолды қайшылау. Белге жаттығулар: белді алға, артқа айналдыру, белді оңға, солға ию, бір қол жоғары, бір қол белде, қолды еңкейе оң аяққа, ортаға, сол аяққа тигізу. Тізе, аяқ буын жаттығулары. Қол алда, оң аяққа отыру, сол аяққа отыру. Тізе буынын және тобық буынын ішке, сыртқа айналдыру, оң, сол және екі аяқпен секіру.

  2. Бір қатарға сапқа тұру. Екі қол, иықты алға 2 рет, артқа 2 рет.

Жылпы жаттығулар:

1.10 рет отырып тұру.

2.Екі қолды белге қойып, белді оңға 2 рет, солға 2 рет айналдыру.

3.Екі қолды алдыға созып қайшылау

4.Аяқты алға, артқа созу.

Спорт алаңы

Сынып журналыы

Сақтандыру жаттығуы

Жалпы ереже


Ысқырық

Уақытөлшегіш








Топқа бөлу

Спорттық құралдар арқылы топқа бөлу

Оқушылар таңдаған ойыншықтарына сай топтарға бөлініп отырады.

Сабақтың ортасы:



«Шеңбер эстафетасы» ойыны. Ойынның ережесі

Ойнаушылар екі командаға бөлінеді. Жүгіру жолы 40-50 метрден бірнеше бөлікке бөлінеді.

Әрбір бөлікке әр команда өз ойыншыларын қояды.

Бірінші нөмірлі ойыншылар белгі бойынша сөреден жүгіріп шығып, екінші бөлікке жетіп, өз командаласының ойыншысына таяқшаны береді.

Ал ол эстафетаны үшінші бөліктегі өз ойыншысына жеткізеді.

Жүгіруді бірінші аяқтаған команда жеңіске жетеді.

1. «Акробатика»
Ойын шарты: «Әр команда мүшелері гимнастикалық орындықтан секіріп өтіп, аунап түседі және жүгіріп келеді.
2.«Кім жылдам»
Ойын шарты:
1 - допты секіртіп апарып, жүгіріп келу;
2 - аяқ арасына допты қыстырып, секіріп барып, жүгіріп келу;
3 - скакалкамен секіру, жүгіріп келу;
4- қос аяқпен секіріп келу
Тапсырманың дескриптерлері:

- ойынды ережемен ойнап, ҚЕ сақтайды;

- ойын ойнау барысында көшбасшылық танытады;

- қозғалыс ойындарының денсаулыққа пайдасын түсінеді;

Қозғалмалы ойын «Сызықтан тартып өткізу»

ойынның ойнау әдіс - тәсілдерін, жүргізушінің іс - әрекетін айтып, көрсетіп түсіндіру.

Техника қауіпсіздік ережесін айтып ескерту.

Ойынның шарты: Алаңның ортасын бөле сызық сызылады. Оның сол жағынан және оң жағынан - 2 - 3 м қашық жерден соған параллель етіп тағы екі сызық сызылады. Ойыншылар екі командаға бөлінеді де, орталық сызықтың екі жағына бір - біріне қарама - қарсы сапқа тұрады. Қарама - қарсы тұрған бәсекелестер бір - бірінің оң қолдарынан ұстайды да(білектерінен), сол қолдарын артына ұстайды. Жетекшінің белгісі бойынша әрқайсысы қарсыласын өзіне қарай тартып, өзінің артындағы сызықтан өткізуге тырысады. Ойыншылар түгелдей бір - бірін тартып шығарғанша ойын жалғаса береді. Ойыншыларды өз жағына неғұрлым көбірек тартып шығарған команда жеңеді..

Тапсырманың дескриптерлері: - қауіпсіздік техникасын сақтайды; - ойын кеңістігінде бағдар жасай алады; - мұғалімнің командаларын мұқият тыңдайды

Кең, таза кеңістіктер әрбір әрекет үшін. Ысқырық, секундомер мұғалім үшін.

Футбол, баскетбол, волейбол доптары,


шар, арқан.




Бөлімде футбол ойыны оны ойнау ережесі, тарихы ойын амалдарымен осы ойынға бағытталған қимыл ойындарын оқып үйренудің жолдары жоспарланған.

Төменгі сыныптарда үйретілген ойын амалдарын жетілдіру

1.Қозғалу амалдары(техникасы)


-Допты аяқпен соғу;

-Допты тоқтату;

-Допты алып жүру;

-Допты беру;

-Дене бітімінің даярлығы;










1 сурет №2 сурет

Тапсырма

Жеке-жеке доппен жаттығыңыз. Әр қайсыңыз жеке доппен жұмыс жасау барысында, допты дәлдікке тебу, допты түзу қақпаға тебу, белгіден көтеріп тебу жұмыстарын орындаңыз.

Ойынға негізделген қимыл-қозғалыс ойыны

"Бекіністі қорғау"

Міндеті:

Допты табанның ішкі жағымен беруді үйрету.

"Бекіністі шабуылдау"

Міндеті:

Допты табанның ішкі жағымен беруді үйрету. (Дриблинг)жасау

"Допты тартып ал" Екі жақты ойын 2х2

Міндеті:

Допты қарсыласынан алып қою

"Екі жақты ойын"

Ойын алаңы


Ойын торы


Ысқырық


Уақытөлшегіш












Ойын добы

Сергіту сәті

«Халықтар» биі (Қара жорға)


Сабақтың соңы:

5 мин

- Қатарға тұру, жеңіл жүрістер,тыныс алуды қалыптастыру

-Қысқаша рефлексия ұйымдастыру

-Оқушылармен қоштасу



Ой толғаныс

БББ кестесі


Білем

Білдім

Білгім келеді






Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Кері байланыс



Саралау:

Бағалау:

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

  • Стратегиялық тапсырмалардың нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.

  • Спорттық термин сөз қорын тереңдету үшін, оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.

  • Әлсіз оқушыларға көмектесу үшін арнайы тапсырмаларды беру және де, топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету.

  • Көру, тыңдау, сұрақ қою.

  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатысы бар ма?

  • Оқушылар алаң мен динамикадағы өзгерістер қалай көрінеді және қалай сезілетінін біле ме?

Топтық ойындардың сапасы талқылау.

  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы






Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болда ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұраққа жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау


Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.Топтық жұмыс


2.Постер қорғау


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.Бағалау


2.Деңгейлік тапсырмалар


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Кері байланыстар жазылған ұсыныстар мен сұраныстарға негізделемін.




Тексерді _______________


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!