жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Қызыл кітап" 5-сынып
|
Мектеп: №113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебі |
|||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: Қызыл кітап |
|||||||||||
|
Күні |
Мұғалімнің есімі: Ханходжаева Ф.А |
||||||||||
|
Сынып: 5 |
Қатысқандар саны |
Қатыспағандар саны |
|||||||||
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты |
5.2.5.1. Берілген сұрақтарды дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу. 5.4.4.1. Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау. 5.5.1.2. Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін, сапасын, білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану. |
||||||||||
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасай алады. Оқушылардың басым бөлігі: мәтіннен туындаған сұрақтарды дұрыс түсініп, шағын диалог құруда қолдана алады, сын есімдерді ажырата алады. Кейбір оқушылар: берілген сұрақтарға нақты жауап бере алады, мәліметтерді жинақтай отырып постер жасай алады және сын есімдерді ауызша және жазбаша жұмыстарда қолдана алады. |
||||||||||
|
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже) |
|
||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Тілдік дағдылар: айтылым, жазылым |
||||||||||
|
Терминология: «Қызыл кітап», қорғау, одақ, сирек. |
|||||||||||
|
Сөз тіркестері: ерте заман, жойылып кету, қорғауға алынған, азайып барады, «Табиғатты қорғау одағы», жануарлар мен өсімдіктер, аң-құс атаулары |
|||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіл әлемдік өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы/ оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға баулу. |
||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Жаратылыстану пәнімен байланысады, ортақ тақырыбы – қоршаған орта, табиғат, жануарлар мен өсімдіктер әлемі, оларды қорғау мәселесі көтеріледі. |
||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Дерекқордан, ғаламтордан тақырыпқа байланысты ақпарат алады, интерактивті тақтаны құрал ретінде өнімді қолдана алады. |
||||||||||
|
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім |
Сабақ тақырыбы бойынша өткен оқу жылында қарастырылған Қазақстан жерін мекендейтін аң-құстар және жануарлар мен өсімдіктер әлеміне қатысты сөздер мен сөз тіркестерін біледі. |
||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|||||||||
|
Басталуы 10 минут |
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу /оқушыларды «Экология», «Табиғат», «Қызыл кітап» сөздері жасырынған қима қағаздар арқылы үш топқа бөлемін/. Үй тапсырмасын сұрау. «Сиқырлы таяқша» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын. Сиқырлы таяқша сыныпта кез-келген ретте беріледі. Таяқшаны беріп жатқан оқушы келесі оқушыға өткен тақырып бойынша сұрақ қояды. Дескриптор: Сұрақ-жауап нақты жауап береді; Өтілген тақырып мазмұнына сай сұрақ қоя алады. |
|
|||||||||
|
Ортасы 20 минут |
Топтық жұмыс. Жаңа сабақты түсіндіру:
Сын есім – заттың түрін, түсін, сапасын,салмағын, көлемін білдіретін сөз табы.
Кел, ойнайық: Оқушылардың көздерін байлап, алдарына түрлі жануарлар мен аң-құстардың мүсіндерін қоямыз. Қолына бірінші болып ілінген мүсінді алады. Содан соң түрлі сын есімнің сұрақтарына жауап береді: Мысалы: - Бұл қандай жануар?/ аң-құс, өсімдік/
Қ.Б. оқушылардың жауаптарын мақтау, марапаттау арқылы бағалау Топтық жұмыс. 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. Берілген сұрақтарды дұрыс түсініп, лайықты жауап беруге, шағын диалогке қатысуға үйрету.
Тапсырма қызықты әрі тиімді орындалу үшін «Кім жылдам?» әдісін қолданамын. Дескриптор:
Лексикалық минимум: сирек кездесетін, жоғалып бара жатқан, қызыл кітап, енгізу, қауіп-қатер, аянышты, ерте заман, жойылып кету, қорғауға алынған, азайып барады, «Табиғатты қорғау одағы», жануарлар мен өсімдіктер, аң-құс атаулары
Қ.Б. оқушылардың жауаптарын мақтау күлегештер арқылы бағалау. 2-тапсырма. «Қызыл кітап» туралы не білесің? «Көршіңмен сырлас» әдісін қолдану. Жұптық жұмыс.
Шарты: досыңмен бірге ақпарат көздерінен «Қызыл кітапқа» қатысты статистикалық мәліметтер жинақтаңдар. Соның негізінде «Қазақстанның Қызыл кітабы» деген тақырыпта диалог құраңдар. Кейбір оқушылар «Қазақстанның Қызыл кітабы» деген тақырыпта сын еісмдерді қатыстырып және олардың астын сызып көрсете отырып, 10 сөйлемнен тұратын мәлімет дайындайды.
Дескриптор: 1) диалог 9-10 тілдесімнен тұратын мәлімдеме жасай алады; 2) диалогте сандық мәліметтер мол келтіре алады;
3
Қ.Б. оқушылардың дұрыс, нақты жауаптарын бағдаршам арқылы бағалау.
|
Слайд А4 қағаздары 5-сынып оқулығы |
|||||||||
|
Аяқталуы 10 минут |
Сабақты қорытындылау ретінде оқушыларға өтілген тақырып бойынша мәліметтерді жинақтай отырып және ауызша сөйлеуде сын есімдерді қатыстыра отырып, постер қорғауға беремін. Қ.Б. оқушылардың дұрыс, нақты жауаптарын мақтау, марапаттау сөздерімен қолдау, бағалау.
Кері байланыс. Оқушылардың өтілген сабақтан не үйренгендерін білу, кері байланыс алу мақсатында, білемін – осы тақырып туралы өзінің алдыңғы білімінен не білетінін, білдім – сабақ барысында не үйренді және білгім келеді – тағы осы тақырыпқа байланысты не білгісі келетінін төмендегі кестені толтырту арқылы анықтаймын.
БББ кестесі
Үй жұмысы. «Қазақстан қорықтары» тақырыбына эссе жазу. Эссе құрылымын төмендегі талаптарға сай жазып келеміз. Дескриптор.
|
плакат |
|||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||||||
|
Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
Сабақты жоспарлау барысында қабілеті жоғары оқушыларға қосымша күрделенген тапсырма беруді қарастырған болатынмын. Ол міндетті оқушыларым жоспарға сай алып шықты, себебі оқушылардың кейбірі «Қазақстанның Қызыл кітабы» деген тақырыпта сын есімдерді қатыстырып және олардың астын сызып көрсете отырып, 10 сөйлемнен тұратын мәлімет дайындады. |
||||||||||
|
Бағалау – оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
«Сиқырлы таяқша» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын. Тапсырма қызықты әрі тиімді орындалу үшін «Кім жылдам?» әдісін қолданамын. «Көршіңмен сырлас» әдісін жұптық жұмыс жасауда қолданамын. Сабақты бекітуде БББ кестесін пайдаланамын.
|
||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
|
||||||||||
|
Қорытынды бағамдау |
|||||||||||
|
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. «Көршіңмен сырлас» әдісі өте тиімді болды, оқушылар жұптасып жұмыс жасап, тапсырманы тез орындады. 2. Кері байланыс ретінде «БББ кестесі» алу арқылы, оқушылардың сабақтан нені үйренгендеріне көз жеткізе алдым. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Сабақ тақырыбына сай қосымша көрнекіліктердің, ақпараттардың көп болуы; 2. Интерактивті тақтаны сабақтың мазмұнын жеткізуде қосымша көмек ретінде пайдалану; Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы не білдім? Кейбір оқушыларымның топпен жұмыс жасауда өзге оқушыларға көмектесетінін, ал керісінше біразы өз ойын ашық айтуға қымсынатынын байқадым. Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? Оқушылардың өз ойын еркін, дәлелді жеткізуіне көңіл бөлемін. Ол үшін жекелеген тапсырмалар беремін. |
|||||||||||
шағым қалдыра аласыз


) достарыңа
қоршаған ортаны қорғау туралы ой салады



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген