Сабақтың
тақырыбы: Ойнайық та,
ойлайық
Сабақтың
мақсаты: заттарды санау, салыстыру, есептеу сияқты
мәселелерді шешу. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа
тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: 0 - ден 7-ге дейінгі
сандар, тақта, слайд
Сабақтың
барысы:
Тәрбиеші: бүгін сабағымызға қонақтар
келіп отыр. Кәне, балалар, біз оларға өзіміздің қандай ақылды
екенімізді көретейік! Бүгінгі сабағымызда кішігірім ойын ойнаймыз.
Дайынсыңдар ма?!
(Ия)
Психологиялық
дайындық
Армысың, асыл күн,
Армысың, асыл жер.
Армысың, жан досым,
Армысың, көк аспан
Жылуыма жылу қос
Болайықшы жақсы дос
Тәрбиеші: Бүгінгі сайысымыздың
кезеңдерімен таныс болсақ:
1. Неше санды табасың?
2. Кім бірінші жазады?
3. Логикалық есептер
4. Қандай сан
жетіспейді?
5. Нешеге дейін санай
аласың?
6. Келіңдер,
есептейік!
1. Кім
шапшаң.
0-ден 7-ге дейінгі сандар шашылып жатады. Сандарды рет – ретімен,
қай саннан кейін қай сан тұратының қарап, жазып шығу.( 0, 1, 2, 3,
4, 5, 6, 7.)
2. Қандай сан жетіспейді?
Балаларды тақтаға шығарып 7-ге
дейінгі санды жазуға тапсырма беру. Бірінші жазған бала -
жеңімпаз. 0, 1,..., 3, 4,...,
6,....
3.
Логикалық есептер.
1. Айгүлде үш
мысық, Айнұрда екі мысық Қосқанда барлығын Болады неше мысық?
(3+2=5)
2. Жүзіп жүр 4 аққу
Ұшып жүр 2 аққу
Қосқанда екеуін
Болады қанша аққу? (4+2=6)
3. Алма ағашта 5 алма
Қандай тәтті жесе алма
Бесеуінде жеп қойсам
Қалады онда неше алма? (5 - 5=0)
Сергіту
сәті. Сұр
қоян
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы – қырлы жерлермен
Ытқып – ытқып жүгірді.
Қара еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
4. Қандай сан
жетіспейді?
0- ден 7- ге дейінгі сандар
арасында жетіспейтін сандарды жазу: 0 1 .... 3 4 ... 5...
7
5. нешеге дейін
санайсың?
Балаларға нешеге дейін
санайтынын анықтау үшін сандарды
беру.
1-ден бастап неше сан
қал
6. Келіңдер,
есептейік.
Балаларға әртүрлі есеп беріледі. Есептің шешуін қатесіз, шапшаң
шығару.
1 –
тапсырма
Дөңгелек ------ Үшбұрыш ------
Тіктөртбұрыш
1+1= -------------- 2+2 = ----------- 2+1=
2+3= -------------- 3+1 = ----------- 3+2=
5 - 2 = ------------ 4 - 2 = ----------- 5 - 3 =
2 - 1 = ------------ 4 - 1 = ----------- 3 - 1 =
2 –
тапсырма:
Ақша санауды үйренеміз. Сол жақтағы ақшаларды санап, оң жақтағы
дөңгелектің ішіне цифрмен
жаз
Тәрбиеші: Сайысымыздың кезеңдері аяқталды. Сөз кезегін
әділ – қазы алқаларына береміз. Топтарды
марапаттау.