жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Қырдың жас түлегі" Сапарғали Бегалин
|
Сабақ.Әдебиеттік оқу |
Мектеп: «Берел орта мектебі»КММ |
||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні:Конурбаева Г.Ж. |
||||||||||
|
Сынып:4 |
Қатысқандар саны:11 |
Қатыспағандар саны:- |
|||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Қырдың жас түлегі.С.Бегалин |
||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар:С.Бегалин жайлы түсінік алады,Шоқан бейнесімен танысады,автордың негізгі идеясын ашады |
||||||||||
|
Оқушылардың басым бөлігі:Берілген материалдардан негізгісін бөліп,өз ойларын жеткізе әңгімелейді. |
|||||||||||
|
Кейбір оқушылар:Шоқан еңбектерінің қазіргі дәуірге дейін сақталуының және ешқашан өшпейтінін түсіндіреді. |
|||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады:Шоқанға мінездеме жаза алады,еңбектерін біледі. |
||||||||||
|
Негізгі сөздер мен сөз тіркестері: |
|||||||||||
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
|||||||||||
|
Талқылауға арналған тақырыптар: |
|||||||||||
|
Сіз неліктен Шоқан туралы кітап жазған жазушы Сапарғали бегалин: «Иә,иә сен қырдың жас түлегісің,қыран қырды аңсамай тұра ма?» деп жазды,деп ойлайсың |
|||||||||||
|
Жазу үшін ойға салу: |
|||||||||||
|
Алдыңғы оқу |
Шоқан өмірімен танысты,биыл 180 жылдығына орай елімізде өткізіліп жатқан шараларды білді. |
||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||
|
Басталуы :3 мин 2 мин |
Психологиялық дайындық: «Әсем әдемі» тренингі Топқа бөлу.Пазлылар арқылы Топтың ережесімен таныстыру |
|
Жануарлар суреті |
||||||||
|
Ортасы 10 мин
|
1.Кесте толтыру
-Оқушылар,Шоқан Уәлиханов жайлы білгілерің келеді екен.Оған жауапты қазіргі көрген бейнефильмнен іздейік. 2.Бейнефильм тамашалау. 3.Оқулықпен жұмыс.Мәтін: «Қырдың жас түлегі» оқушыларға тізбектей оқыту |
Бас бармақ
|
Кесте
Бейнефильм көрсету |
||||||||
|
Аяқталуы |
4.Ақылдың 6 қалпағы стратегиясы. Ақ қалпақ-Шоқан өміріндегі фактілер мен цифрларды,мәліметтерді таза күйінде береді. Қызыл-шоқан жайлы ішкі сезімдерін,сезінулеріне,эмоцияны білдіреді. Ғылымның әкесі Шоқан Уалиханұлы хан Абылайдың немересі,туған жерінде аға сұлтан болған.Шоқанның балалық шағы әсем Көкшетауда,Сырымбет тауының бөктерінде өтеді.Ауыл мектебінде мұсылманша хат таныған.Шоқан Омбыдағы Кадет корпусында оқиды.Бұнда әскери сабақтармен қоса орыс әдебиеттері,философия,математика,шет тілдері оқытылады.Орыс тілін білмейтін дала ұлы,бірден оны меңгеріп кетеді. Бұл жайында бірге оқыған досы Потанин «Өзінің орыс жолдастарын басып,озып,Шоқан тез жетілдіОл сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей-ақ жақсы сурет сала білетін», дейді.Ғалым тар аяда қалмай оң-солын таныр,ұлт қамын ойлар азамат болып жетіледі Қара-негативті ойлау,мысалы «Бұл орындалмайды ,себебі...» Шоқан Уалиханов небары 30 жыл ғана өмір сүрді.Ол отбасын да құра алмады,артында ұрпағы да қалмады. Ғылыми жұмыстармен айналысып,денсаулығына да көңіл бөле алмады.Шоқан хан ұрпағынан тарағаны бәрімізге де белгілі.Ол әкесінің ақшасымен,абырой атағымен оқуға түсті,алыс сапарларға шықты.егер ол кедей ұрпағынан болса мұндай жетістіктерге жете алмас еді.Сол заманның өзінде тек байлардың балалары ғана оқып,көздегендеріне қол жеткізді.Ал кедей арасындағы небір талапты балалар жарыққа шыға алмай қор болған. Сары-позитивті және конструктивті ойлар,ұсыныстар,мысалы: «Бұл міндетті түрде орындалады...» Шоқан Уалихановтың есімі 2 ғасырға жуық уақыт өтсе де бізге бүлінбей естіледі.оның есімі ешқашан ұмытылмайды,өйткені біздің еліміз үшін сіңірген еңбегі елеулі.Ол тек өз халқы жайлы ғана емес,көрші қырғыздың,Қашқардың,Қытайдың,Жоңғарияның мәдениеті,әдебиеті,тарихы құнды еңбектер жазып қалдырған,алғаш қазақ әдебиеті жайлы жазған зерттеулері бүгінгі күнге дейін бағасын жоймаған мұра.Шоқан еңбектерінен оның терең білімін ғана емес,ұлтын,елінің тарихын,салт –санасын сүйген азамат екенін көреміз. Шоқан ұлтымыздың тірегі,мақтанышы.Ол қысқа ғана ғұмырын еліне арнады,есімі ел есінде мәңгі сақталды.Ол хан ұрпағынан болмағанның өзінде осындай жетістіктерге жетер еді.Өйткені оның еңбектерінен білімділігін,еңбекқорлығын анық көруге болады.Қазіргі заманда да байлар көп,егер барлығы да ақшамен шешілсе олардың балалары да неге осындай жетістіктерге жете бермейді.Шоқан барлығына да өз еңбегімен жетті. Жасыл-Шығармашылық ойлар.Биыл Шоқан Уалихановтың 180 жылдығы тойлануда.Оған орай елімізде... Көк-Жоғарғы деңгейдегі жалпы көзқарастарды білдіреді,қорытындылайды.
ББҮ кестесін толтырады.Яғни сабақта үйренгендерін жазады .
Рефлексия Ағаш |
|
2жұлдыз 1 тілек |
||||||||
|
|
|||||||||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген