Материалдар / Ашық сабақ Қызықты математика Балабақша Ересектер тобы

Ашық сабақ Қызықты математика Балабақша Ересектер тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге әдістемелік көмек
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Қарапайы математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: Қызықты математика

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың қарапайым математикалық дағдыларын қалыптастыра отырып, сандар жайлы түсініктерін тереңдету, геометриялық пішіндерді тануға, тура және кері жаңылмай санауға ынталандырып, тапсырмалар арқылы ықпал ету;

Дамытушылық: Баланың логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту, зейінін, тез ойлауын, шапшаң есептеуге қызығушылықтарын ояту.

Тәрбиелік: Достық пен сыйластыққа тәрбиелеу

Тәрбиеші:

Балалар қараңдаршы, бүгін сондай ерекше күн, сендер де, сондай әдемі болып кетіпсіңдер жәнеде бүгін біздерге өздерің сияқты әдемі апайлар қонаққа келген екен, кәники, «сәлем-сөздің атасы» демекші, келеген қонақтармен амандасып, бүгінгі күніміз көңілді де, қызықты өту үшін «дөңгеленіп тұрайық, шаттық шеңбер құрайық».

Шаттық шеңбер:

Қайырлы тан Жер Ана

Қайырлы тан Көк Аспан

Қайырлы тан достарым

Қайырлы тан қонақтар

Аман есен болайық

Бейбітшілікті қолдайық

Жарайсыңдар балалар орнымызға жайғасайық.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Зай бар.

-Бүгін аптаның қай күні?

-Сәрсенбі

-Бір аптада неше күн бар?

-7күн

Ғажайып сәт:

Балалар біздің ғажайып теледидарға хат келген сияқты, кәне бәріміз теледидарды қарайықшы.

Қарша қыз:

-«Сәлеметсіңдерме, балалар? Мен Қарша қызбын. Менің жеті ергежейлі достарымды Қатыгез патшайым ұрлап, тығып қойды.«Егер саған дос керек болса менің тапсырмамды орында»деп көп жұмбақ пен тапсырма беріп кетті менің өзіме бұл тапсырмаларды орындау өте қиын, достар сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын, маған көмектесіңдерші, мынау Қатыгез патшайымның маған беріп кеткен тапсырмасы».

Ұйымдастыру- ізденушілік

- Балалар ертегі кейіпкеріне көмектесеміз бе?

- Ия

Бірінші ергежейліні табу үшін, мына жұмбақты шешу керек сияқты.

Жұмбақ: Құлпырса қадірлейді, аялайды

Қураса сыпырғышқа жарамайды

-Гүл

Тәрбиеші: олай болса гүлдердің арасынан біз ергейжейліні іздеп көрейікші.

( гүлдің қасынан елгежейліні табады.)

-Балалар біз жұмбақты шештік енді, Қатыгез патшайымның тапсырмасын орындап көрейік. Тапсырмамыз 1-10ға дейін тура және кері санау, және ағылшын орысша қайталау. Көрші сандарды атап шығу.



сурет – 6. Тәрбиеші мен Қарша қыз.

Жарайсыңдар балалар сіздер тапсырманы жақсы орындадыңдар, енді екінші ергейжейліні табу үшін біз тағы жұмбақ шешуіміз керек екен.

Жұмбақ: Қабат –қабат қаттама

Ақылын болса аттама

-Кітап

Балалар жұмбақтың шешуін тауып,кітаптардың қасынан елгейжейліні табады.

Келесі біздің тапсырмамыз.

«Алдымен –содан кейін»

Кеңістіктік және мөлшерлік түсініктер

Алдымен көктем, ал содан кейін ЖАЗ

Алдымен күз, ал содан кейін ҚЫС

Алдымен кішкентай, ал содан кейін ҮЛКЕН

Алдымен екі, ал содан кейін ҮШ

Алдымен бес, ал содан кейін АЛТЫ

Алдымен күндіз, ал содан кейін ТҮН

Алдымен тоғыз, ал содан кейін ОН

Жарайсыңдар, балалар сіздер бұл тапсырманыда жақсы орындадыңдар. Енді үшінші ергейжейліні табу үшін біз келесі жұмбақты шешуіміз қажет.

Жұмбақ: Ілулі тұр кең алаң

Керегімді мен одан

Жазып алам көшіріп

Сүртем сосын өшіріп

Бүлдіршіндер жұмбақтардың шешуін тауып, тақтаның қасынан ергейжейліні табады

Балалар біз ергейжейліні таптық енді, тапсырма орындайық.

Жарайсыңдар балалар, біз неше ергежейліні таптық, енді нешеу қалды?

- 3 таптық, 4 қалды

Жұмбақ: «Аңдарды қоректендір» дидактикалық ойын №8

Мақсаты: 1саны, және цифры туралы алғашқы білімдерін бекіту; қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту.

Мазмұны.

Тақтада аңдардың суреті ілінген, ал тамақтың суреті тәрбиеші үстеліне қойылған.

- Марат, қалай ойлайсың, бананды қай аңға береміз? Апарып бер. Сен маймылдың баласына неше банан бердің? Осы цифрды ата және көрсет. Басқа аңдармен де осындай жұмыс жүргізіледі.

- Ал аю нені жақсы көреді? Әрине, балды.

Жарайсындар балалар, Қатыгез патшайым енді сіздердің билердің көргісі келеді екен, шаршаған боларсыңдар келіңдер бәріміз «жұбыңды тап» деген сергіту сәтің орындайық.

Балалар ұнадыма сендерге, орындарымызға жайғаса қойындар.

Келесі жұмбақты тезірек жауабын тауып, ергейжейліні тауып алайық.

Жұмбақ: Жайланған дүниені бір ғажайып

Тік көтеріп отырар адамдарды.

(Орындық)

Қане,балалар тұрып өздеріннің отырған орындықтарынды қарап көріндерші, кімнің орындығына жасырған екен.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар сіздер тапсырманы жақсы орындадыңдар, енді нешінші ергейжейліні іздейміз? Ергейжейліні табу үшін біз тағы жұмбақ шешуіміз керек екен

Жұмбақ: Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады.

-Мысық

Балалар,жарайсыңдар қәне санап шығайықшы бізде неше ергейжейлі табылғаның, енді соңғы жетінші ергейжейліні табу үшін соңғы тапсырманы орындайықшы.

сурет – 7. Балалар тапсырманы орындау үстінде.

Айырмашылығын тап ойыны.

Жарайсыңдар,балалар қәне санайықшы бізде неше ергежейлі болды?

Енді ергежейлілерді өсу ретімен орналастырайықшы.

Қорытынды

Теледидарға хат келеді.

Қарша қыз: Балалар сіздерге рахмет. Сіздер Катыгез патшайымның тапсырмасын орындап менің ергежейлімді қайтардыңдар. Сау болыңыздар..

-Балалар бүгін біз кімге

көмектестік?

Қарша қыз бен ергежейлілерге

-Қандай тапсырмалар орындадық?

-Ұзындық өлшемді, сандарды үш тілде санадық.



ЖИ арқылы жасау
04 Қырқүйек 2018
26722
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі