Сабақ тақырыбы: Құстар –
біздің досымыз
Мырзағазиева Гүлнар
Ерназарқызы,
Қызылорда облысы, Шиелі
кенті,
№ 3 Облыстық балалар
оңалту
орталығының
тәрбиешісі
Мақсаты: Құстарды қорғауға, қамқорлық
жасауға баулу. Балалардың сөздік қорын, белсенділігін,
қызығушылығын, қиялын дамыту. Табиғатқа, қоршаған ортаға
қызығушылығын арттырып, сүйіспеншілікке
тәрбиелеу.
Қолданылатын
көрнекі-құралдар: құстардың суреттері,
слайд.
Әдіс-тәсілдері түсіндіру, сұрақ-жауап, ойындар,
мадақтау.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
кезең:
Психологиялық сәт.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін!
Саламатсыздар ма
апайлар!
-Тәрбиеші
-Балалар жер шарын қаншама құстар мекендейді.
Олардың өмір сүретін ортасына байланысты түсі, тұмсықтары,
қанаттары әр түрлі болып келеді. Түрлі жерлерде мекендеп, әртүрлі
ұя салады.Құстардың бізге пайдасы көп екен.
-Балалар құстардардың бәрі жем тауып жеуге
бейімделген, бірақ көбісі қыстамайды.Себебі, олар қысқы суыққа
шыдай алмайды.
-Балалар неліктен қарға, торғай, сауысқан қыстап
қалады?
-Өйкені олар суыққа төзімді.
-Балалар құстар болмаса
зиянкестер барлық ағаштарды қуратып, табиғатымызға зияны тиер
еді.Құстар ағаштардағы құрт-құмырсқамен қоректеніп, ағаштардың
жайқалып өсуіне қамқорлық жасайды.
Мысалыға тоқылдақты «орман тазалықшысы» -дейді,
өйткені ағаштарды құрт-құмырсқалардан қорғайды.
Тыйым
сөздер:
Аққуды атпа.
Құстың ұясын бұзба.
Құстың жұмыртқасын жарма.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық ,
Қане, қанат қағайық.
Қарлығаш болып ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық.
-Ал, балалар құстар жайлы кім тақпақтар
біледі?
Нысанәлі: Шыр-шыр еткен
торғайды,
Қорғамасақ болмайды.
Кіп-кішкене торғайлар
Ағаштарды қорғайды.
Ойын: «Үй құстары мен дала
құстарын ажырат.»
Мақсаты: Үй құстары мен дала құстарының
айырмашылығын ажырата білуге үйрету.
Бектөре: Таспен атып торғайды
Ұя
бұзған оңбайды.
Құс
өкпелеп кетеді,
Бақшамызға қонбайды.
Ойын: «Суретшінің
қатесі.»
Мақсаты: Құстардың қайда мекендейтіні жайлы
түсінік беру
Нұртілеу: Ой, балалар, балалар
Құстарда да ана бар,
Құстарда да бала бар.
Құс
ұясын бұзбайық,
Обалына қалмайық.
Ойын: «Құстардың суретін
құрастыру.»
Мақсаты: құстарды ажырата білуге үйрету, ұсақ қол
моторикасын дамыту.
ІІ.Қорытындылау:
1)
Құстар ертемен жем іздеуге шықса, күн жауын-шашынды
болады.
2)
Қарға жазда аузын ашып қарқылдай берсе, найзағай
болады.
3)
Құстар көңілдене сайраса күн ашық болады.
-
Құстарға қамқорлық жасау: Біз
құстарды қорғаймыз, қамқорлық етеміз.
-
Жұмыртқасын жармаймыз, құстардың ұясын бұзбаймыз,
тас лақтырмаймыз, дән, су береміз.