Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Қызғалдақты сақтайық" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ орыс мектебінде оқитын 5-сынып оқушыларына арналған. Сабақ балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп құрастырылған. Бұл сабақта балалар Көркем әдеби шығармаларды түсінеді, сұрақтарға дұрыс Көркем әдеби шығармаларды түсінеді, мазмұндайды, сұрақтарға дұрыс жауап береді, өзара диалогке қатысады, сөздерді дұрыс қолданып, хат жазады.жауап береді. Өсімдіктер жайлы тілдесе алады, қосымша мәліметтер береді. Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып , хат жазады. Әдеби шығарманың мазмұны бойынша сұрақ құрастырады, жауап береді. Мәтіннің тақырыбын анықтайды. Топқа бөлініп топта жұмыс жасайды, өз ойларын жеткізе алады. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалауды үйренеді. Сабақ соңында рефлексия жасап кері байланыс орната алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3

Мектеп: «Корнеевка гимназиясы» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: О.Қ.Ташманов

Күні:

Сынып: 5

Сабақ 33-34

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Қызғалдақты сақтайық!»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


5.О3 Шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау;

5.А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу;

5.Ж1. Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу.

Сабақтың мақсаттары


Барлығы: Көркем әдеби шығармаларды түсінеді, сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Көбі: Көркем әдеби шығармаларды түсінеді, мазмұндайды, сұрақтарға дұрыс жауап береді, өзара диалогке қатысады, сөздерді дұрыс қолданып, хат жазады.

Кейбірі: Өсімдіктер жайлы тілдесе алады, қосымша мәліметтер береді. Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып , хат жазады.

Бағалау критерийлері



Әдеби шығарманың мазмұны бойынша сұрақ құрастырады, жауап береді.

Мәтіннің тақырыбын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Талас-спор

көпжылдық-многолетний

Құндылықтарды дарыту

Мәтін арқылы оқушыларды өсімдіктер әлемін аялай білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

АКТ қолдану

https://www.youtube.com

Тақырып бойынша алдыңғы білім

"Қызыл кітап" тақырыбы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 5 минут

3 минут














7 минут

Сәлемдесу, түгендеу.

Психологиялық ахуал туғызу.

"Менің атым.... Мен....." тренингін өткізу. Оқушылар өздерінің есімдеріне сын есімін тіркестіріп айтады.

Топқа бөлу. "Пазл" әдісі арқылы 2 топқа бөлу

( 1-топ – «Қызғалдақтар», 2-топ - «Раушандар»)

Өткенді қайталау. "Ыстық орындық" әдісі.

Қызығушылықты ояту.

«Қызғалдақтың Отаны – Қазақстан" деректі фильмінен үзінді көрсету. Ой шақыру сұрақтарын қою.

-Қызғалдақ жайлы не білесіңдер?

-Қандай гүлдерді ұнатасыңдар?

( Ұ) Тапсырма: Суреттегі гүлдердің атауларын жаз. Орысша баламаларын тап.

Бәйшешек

Рисунок 8

Астра

Рисунок 10

Қызғалдақ

Рисунок 2

Түймедақ

Рисунок 9

Сарғалдақ

Рисунок 3

Раушан

Рисунок 12




Орындық


Суреттер





«Қызғалдақтың Отаны - Қазақстан" деректі фильмі





Гүлдердің суреттері
















































Сабақтың ортасы

5 минут

























12 минут




























10 минут









(Shape1 Ұ) "Қызғалдақ" кластер құрастыру.

Shape4 Shape2 Shape3

Shape5

Қызғалдақ




Shape6


Сөз тіркестерін құрастыру.

Мәтінмен жұмыс.

Кең байтақ қазақ даласы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдіктерге аса бай. Соның бірі- даланың сәні, көктемнің белгісіндей болып шығатын қызғалдақ. Біздің жерімізде қызғалдақ гүлінің 32 түрі кездеседі. Оның 12 түрі эндемикалық , яғни тек қана қазақ жерінде ғана өсетін қызғалдақ болып саналады. Сондықтан Қазақстан "Қызғалдақтың отаны" деп аталады.

"Қай ел қызғалдақтың отаны?" деген сұрақ бойынша талас та бар. Дүниежүзінде қызғалдақтың тұқымын алып, өсіріп жатқан елдер көп. Бірақ Қазақстандағы қызғалдақтар табиғи таза, көпжылдық өсімдік болып саналады. Сондықтан олар хош иісті, айналасына ерекше жұпар шашып тұрады. Олардың биіктігі 30-35 см болады. Қызғалдақтың түстері де алуан түрлі болып келеді: қызыл, сары, қызғылт, қызыл сары және т.б. Қызғалдақтың ішінде көп кездесетіні-қызыл мен сары түстілері.

Біздің жерімізде өсетін қызғалдақтардың 18 түрі "Қызыл кітапқа" тіркелген. Сондықтан қызғалдақтарды көздің қарашығындай сақтау керек.

(Ж.ж+ Ұ) Тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, мазмұн бойынша өз бұрышыңызға бір сұрақ құрастырып жазыңыз. Дастарқанды сағат тілімен айналдырып, көршіңіздің сұрағының астына жауап жазыңыз. Топта ақылдаса отырып, мәтіннің тақырыбын анықтаңыздар.

Сергіту сәті. «Қызыл гүлім-ай»



Дескриптор


-мәтін мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастырады;

-көршісінің сұрағына мазмұн бойынша жауап береді;

-топта ақылдаса отырып, мәтінге тақырып қояды.


Бағалау. Өзара (оқушылар жұпта бір-бірін бағалайды).

Жұптар орындаған жұмысты топта талқылау мақсатында мұғалім сыныпты «Мозайка» әдісі арқылы 3 топқа бөледі. (Мозайкаға тақырыптарға сәйкес 3 сурет ұсынуға болады)

Оқушылар топта өздерінің жұптық жұмыстарымен бірін-бірі таныстырады және стикер арқылы бір-бірінің жұмысына кері байланыс береді.



Кластер






Оқулық




















А-4 парағы, қалам, мәтін














Дескриптор










Дәптер

Қалам

Суреттер

Тірек сөздер

Сабақтың соңы

2 минут


(Ж) Рефлексия

Чемодан-салып аламын, алдағы уақытта қолданамын.

Еттартқыш-алған ақпаратты өңдеймін .

Себет-керек емес ақпарат, лақтырып жіберемін.



Чемодан, еттартқыш, себет суреті

Үй тапсырмасы

1 минут

Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің суреттерін салу








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
4288
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12