Материалдар / Ашық сабақ Қ.Сәтбаев – жан-жақты ғалым

Ашық сабақ Қ.Сәтбаев – жан-жақты ғалым

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ жоспары
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Бөлім:

Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым


Педагогтің Т.А.Ә.

Нурпеисова Г.А.

Күні:

18.03

Пәні:Қазақстан тарихы

Сынып:8


Сабақтың тақырыбы

Қ.Сәтбаев – жан-жақты ғалым

Зерттеу сұрағы: Қаныш Сәтбаевтың феномені неде?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.2.3.4 Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға беру.

Сабақтың мақсаты

Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы мен қызметіне баға береді

Құндылықтар


Ұлттық мүдде: Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға үлес қосу;

Талап: Жеке және командамен жұмыс істей білу;

Ар-ұят: Адал еңбекті құрметтеу;

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы 9:50


2 мин




3 мин







3 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Сынып оқушыларымен сәледесіп, зейіндерін сабаққа аудару.Психологиялық азхуал орнату. «Амандасу» әдісі тренинг. Оқушыларды тақырып мазмұны бойынша (тарихшылар, ғалымдар, саясатшылар) топқа бөлу.

2. «Біліміңді таныт» әдісі https://wordwall.net/ru/resource/70078783

бойынша үй тапсырмасынан сұрақтарға жауап береді.

3. «Ой шақыру» әдісі

Тұлғалар пікірін ұсынып, оқушылармен диалог құрамын.


  • «Қаныш Имантайұлының ерекше дарындылығы да сонда, ол кісі қамқорлық жасамаған, араласпаған сала кемде-кем. Ол – геология, минерология, химия, биология, физика, математика, әдебиет, тарих, археология, педагогика т. б. Ол химикпен де, биологпен де, медикпен де және тарихшымен де, тілші-әдебиетшімен де өздерінің ғылыми тілінде сөйлесе білетін».

М. Әуезов

  • «Қаныш Сәтбаев – халқының ұлы баласы, кемеңгер ғалым, белгілі инженер. Қанекенің өмірлік жолы өз елін жақсы көрудің және ынтамен беріліп қызмет етудің үлгісі болды»

Н. Назарбаев

Жетелеуші сұрақтар:

1.Пікір кім туралы айтылған?

2.Тұлға мен пікірдің қандай байланыс бар?

2.Айтылған пікірден нені аңғаруға болады?

Оқушылар ойларын ортаға салғаннан соң бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты таныстырылады.

1.Оқушылар назарларын сабаққа аударады


2. Оқушылар үй тапсырмасынан сұрақтарға жауап береді


3. Оқушылар тұлғалар пікіріне талдау жасайды.Жаңа тақырыпқа болжам жасайды.







2.ҚБ «Ең үздік жауап»



Мұғалімнің кері байланысы






2. таратпа материалдар

https://anatili.kazgazeta.kz/news/22236

https://wordwall.net/ru/resource/70078783


Сабақтың ортасы 9:58





























Зерттеу мен талдау

Зерттеу сұрағы: Қаныш Сәтбаевтың феномені неде?

4.«Мәтін пирамидасы»-топтық жұмыс (Қосымша №1)

Топтарға тақырыптық аралас мәтін ұсынылып, Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы мен қызметін анықтайды.

1-топ: Ғылыми зерттеу қызметі

2-топ: Қ.Сәтбаев-Қазақстан Ғылым академиясының президенті.

3-топ: Ғалымның ұрпақтар жадында алар орны

5. «» әдісі-жұптық жұмыс

Қаныш Сәтбаевтың тұлғалық роліне баға беріңіз.

Білімі:



Мамандығы:



Іс-тәжірибесі:


Өмірлік ұстанымы:


Қосымша мәлімет:



«Эйлер шеңбері»-жұптық жұмыс

Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы мен қызметін туралы сұрақтарға жауап жазады.

Shape1

6. Жеке жұмыс

Кестеге Қаныш Сәтбаевтың ғылымын дамытудағы қызметін талдап, баға береді

Алған білімі


Мамандығы


Ғылыми еңбектері

1.

2.

3

Қорытынды ой


4.Топ бойынша тапсырманы оқиды. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады.

5.Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы мен қызметін туралы деректердің маңыздылығына талдау жасайды











6.Оқушылар Кестеге Қаныш Сәтбаевтың ғылымын дамытудағы мен қызметін талдап, баға береді

4.ҚБ «Екі жұлдыз,бір ұсыныс»




Мұғалімнің кері байланыс жасайды;





5. ҚБ «Көршіңді бағала»

Дескриптор:

-Қаныш Сәтбаевтың ң қазақ тіл білімінің негізін салушы екендігін анықтайды

-Қаныш Сәтбаевтың қоғам қайраткері ретінде бағалайды


6.Тапсырма дескриптор арқылы бағаланады

Дескриптор:

-Қаныш Сәтбаевтың қызметін анықтайды.

-Қаныш Сәтбаевтың мамандығын сипаттайды;

-Қаныш Сәтбаевтың қызметі бойынша кемінде 3 нақты мысал келтіреді.

Тақырып бойынша қорытынды жасайды

4. https://e-history.kz/kz/news/show/32555

сілтемаде Қ.Сәтбаев өмірі

https://www.youtube.com/watch?v=K1ESOPMKuRU


Қосымша №1





5. Попс формуласы кестесі









5. Тақырыптық кестесі

Сабақтың аяғы



7.Сабақты қорытындылау

«Құм сағат» әдісі арқылы тақырыптық сұрақтарға жауап береді.

https://wordwall.net/resource/69258852


«Төрт сөйлем»

Оқушылар тақырып туралы пікірлерін білдіреді:

Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңді бір сөйлеммен айтыңдар немесе жазыңдар.

Дәлел. Пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер.

Мысал. Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріңдер.

Қорытынды. Тақырып мазмұны бойынша қорытынды шығарыңдар.

8.Рефлексия

ҚҚҚ» тәсілі

Қ -Сабақтың қай жері құнды болды?

Қ -Сабақтың қай тұстары қызықты болды?

Қ -Сабақтың қай тұстары қиын болды

9.Үйге тапсырма

«Қаныш Сәтбаевтың отандық ғылымға қосқан еңбегі зор» Ой түйін

.

7. Оқушылар кезекпен беріліп отырады өзара сұрақтарға жауап береді. Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріңдер


8. Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

9. Оқушылар кестедегі сұрақтарға жауап береді



7. Мұғалімнің кері байланысы





8. Мұғалімнің кері байланысы





9. ҚБ «Ең үздік жауап»



7.А4 парағы


https://wordwall.net/resource/69258852






8. таратпа материалдар






9.Тақырыптық кесте



     


Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы


Жеке жұмыс

Кестеге Қаныш Сәтбаевтың ғылымын дамытудағы қызметін талдап, баға береді

Алған білімі

1.

2.

3.

Мамандығы


Ғылыми еңбектері

1.


2.


3.


Қорытынды ой

Дескриптор:

-Қаныш Сәтбаевтың алған білімін анықтайды.- 3 ұпай

-Қаныш Сәтбаевтың мамандығын сипаттайды; 1 ұпай

-Қаныш Сәтбаевтың қызметі бойынша кемінде 3 нақты мысал келтіреді. 3 ұпай

-Тақырып бойынша қорытынды жасайды-1 ұпай














Қосымша №1


Ғалымның азан шақырып қойған аты Ғабдул-Ғани болған. Анасы еркелетіп Ғани, Ғаныш атап жүріп ел-жұртқа Қаныш аталып кеткен екен.Ол еңбек жолын алаш арыстарының қатарында жүріп бастаған. 1918 жылдың күзінде Земство басқармасының қаржысымен Алаш қалашағында ашылған ауылдық қазақ мектепбінтеріне мұғалім дайындау курсында сабақ берген. Курс бастығы – Троицк медресесін тәмамдаған Мәннан Тұрғанбаев, оқу ісінің меңгерушісі – Жүсіпбек Аймауытов. Жүсіпбекпен Қаныш Павлодар мен Семейде сыныптас боп бірге оқыған екен. Қаныш 21 жасында туберкулезге ұшырап, Теңдік деген өз ауылында жатып екі жылға жуық қымыз ішіп емделген. Ол сол кезде қазақ тіліндегі алгебра оқулығын жазуды бастайды. Оқулық жазу жұмысын ол 1954 жылы аяқтаған.Ол Баянауылда халық сотында істеп жүргенде 1921 жылы емделу мақсатында осында келген совет геологы Михаил Усовпен танысады. Оның геология туралы әңгімелері қатты қызықтырған жас жігіт істеп жатқан жұмысын тастап Томскідегі техникалық институтқа түседі. Қаныш Сәтбаев оқудың біраз бөлігін үйінде жатып оқыған. Бұған себеп оның туберкулезінің асқынуы еді. Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітірерде де ол денсаулығына байланысты емтиханды экстернмен тапсырған. Ал Томск технологиялық институтындағы оқуын да 1922 жылы жарты жыл үйден оқыған. Оның бұлай оқуына Усов көмек қолын созыпты. Ол қазақтан шыққан тұңғыш геолог. Қазақ ССР ұлттық ғылым академиясының тұңғыш президенті. Қаныш Сәтбаев халық мұрасын өте терең меңгерген өнерпаз да болған. Ол 1931 жылы басылған А.Затаевичтің «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинағына 25 әнді өзі орындап енгізіп, орыс тілінде ғылыми түсініктеме берген. Қ.Сәтбаев тек геология ғана емес, этнография, фольклор, тарих секілді ғылым түрлерімен де айналысқан. Ол Ш.Уәлиханов жазып алған «Едіге» жырының мәтінін қазақ оқырмандарына түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартып, қазақ тілінің жаңа орфографиясы негізінде қайтадан дайындаған. Ғұлама ғалым Ұлытау өңіріндегі тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштерді зерттеді. Жезқазған – Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялық мұраларды жинап, «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбек жазды. Ол Жезқазған мыс кен орнының қоры бұрынғы болжанғанынан әлдеқайда көп екенін дәлелдеді. Осы жаңалығы үшін КСРО-ның жоғары мемлекеттік награда – Ленин ордені берілді. Ол осы орденмен жалпы 4 мәрте марапатталған. Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының иегері болған. «Халқым менен де биік» афоризмін Черчиллмен кездескенде айтқан. 1947 жылы наурызда Қаныш Сәтбаев КСРО жоғарғы кеңесінің депутаттары қатарында Лондонда Уинстон Черчиллмен кездеседі, Сәтбаевты көрген Черчилл оның зор денесіне таңданып: «Өзге қазақтар да сіз сияқты бойшаң ба?» деп сұрағанда академик: «О не дегеніңіз, Черчилль мырза, олай емес, мен қазақтардың ішіндегі ең кішкентайымын! Халқым менен де биік!», – деп жауап берген екен.



https://e-history.kz/kz/news/show/32555

























Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі