Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ашық сабақ Қозғалысқа арналған есептерді теңдеу құру арқылы шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнінен қозғалысқа берілген есептерді теңдеу құру арқылы шығаруға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика 4- сынып


Сабақтың тақырыбы: Қозғалысқа арналған есептерді теңдеулер құру арқылы шығару.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың қозғалысқа арналған есептер туралы білімдерін тиянақтай отырып, қозғалысқа берілген есептерді теңдеу құру арқылы шешу тәсілдерімен таныстыру және меңгерту. Арифметикалық және алгебралық тәсілдер арасындағы айырмашылықты анықтау; оқушылардың ауызша есептеу дағдыларын дамыта түсу.


Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, сабақтағы бірыңғай тәртіп ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу; өз Отанын, жерін тани білуге және сүюге тәрбиелеу.


Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейте түсу; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өзін-өзі бағалай білуге, жауапкершілікпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.


Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.


Сабақтың типі:


Сабақты оқыту әдістері: Компьютерлік, репродуктивтік, деңгейлік, зерделеу технологиясы, әңгімелеу, түсіндіру, т.б.


Сабақта қолданылатын көрнекі және техникалық құралдар: Компьютер, ойын-карточкалар, логикалық тапсырмалар, т.б.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың мақсатын хабарлау.


ІІ. Оқушылардың өтілген материалдар бойынша білімдерін тексеру және оны бағалау.


МАТЕМАТИКАЛЫҚ ДИКТАНТ.

Жауабын ғана жаз!

1. Зауза қоңыз 11 км/сағ жылдамдықпен 2 сағат ұшты. Қоңыз қандай қашықтықты ұшып өтті?

2. Ұлы 30 дм/сағ жылдамдықпен 3 сағат жорғалады. Осы уақыт ішінде ол қандай қашықтықты жүріп өтті?

3. Акула 90 метрді 9 секундта жүзді. Ол қандай жылдамдықпен жүзді?

4. Пошта көгершіні 15 км-ді 5 минутта ұшып өтті. Көгершін қандай жылдамдықпен ұшты?

5. Ақ аю 30 км-ді 10 км/сағ жылдамдықпен жүзіп өтті. Ақ аюдың қозғалыс уақытын тап.

6. Киік 120 км-ді 60 км/сағ жылдамдықпен жүгіріп өтті. Киіктің қозғалыс уақытын тап.

(Жауабы тақта арқылы көрсетіліп, әр сұраққа 2 баллдан беріледі.)


ІІІ. Жаңа сабақ.

а) Экранда ШҚО-ның кртасы. Ертіс өзені туралы дүниетану пәнінен оқығандарын еске түсіру. Ертіс өзені туралы әңгімелеу.

(Жалпы ұзындығы, Қазақстан жерінің ұзындығы)

ә) Ертіс өзені туралы есеп құрастыру және оны теңдеу құру арқылы шығару.

Егер кеме Зайсан көлінен Ресей шекарасына дейінгі аралықты 2 сағатта 100 км жүзетіндей жылдамдықпен 36 сағат жүзетін болса, Ертіс өзенінің Қазақстан территориясындағы ұзындығы қанша болғаны?

а) Ертістің Қазақстан S = х делік, ал V = х : 36 (км/сағ тең, сондай-ақ, бұл жылдамдық 100: 2 –ге тең.)

Теңдеу құрамыз: х : 36 = 100:2

х : 36 =50

х = 36 · 50

х = 1800 км

ә) Теңдеу құру алгаритмін құрайық.

1. Белгісіз шаманы анықтап, оны х деп белгілейміз.

2. Санды және әріпті өрнек құрамыз, белгілі және белгісіз шамалар арасындағы байланысты анықтаймыз.

3. «тең» қатынасымен байланысты өрнектерді анықтап теңдеу құрамыз.

4. Есептің мазмұнымен байланыстармай-ақ, теңдеуді шешеміз, сондықтан мұнда шама бірліктері жазылмайды.

5. х-тің мәнін табамыз – бұл белгісіз шаманың санды мәні болады.

6. Шама бірліктерін қолданып, жауабын жазамыз.


б) Оқулықпен жұмыс. №2 есепті тақтаға және дәптерге арифметикалық және алгебралық тәсілмен шығарылады.


3 сағ – 39 км

? сағ – 65 км

39 : 3 = 13 км/сағ

65 : 13 = 5 (сағ)


65 : х = 39 : 3

х = 65 : 13

х = 5 Ж: 5 сағат ұшады.



Тиімділігі: Теңдеу шешуде қате жіберілмейді және жоғары сыныптарда есептер алгебралық тәсілмен шығарылады.


Сергіту минуты: «Әрі ойын, әрі есеп»

1. Қозғалыс уақытын табу үшін жылдамдықты қашықтыққа бөлеміз.

2. Қозғалыс қашықтығын табу үшін қозғалыс жылдамдығын қозғалыс уақытына көбейтеміз.

3. Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша бөлу төменгі разряд бірліктерін бөлуден басталады.

4. Төрт таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша бөлу үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлгендегідей орындалады.

5. Үшбұрыштың периметрі оның үш қабырғасының көбейтіндісіне тең.

6. Шаршының ауданы оның бір қабырғасының ұзындығын 4-ке көбейтуге тең.

7. Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту оңнан солға қарай орындалады.


г) Жұптық тапсырмалар. № 4

д) Логикалық тапсырма. «Сиқырлы шаршыны» өзің құра!

IV. Жаңа сабақты бекіту. Ойын. «Түбек құрастырайық»


V. Сабақты қорытындылау. «Өзіңді өзің бағала! Және ұстаз бағалауы»


VI. Үйге тапсырма: № 2 (2) 7, 8 (124, 125 бет)

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
718
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12