400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Құқық және заңдылық" 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам.Қоғам.Құқық. пәнінен сабақ беретін ұстаздарға "Құқық және заңдылық" тақырыбы бойынша әдістемелік көмек ретінде пайдалануға болады. Сабақ жоспарында тақырыпты ашуға арналған сызба,негізгі тақырып бойынша материалдар мен жаңа сабақ бойынша диктант қарастырылған. Сабақ жоспарындағы материалдар 9-сыныпта тақырып бойынша сабақ өткізуде көмегі болады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

9 – сынып Адам.Қоғам.Құқық. Сабақтың тақырыбы: : Құқық және заңдылық.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырыптың мазмұнына байланысты білім беру арқылы оқушылардың азаматтық жауаптылығын, қоғам алдындағы міндеттерін түсіндіру.

Дамытушылық: Қылмыстың қоғамға қауіпті салдарын ұғындыру.

Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд,тірек сызбалар,жорамал диктант.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, жеке жұмыс.

Түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Қазіргі замандағы дін мәселесі» тақырыбы бойынша эсселерін тексеру

Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Құқық және заңдылық.
    2. Құқықтық нормалар.
    3. Дәстүр және әдет ғұрып нормалары
    4. Құқық және мемлекет.
    5. Құқық жүйесі.
    6.Құқықтың қоғам өміріндегі рөлі.
    7. Құқық және заң.
    8.Құқықтың салалық жүйесі


Әлеуметтік

Нормалар Құқықтық нормалар

Shape1

Shape2

Қоғамда өмір сүретін

адамдардың өздерін ұстау

Shape3 ережелерінің жиынтығы


Моральдық нормалар



Құқық жүйесінде заңдар ерекше орын алады. Заңға мемлекеттік биліктің жоғары органы – парламент қабылдаған нормативтік-құқықтық актілер жатады.

Заң – ең жоғарғы юрисдикциялық күш. Заңдар адамның құқықтық мәртебесін анықтайды.

Француз революциясының негізгі құжаты – «Адам мен азамат құқықтарының декларациясы» (1789ж) тарихта тұңғыш рет азаматтардың заң алдындағы теңдігін,жеке адамның бас бостандығын жариялады. Декларация феодалдық тәртіптерді жойған барлық барлық мемлекеттердің конституциялары үшін негізге алынатын түпкілікті құжатқа айналды.

IV. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

Жорамал диктант «Фемида»

Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жинтығын ........................... деп атаймыз. Адам тәртібінің конвенционалды нормалары деп ....................... айтамыз. Құқықтың пайда болуы . ......................... пайда болуымен байланысты. Мемлекет тарапынан заңдандырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесін ................... деп атаймыз.

....................... – мемлекеттің негізгі заңы. Нормативтік құқықтық актілерге ...................... жатады.

(Оқушылардың дәптерлеріндегі жазулар: диктант «Фемида». Әлеуметтік нормалар Мораль. Этикет . Мемлекет .Құқық. . Нормативтік актілер. Заң.)

V. Жаңа материалды бекіту:


  • Әлеуметтік нормалар дегеніміз не?

  • Құқық дегеніміз не?

  • Құқықтық тәртіпті қорғау үшін заңды бұзушыларды жауапқа тартатын арнаулы органдар?

  • Құқықтық жүйеде президент қабылдайды?

  • Барлық мемлекеттердің конституциялары үшін негізге алынатын түпкілікті құжатқа айналған декларация?

VІ. Бағалау:

VІІ. Үйге тапсырма: § 22. Құқық және заңдылық 1-3 сұрақтар








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1885
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі