Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Қысқы орманға саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың қысқы қызықтары туралы білімдерін бекіту.Қыс қызығына деген қызығушылықтарын оята білуге және бір-біріне мейірімділікпен қарай білуге тәрбиелеу. Бейнелеу өнеріне таным арқылы қызығушылықтарын арттыру, қылқаламмен, дәстүрден тыс жұмыс жасай алуға үйрету,ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу еңбекке баулу қызушылықтарын дамыту• Балалардың тілін, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамыту. • Балаларды адамгершілікке баулу. • Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ұжымда тату,бірлесе сурет салуға дағдыландыру. Сурет арқылы ойын,қабілетін,шығармашылығын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық

Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»


Мақсаты: Балалардың қысқы қызықтары туралы білімдерін  бекіту.Қыс қызығына деген қызығушылықтарын оята білуге және бір-біріне мейірімділікпен қарай білуге тәрбиелеу. Бейнелеу өнеріне таным арқылы қызығушылықтарын арттыру, қылқаламмен, дәстүрден тыс жұмыс жасай алуға үйрету,ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу еңбекке баулу қызушылықтарын дамыту.

Көрнекі құралдар: Қыс көріністері,үлгі, бояу, қылқалам, сумен стақан, сүлгі.

Әдіс-тәсілдер
: Шаттық шеңбер,түсіндіру,әңгімелесу,сұрақ-жауап.

Қостілдік компонент: Қыс-зима, қар-снег, орман –лес

Аймақтық компонет: Біздің ауламызға да қыс келді.




Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті

Мотивациялық - қозғаушы

Балалар қысқы орманға келеді, қоян балаларды тосып жүреді

Қоян:Сәлеметсіздер ме, балалар? Қош келдіндер қысқы орманға

Сендерді тосып тонып қалдым.

МұғалімЕндеше жылулық шеңберден бастайық

Шаттық шеңбер

Алақанды ашайық,

Күннің жылуын салайық,

Жүректің жылуын салайық

Осы жақсы лебізді

Бір-бірімізге сыйлайық.

Сәлеметсіздер ме, апайлар



Балалар қуанады орманды көріп



Сәлеметсіз бе, қоянжан !











Балалар шеңбер жасап, бір – біріне жылылық сыйлайды.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік

Қоян:Жұмбақ жасыру.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады,

Ол не?

Қазір жылдың қай мезгіл.МұғалімБалалардан жердің қандай болып жатқанын сұрайды. Ормандағы табиғатқа назар аударуды айтады

Қысқы табиғаттың

ерекшеліктерін айтқызады.

-Қардың түсі қандай

болатындығын,

-Қыста қандай ойын ойнайсыңдар?

-Мынау не?

-Мынауне ?

-Мынау қандай құс?

-Мынау қандай құс?



Қостілдік компонент: Қыс-зима, қар-снег, орман –лес

Аймақтық компонет: Біздің ауламызға да қыс келді.





«Тақпақ »

Ойын «Жақсы жаман»

Қыста ойын ойнаймыз өте көңіл болады жақсы ма жаман ба?



Қыста күн суық,аяз болады, тонамыз жақсы ма жаман ба?



Қоян: Ой балалар бәрін біледі екенсіңдер тамаша!

Сергіту сәті

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз

Соқ-соқ шапалақ.

Тоңса біздің аяғымыз,

Етік киіп аламыз

Топ-топ топылдап билейміз.

Тоңса біздің денеміз

Тон киіп аламыз.

Мұғалім:Қоянжан біздің балалар осы қысқы орман бейнесін суретке де салады

Ендеше орнымызға орналасамыз.

-Сурет салу әдісін түсіндіру

- Қылқаламды оң қолыма ұстаймын желімге ұшымен ақырын малып аламын дәптерге желімді жағамын, «жарма ұнтағы » себеміз бұл қар болады, қар ұлпаларын «трафаретті » гуашқа малып бастырамыз.

Қолға жатттықтыру

Карандашты алайық

Алақанға салайық

Ары бері жүргізіп

Бір тынығып алайық



Ауада көрсету

Тәрбиеші балаларға жұмыстарын бастауға болатынын айтады

Өз бетінше жұмыс, қиындық тудыратын балаларға көмек көрсету.Жұмыстарын көрме жасайды. Ең әдемі суретті айтады.

Қоян: Өте жақсы балалар маған ұнады керемет екен!




Қар



Балалар айналаның

бәрін де ағаштарды, аппақ қар басып жатқанын айтады (немесе жергілікті жерге лайық

жауаптар береді).



Қыс мезгілінде

қар жауатынын, қыста күн суытады, аяз болады, адамдар жылы киінеді

Шана тебу, аққала жасау, коньки тебу,қар лақтыру



Шырша

Тоғай

Сауысқан,торғай,қарға

Қыс-зима, қар-снег, орман –лес









2-3 бала айтады.





жақсы





жаман





Балалар қуанады









Өлең мазмүнына

сөйкес қимылдар

жасайды.









Орындарына жайғасады.









Балалар мұқият тыңдайды.









Балалар карандашты алақанға салып жаттығу жасайды









Балалар қолдарына қылқаламды алып, ауада көрсетеді.





Өз бетінше жұмыс бастайды



Балалар өз жұмыстарына қуанады

Рефлексивті - түзетуші

Қорытынды сұрақтар:

-Бүгін біз қайда келдік?

-Орманда нені кездестірдік?

-Сендерге ұнадыма?

Қоян: Сендерге дайындаған тәттілерім бар еді топтарына апарып дәмін татындар жарайма? Қоштасып топқа қайтады


Балалар сұраққатолық жауап беруге тырысады



Балалар сыйлыққа қуанады

Сау болыңыз, қоянжан

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қыс мезгіліндегі табиғаттағы құбылыстарды.

Игереді: қардан әртүрлі бейнелер жасауға болатынын.

Меңгереді: қылқаламмен, дәстүрден тыс жұмыс жасай алуды, ұқыптылыққа, әдемілікті меңгерді

Өзіндік талдау жасау

Тақырыбы «Қысқы орманға саяхат»

Алдыма қойған жалпы мақсаттарым:

I.Негізгі тапсырмалар:

Мақсаты:

- Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын бейнелеу түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан - жақты жетілдіру, соның ішінде, қыс мезгіліндегі табиғат құбылысын сипаттай білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

Балалардың тілін, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамыту.

Балаларды адамгершілікке баулу.

Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ұжымда тату,бірлесе сурет салуға дағдыландыру. Сурет арқылы ойын,қабілетін,шығармашылығын дамыту.

III.Тәрбиелік тапсырмалар:

1.Балалардың патриоттық сезімге тәрбиелей отырып, білімдерін арттыру; бейнелеу өнерінің түрлерімен байланыстыра білу.

2.Эстетикалық тәрбиелерін қалыптастыру;

3.Ұжымда бір-бірін тыңдап,үлкеннің тілін алуға дағдыландыру.

Сабақта үш бірдей мақсат қолданылды:

Үйрену, шығармашылықтарын жан-жақты дамыту және тәрбиелеу.

Мынандай технологияларды қолдандым:

1.Шығармашылығын арттыру;

2.Жекелей даму технологиясы ;

3.Жаңа технологиялар (Триз, дәстүрден тыс,бастыру)




Нәтижесі:Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті саяхат түрінде өтті. Ұйымдастырылған кезеңде балалар бір-біріне, қонақтарға жақсы көңіл күй тіледі. Балалар қысқы орманға келгенде оларды қоян күтіп тұрды. Жұмбақтар шешілді,тақпақтар айтылды.Бірінші бөлімнен бастап,балалар сабаққа белсене араласты.Сабақтың барлық бөлімдері бір-бірімен тығыз байланыста болды,өз ретімен ауысып отырды. Сурет салу әдістерін көрсетіп, балалар өз еркімен жұмыс жасай білді.Балалардың бейнелеу өнерінде,сабаққа деген ынтасы артып,жаңа технологияларды қолдану шеберліктерін көрсете алды. Осы сабақ барысында әр баланың жеке білім деңгейі анықталып,ой- қабілеттері дами отырып, бір-біріне, құстарға деген қамқорлық сезімдері оянып, табиғатқа,қоршаған ортаға зер сала қарап,түрлі құбылыстары мен бейнелерді қиялда елестету арқылы ойлау сөйлеу қабілеттері ұштала түсті деп ойлаймын. Оқу іс-әрекетінде қолданылған көрнекіліктер эстетикаға сай болды. Балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне ұйымшылдықпен қатысты. Оқу іс-әрекетіөте қызықты өтіп, өзімнің алдына қойған мақсатына жетті деп есептеймін.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
921
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12