жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Құстар- біздің досымыз
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі:Жаратылыстану
Тақырыбы:Құстар-біздің досымыз!
Мақсаты:
Білімділігі: Құстар туралы білімдерін кеңейту.Олардың тіршілігін, ортақ қасиеттерін,айырмашылығын ажыратуға үйрету.
Дамытушылығы:Балалардың сөздік қорын,ой - өрісін,дамыту. Сұраққа толық жауап беруге,2-3 сөйлем құрастыруға қалыптастыру.
Тәрбиелігі:Құстарға қамқор бола білуге,қорғауға,табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Билингвалды компонент:Құстар – птицы – birds
Жұмыртқа – яйцо – egg
Ұя- гнездо- nest
Әдіс-тәсілі:Көрсету,түсіндіру,ӨТШТ технологиясы,кюизенер таяқшасы, топпен жұмыс.
Көрнекілігі:Табиғат көрінісі,құстардың бейнелі суреттері.
Сөздік жұмыс:Құс,ұя,жұмыртқа.
|
Оқу қызметі |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың жауабы |
|
Мотивациялық қозғаушылық Ұйымдастыру- шылық -ізденістік |
Балаларды оқу қызметіне ұйымдастыру. Сәлеметсіңдер ме! Здравствуйте! Hello! Шаттық шеңбері:
Табиғатым
тамаша Бізді қоршап тұрған табиғат әлемі. Табиғатсыз адамда,жануарлар мен өсімдіктерде өмір сүре алмайды. (Құстардың дауыстары естіледі.) -Балалар ненің даусы естіледі? Бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз!» -Құстар туралы не білесіңдер? Құстар өсімдіктерді,ағаштарды, зиянды жәндіктерден,құрттардан тазартады.Құстарды жыл мезгілінің өзгеруіне қарай бөлеміз.Қыстап қалатын құстар және жыл құстары болып бөлінеді.Қыстап қалатын құстарға:қарға,торғай,көгершін, сауысқан жатады.Құстар қыста ағаш бүршігін,кепкен жемістерді қорек етеді.Суықтан қорықпайды.Адамдар оларға ұя салып,жемшашар жасап,оған нан қоқымын,жем шашып тұрады.Ал,жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді. (слайд көрсетіледі). Құстар – птицы – birds Жұмыртқа – яйцо – egg Ұя- гнездо- nest Бойымызды бір сергітіп алайық. Құстар қанат қағады, Көкке самғап ұшады. Барлық құстар қосылып, Шиқ-шиқ деп ән салады. Қонаққа рухани жаңғыру құсы келді. Өзінің арнайы балаларға арналған тапсырмалары бар. I топ «Құстардың көлеңкесін табу» дидактикалық ойын. Ойын шарты:Берілген құстардың көлеңкесін қалам арқылы сызықпен қосу. II топ «Өз мекенің тап» Ойын шарты:Берілген құстарды өз мекеніне орналастыру. III топ «Құстың ұясы» Ойын шарты:Кюизенер таяқшалары арқылы құстың ұясын жасау. IV топ «Құстарды тамақтандыру» Ойын шарты:Балалар қыстырғыш арқылы құстарды тамақтандыру. «Миға шабуыл» әдісі арқылы құстардың даусын тыңдау. (Құстардың дауыстары қойылады). Балалар,барлығыңызды «жүректен жүрекке» шеңберіне шақырамын. Балалар,біздер құстарға деген сүйіспеншілігімізді білдірейікші! ( Тәрбиеші құс мүсінін алақанына салып, келесі балаға ұсынады.) - Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оны аялап мәпелер едім - деп, балапанды балаларға ұсынады.
- Егер менің қолыма құс келіп
қонса, мен оны жуындырар едім. Құстың ұясын бұзба! Құсқа тас лақтырма! Құстардың балапанына тиіспе! Құстардың жұмыртқасын жарма!
|
Балалар қимыл қозғалыспен жасайды. -Құстардың даусы естіледі. -Үй құстарын және дала құстарын білеміз. Балалар мұқият тыңдайды. Балалар қайталап айтады. Балалар қимыл-қозғалыспен жасайды. Балалар құстардың көлеңкесін дұрыс ажыратады. Құстарды мекеніне орналастырды. Кюизенер таяқшалары арқылы құстың ұясын қызыға жасады. Құстардың қорегін дұрыс таба білді. Балалар өз ойларын айтады. |
|
Рефлексиялық -түзетушілік |
Балаларды мақтап мадақтау. Жарайсыңдар, балалар! Осы сәби жүрегінен шыққан жақсы тілектер қабыл болсын! Құстарымыз сайрап, күніміз ашық болсын! Осымен ашық оқу қызметіміз аяқталды. |
Балалар өз көңіл- күйлерін смайликтер арқылы білдірді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Құстардың немен қоректенетіні,қалай қозғалатыны,қалай дыбыс шығаратыны туралы білді.
Нені игереді:Құстарды ажырата білуді,сипаттап айтуды,адамға,табиғатқа келтіретін пайдасы туралы игерді.
Нені меңгереді:Қыстап қалатын құс екендігі туралы білімді игереді.Аязды күндері адамның қамқорлығы керектігі туралы меңгерді.
Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Бөбек» бақшасы
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
«Әсем-ай» тобы
Құстар-біздің
досымыз
Ашық оқу қызметі
Тәрбиеші:М.Үйсінбаева
Тамды ауылы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген