жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Қысқы мерекелер" Мектепалды даярлық тобы
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Қыс.
Мақсаты: Балаларды қыс мезгілінде өттілетін мерекелер туралы білімдерін нығайту, ойындар арқылы ойларын жетілдіру дыбысьық жаттығуды дұрыс жасай білуге , сыный тұрғыда ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: Қыс мезгілінің суреттері, ойындарға арналған қажетті құралдарымен суреттер.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
|
Қызмет кезеңі |
Тәрбиеші қызметі |
Бала қызметі. |
|
Ой-қозғаушы Іс-әрекет Ұйымдастырушы Ізденушілік Қорытынды |
Шаттық шеңбері: Сәлем сөздің анасы Сәлем сөздің данасы Орнымыздан тұрайық Сәлемдесіп алайық. Балалар: Күннің көзі ашылып Көкте шуақ шашылып Құтты қонақ келіпті Төрімізге еніпті, Амандасу үлкенге Тәрбиенің басығой Бас иеміз бәріміз Сәлем дейік үлкенге Сәлеметсіздер ме қонақтар Қайырлы күн ұстаздар. Жұмбақ жасыру. Ол көңілді сайқымазақ емес, Үш қабатты бірақ үй емес. Таусылмайды ақ мақта, Қысы-жазы тау жақта. Тікен-тікен тік пісте, Қысы –жазы бір түсте. Зулап түсіп төбеден, Шықпас менсіз төбеге. Қыста ғана болады , Ұстасаң қолың тоңады. -Бір жылда неше мезгіл бар: -Қыс айларын атаңдар: -Қыста ауа райы қандай: Балалар біз қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойладық? Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер? Қазақстан –тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз болу дегеніміз ешкімге бағынышты болмай өз еркімен өмір сүру деген сөз. Желтоқсан құрбандарын ақтауға ақын М.Шаханов көп еңбек етті.Қайрат ,Лаззат, Ербол, Сәбира «Халық қаһарманы»атаға берілды. Балалар кім желтоқсан туралы тақпақ біледі -Ел басы қандай болу керек: -Елбасының аты кім: -Ел басының әкесінің аты кім: -Ел басының атасының аты кім: -Ел басының анасының аты кім: -Ел басы бос уақытын немен өткізгенді үнатады. Мақал мәтел . Балалар кім Қазақстан туралы тақпақ айтады: Балалар қысқы қандай ойын түрлерін білесіңдер: Қыстап қалатын құстарды атта: Топтық жұмыс: Мына сурете не артық Сәйкестендіру. Сергіту сәтті. Ал балалар алда қандай мереке келе жатыр? Жаңа жыл мерекесінде бізге орманан кім келеді? Балалар қыс туралы тақпақ кім біледі? Балалар топтық жұмыс Аққала жапсыру. Балалар бұрынғы заманда теледидар болмаған аталарымыз тиым сөздерге сүйеніп ауа райын болжай білген .Ал балалар қандай тиым сөздерді блесіңдер. Балалар біз енді шырша безендіреміз,шырша несімен әдемі көрінеді ойыншықтармен. Олай болса шыршаға ойыншық жапсырайық ойыншықта сұрақтар бар сол сұрақа жауап берген бала шыршаға ойыншық іледі. Жарайсындар балалар тамаша шырша қандай әдемі болды. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма. |
(аққала) (Қар) (Шырша) (Шана) (Қар) Қыс,Көктем;Жаз,Күз, Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан. Суық, боран ,аязды. 1-желтоқсан тұңғыш елбасының сайланған күні. 16-желтоқсан тәуелсіздік алған күн. Жаңа жыл мерекесі. Мағжан: Келер күнге менде канат сермедім Тербеледі бейбіт өмір есігі Қайрат,Ербол, Лаззат сынды ерлердің Ел есінде сақталады есімі. Шыңғыс: Желтоқсаның ызғарына қарамай Бас алаңға жастар жүрді тарамай, Кеуделерін намыс оты кернеген Азаттықты қолдарына ала алмай. Ақылды, білімді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Әбіш. Назарбай. Әлжан Домбыра -Ақыл озбайды Білім тозбайды -Оқы да біл, Ойна да күл -Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады. -Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ. -Күш –білімде Білім-кітапта. Мағжан: Ел басқарған Нұрсұлтандай атам бар, Көк алқапты Жасыл жайлау далам бар. Ел бірлігін ,ел тірлігін тілеген, Ақ ниетті халық деген данам бар. Шерхан. Естімейік енді Елдің жылағанын, Қайта құлап, Бостандық сұрағанын. Абылайдың жолымен Алға басқан. Құт болсын. «Нұрлы жолы»Нұр ағаның Ақжүніс: Мой Казахстан-мой дом радной, Мне все в нем мило и пригоже Мой Казахстан –мой край степной, И нет мне Родины дороже.
Шаңғы, хоккей. Қарға, сауысқан ,торғай. Жамшид: Қарға,қарғалар,қарғалар, Қар үстінде жорғалар. Боран соқса қар болар, Бұтаға қонар қарғалар
Айару: Үйге кірші, торғайым, Мен аяздан қорғаймын. Жем шашайын, жегейсің, Үйшік жасап берейін.
Асылбек: Ала қанат сауысқан, Жауыр атқа жабысқан. Ойда жауыр көрінсе, Ойбайлатқан сауысқан. Қырда жауыр көрінсе, Қиқаңдатқан сауысқан.
Жаңа жыл мерекесі Аяз ата ,ақшақар Айнара: Қандай суық қыс деген Қалтырайды құс деген Құлақшынды кемесең Құлағыңды тістеген. Оразбек: Қандай қызық қыс деген Бәрін шебер істеген Бақша-бауды тауды да Бояған ақ түспенен.
1Қарға тұмсығын қанатының астына жасырса,күн суытады. 2.Мысық қабырғаны тырмаласа, Ауа райы бұзылады. 3.Тышқан күзде биікке шығып шиқылдаса ұзамай қар жауады. 4.Тышқан ініне азықты мол жинаса қыс ұзақ болады. 5.Торғай ерте жұмыртқаласа күн ерте жылынады.
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген